kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Шешендік-даналы?

Нажмите, чтобы узнать подробности

?аза? тілі ж?не ?дебиеті п?нінен

ашы? саба?.9-сынып.

Та?ырыбы: Шешендік-даналы?.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Шешендік-даналы?»

19118


Мусагалиева Гульнара Абухановна 1 санатты

Мерген ОЖББМ қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Ашық сабақ.

Тақырыбы: Шешендік-даналық.

Сабақтың мақсаты: Шешендік сөздердің мазмұны, айтылу

формасы, стильдік ерекшелігі жайлы түсініктерін

молайту.


Міндеттері: 1) Бір-біріне пікірін құрметтейтін ортаны қамтамасыз ету.

2) Анық та нақты мақсат қоюға мүмкіндік беру.

3) Оқушылардың өз ойларын тұжырымдауға және

басқалардың көзқарасын сыйлауға үйрету.


Сабақтың көрнекілігі: суреттер, слайдтар, мәтіндер, сызбалық кестелер.


Сабақтың түрі: Мәтінмен жұмыс, пікіралмасу сабағы.


Оқыту әдісі: СТО технологиясы, ұжымдық ойлану технологиясы.


Сабақтың барысы:


І. Қызығушылықты ояту сатысы.


Сынып үш топқа бөлінеді: 1-топ: «Мейірім»

2-топ: «Сенім»

3-топ: «Қуаныш»


Ой қозғау.


Өмір-мәңгі, уақыт-мүмкін, елес,

Кел, болашақ! Сауық құр, күлкіңе көш!

Бір күн шықса, бір күннің батуы анық,

Екі күннің тұруы мүмкін емес! – деп Мұқағали Мақатаев жырлағандай, сөз құдіретінің мәнін түсініп, әдемі де әдепті, сұлу да ойлы сөйлей білуге үйренейік!

Әрине, әдеби сөйлеудің негізгі бұлағы-кітап. Ендеше сендер, кітапты жай оқып қоймай, ондағы сөз, сөйлемдерге назар аударыңдар.

Қазіргі сәттен бастап осы сөздің сыры өз қолдарыңда. Қане, ми қыртыстарын іске қосамыз. (Ми қозғау жаттығуларын жасату)


ІІ. Мағынаны тану сатысы.


«Топтастыру» әдісі.

«Шешендік сөздер» тақырыбына байланысты ойыңызға келген сөздер мен сөз тіркестерін жаза беріңіз (топпен жұмыс жүргізіледі.)





елші, мәмілегер

заңгер

ел билеу ісінің тұтқасы психолог

отағасы ақын

Шешен биағасы Би шешен

ру басы саясаткер,

ауыл ақсақалы қоғам қайраткері

тәрбиеші, ойшыл,

ғалым

«Кубизм» әдісі

(тақырыпты жан-жақты қамтуға мүмкіндік туғызатын оқыту стратегиясы)

Кубиктің алты қыры бар

  1. Суреттеңіз (сипаттау)

  2. Салыстырыңыз

  3. Зерттеңіз

  4. Қолданыңыз

  5. Талдау, дәлелдеу

  6. Ұсыныс (қолдаңыз не қарсы шығыңыз)

  1. СУРЕТТЕУ

«Шешендік сөз – өнер падищасы» тірек-сызба бойынша шешендік жанрының шешендік толғау, шешендік арнау, шешендік дау түрлерін түсіндіреді.

тарихи әдеби мұра


дауға-дау татулыққа тамыр


Шешендік сөз


пәктікке-пәрмен тазалыққа нәр


дәстүрге-дәрмен




  1. САЛЫСТЫРУ


Қазыбек бидің шешендік сөздерінен бір мәтін беріледі.

«Бала – бауыр етің» мәтініндегі кейіпкерлердің іс әрекеттерін салыстыру. Кестені толтыру


Баланы тапқан әйел

Ортақ қасиеттері

Баланы жоғалтып алған әйел

  1. Баланы асырап немесе ұрлап алды

  2. Біреуге тірі кеткенше, жартысы болса да өзімде қалсын, болсаң бол,- деп безеруі

  1. Екеуі де әйел

  2. Екеуі де Қазыбек биге келіп жүгінеді

  3. Екеуі де баланы анасымын дейді

  1. Баланы жоғалтып алушы

  2. – Қайда жүрсе де тірі болсын, шаба көрмеңіз, - деп безек қағады.


Қорытынды ой-түйін

Ана – мейірімділік пен ізгілік нұрынан жаралған ең құдіретті есім. Ана жүрегі – кір шалмаған асқар таудың қарындай пәк, таза. Оны баласын жоғалтып алған әйелдің сөзінен аңғаруға болады. Анасы баласы үшін барлық қиындыққа төзеді, себебі ана жүрегі жомарт. Әлемде өзгермейтін үш-ақ нәрсе бар: ол – ананың сүті, күннің нұры, сәбидің күлкісі.


  1. ЗЕРТТЕУ


Тақырып бойынша оқушылар өз білгендерін ортаға салады. Мынадай сұрақтарға жауап береді.

  1. Қазақ халқы шешенді неліктен дана деп санаған?

Шешенді дана деп айту – ойын бүкпей еркін айта алатындығымен және сөздің «тобықтай түйінін» қиыннан қиюластырып құрастыра алатындығынан болар.

  1. Шешеннің жүйрік ой-толғауы тыңдаушы талғамына тәуелді ме?

Шешендердің жүйрік ой толғауы тыңдаушылардың талғамына тәуелді. Ол не айтатынын, қай жерде айтатынын және қалай айтатынын жете түсінуге тиісті. Ендеше сөз қуаты тіл өнеріне жетіліп шыңдалса, сөйлеу – шебер орындалумен жүрек қуатынан шыңдалғаны сөзсіз.

Осыдан кейін бір оқушы үй тапсырмасы бойынша өзінің зерттеу еңбегін ұсынады. Оған өзіміздің жерлесіміз, қазақ халқының ұлт-азаттық күресінің көш бастаушысы, «Қара қылды қақ жарған» би, теңдесі жоқ кемеңгер данышпан, шешен, халқы үшін, оның бостандығы мен тәуелсіздігін қорғау ісіне бүкіл ғұмырын сарп еткен, жауға қарсы жанын аямай күрескен батыр – Сырым Датұлы туралы әзірлеген материалынан сыр шертеді.

(Слайдтар бойынша)

-Сырым туып-өскен орта

-Дат ұрпақтары

-Сырым-ақылгөй

-Сырым-төреші

-Сырым батыр Датұлы-тарихи тұлға

-Сырым-шешен

-Сырым толғанысы (жатқа айтады)



  1. ТАЛДАУ, ДӘЛЕЛДЕУ


Төле би, Қазыбек би, Әйтеке бидің шешендік сөздерінен мысал келтіре отырып, үзінділер жатқа айту.



  1. ҰСЫНЫС


(Қолданыңыз не қарсы шығыңыз)

Сұрақтар төңірегінде ой бөліседі

  1. Сөз қадірін білген, біреудің айтайын деген ойын емеурінінен таныған, халықтың қазіргі ұрпағының дәрежесі қандай?


  1. Шешен нені біліп, неден сақтануы керек?



  1. ҚОЛДАНЫҢЫЗ


«Үш арыстың үлгілері» атты шағын қойылым.


Бағалау

  1. Топтық бағалау

  2. Жеке оқушыларды бағалау



Үйге тапсырма:

«Шешендік сөз – өнер падишасы» тақырыбына шығарма жазу.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
Шешендік-даналы?

Автор: Мусагалиева Гульнара Абухановна

Дата: 24.05.2016

Номер свидетельства: 330034


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства