Шы??ыс Айтматов "Найман-Ана" ("?асырдан да ?за? к?н" романынан ?зінді)
Шы??ыс Айтматов "Найман-Ана" ("?асырдан да ?за? к?н" романынан ?зінді)
Шы??ыс Айтматовты? шын маманды?ы – таби?ат сыйла?ан жазушы. Б?л к?нде Шы??ыс Айтматовты? есімі д?ние ж?зіне м?ш??р. Шы??ыс шы?армалары - ?р елді? тілінде аударылып, о?ырманын к?бейтуде. Жазушы бейнелеген кейіпкерлер, тек ?ыр?ыз хал?ыны? перзенттері емес, ?лем халы?тарына т?н мінезбен, азаматты? болмыспен бірігіп жат?ан бейнелер. Сонды?тан да оны ешбір халы? жатсынбайды. Шы??ыс Айтматовты? ?стазы – М?хтар ?уезов. К?рмеде к?ріп т?р?анымыздай поэзия ?лемі ?лт та?дамайды. ?деби шы?армалары да досты?ы да т?тас д?ние бола білген М?хтар мен Шы??ысты б?кіл ел біледі. Осындай досты?та ту?ан шы?армалары м??гілік болма?.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
ой-талдауға бейімділігін, өзіндік сын, көз-қарасын дамыту оқушының жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашу, шығармашылықпен айналыса білетін тұлға қалыптастыру.
Тәрбиелік : Ел тарихын, әдебиетін білуге, оны құрметтеуге,
ұлылардың даналық сөздерінен өнеге алуға, адамгершілікке, адалдыққа, имандылыққа, ізгілікке, ар мен жан тазалығын жоғары қоя білуге тәрбиелеу.
Ой шақыру бөлімі: Біліміңді зерделе
Шыңғыс Айтматов қай елдің жазушысы?
Шыңғыс Айтматовтың қандай шығармаларын білесіңдер?
ІІІ. Жаңа сабақ: Шағын дәріс
А) Шыңғыс Айтматовтың шын мамандығы – табиғат сыйлаған жазушы. Бұл күнде Шыңғыс Айтматовтың есімі дүние жүзіне мәшһүр. Шыңғыс шығармалары - әр елдің тілінде аударылып, оқырманын көбейтуде. Жазушы бейнелеген кейіпкерлер, тек қырғыз халқының перзенттері емес, әлем халықтарына тән мінезбен, азаматтық болмыспен бірігіп жатқан бейнелер. Сондықтан да оны ешбір халық жатсынбайды. Шыңғыс Айтматовтың ұстазы – Мұхтар Әуезов. Көрмеде көріп тұрғанымыздай поэзия әлемі ұлт таңдамайды. Әдеби шығармалары да достығы да тұтас дүние бола білген Мұхтар мен Шыңғысты бүкіл ел біледі. Осындай достықта туған шығармалары мәңгілік болмақ.
Жылы
Басылым атауы
Еңбегі
1957
«Ала-Тоо» журналы
«Бетпе-бет» повесті
1958
«Новый мир» журналы
«Жәмилә» повесті
1961
«»Дружба народов» журналы
«Шынарым менің, шырайм менің» повесі
1961
«Ала-Тоо» журналы
«Алғашқы ұстаз» повесі
1963
«Ала-Тоо» журналы
«Құс жолы» повесі
1961
«Байдамтал бойында» әңгімесі
1964
«Молодая гвардия»
«Қызыл алма» әңгімесі
1968
Қырғыз баспасөзі
«Атадан қалған тұяқ»
1964
Қырғызстан альманагында
«Сыпайшы» әңгімесі
1954
«Советтік Қырғызстан» басылымы
«Ақ жауын» әңгімесі
1955
«Советтік Қырғызстан» басылымы
«Мұрат» әңгімесі
1961
«Новый мир» басылымы
«Ботагөз» повесі
1975
«Новый мир» басылымы
«Ерте келген тырналар» повесі
1966
«Новый мир» басылымы
«Қош бол, Гүлсары!» повесі
1970
«Новый мир» басылымы
«Ақ кеме» повесі
1977
«Знания» журналы
«Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет» повесі
1980
«Новый мир» басылымы
«Ғасырдан да ұзақ күн» романы
1986
«Новый мир» басылымы
«Жан пида» романы
Ә) «Найман-Ана» үзінді суретін интерактивті тақта арқылы түсіндіру.
Ана басындағы ақ жаулық неге ақ құсқа айналды?
Б) Жазушы шығармасының тақырыбын, идеясын оқушыларға жете меңгерту.
Тақырыбы: Ана ерлігін насихаттау.
Идеясы: Адамзатты жауыздықтан қорғау.
Ой-толғаныс бөлімі: «Адамдықтың қасиеті – елдігінен көрінер»
(Оқулықпен жұмыс)
1) Көрініс көрсету.
Қатысушылар: Найман Ана, Мәңгүрт, Маңғолдар.
Музыка жәймен ойналып тұрады.
Ана: Отыр, сөйлесейік. Сенің атың кім?
Мәңгүрт: Мәңгүрт.
Ана: Мәңгүрт деп сені қазір атайды. Ал бұрынғы атың есіңде ме? Есіңе түсірші шын атыңды.
Әкеңнің атын білесің бе? Әкеңнің аты кім? Өзіңнің елің қайда, руың кім? Тым құрыса, туған жеріңді білесің бе?
Құдай-ау, қандай күйге душар қылған сені!
Ау, жерді, суды тартып алса, мейлі, байлығыңды тартып алса, мейлі, тіпті жаныңды алса да, мейлі.
Ау, адамның ақыл-ойын тартып алуды қандай қара жүрек ойлап тапты, Құдай-ау?! О, Құдай, бар екенің шын болса, мұндай сұмдық жұртқа қалай дарыттың? Жер бетінде басқа сұмдық аз ба еді?
Сенің атың – Жоламан. Естимісің сен? Сен – Жоламансың. Әкеңнің аты – Дөненбай. Әкеңді ұмытып қалдың ба, құлыным? Ол саған титтейіңнен садақ атуды үйретіп еді ғой. Мен сенің анаңмын. Сен менің баламсың. Сен найман руынан боласың, ұқтың ба? Наймансың сен ...
Ана: Сен мұнда келгенге дейін не болды, білесің бе?
Мәңгүрт: Ештеңе де болған жоқ.
Ана: Мұнда келгеніңеде күндіз бе еді, түн бе еді?
Мәңгүрт: Ештеңе де.
Ана: Кіммен сөйлескің келеді?
Мәңгүрт: Аймен. Бірақ біз бір-бірімізді естімейміз. Айда біреу отыр.