Сұрақ: Абайдың бұл өлеңін оқығанда шығармадағы қай кейіпкер көз алдымызға келеді?
Жарасбай
1. Өз есебімен Бақтығұлды қол астына алып, паналатты. 2. Бар жұмысын жасатты.
3.Бақтығұлды ұрлыққа жұмсап,ұры етті. 4.Болыстыққа таласты.
5.Өз қара басын ойлап, Бақтығұлды сатып кетті.
-«Қараш - Қараш оқиғасының » тақырыбы - Ескі қазақ ауылындағы әлеуметтік теңсіздік. « Байлардың таңы атқан, кедейдің күні батқан » тар кезеңде қожасынан қысым, қиянат, қорлық, зорлық көрген сіңірі шыққан кедейлердің әділдікті, еркіндікті аңсаған, сол кездегі қазақ халқының басында болған қиын кезеңді Рысқұлдай өжет ердің іс – әрекетімен суретегенін білдік.
1905 – 1906жылы Вырный түрмесінде болған Рысқұл Тұрардың оқу оқығанын, жақсы өмірге жеткізсе оқу жеткізетінің аманат етіп айтып кетеді. Тұрар әке аманатын орындап, халқын сүйіп, еліне адал қызмет етеді. Елінің қамын ойлайтын Тұрардай, қиыншылыққа мойымайтын әділ де қайратты ер Бақтығұл – Рысқұлдай елін сүйер азамат болыңдар.
III. Жаңа сабақ.
1.Бастапқы таныстық.Т.Ахтанов өмірі. Сандар сыр шертеді.
М.Әуезов «Т.Ахтанов – әдебиеттегі жаңа құбылыс» ,- деп баға берді.Жазушы өнер құдіретінің ботасы өлген боз інгеннің тарамыс болған терісіне жан бітіріп, суалып біткен желінін сүтке толтырғанын суреттейді. Естемес күйшінің ауыр тағдыры, өз көкірегіндегі зары, алдамыш бір үміт сәулесіне елтуі әңгімеде тартымды баяндалады.
2. «Терең таныстық» кезеңі. Электронды оқулықтан «Күй аңызы» әңгімесіне назар аударамыз.
3.«Жүйелі таныстық» кезеңі .
1. Екі салт атты келе жатқан тауды жазушы қалай суреттейді?
2.Естемес күйші өзінің жас әріптесіне қандай ақыл айтты? 3.Күйшілерге жырада кездескен малды өз сөзіңмен суреттеп көр.
4.Естеместің жаңа күйінің неге шықпай қалғанын түсіндір.
5. Жұт болған жылдың қарттың шаңырағына қандай салмақ түсіргенін айтып бер.
6. Естеместің қолқасына шал қалай жауап берді?
6. Естемес күйшінің өнері .
7. Жаңылдың «Екі күйші өнерлеріңді бірдей салыңдар» деген сөзін қалай түсінгеніңдіәңгімелеп бер. 8.Т.Ахтанов өмірі.