Саба?ты? та?ырыбы: С?йлемні? т?рлаулы м?шелері.
Саба?ты? ма?саты:
А) Білімділік: О?ушылар?а с?йлемні? т?рлаулы м?шелері туралы толы? м?лімет беру.
?) Дамытушылы?: Ой-орісін, ойлау белсенділігін, с?йлеу шеберлігін, тіл м?дениетін дамыту.
Б) Т?рбиелік: О?ушыларды адамгершілікке, е?бекс?йгіштікке т?рбиелеу.
Саба?ты? ?діс-т?сілдері: т?сіндіру, ??гімелесу, с?ра?-жауап.
Просмотр содержимого документа
«С?йлемні? т?рлаулы м?шелері (8 сынып)»
Сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері.
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік: Оқушыларға сөйлемнің тұрлаулы мүшелері туралы толық мәлімет беру.
Ә) Дамытушылық: Ой-орісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту.
Б) Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а)Оқушылармен сәлемдесу.
ә)Кезекші мәлімдемесі, оқушыларды түгендеу.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
35-жаттығу.
Өткен сабақ бойынша сұрақтар қою. «Ой қозғау» стратегиясы.
ІІІ. Жаңа тақырып түсіндіру.
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері.
Сөйлем мүшелері дегеніміз- сөйлем құрауға қатысқан толық мағыналы сөздер.
Сөйлем мүшелері құрамына қарай 3-ке бөлінеді.
1. Дара
2. Күрделі
3. Үйірлі
Сөйлем мүшелері атқаратын қызметіне қарай 2-ге бөлінеді.
1. Тұрлаулы
2. Тұрлаусыз
Тұрлаулы мүшелер деп сөйлем құрауға негіз болатын бастауыш пен баяндауышты айтамыз.
IV. «Ой қозғау» стратегиясы.
Бастауыш қандай сұраққа жауап береді?
Баяндауыш қандай сұраққа жауап береді?
V. Венн диаграммасы бойынша оқушының бастауыш пен баяндауышты салыстыруы.
Бастауыш | Екеуіне ортақ | Баяндауыш |
Кім? Не? Сұрағына жауап береді.Іс-әрекеттің иесі. | Сөйлем құрауға негіз болады. | Не істеді? Қайтті? Сұрағына жауап береді. Қимыл-әрекетті білдіреді. |
Мысалы: | Мысалы: | Мысалы: |
VІ. Жаттығу жұмыстары.
Сөйлемдердегі бастауыш пен баяндауыштарды тауып, сұрақ қою, сөз табына талдау.
Құдасының ауылына Ұлжан отыз шақты кісімен келген.
Алшынбай бұлар келер қарсаңға мол сулы, кең бір жазыққа кеп қонған екен.
Қазыбектің өзінен тараған қырық шамалы ауыл осы жерге сіресе қоныпты.
Құнанбайдың екі ауылы да Жидебайға жиналған.
Биыл қыс жайлы боп, жақсы өткен.
VІІ.Сабақты қорытындылау. Бекіту. Бағалау.
VІІІ. Үйге тапсырма:
«Қоңыр күз» тақырыбында мәтін құрастыру.