Қызылорда облысы білім басқармасы
Пән мұғалімі: Г. Бәйімбетова
Шиелі кенті
Пәннің аты: Қазақ тілі және әдебиеті
Тобы: №93
Күні: .........10. 2014 ж.
Тақырыбы: «Шоқан Уәлиханов саяхатшы»
Сабақ мақсаты:
Білімділік: Білім алушыларды қазақтың тұңғыш ғалымы, белгілі қайраткері
Ш. Уәлиханов туралы білімдерін толықтыру, оның өмірі мен шығармашылық жолына, ғылыми еңбектері мен зерттеу жұмыстарына шолу жасау.
Дамытушылық: Білім алушылардың ауызекі сөйлеу дағдысын дамыту, сөздік қорын молайту, ой - өрісін кеңейту, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру, ойларын еркін жеткізе білуге қалыптастыру.
Тәрбиелік: Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, ғалымның өнегесі мен еңбектері арқылы білім алушыларды білімді, дарынды, өнегелі болуға тәрбиелеу, отансүйгіштік сезімдерін арттыру. Мемлекеттік тілге деген құрмет сезімдерін қалыптастыру.
Сабақ түрі: Дәстүрлі
Сабақ типі: Аралас
Сабақ әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, тестпен жұмыс
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, жекелеме тапсырмалар, электронды оқулық және презентация
Пәнаралық байланыс: тарих, география
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
«Хронологиялық диктант»
1835 жылы Шоқан Уәлиханов дүниеге келді
1847 жылы Сібір Кадет корпусына оқуға түсті
1853 жылы Кадет корпусында білім алып, оны бітірді
1856 жылы Ыстықкөлге сапар шекті
1861 жылы өкпе ауруы асқынып, туған ауылына оралды
1865 жылы Шоқан Алтын Емел жотасында дүниеден өтті
Шоқан (тұңғыш ғалымы, ұлы саяхатшы, суретші, археолог, тарихшы, публицист, әдебиетші, зерттеуші, географ, ойшыл, ағартушы – демократ, Европаға қазақ әдебиеті мен мәдениетін алғаш танытушы.)
«Шоқан» сөз жұмбағы
1. Шоқан Уәлихановтың әкесінің аты (Шыңғыс)
2. 1847-1953 жылдары ........ кадет корпусында білім алды. (Омбы)
3. 1856 жылы қайда сапар шекті. (Ыстықкөл)
4. Шоқан Уәлихановтың орыс досы (Захаров)
5. Шоқан Уәлихановтың қайтыс болған жері (Алтын-емел)
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру
1856 жылы полковник М.М. Хоментовский басқарған әскери-ғылыми Ыстықкөл экспедициясына қатысып, қырғыз елін жете зерттейді. Қырғыздар мен Ұлы жүз қазақтарының тарихы, этнографиясы жайлы мәліметтер жинайды, ауыз әдебиетінің нұсқаларын жазып алады. Әлем ғалымдары арасында тұңғыш рет "Манас" эпосының ең шұрайлы бөлігі "Көкетай ханның ертегісі" жырын жазып алады. Манас - халық даналығының туындысы, барша халық ертегілерінің, хикаялары мен аңыздарының, география, дін және салт-сана, әдет-ғұрпы жөніндегі түсініктерінің энциклопедиялық жинағы - дала Илиадасы" деп бағалады. Қырғыздардың көне тарихы жөнінде жазған К.Риттердің, А. Гумбольттің, шығыстанушы ғалымдар Шотт пен Клапроттың еңбектеріне сын айтады, Бұдан кейін Құлжа қаласында болып, оның қорытындысында Шығыс Түркістанның өткені мен бүгіні туралы зерттеулер жазады.
Осы сапарларда жинаған материалдарды ол «Жоңғария очерктері», «Қырғыздар туралы жазбалар», «Қазақтың халық поэзиясының түрлері туралы», «Ыстықкөл сапарының күнделігі», «Қытай империясының батыс өлкесі және Құлжа қаласы» атты еңбектерін жазуға пайдаланады. Табиғатты және ел тұрмысын Шоқан жазушылық шеберлікпен суреттейді. Осыдан барып оны орыс достары «Қазақ тақырыбына жазатын орыс жазушысы» деп атаған. Тарих, география саласындаы даңқы Петербург ғалымдарына да жетіп, жиырмадан жаңа асқан жас Шоқанды Орыс География қоғамының толық мүшесі етіп сайлайды.
Тамаша білім алып шыққан жас ғалым түрлі ғылыми экспедицияларға белсене қатысты. Бұл жөнінде ол Омбыда оқып жүрген жылдарында армандайтын. Қазақ даласын және онымен шекаралас жатқан елдердің аумағын, ондағы халықтардың тарихы мен жағдайын жаксы білетін Шоқанға орыс зерттеушілері де қатты қызығып, оның көмегіне мұқтаж болатын. 1855 жылы Шоқан Батыс Сібір генерал-губернаторы Г.Х. Гасфорттың Орталық Қазақстан, Тарбағатай мен Жетісу жеріне жасаған сапарына қатысады. Бұл сапарда қарапайым халықтың өмірімен танысып, қырғыздардын тарихи аңыз-әңгімелері мен жырларын жазып алды.
Ш. Уәлиханов 1856 жылы аса көрнекті ғалым, белгілі географ П.С. Семенов-Тян-Шанскиймен танысты. Ол жас қазақ ғалымның қабілетіне шын ниетімен сүйсіне қайран қалды. 1857 жылы П.С. Семенов-Тян-Шанскийдің ұсынуымен Ш. Уәлиханов Орыс географиялық қоғамының толық мүшелігіне қабылданды. Шығыс Қазақстан мен Жетісуға, қырғыз еліне жасаған сапары Шоқанның ғалым ретіндегі даңқын арттырды. 1857 жылы Шоқан Алатау қырғыздарына сапар шегіп, оның тарихын, этнографиясын және халықтық поэзиясын зерттеді. Кырғыз халқының энциклопедиялық дастаны «Манасты» жазып алды.
1858-1859 жылдары Шоқан атақты Қашғария сапарына барып қайтты. Шоқанға дейін ол өлкеде бірде-бір зерттеушінің болып қайтуының сәті түспеген еді. Неміс ғалымы Р. Шлагингвейттің еуропалықтар үшін мүлде жабық өлкеге барып қайтпақ болған сапары қайғылы аяқталып, ол қатыгездікпен өлім жазасына душар болған-ды. Шоқан аса қиын құпия жағдайда өз өміріне қатер төндіре жүріп, Қашғария өлкесінің тарихы, этнографиясы, мәдениеті мен геологиясы, географиялық жағдайы жайлы Бұған дейін мүлде белгісіз аса құнды деректер жинап қайтты. Соның негізінде «Алтышардың немесе Қытайдың Нан-JIy провинциясының (Кіші Бұхараның) шығыстағы алты қаласының жағдайы туралы» деген атақты еңбегін жазды. Еңбекті Ресейде де, одан тыс жерлерде де шығысты зерттеуші ғалымдар жоғары бағалады.
Патша үкіметі жас ғалымның ғылыми ерлік еңбегін жоғары бағалады. 1860 жылы Санкт-Петербургте ол орденмен марапатталып, әскери шені де жоғарылатылды. Оны орыс патшасы II Александрдің өзі қабылдады. Осы кездесу кезінде Шоқан патшаға орыс шенеуніктерінің қазақ халқына жақсы қарауы жайлы өз өтінішін батыл жеткізді.
Петербургте болған кезінде (1859—1861 жылдары) Шоқан Уәлиханов әр түрлі әскери және ғылыми мекемелерде жұмыс істеді. Ол ресейлік шығыстанушылар мен дипломаттардың, жазушылар мен ақындардың сиынатын нағыз піріне айналды. Шоқан Қазақстан мен Орта Азияның және Шығыс Түркістанның карталарын жасаумен айналысып, қажымай-талмай еңбек етті. Шығыс елдерінің қолжазбаларын мұқият зерттеуді де жалғастырды. Оны Орыс географиялық қоғамы Шығыс тарихы туралы лекциялар оқуға шақырып тұрды.
