kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Шерхан М?ртаза «Т?т?ын бала» ??гімесі

Нажмите, чтобы узнать подробности

       Шерхан М?ртаза 1932 жылы Жамбыл облысыны? Жуалы ауданында?ы Мы?б?ла? аталатын ауылда д?ниеге келген. Талапты жас онжылды?ты бітірген со?, М.ВЛомоносов атында?ы М?скеу мемлеккеттік университетіні? журналистика факультетіне о?у?а т?седі. Шерхан М?ртазаны? балалы? бал д?урені со?ыспен т?спа-т?с келіп, шы?армаларында ?о?амны? ащы шынды?ын кестелеп, со?ыс жылдарында?ы ?иыншылы?тар мен ауыл адамдарыны? ?р алуан та?дырларын баяндап, ел басына ?аралы ?асіретті к?н ту?ан, с?ттей ?йы?ан ?мір жарасты?ын алай-д?лей б?з?ан, ба?ыттыны ба?ытсыз еткен со?ыс жылдарында?ы ?аза? ауылы мен т?рмысын аянышты та?дырын ??гімелейді. Б?л туындыларыны? ?атарына «41-жыл?ы келіншек», «Мылты?сыз майдан» повесі, «Бір н?зік с?уле», «Ж?з жылды? жара», «Аманат», «?ызыл жебе» романдарынан, «Сталинге хат», «Бесеуді? хаты» пьесаларын жат?ызамыз.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Шерхан М?ртаза «Т?т?ын бала» ??гімесі»

273 орта мектеп















Сабақтың тақырыбы: Ш. Мұртаза «Тұтқын бала» әңгімесі



Пән мұғалімі: А. Ахатаева

Сыныбы: 6 «Ә»

Өтілген күні: 16.02.2016 ж.




















Байқоңыр қаласы, 2016 ж

Бекітемін Күні: 16.02.2016ж.

«___» ______2016 ж. Уақыты: 15:40, 3-сабақ

Пәні: әдебиеті

Сыныбы: 6 «Ә», каб.304

Пән мұғалімі: Ахатаева А.С.

Сабақтың тақырыбы: Ш. Мұртаза «Тұтқын бала» әңгімесі

Сабақтың мақсаты: білімділік – жасөспірім Тұрардың тауқыметке толы тағдыр белестерін дамытушылық – болжау арқылы ойлау қабілеттерін, қиялын дамыту, шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру; тәрбиелік – кейіпкер бойындағы батылдыққа, алғырлыққа, қайсарлыққа, адамгершілікке тәрбиелеу;

Сабақтың типі: жаңа материалды түсіндіру

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: Топқа бөлу, «Балық аулау» ойыны, «Ең биік шың» ойыны, сұрақ-жауап әдісі

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд





Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

ІІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау

ІV. Жаңа сабақ

V. Жаңа сабақты бекіту

VI. Жаңа сабақты қорытындылау

VII. Бағалау

VIII. Үйге тапсырма



















Сабақтың тақырыбы: Ш. Мұртаза «Тұтқын бала» әңгімесі

Сабақтың мақсаты: білімділік – жасөспірім Тұрардың тауқыметке толы тағдыр белестерін дамытушылық – болжау арқылы ойлау қабілеттерін, қиялын дамыту, шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру; тәрбиелік – кейіпкер бойындағы батылдыққа, алғырлыққа, қайсарлыққа, адамгершілікке тәрбиелеу;

Сабақтың типі: жаңа материалды түсіндіру

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі:

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлем арайлы күн!

Сәлем менің достарым!

Сәттілікпен бастайық,

Сабағымызды біз бүгін!

- оқушылармен амандасу

- сабаққа қатысуын тексеру

- оқу-құралдарын түгелдеу

- зейіндерін сабаққа аудару

Оқушылар бүгінгі сабағымыз ерекше. Мына жерде түрлі-түсті стикерлер тұр. Қай түс ұнайды, сондай түсті стикерді алыңдар. Кім қандай түс алды? Жасыл түсті бірінші топ, сары түсті екінші топ, қызыл түсті үшінші топ, күлгін түсті төртінші топ болып отыра қойыңдар.


ІІ. Үй жұмысын сұрау кезеңі

Үйге берілген тапсырма Мұқағали Мақатаевтың «Елім барда», «Анау – аспан, мынау – бақ» өлеңін жаттауға, дәптермен жұмыс ретінде «Не сыйлайды, не береді келер күн» деген ақын ойын жалғастыруға, «Мұқағали Мақатаев 1931...», «Оның өлеңдерінің тақырыбы...», «Біз Мұқағалидың...» жалғастырып жазып келу.

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау

Өткен сабақты сұрақтар арқылы қорытындылаймын.

  • Мұқағали Мақатаевтың шын аты. (Мұхаммедқали)

  • Мұқағали Мақатаев кім?

( қазақтың лирик ақыны, мұзбалық ақын, өз заманында лайық бағасын ала алмаса да өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақиық ақын)

  • Қай жылы дүниеге келді?

(1931 жылы, 9-ақпанда)

  • Биыл нешеге толды?

(85 жасқа)

  • Тұңғыш өлеңдері.

(«Қырман басында», «Қойшы бала – Әкітай», Інімнің ойы», «Шебер», «Жастық жыры»)

  • Алғаш Мұқағали талантын бағалаған кім?

(Ә. Тәжібаев «Өзіңнен де жігерлілеу, оттылау жас жеткіншек жеткенде, мақтанбасқа бола ма?» деген еді.)



ІІІ. Жаңа сабақ

Шерхан Мұртаза 1932 жылы Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Мыңбұлақ аталатын ауылда дүниеге келген. Талапты жас онжылдықты бітірген соң, М.ВЛомоносов атындағы Мәскеу мемлеккеттік университетінің журналистика факультетіне оқуға түседі. Шерхан Мұртазаның балалық бал дәурені соғыспен тұспа-тұс келіп, шығармаларында қоғамның ащы шындығын кестелеп, соғыс жылдарындағы қиыншылықтар мен ауыл адамдарының әр алуан тағдырларын баяндап, ел басына қаралы қасіретті күн туған, сүттей ұйыған өмір жарастығын алай-дүлей бұзған, бақыттыны бақытсыз еткен соғыс жылдарындағы қазақ ауылы мен тұрмысын аянышты тағдырын әңгімелейді. Бұл туындыларының қатарына «41-жылғы келіншек», «Мылтықсыз майдан» повесі, «Бір нәзік сәуле», «Жүз жылдық жара», «Аманат», «Қызыл жебе» романдарынан, «Сталинге хат», «Бесеудің хаты» пьесаларын жатқызамыз.

«Атадан асыл ұл туса, елінің қамын жейді»,- деп халық даналығында айтылғандай, қазақ халқы тарихында елі үшін еңіреген, халқы үшін күңіренген ұлдар аз болған жоқ. Солардың бірі- «Қызыл жебе» романының басты кейіпкері Тұрар Рысқұлов. Мен өткен жолы «Қызыл жебе» романынан зінді «Тұтқын бала» әңгімесін оқып келуге берген болатынмын. Оқып келген болсаңдар, композициялық құрылысына жоспар құрайық. Сол жоспар бойынша түсінігімізді айтамыз.


IV. Жаңа сабақты бекіту.

«Балық аулау» ойыны арқылы жаңа сабақты бекітеміз.

  1. «Қызыл жебе» романының авторы кім, ол туралы не білеміз?

  2. Романның «Тұтқын бала» тарауында кім, не туралы айтылған?

  3. Романның басты кейіпкері кім?

  4. Рысқұл не себепті Тұрарды қасына алдырды?

  5. Приходько мырзаның үйінде Тұрар қандай қызметтер атқарды?

  6. Тұрар оқу мен жазуды, орыс тілін кімнен үйренді?

  7. Гимназияның алдында тұрып Тұрар нені армандады?

  8. Надзиратель Тұрарға қандай қысым көрсетті?

  9. Бронников қандай адам? Ойыңды дәлелде.

  10. Тұрар әкесімен қалай қоштасты?

  11. Тұрардың фамилиясын не себептен Қырғызбаев деп өзгертті?

  12. Семашко кім? Не себептен Тұрарды көмекші етіп алды?


Сөздікпен жұмыс.

Камера – түрмеде кісі қамайтын жеке бөлме.

Губернатор – патшалық Ресейде арнаулы бір облыс бастығы.

Надзиратель – тәртіптің бұзылуына жауапты адам, бақылаушы.

Гимназия – революцияға дейінгі Ресейдегі орта дәрежелі оқу орыны.

Кафедральді собор – қаладағы және монастырдағы ең үлкен шіркеу.

Кісен – қолға, аяққа салынатын темір бұғау, тұсау.

VIII. Жаңа сабақты қорытындылау

1.Т.Рысқұлов қашан ,қай жерде дүниеге келді?

2.Әкесі кім?

3.Болысты не үшін өлтірді?

4.Тұрар қандай оқу орнында оқыды?

5.Әйелінің аты кім?





IX. Бағалау

Өзінің таным-түсінігімен, білімпаздылығымен, алғырлығымен сабаққа белсене араласқан оқушыларды бағалау.

X. Үйге тапсырма

Үйге тапсырма: «Әке көрген оқ жонар», «Жақсы бала жеткізеді мұратқа» деген халық мәтелдерін Тұрардың өмірімен байланыстырыңдар.

М.Әуезовтің «Қараш-Қараш оқиғасы» хикаятының негізінде жасалған кинофильммен осы үзіндіні салыстырып келіңдер






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Шерхан М?ртаза «Т?т?ын бала» ??гімесі

Автор: Ахатаева Айнамкоз Сериковна

Дата: 15.05.2016

Номер свидетельства: 326796


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства