Просмотр содержимого документа
«"?семпаз болма ?рнеге" А.??нанбай?лы саба? жоспары»
Сабақтың тақырыбы: Абайдың «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңі
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік: өлеңнің идеялық мазмұнын түсіндіру, талдай оқуға үйрету.
Ә)Тәрбиелік: оқу-білімге, еңбекшілдікке шақыру, өмірден өз орнын таба білуге, әр нәрсеге әсемпаз болмауға тәрбиелеу.
Б)Дамытушылық: ауызша тіл дамыту, өзіндік пікір қалыптастыру, шығармашылық жұмыс түрлеріне баулу.
Сабақтың түрі: жаңа, таным, дәстүрлі.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: сөздікпен жұмыс, сұрақ-жауап, мәселелі сұрақтар, эссе
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих, география, сурет
Сабақтың көрнекілігі: ақын портреті, слайд, кітап көрмесі, сөзжұмбақ
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын сұрау
«Құлақтан кіріп бойды алар» өлеңі
- жатқа мәнерлеп оқыту
Үй тапсырмасын қорытындылау:ақын шығармаларының тақырыбы мен идеясына байланысты оқушыларға сөзжұмбақ жасыру
«Абай – дария»
Абайдың дүниеге келген жері - Қасқабұлақ
Абайдың руы – Тобықты
Абайдың арғы атасы кім? - Ырғызбай
Абайдың жары – Айгерім
Ғұлама ғалым арқылы жауыздығын өзіне мойындатып, қан төгуден бас тартқызған Абай поэмасын ата? - «Ескендір»
Абайдың анасы – Ұлжан
Абайдың қанша қарасөзі бар? – қырық бес
Абайдың шын есімі - Ибраһим
М.Әуезовтың Абай туралы жазған «Абай жолы» романы қандай шығарма? - эпопея
Абай- дария, мен одан шөмішпен қалқып алдым.
М.Әуезов Жаңа сабақ:
Балалар, біз бүгінгі сабақта ақынның болашаққа аманаттаған жаңа бір өлеңімен танысатын боламыз, сабақтың эпиграфыментаныстыру
Сабақтың эпиграфы:
Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы,
Сонда да солардың бар таңдамасы.
Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын
Қазақтың келістірер қай баласы?
Проблемалық сұрақ: «Әсемпаз» сөзінің мағынасы қандай? Қалай ойлайсыңдар?
Өлең туралы мәлімет
«Әсемпаз болма әрнеге» өлеңі 1894 жылы жазылған. 1909 жылы ағылшын, түрік, араб т.б тілдерге аударылып, Санкт-Петербург қаласында басылған және «Абай Құнанбайұлы өлеңдері» атты жинағына енген.
Өлеңді мәнерлетіп оқыту (электронды оқулық арқылы)
Өлеңнің идеялық мазмұнымен жұмыс. Өлең мағыналық құрылымы жағынан төрт бөлікке бөлінеді.
1-шумақ
Ақын адам алдына нақты міндет қояды, оған белгілі бір игі іс атқару парызын жүктейді.
Сол міндетті орындауға, істі атқаруға қажетті адамгершілік ізгі қасиеттер көрсетіледі.
2-3-шумақ
Қайрат пен ақыл бір болып, әділет пен шапағат шет қалса, адамгершілік негізі кемелденбей, өмірі бағдарсыз, баянсыз өтетіндігі туралы ой тұжырымдалады.
4-5-шумақ
Адамгершілік кемелдікке жетуге ниет еткен кісінің қандай жаман қылықтардан бойын аулақ салуы парыз екендігі көрсетіледі.
6-шумақ
Адамгершілік кемелдікке жетуге ниет қылған адамның қандай жақсы қылықтарды әдет етуі қажеттілігі туралы ақылымен аяқталады. Бұл шумақ алдыңғы шумақтардың қорытындысы, түйіні.
Өлең құрылысына талдау
Әсемпаз болма әрнеге, а 8 буын
Өнерпаз болсаң арқалан. Б 8 буын
Сенде бір кірпіш дүниеге, а 9 буын
Кетігін тап та, бар қалан. б 8 буын
2 бунақ, 8 буын, шалыс ұйқас
Ақырын жүріп, анық бас, а 8буын
Еңбегің кетпес далаға. б 8 буын
Ұстаздық еткен жалықпас, а 8 буын
Үйретуден балаға. б 7 буын
2 бунақ, 7-8 буын, шалыс ұйқас
«Әсемпаз болма әрнеге» өлеңі 6 шумақтан, әр шумақ 4 тармақтан құралған.
Шалыс ұйқас өлең өлшеміне енгізген ақынның жаңалығы болып табылады.
Сұрақ: -Өлеңде ақынның афоризмге айналып кеткен қандай тармақтары бар?
-Тағы да қандай қанатты сөздерін білесіңдер?
Сабақты бекіту:өлең мазмұны бойынша әдеби-диалог журналын жазғызу
Ақынментілдесу
Ой-толғаныс
Пікір жиынтығы
Қорытындылау: «Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс».