kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ә.Тәжібаев: «Толағайдың ерекше сипаты, ерен ерлігі»

Нажмите, чтобы узнать подробности


«Толағайдың ерекше сипаты, ерен ерлігі»

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ә.Тәжібаев: «Толағайдың ерекше сипаты, ерен ерлігі»»

Құрметті « Мектеп – 45 минут» журналының ұжымы !Сіздерге 5-сыныпта әдебиеттен өткізген бір сабағымның жоспарын жіберіп отырмын. Мекен – жайым : Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Кеңсуат ауылы Кеңсуат орта жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ақыбаева Бағдагүл Қаратайқызы

Сабақтың тақырыбы: Ә.Тәжібаев: «Толағайдың ерекше сипаты, ерен ерлігі» 5- сынып Сабақтың мақсаты: а/ «Толағай» әдеби ертегісі туралы білімдерін саралау, жүйелеу, талдау жұмыстарын жүргізу. ә/ өзіндік пікірлерін, көзқарастарын қалыптастыру, талдау машықтарын, сөйлеу мәдениетін дамыту; әдеби ертегіні халық ертегісінен ажырата білуге үйрету, өзіндік ойын дәлелдеуге жетелеу; б/ Толағай бейнесі арқылы елге деген сүйіспеншілік, жанашырлық сезімдерін оқушы бойына ұялату, бір- бірін тыңдай білуге үйрету; Сабақтың типі: аралас сабақ Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сабақ Сабақтың әдіс- тәсілдері: мәнерлеп оқу, әңгімелеу, талдау. Пәнаралық байланыс:қазақ тілі, география, бейнелеу өнері. Сабақтың көрнекілігі: ертегі мазмұнына сай суреттер, тірек- сызба. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі. 1/ оқушыларды түгендеу, сәлемдесу. Сынып оқушыларын 3 топқа бөліп, бағалау парақшаларын үлестіру. /әртүрлі кәмпиттер арқылы топқа бөлінеді/ І топ (қызыл кәмпит алғандар) - «Ерлік» ІІ топ (көк кәмпит алғандар) - «Қайсар» ІІІ топ (сары кәмпит алғандар) - «Қайрат» ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1.Ертегі мәтінін 3 топ мүшелері мәнерлеп оқиды.

2.Үйден салып келген суреттерімен жұмыс жүргізеді.

3.Сұраққа жауап алу.

ІІІ Картадан көрсету

«Толағай» әдеби ертегісіне арқау болған Толағай тауының орналасқан жерін картадан көрсету, «Толағай» тауы туралы аңызға тоқталу.

«Толағай» тауы – Көкпекті ауылынан солтүстікке қарай 12 шақырым жерде орналасқан, жеке шоқы. Қалбатауының бір бөлігі, биіктігі шамамен 700 метрдей. Сыртқы келбетіне қарағанда табиғат ескерткіші тәрізді, киіз үйге ұқсас. Аңызға сүйенетін болсақ, Тарбағатай тауының бір шатқалын көтеріп келе жатқан Толағай дәл осы тұсқа келгенде құлап, сол тауға бастырылып қалған екен. Сондықтан «Толағай » тауы деп аталыпты.

ІҮ Топпен жұмыс. Әр топқа тапсырма беріледі.

І топ. Сюжеттік жоспар құру.

  1. Дүниеге алып болар, баланың келуі.

  2. Толағайдың ержетуі.

  3. Алғашқы ерлік.

  4. Алыптың жан күйзелісі.

  5. Тау көтерген Толағай.

  6. Ер есімі- ел есінде.

/Топ мүшелері құрылған сюжеттік жоспар бойынша ертегі мазмұнын қысқаша айтады./

ІІ топ. Ертегінің композициялық құрылымына талдау.

Басталуы: Саржан мергеннің ұл балалы болуы.

Дамуы: Толағайдың ержетуі.

Шиеленісуі: Халықтың күйзелуі, Толағайдың жан күйзелісі.

Шарықтау шегі: Толағайдың тауды көтеріп әкеліп жаңбыр жауғызуы, халықты құтқаруы.

Шешімі: Отан үшін өлді бала

Ер есімі- ел есінде.

ІІІ топ. Толағайға мінездеме беру. Топтастыру стратегиясы арқылы орындау.

Күшті


Жанашыр алып

Толағай

Мерген рақымшыл


батыр

Оқулықпен жұмыс. Жоғарыда топтастырылған Толағайдың мінездерінің сипатын мәтіннен тауып оқу.

Күшті: Арқалады ауыр тауды,

Жаншып бара жатыр жанды.

Маңдайынан тер көл боп ақты,

Жеткенше дем алмайын деп,

Жарты жолда қалмайын деп,

Шаршаса да тоқтамапты.

Алып: Арқаласа он баланы-

Қайыспайды қабырғасы.

Рақымшыл: «Қайтсем жауын жаудырам,

Ел сусынын қандырамын»

Мерген: Аң аулауға- кең даладан,

Құтылмайды қашқан құлан.

Жалғыз толғап тартуынан

Жан құтқармас болды қыран.

Батыр: «Келе қал,- деп болсаң күшті,»

Құйрығынан алды барып.

Таяқ құрлы көрмей тіпті,

Жолбарысты дөңгелетті.

Жанашыр:Күйген жердің кірді жаны,

Шөлдегендер суға қанды.

Ауыл қайта ажарланды,

Тарқады елдің бір құмары.

ІҮ. Ой тастау. Дәптермен жұмыс.

І топ: мәтіннен салт- дәстүрлерді теріп жазу.

(отыз күндік мереке, бата беру, ат қою)

ІІ топ: тұрақты сөз тіркестерін теріп жазу.

(тәтті ұйқы, көзін тікті, ат арытып) (анықтамасын айтқызу)

ІІІ топ: Синонимдерді жазу.

Жас бөбек, балғын бөбек; тұлға; пішін, айналады, толғанады. (анықтамасын айтқызу)

Ү. Бес жолды тұжырымдама. Әр топ өз жауабын оқиды.

1. Толағай.

2. Күшті, алып

3. Қайғырды, ойланды, іздеді.

4. Толағай алып болып өсті.

5. Ер.

ІҮ. Сабақты бекіту. Тақтада орындалады.

1/ Бұрынғы оқыған ертегінің кейіпкері Кендебай мен Толағайды салыстыру.

2/ «Ел басына күн туса, сен не істер едің?» пікірін, ойын тыңдау.

Ү. Бағалау. Әр топ бір- бірін бағалайды.

ҮІ. Үйге тапсырма. Толағайға арнап хат жазу.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Ә.Тәжібаев: «Толағайдың ерекше сипаты, ерен ерлігі»

Автор: Акибаева Багдагул Каратаевна

Дата: 06.04.2017

Номер свидетельства: 407187

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(37) "? Т?жібаев  «Тола?ай» "
    ["seo_title"] => string(19) "t-zhibaiev-tolag-ai"
    ["file_id"] => string(6) "211920"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1431702673"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства