| Сынып: 5 сынып | Мерзімі: | Астана қаласы Білім басқармасы «№66 мектеп-лицей» ММ Мұғалім: Бекбатырова Сандугаш Болатбековна |
| Пәні: | Қазақ тілі |
| Сабақтың тақырыбы: | Антонимдер |
| Негізгі түйінді идея: | Синонимдерден, омонимдерден антонимдердің ерекшелігі |
| Оқу мақсаты: | Антонимдерді меңгереді |
| АКТ | Ғаламтор |
| Пәнаралық байланыс | Орыс тілі, әдебиет |
| Табыс критерийлері |
| Барлық оқушылар: | Көпшілік оқушылар: | Жекелеген оқушылар: |
| Антонимдерді меңгереді | Мәтіннен антонимдерді таба алады | Тұрақты сөз тіркестерінің антонимін таба алады |
| Уақыты | Кезеңдері | Тапсырма | Мақсаты | Формативті бағалау | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушылардың іс-әрекеті | Ресурстар |
| 2 мин 2 мин | Кіріспе -Ұйымдастыру кезеңі -Топ ережемен танысу -Еңбекті бөліп беру | Сәлемдесу. Кезекші мәлімдемесі Топ басшы топ ережесімен таныстырады | Оқушылар назарын аудару Топтық ережеге бағындыру Әр балаға жеке жауапкершілік жүктеу | «Жарайсыздар» қошеметтеу | Сәлемдесу. Сәттілік тілеу Топ басшы сөзін тыңдайды Бақылайды | Кезекші мәлімдейді. Топтық ережені тыңдап, түсініп алады | Плакат |
| Топқа біріктіру Психологиялық ахуал | 1, 2, 3 , 4, 5 деген сандар арқылы топтарға біріктіру "Сөз тастау" әдісі арқылы өткен тақырыпты қайталау Шарты: Әр топ мүшелері ереже айтып, сол сөзін дәлелдеу арқылы басқа топқа сөз тастайды. Әр оқушы оны жалғастыру керек. Оқушыларға өз бойларындағы жақсы және жаман қасиеттерін айтқызу | Топтастыру және тақырыппен байланыстыру. | «Керемет» қошеметтеу | Парақшаларды таратып береді. Тапсырманы береді, тыңдайды | Өз бойларындағы жақсы мен жаман қасиеттері туралы айтады | |
| Оқиды-5 мин Айтады-5мин | Негізгі бөлім Білу,түсіну | "Ой қозғау "сұрағы: сіздер айтқан сөздер қандай мағыналы сөздер? | Ой қозғау сұрағы арқылы антоним тақырыбын ашу | «Керемет» қошеметтеу | Бақылайды. Бағыт-бағдар береді. Бағалайды | Өз ойын айтады | |
| 15 мин 10 мин | Қолдану (постер қорғайды) Жинақтау Талдау | Мәтінмен жұмыс (топтарға мәтін тарату, ішінен антонимдерді табу) Жаттығу жұмыстары 89-жаттығу І топ. Жас ІІ топ. Шық ІІІ топ. Тіл ІҮ топ. Ер Осы сөздердің бар болса омоним, антоним, синоним сыңарларын табу 92-жаттығу (антонимдерді табу) Қорқақ- Жақын- Момын- Тез- Сөздерінің тұрақты тіркес мағынасындағы антонимін табу | Мәтіннен, жаттығулардан антонимдерді табу | Өзін-өзі және достарын бағалау парағы | Тапсырма бөліп береді Тыңдайды, бақылайды | Әр топ өзіне берілген тапсырманы топпен талқылайды, дәптерге жазады, тақтаға шығып орындайды. Жекелеген оқушылар тапсырманы орындайды | Парақша . |
| Бағалау | Бағалау парақшалары арқылы баға береді | Сыни тұрғыдан ойлауын дамыту | Бағалау парақшалары | Тапсырманы түсіндіреді | Берілген тапсырманы топпен талқылап, пікір алмасады | |
| 6 мин | Қорытынды Үйге тапсырма беру Кері байланыс | "Адамның жақсы және жаман" қасиеттері (эссе) Стикер | Ойлану, өзінің бойындағы қасиетін саралау Өзін-өзі бағалау Өзіне есеп беру | | Тыңдайды Тапсырма береді, түсіндіреді Бақылайды, бағалайды | Өз ойларын жеткізеді. Күнделіктеріне жазып алады Өзін-өзі бағалайды Сабақтан алған әсерін жазады | Парақша |
| Сабақтан кейінгі ойланатын сұрақтар: |
| Не сәтті болды? | |
| Не сәтті болмады? | |
| Нені жақсартуға болады? | |
| Мен өз дағдыларымды нені дамыта алдым? | |
| Нені өзгертуге болады? | |