Просмотр содержимого документа
«Та?ырыбы: Иса Байза?ов «Жаз?ы кеш » »
Қазақ әдебиеті пәнінен 5-сыныпқа арналған сабақ жоспары
Иманбаева Зауреш Жұмабайқызы
Павлодар облысы, Май ауданы, Көктөбе жалпы орта білім беретін мектеп
Тақырыбы: Иса Байзақов «Жазғы кеш »
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: ақын Иса Байзақовтың өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беріп, мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру,өлеңді сатылай кешенді талдау арқылы білімдерін көтеру;
1.Иса Байзақовтың өмір жолы мен шығармашылығы туралы
2. «Жазғы кеш » өлеңін сатылай кешенді талдау
Иса Байзақов 1900 жылы 3- қазанда Павлодар облысы Ертіс ауданы Үлгілі ауылында дүниеге келген. Исаның әкесі Байзақ та, анасы Ғазиза да әнші,сауықшыл,өнерге жақын адамдар болған. 9 жасында шешесі қайтыс болып, әжесі Жанбаланың бауырында өседі. нағашы ағасы рахмет оған домбыра тартып,ән салуды үйретеді.
Ол кішкентайынан "Домбырашы бала", "Әнші Иса " атанады.
1924 жылы алғашқы өлеңдері жарияланған. 1926 жылы Қызылордада тұңғыш ұлттық театр ашылғанда Ә.Қашаубаев,Қ.Қуанышбаев, Қ.Жандарбеков, С.Қожамқұлов,Е.Өмірзақов,т.б. әртістермен бірге жаңа театрдың негізін қалаушылардың бірі болды. Алғаш М.Әуезовтің "Еңлік-Кебегі"мен "Бәйбіше-тоқалында" басты рөлдерде ойнаған.
Атақты "Гәкку" әні орындауымен ешбір өңдеусіз "Қыз Жібек "операсына енді. Радиода, филормонияда, Жазушылар Одағында қызмет етті.
Иса әйгілі "Құралай сұлу" дастанын шығарған.
Ұлы Отан соғысы жылдарында Оңтүстік Қазақстан облыстарында ел аралап,үгітшілік қызмет атқарған.
Әкесі-Байзақ әжесі-Жанбала
Анасы -Ғазиза Әнші
Иса Байзақов
Ақын
Актер
Күйші Домбырашы
Сазгер нағашы ағасы-Рахмет «Құралайсұлу» дастаны
2. «Жазғы кеш » өлеңін сатылай кешенді талдау
Жазғы кеш
Авторы--- Иса Байзақов—ақын,әнші,күйші,әртіс.1900 жылы Павлодар облысы Ертіс өңірінде дүниеге келген.
Тақырып----- белгілі бір дәуірдегі қоғамдық шындық,автор ойының қазығы. Бұл өлеңнің тақырыбы--- жазғы кештің әдемі,жанды көрінісі,кешкі шапақтың тууы
Жанр түрі- өлең.. Өлең дегеніміз—белгілі бір өлшеммен қиыннан қиыстырып,үйлесімді ырғақпен ұйқасып келген өрнекті сөз жүйесі.
Идеясы дегеніміз----- ақынның айтар ойы мен мақсаты.Өлеңнің идеясы---жазғы кештің сұлулығын,кешкі шапақтың қызыл нұрдай боп тууын суреттеп,көз алдымызға елестетеді.Табиғаттың
Шумақ дегеніміз----- аяқталған синтаксистік біртұтас ойды білдіреді. Өлең 3 шумақтан тұрады.
Тармақ дегеніміз---өлеңнің әр жолы 12 тармақты
Бунақ дегеніміз---белгілі дауыс ырғағымен бөлінуі. Бунақ саны-3
Буын саны--- дауысты дыбыс санына байланысты. Өлең 11-12 буынды.
Ұйқас түрі.Ұйқас дегеніміз-өлеңнің бітім,мазмұнымен тамырлас келіп,оған әуен,ерекше сөз беріп тұратын өлең тармақтарындағы сөздердің үндестігі екендігін айтып кетеді.Өлең қара өлең ұйқасына құрылған. (а-а-б-а)
Әдеби теориялық ұғымдар:
Теңеулер:жібектей, қызыл тудай, маяктың шамындай. Теңеу дегеніміз- заттың,құбылыстың ерекше белгілерін көрсетпей-ақ,моны басқа затпен,құбылыспен салыстыра суреттеу.
Қызғылт теңбіл,көк шатыр ,алыс аспан,күн шапағын,көк теңізі, қызыл нұрдан- эпитеттер. Эпитет дегеніміз- заттың, құбылыстың айрықша сипатын,сапасын анықтайтын суретті сөз.
Жұлдыздар жаңа шықты сейіл құрған- кейіптеу. Кейіптеу дегеніміз—жансыз көрініске,затқа жан бітіре суреттеу.
Сөздікпен жұмыс.
Тақта-арасын межелеп бөлшектеген егістік жер
Шымқаған- қып-қызыл,шымқай қызыл
Көкжиек- аспан мен жердің көз жететіндей түйіскен жері
Сейіл құру-серуендеу
Маяк-кемелер адаспас үшін қойылған жарық белгі
Өлеңнің тәрбиелік мәні. Өлең жаз мезгілінің көрінісі,күн шапағының алаулап батуы,табиғат сүлулығын бейнелеп,адам жанына жылы шуағын таратады.
ІV. Сабақты қорытындылау
1. INSERT (түртіп алу жүйесі)
Білемін
V
Білдім
+
Білгім келеді
?
2.Жазғы кешті елестетіп әңгіме жаз.
V. Бағалау. Сабаққа белсенді араласып отырған оқушылардың білімін бағалап,тиісті бағасын қою.