Просмотр содержимого документа
«Себеп-салдар салалас.»
Пәні: Сыныбы: Мерзімі:
Сабақтың тақырыбы: Себеп бағыныңқы сабақтас Сабақтың мақсаты:1) себеп бағыныңқы сабақтас туралы түсінік беру,жасалу жолдарын ұғындыру,сздердің өзге байланысу түрлерінен ажырата білуді үйрету;
2) өзіндік практикалық әрекет ортасын қалыптастыру,сауатты,әдемі жазуға бейімдеу,ойлау,есте сақтау қабілеттерін ажырату;
Сабақтың көрнекілігі: плакат, семантикалық карта, қосымша материалдар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі Сабақтың құрылымы: ІІ. Үй тапсырмасы сұралады. Сабақтастың қандай түрлері бар? Оқушылар топтастырады. Мезгіл ,мақсат, шартты, қимыл - сын қарсылықты Себеп бағыныңқы. ІІІ. Жаңа сабақ 1. Сабақтың тақырыбы тақтаға жазылады. 2. Плакаттағы сөздерді оқып, баяндауыштарын табады. 3. Оқушылар өздері ережені қорытып түсіндіреді.
Себеп бағыныңқы сабақтас құрмаласта жай сөйлемдердің арасына үтір қойылады.
1
-ғандықтан,-гендіктен,-қандықтан,-кендіктен
Күн жылы болғандықтан,біз серуенге шықтық.
2
(-ғаны,-гені,-қаны,-кені) + үшін
Күн жылы болғаны үшін,біз серуенге шықтық.
3
(-ма,-ме,-па,-пе,-ба,-бе) + й
Күн жылы болмай,біз серуенге шықпадық.
4
-ып,-іп,-п
Күн жылы болып,біз серуенге шықтық.
5
үш шақтағы етістік + деп
Күн жылы болады деп,біз серуенге шықтық.
6
(-ған,-ген,-қан,-кен) + соң
Күн жылы болған соң,біз серуенге шықтық.
4. Себеп бағыныңқы сабақтастың сұрақтары мен қосымшаларын топтастыру әдісі арқылы жинақтаймыз. Оқушылар дәптеріне жазады. ІҮ. Кітаппен жұмыс. 134 - 135жаттығуларды орындау
Ү. Қима қағазбен жұмыс. №1 Себеп бағыныңқы құрмалас сөйлемнің жасалу жолын түсіндір. Бақтығұлдың үйден шыққанына екі күн болғандықтан, местегі малта да таусыла бастады. №2 Салалас құрмалас сөйлемді себеп бағыныңқы сабақтасқа айналдырып жаз. Өзен жағасы аздаған жарлау еді, ересек бала ақсақ баланы суға дейін көтеріп әкелді.
Қорытынды:
Венн диаграммасы Себеп - салдар салалас пен себеп бағыныңқы сабақтас( ұқсастығы, айырмашылығы) ҮІІІ. Үйге тапсырма: 137-138 б. ереже жаттау.137- жаттығу ІХ. Бағалау