kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сұлтанмахмұт Торайғъыров "Бір адамға" өлеңі

Нажмите, чтобы узнать подробности

: С.Торайғыров «Бір адамға» өлеңі.

                   Сабақтын мақсаты:

а) білімділік: ақын өмірі мен шығармашылығы туралы айта отырып, өлеңнің мән-мазмұнын түсіндіру, мәнерлеп оқуға төселдіру,

ә) тәрбиелік: өлеңді талдап үйрету, өлең мәні арқылы оқушыларды адамгершілікке, қайырымды болуға тәрбиелеу, қоғамдық-саяси дүниетанымын дамыту.

б) дамытушылық: қаламгердің суреткер ретіндегі мүмкіншілігін таныту,
идеялық-эстетикалық мәнін ашу, логикалық ойларын дамыту.

           Сабақтың көрнекілігі: ақын портреті; газет, журнал материалдары, Сұлтанмахмұттың шығармалар жинағы ("Сарыарқаның жаңбыры" I том).

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу.м

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сұлтанмахмұт Торайғъыров "Бір адамға" өлеңі»


Сабақтың тақырыбы: С.Торайғыров «Бір адамға» өлеңі.

Сабақтын мақсаты:

а) білімділік: ақын өмірі мен шығармашылығы туралы айта отырып, өлеңнің мән-мазмұнын түсіндіру, мәнерлеп оқуға төселдіру,

ә) тәрбиелік: өлеңді талдап үйрету, өлең мәні арқылы оқушыларды адамгершілікке, қайырымды болуға тәрбиелеу, қоғамдық-саяси дүниетанымын дамыту.

б) дамытушылық: қаламгердің суреткер ретіндегі мүмкіншілігін таныту,
идеялық-эстетикалық мәнін ашу, логикалық ойларын дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: ақын портреті; газет, журнал материалдары, Сұлтанмахмұттың шығармалар жинағы ("Сарыарқаның жаңбыры" I том).

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Сабактың барысы.

а) Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Сәлемдесу.

  2. Кезекші мәлімдемесі.

3 .Журнал бойынша түгелдеу.

4.Жаңа сабаққа дайындық.

ә) Үй тапсырмасын сұрау. Үмбетей жыраудың "Бөгенбай өліміне" өлеңін жатқа сұрау. Бөгенбай кім? Үмбетей кім? Қай ғасырда өмір сүрген?

б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Ой шақыру. Тақтаға тақырыпты жазу.

Сұлтанмахмұт Торайғыров деген кім? Қандай өлеңдерін білеміз? (5-сынып "Шығамын тірі болсам, адам болып", 6-сынып "Шәкірт ойы").

Ой өрбіту. Сыныпты үш топқа бөлемін: баяндаушылар; зерттеушілер; сарапшылар. "Баяндаушылар" ақынның өмірбаяны жөнінде қысқаша мағлұмат береді

Сұлтанмахмұт

Поэмалары:

Мақалалары:

шығармашылығы

"Адасқан өмір",

"Кедей" 1918 ж.

"Өлең және

айтушышары", "Қазақ тіліндегі

өлең кітаптары",

"Әлиханның

Семейге келуі"


Лирикалары:

"Дін", "Соқыр сопы", "Оқып жүрген жастарға",

"Оқудағы мақсат не?"

"Ендігі бет алыс",

''Анау-мынау"

Романдары:

"Кім жазықты"

1915ж. "Қамар

сұлу" 1913ж.

Әңгімелері:


"Ауырмай есімнен жаңылғаным"









Ой қозгау. "Бір адамға" өлеңін мәнерлеп оқып беру. Осы өлеңнің шығу тарихы және ақынның басқа да өлендері жөнінде зерттеу тобы не дайындап келгенін тындау.

Сұрақ. Шорманның Садуақасы шен-шекпенді кімнен не үшін алды? Қалай жинады? Әлеуметтік теңсіздікті ашу.

Ой дамыту. Мәтін бойынша жұмыс.

  1. Осы өлеңде оқиға бар ма, әлде ақынның көңіл-күйі бар ма?

  2. Неше адам қатысып отыр? Мұнда шал сөзі бар, ол ақын атынан баяндалады. Сосын ақынның ішкі ойы, монологы берілген.

  3. Ирония дегенді түсіндіру. Бір қарағанда мақтау сияқты көрінгенмен, астарында зілді кекесін, мысқыл, әжуа жататын астарлы ойды ирония дейміз.

Мәтіннен иронияны тауып оқыту. Екі-үш шумақ.

4. Ащы мысқылмен, зілді кекесінмен ашық түрде күлкі ете суреттеуді сатира дейміз. Соңғы
үш шумагы. Сатиралык ойды табу.

Оқушылардың баяндағанын қорытындылау үшін синхрондық таблица қолдануға болады.

1893 ж. Көкшетау облысы әкесі Шоқпыт (Әбубәкір). 1908 ж. Баянауыл Әбдірахман медресесі. 1911 ж. Баянауыл Нұрғали мұғалім.

Ой шарықтату.

Бекіту. Өлең ұйқасын, тармақтарын талдау (5 шумақты)

әр тармақта

а 11 буын
а қара өлең 11 буын

б ұйқас 11 буын

а 11 буын


Бекіту. Сөздік жүмысы. Ой козғау

Оқа - әшекейлі зат.

Бұлды түйме - бағалы ілгек.

Шекпен - түйенің жүнінен жасалған сырт киім.

Алтын аяқ - қымбат ыдыс.

Нақақ - адал, бейкүнә.

1.1-шумақты үш қайталап жаттату.

  1. Өлеңді бөліп мәнерлеп оқытып шығу.

  2. Деңгейлік тапсырмалар


I деңгей. 4-шумақты қара сөзге айналдырып жазу.

II деңгей. Байтұрсынұлының қандай шығармасы бар? Мазмұнын естеріне түсіруі.

II деңгей. Осы өлең арқылы Шорманның Садуақасына мінездеме бер.

I деңгей. Өлең мазмұнын айт.

II деңгей. Осы өлең идеясымен мәндес мақал-мәтел айту.
II деңгей. Өзің біреуді әжуалап өлең шығарып көр.

Ой қорыту.


Білемін

Білдім (мен үшін ақпарат)

Білгім келеді




Панасы жоқ таудан без.

Пайдасы жоқ байдан без.

Итті күшігім-күшігім десең, аузыңды жалайды.

Өзін-өзі мақтаган өліммен тең.

Жеп тойтаган жалаганмен тоймайды.

Басы ауырмаганның Құдайда несі бар.

Басы ауырганның қасында балтырың сыздамасын.

Алма агашынан алысқа түспейді.

Қарны ашып көрмеген ас қадірін білмейді.

Аш бала тоқ баламен ойнамайды.

Тоқ бала аш болам дen ойламайды.

Топтастыру әдісімен «С.Торайғыров қандай адам?» деп мінездеме беріңдер.


патриот әділ парасатты сауатты мейірімді


Сұлтанмахмұт

Торайғыров


ақылды

адал

ойшыл

білгір

шыншыл

Сабақтың қорытындысы.

а) Сабақ соңында сұрақ қою арқылы қорытындылаймын.

э) Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.

б) Үйге тапсырма: «Бір адамға» өлеңін жаттап келу.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Сұлтанмахмұт Торайғъыров "Бір адамға" өлеңі

Автор: Тайженбетова Багила Бижановна

Дата: 16.03.2017

Номер свидетельства: 400764


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства