Просмотр содержимого документа
««Шо?ан У?лиханов» »
Жұмабала Омарова
СҚО Тайынша ауданы
Подольск орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі
Тақырыбы: «Шоқан Уәлиханов»
Сабақтың мақсаты: білімділік - қазақ халқының ұлы ғалымы Ш. Уәлиханов туралы мәлімет беру , «Киіз үй» әңгімесімен танысу, өз ойын жеткізе білуді, дұрыс сөйлем құра білуді жетілдіру.
Дамытушылық- тапсырмалар, сұрақтар арқылы оқушылардың дүниетанымын, ойлау, жазба,ауызша тіл байлықтарын және шығармашылық қабілетін арттыру .
Тәрбиелік – оқушыларды Ш. Уәлиханов өнегесі арқылы білімқұмарлыққа, еңбектенуге тәрбиелеу.
Мұғалім: Бүгін сабағымызды халқымыздың ұлы ғалымы – Ш. Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығына арнаймыз.
XIX ғасырдың II жартысында Ш. Уәлиханов қазақ даласында туған. Ол демократиялық, ағартушылық мәдениетінің тұңғыш және талантты өкілдерінің бірі. Оның этнография ,тарих ,құқық, ауыз әдебиеті , география жайлы құнды- құнды еңбектер мен пікірлер бар.
Сендерге үй тапсырма ретінде Шоқанның өмірі мен шығармашылығы туралы деректерді дайындап келу болды. Ендеше ,осы жұмыстарыңа назар аударайық.
Сандар сыр шертеді
Шоқан Уәлиханов
1847-1853
1835
1855
1856-1857
1865
1858-1859
Топтастыру стратегиясы:
«Еуропаға ашқан терезе»
2. «Қазақтар туралы жазатын орыс әдебиетшісі»
3. «Құйрықты жұлдыздай жарқ етіп»
Ш. Уәлиханов «Киіз үй» әңгімесі
1. Ассоциация моменті. «Киіз үй» дегенде сендер көз алдына нені елестетесіңдер
2. Жаңа сөздер: бейімделген , шаңырақ, кереге, туырлық,төр, түндік, үзік.
3.Мәтінмен танысу.
4. Мәтіннен септік жалғау бар сөздерді табыңдар, жалғаулардың астын сызыңдар.
5. «Киіз үй» сөзін септе.
6. Берілген сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңдар:
А.Жазда киіз үйдің ауасы таза және салқын болады.
Б. Киіз үй тез жиналады.
7.Антоним сөздерін жазыңдар:
Күндіз-
Төменгі –
Қысқа –
8. Тест.
1. Бітеу буынды киіз үйдің ағашының атын көрсетіңіз.
А.Киіз.
В.Қанат.
С.Кереге.
Д.Уық.
Е.Шаңырақ.
2. «Көне» сөзінің синонимін көрсетіңіз.
А. Дәмді.
В. Сұлу.
С. Ескі.
Д. Әдепті.
Е.Жаңа.
3. Қазақ дәстүрінде қонақты қайда отырғызатынын белгілеңіз.
А. Ас үйге.
В. Дәлізге.
С. Төрге.
Д. Кіре беріске .
Е. Ұйықтайтын бөлмеге.
4.Қазақ, қырғыз халықтарының әдеби мұраларын зерттеген ғалымды көрсетіңіз.
А. Абай Құнанбаев.
В.Қаныш Сәтбаев.
С.Шоқан Уәлиханов.
Д. Мұхтар Әуезов.
Е. Ахмет Байтұрсынов.
Сабақтың қорытындысы:
Білемін –
Білдім –
Білгім келеді –
Мұғалім:
Ғабит Мүсіреповтың сөзімен айтамын: «Шоқаны бар ел- шоқтығы биік ел».
Бұл барша қазақстандықтардың мерейін өсіретін баға.
Үйге тапсырма: «Киіз үйде болғанда алған әсерім» атты эссе жазу.