Алайда Петербургтың ылғалды ауа райы оның денсаулығына жақпады. Денсаулығының нашарлауына байланысты Отанына оралуға мәжбүр болды. Ол Омбыға барып, даладағы жергілікті баскару ісін қайта ұйымдастыру жөніндегі шараларға қатысты. Оның негізгі ойлары «Қырдағы мұсылманшылық туралы», «Қырғыздардың кө- ші-қоны туралы», «Сот реформасы туралы жазбаларда» баяндалады.
1864 жылы Шоқан генерал Черняевтың Оңтүстік Қазақстанға жасаған әскери экспедициясына қатысады. Бірақ әскери қызметі ұзаққа созылмады, генералдың жергілікті халыққа шектен тыс қатыгездік жасауы салдарынан әскер қатарынан өз еркімен кетті.
Қашғарияға сапары
1858 — 1859 жылдардағы Шоқанның Қашғарияға сапары ғалымдық, ағартушылық саласындағы еңбегінің жаңа белеске көтерілуіне жол ашты. Қашқария ол кезде Ресей тарапынан зерттелмеген өлке болатын. Саудагер ретінде Қашғарға құпия барған Шоқан, өлкенің экономикалық саяси құрылымын зерттеп, оның тарихы мен этнографиясынан көптеген материалдар жинайды. Қашқар сапарынан «Алтышаһардың, яғни Қытайдың Нан лу уәлаятының шығыстағы алты қаласының жайы» атты еңбегі дүниеге келді. Бұл Шығыс Түркістан халықтарының тарихына, әлеуметтік құрылысына арналып, сол заман ғылымының биік деңгейінде жазылған әлемдегі тұңғыш зерттеу жұмысы еді.
Қашғар сапарынан кейін Сыртқы істер министрлігі Азия департаментінің арнайы шақыруымен Петербургте келіп, сонда бір жылдай тұрып ғылыми жұмыстармен айналысады. Алайда туберкулез ауруы меңдегендіктен Петербургтен елге, Сырымбетке оралады. Туған халқының екі жақты қанауда езілгенін көріп, 1862 жылғы сайлауда Атбасар округының аға сұлтаны болуға талпынады. «Елдестеріме пайдамды тигізу үшін аға сұлтан болғым келді. Оларды шенеуніктерден, қазақ байларынан қорғамақ болдым. Сондағы ең алдымен көздегенім өз басымның мысалы арқылы жерлестеріме оқыған аға сұлтанның пайдалы екенін көрсету еді» деп жазады ол бұл туралы досы Достоевскийге. Бірақ ол бұл мақсатын орындай алмайды. Шоқан қарсыласынан көп дауыс алып жеңіске жеткенімен, генерал-губернатор оның халық арасында ықпалы мен беделі зор болып кетеді деп сескеніп, «науқасына байланысты қызметтен бас тартты» деген өтірік сылтаумен аға сұлтандыққа бекітпей қояды.
1864 жылы наурыз айында Шоқан полковник Черняевтің шақыруымен Әулиеата жорығына қосылады. Орыс империясының Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияны Ресей қарамағына бағындыру мақсатын көздеген бұл жорыққа аудармашы, жергілікті халықпен бейбіт мәмілегерлік келісімдер жасау үшін қатысқан ол, полковник Черняевтің Әулиеатаны (қазіргі Таразды) алу кезінде шәһар халқына жасаған жауыздығын көргесін, ренжіп, кейін қайтады. Содан Верный (қазіргі Алматы) қаласына келіп, одан әрі Тезек төренің ауылында (бұрынғы Талдықорған облысы, жазда Күреңбел жайлауы, қыс кезінде Алтынемел асуының күнгейі) тұрақтап қалады. Сонда Тезектің немере қарындасы Айсарыға үйленеді. Сөйтіп жүргенде ескі өкпе ауруы қайта қозып, Шоқан 1865 жылдың сәуірінде қайтыс болады. Оның сүйегі Алтынемел тауының баурайындағы Көшентоған деген жерге қойылады.
Шоқан– тарихшы, ежелгі мәдениет пен өнердің археологиялық ескерткіштер мен сәулет өнері тарихшысы. Жолжазбаларында тұрақтар мен елді мекендерді, таулар мен өзендерді географ ретінде тарқатып келеді де, өз ойларын өнер тарихымен ұламтырып жібереді.
Шоқан – ұлы ғалым, ол Қозы Көрпеш– Баян сұлу кешенін «қырғыз– қайсақтардың мазарларынан» басқа жерде талдап тарқатпаған.
Оның Қазақстан және Орта Азия халықтарының ежелгі өнерінің тарихы жөнінде айтқан ой – пікірлері аса құнды да терең.
Саяхаттары туралы
Еңбектері :
«Ыстықкөл сапарының
күнделіктері»
«Қырғыздар туралы жазбалар»
«Жоңғария очерктері»
«Қытай империясының
батыс провинциясы»
Шоқан елдің саяси – әлеуметтік, ұлттық мәдени – рухани ерекшеліктеріне айрықша назар аударады.Қашқария тарихы, экономикасы, этнографшы, саяси өміріне қатысты мол деректер жинап, ол туралы зерттеу еңбектер жазуы. Ол өз еңбектерінде әр дәуірдегі әдебиет өкілдері мен мәдениет мұраларына тоқталып отырады.
Шоқан тек қазақ ауыз әдебиетінің ғана емес, туыстас тұркі елдерінің де әдеби мұраларын қағазға түсіріп қоймай, оларды терең зерттеп насихаттап отырды.
Шоқан – суретші.
Шоқан ХІХ ғасырдың орта шенінде бейнелеу өнерінің профессионалды салаларында еңбек еткен қазақ халқының шын мәнінде тұңғыш суретшілерінің бірі. Шоқанның графикалық туындылары арасынан портреттік жұмыстар басты орын алады.
Суретші Шоқан – барынша ақын жанды. Қарындаштың бейнелегіштік қаситені үлкен суреткерлікпен өз кәдесіне жасрата алатындығы соншалық,нобайлық нұсқаның өзін классикалық деңгейге көтере алады.
Суретші Шоқан сәулет өнері үлгілерін де, таңбалы тастар мен тас мүсіндерге де аса ден қояды.
Сергіту сәті
IV. Оқушылардың жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту.
5 жолдық тұжырымдама:
1. Кім? (Шоқан)
2. Қандай? (Алғыр, ақылды, білімді, өнерлі, зерек)
3. Не істеді? (зерттеді, саяхат жасады, аралады)
4. Синоним. (зерттеуші – ғалым, алғашқы – тұңғыш, атақты – белгілі, танымал – әйгілі)
5. Бір сөйлем. (Ш. Уәлиханов – қазақтың тұңғыш ғалымы)
V. Жаңа тақырыпты қорытындылау
Тест сұрақтарына жауап беріңіздер.
Қай жылдары Шоқан атақты Қашғария сапарына барып қайтты
а. 1860-1861 жылдары ә. 1858 — 1859 жылдары+ б. 1859-1860 жылдары
2. Ш.Уәлиханов Ыстықкөлдің көлемін топографиялық және картографиялық деректерде сипаттады?
а. 1856 ж.+ ә.1854ж. б.1855ж.
3. Шоқанның достары ішіндегі аса көрнекті орыс жазушысы:
а. Ф.Достаевский+ ә.Т.Шевченко б. Г.Потанин
4. Ш.Уәлихановтың Орыс география қоғамының толық мүшелігіне қашан сайланды ?
а. 1862ж. ә. 1863ж. б.1857 ж.+
5. Шоқанның соңғы мақаласы шыққан газет:
а. «Қазақ» ә.»Русский инвалид» б. «Правда»+
6. Қай жылы Санкт-Петербургте ол орденмен марапатталып, әскери шені де жоғарылатылды.
А. 1860 ж+ ә. 1959 ж б. 1961 ж
7. Ш. Уәлиханов 1856 жылы аса көрнекті ғалым, белгілі географ танысты, ол кім?
а. Т.Шевченкомен ә. Г.Потанинмен с. П.С. Семенов-Тян-Шанскиймен+
VI. Оқушылар білімін бағалау Жетістіктері мен кемшіліктерін айту.
VІI. Үй тапсырмасы. «Егер мен ғалым болсам...» тақырыбына эссе жазу.