Қазақ ауыз әдебиетінің ерекше бір жанры-шешендік өнер.Шешендік өнер-ғасырлар бойы халық сынынан екшеленіп өткен құнды мұра,асыл қазына.
.Шешендік өнерге ерте заманда-ақ үлкен мән берген.Ежелгі грек, рим елдерінде шешендік өнерді «риторика» деген атпен жеке пән ретінде оқытқан. Дүние жүзіне әйгілі ерте заман шешендері Пратогор,Демоссфен,Цицерон,Квинтилиан сияқты өз заманының мемлекет қайраткерлері,елді аузына қаратқан ойшылдары болған.
1748жылы Ломоносовтың еңбектері Ресейде дамып,қалыптасты.
Қазақтың шешендік сөз тарихы Майқы би мен Аяз билерден басталып,Жиренше шешен,Асан қайғы есімдерімен қалыптасты.
ХІІ –ХІІІ ғасырда Майқы би мен Аяз би.
ХІV- ХV ғасырда Жиренше шешен мен Асан қайғы.
ХV-ХVІІІ ғасырда Шалкиіз,Бұқар,Шортанбай, Дулат, Мұрат, Төле, Қазыбек,Әйтеке билер жалғастырған.
Шешендік сөздердің алғашқы үлгілерін халық ауыз туындыларынан, ертегі, аңыз әңгімелерден, дастандардан ұшыратамыз.
Шешендік сөздер нұсқаларын академик В.В.Радлов ХІХ ғасырда зерттеп жинаған болатын. Ол: «Қазақтар...мүдірмей,кідірмей,ерекше екпінмен сөйлейді.Ойын дәл, айқын ұғындырады.Ауызекі сөйлеп отырғанда бейне бір өлең екен деп қаласың»,-деп өзіне ерекше әсер еткенін айтқан.Шешендік сөздерді алғаш зерттеушілердің бірі- М.Әуезов.
Ал А.Байтурсынов шешендік өнерді :
1.Шешен сөз
2.Көсем сөз
3.Дарынды сөз-деп 3-ке бөлген.
Шешендік сөз терең ойға,ұтқыр шешімге, тапқыр логикаға құрылады.
Халық мақалдарында: «Таяқ еттен өтеді,сөз сүйектен өтеді», «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ», «Қылыш жарасы бітеді, тіл жарасы бітпейді», «Аталы сөзге арсыз ғана тоқтамайды»,-деп сөзді айтушыға биік талап қойған.
Шешендік өнердің қиындығы туралы Бұқар жырау:
...Көш бастау қиын емес-
Қонатын жерде суы бар.
Қол бастау қиын емес-
Шабатын жерде жау бар.
Шаршы топта сөз бастау қиын-
Шешімін таппас дау бар,-деп айтқан болатын.
Сөз туралы Бөлтірік шешен былай деген:
«Сөзден тәтті нәрсе жоқ.Сөзден ащы нәрсе жоқ.Сөзіңді тіліңе билетпе,ақылыңа билет.Ақылыңды,сөзіңді ақылсызға қор етпе, ақылдыға айт, кімге,қай жерде, қай кезде, қалай сөйлейтініңді біл», деп толғаған екен.
Сабақты пысықтау:
І. Топтастыру стратегиясы
1-топқа. «Шешендік сөз»-дегенді қалай түсінесіңдер?
Осы тақырыпқа кластер жасау керек.
- Құнды мұра,арнау,терең ой, асыл қазына,мүдірмей сөйлеу,өсиет,даналық, сөз тартысы, ұшқыр сезім.
Терең ой
Арнау
Асыл қазына
Құнды мұра
Шешендік
сөз
Мүдірмей сөйлеу
Даналық
Ұшқыр сезім
Сөз тартысы
Өсиет
2-топқа.Би-шешендерге тән қасиет: Осы тақырыпқа кластер жасау