kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Шал мен бала. ?. Т?рманжанов

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: Шал мен бала. ?. Т?рманжанов

         Саба?ты? ма?саты:басты кейіпкерлерді? іс-?рекетін ?мірмен байланыстыру, салт-д?ст?рімізді ?лтты? ??ндылы? ретінде тану?а ?йрету.

         Саба?ты? міндеті: М?тінні? мазм?нын ?мірмен байланыстыра отырып ?азіргі заманмен салыстыру?а, ?з ойын т?йіндей білуге жа?дай жасау; топта ж?мыс жасай білу да?дыларын жетілдіре т?су, пікір таластыру?а, ойлану?а, ба?алай білуге, ?орытынды жасай білуге ?йрету; шыншылды??а, адалды??а т?рбиелеу.

Саба?ты? к?рнекілігі: «Салт-д?ст?рлер» топтамасынан ?зінділер жина?ы. «Салт-д?ст?рлер» туралы ма?ал- мітелдер.

Саба?ты? барысы: ?йымдастыру кезе?і: О?ушыларды? бас?а ?зірліктерін бай?ау.

?ызы?ушылы?ты ояту.

  • ?она??а баруды ?натасы? ба? Ал ?она? к?туді ше?
  • ?она? болу ?иын ба? ?лде ?она? ша?ыр?ан ?иын ба?
  • ?она? ша?ыруды? ?андай ал?ы шарттарын білесі??

Керек дерек: ?аза? хал?ы ?она?тарды «арнайы ?она?» (алыстан арнайы іздеп келген ?она?), «??дайы ?она?» (жолаушылап келе жатып т?стеніп, не бір к?н т?неп шы?атын ?она?), «?ыдырма ?она?» (алыстан а?айын, ту?ан-туыстарын іздеп келіп, бір немесе бірнеше к?н оларды?сый-??рметін к?ріп ?айтатын ?она?), «?ыл?ыма ?она?» (?ай ?йден т?тін шы?са, ?ай ?йге ?она? келсе, соны а?дып ж?ріп келе ?алатын с?йкімсіз ?она?) деп б?лген.

  1. Ма?ынаны таныту:
  • Та?ырып ар?ылы м?тінні? ?ызы?ты, к?лдіргі немесе ?йрететіні мол, ?атал ?мірден алын?ан шыншыл о?и?а екенін аны?тау?а бола ма?
  • М?тінді бірінші тапсырманы м?дірмей ?ткен топтан бастап, т?сініксіз с?здерді «Т?ртіп алу» ?дісі ар?ылы тізбектеп, т?сініп о?имыз.

С?здік ж?мысын ж?ргізу.

«Екі т?рлі т?сініктеме к?нделігі» ?дісіар?ылы кестені толтыру.

Керек дерек:

?она? жайлы? – ?аза? хал?ыны? ?лтты? салт-д?ст?ріні? бірі. Сергіту с?ті ретінде ?она??а бар?анда?ы ?андай ?дептілік ережелерін са?тау керектігі туралы м??алім о?ы?ан с?здерге ?имыл к?рсету.

Мысалы: кешікпей келу дегенде о?ушы ?олында?ы са?атты к?рсетіп, есікті ?а?ып, ?уанышты екенін мимикамен білдіруі керек.

  1. Ойтол?аныс:
  • Б?гінгі саба?тан ?зі?е нені ?лгі ретінде жады?да т?йіп ж?ретін болды??

         «Еркін жазу» ?дісі ар?ылы о?ушы б?гінгі саба?тан ал?ан ?серлерін жазу.        

         О?ушыларды? жауаптарын, саба??а ?атысуын топ басшыларыны? к?мегімен ба?алау.

         ?й ж?мысы: Д?птердегі же?ілдеу орындалатын тапсырмаларды ?сыну?а болады.

       

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Шал мен бала. ?. Т?рманжанов»

Пәні: әдебиеттік оқу

Сынып: 3

Сабақтың тақырыбы: Шал мен бала. Ө. Тұрманжанов

Сабақтың мақсаты:басты кейіпкерлердің іс-әрекетін өмірмен байланыстыру, салт-дәстүрімізді ұлттық құндылық ретінде тануға үйрету.

Сабақтың міндеті: Мәтіннің мазмұнын өмірмен байланыстыра отырып қазіргі заманмен салыстыруға, өз ойын түйіндей білуге жағдай жасау; топта жұмыс жасай білу дағдыларын жетілдіре түсу, пікір таластыруға, ойлануға, бағалай білуге, қорытынды жасай білуге үйрету; шыншылдыққа, адалдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: «Салт-дәстүрлер» топтамасынан үзінділер жинағы. «Салт-дәстүрлер» туралы мақал- мітелдер.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың басқа әзірліктерін байқау.

Үй жұмысының дұрыс орындалуын, ойын толық жеткізе білуін қарап шығу.

  1. Қызығушылықты ояту.

  • Қонаққа ибаруды ұнатасыңба? Ал қонақ күтуді ше?

  • Қонақ болу қиын ба? Әлде қонақ шақырған қиын ба?

  • Қонақ шақырудың қандай алғы шарттарын білесің?

Алдыңғы сыныптарда өткенді еске түсіріп, қонақтың түрлерін атау арқылы топтарға бөліну. Қалауы бойынша емес, қай қиманы алуына байланысты бөлу. Себебі, оқушы ұнатпаған тобын таңдамауы мүмкін.

Керек дерек:Қазақ халқы қонақтарды «арнайы қонақ» (алыстан арнайы іздеп келген қонақ), «құдайы қонақ» (жолаушылап келе жатып түстеніп, не бір күн түнеп шығатын қонақ), «қыдырма қонақ» (алыстан ағайын, туған-туыстарын іздеп келіп, бір немесе бірнеше күн олардыңсый-құрметін көріп қайтатын қонақ), «қылғыма қонақ» (қай үйден түтін шықса, қай үйге қонақ келсе, соны аңдып жүріп келе қалатын сүйкімсіз қонақ) деп бөлген.

Қай топ төмендегі мақал-мәтелді дұрыс оқи алар екен?

Топтарға берілген алғашқы тапсырмадан ким мүдірмей өтсе, сол топ бүгінгі шығарманы бастап оқу еншісіне ие болады.

(Қонақ асыңа емес, қабақ-қасыңа риза).

  • Бұл сөздің мағнасын қалай түсінесің?

  1. Мағынаны таныту:

  • Тақырып арқылы мәтіннің қызықты, күлдіргі немесе үйрететіні мол, қатал өмірден алынған шыншыл оқиға екенін анықтауға бола ма?

  • Мәтінді бірінші тапсырманы мүдірмей өткен топтан бастап, түсініксіз сөздерді «Түртіп алу» әдісі арқылы тізбектеп, түсініп оқимыз.

Сөздік жұмысын жүргізу.

«Екі түрлі түсініктеме күнделігі» әдісіарқылы кестені толтыру.

Керек дерек:

Қонақ жайлық – қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрінің бірі. Сонымен қатар адамдар арасындағы сыйластықты, бір-біріне деген құрметті, қамқорлықты білдіретін, кісінің адамгершілігін, имандылығын айқындайтын қасиет.

Қазақ халқы – ежелден қонақ десе, ішкен асын жерге қоятын халық. Үй иесі бұрын танысын, танымасын, «Құдайы қонақпын» десе болады, жылы шыраймен қарсы алып отырған. Жол жүріп келе жатқан жолаушының «бөлінбеген еншісі бар» деп, ауылдың кез келген үйіне түсіп, қона берген. Оның үстіне қазақта «Қырықтың бірі қыдыр», «Қонақты қусаң – құт, ырыс қашады», «Қонақпен еріп құт, ырыс келеді» деген мәтелдер бар.

Бір қызығы, алты аласы, бес бересі болмаса да, қонақ үй иесі дұрыстап күтпесе, ашуланып, жамандап кететін болған. Қазақ үшін мұны есту ұят, бетке шіркеу болған. Сондықтан халқымыз қонақты қарсы алу, шығарып салуға ерекше мән берген. Қонақты үй иесі қарсы алып, есікті өзі ашып, үйге енгізіп, соңынан өзі кіріп есікті жабады. Бұл – қонақпен еріп келген «құт» бірге кірсін дегені. Ал қонақты шығарып саларда, есікті қонақтарға аштырып, соңынан өзі жауып шығатын болған.

Сергіту сәті ретінде қонаққа барғандағы қандай әдептілік ережелерін сақтау керектігі туралы мұғалім оқыған сөздерге қимыл көрсету.

Мысалы: кешікпей келудегенде оқушы қолындағы сағатты көрсетіп, есікті қағып, қуанышты екенін мимикамен білдіруі керек.

Кешікпей келу, сыйлық, дастарқан басына жайғасу, тілек айту, шанышқы-қасықты қай қолға ұстайтынын шатастырып алмау, абайсызда шырынды алдына төгіп алуы, т.с.с.

  1. Ойтолғаныс:

  • Бүгінгі сабақтан өзіңе нені үлгі ретінде жадыңда түйіп жүретін болдың?

«Еркін жазу» әдісі арқылы оқушы бүгінгі сабақтан алған әсерлерін қағаз бетіне түсіріп, «Автор орындығына» шығып оқуларын ұсыну.

Оқушылардың білетін мақал-мәтелдерін айтқызып, оның мағнасын ашу арқылы сабақты қорытындылау.

Қонақ қойдан жуас,

Не берсең де жей береді.

Қонақ аз отырып, көп сынайды.

Бұрынғы қонақ соңғы қонаққа орын берер.

Сыйлы қонақ босағада отырмайды.

Шақырылмаған қонаққа шайдан артық тамақ жоқ.

Тоқ қонақты сыйлау оңай.

Қонағыңның алтынын алма, алғысын ал.

Сыпайы қонақ сыйыңды жейді,

Мылжың қонақ миыңды жейді.

Қонаққа бара білсең, шақыра да біл.

Қонақ бір күн қонса – құт, екі күн қонса – жұт.

Келгенше қрнақ ұялады,

Келген соң үй иесі ұялады.

Құтты қонақ келсе, қой егіз табады.

Қонағын ұнатпаған баласын ұрады, не үйін сыпырады.

Қонақ асыңа емес, қабақ-қасыңа риза.

Өзі қонақ болып көрмеген,

Қонақты сыйлай білмейді.

Қонақ келсе ет қызара,

Ет қызармаса, бет қызарар.

Оқушылардың жауаптарын, сабаққа қатысуын топ басшыларының көмегімен бағалау. Мұнда алдыңғы сабақтардағы бағалау кестелерін пайдалануға болады. Ескеретін мәселе, топ мүшелері өз пікірлерін білдіруі керектігін ұмытпаңыз. Сол арқылы оқушы дау-дамайға, таласқа түсу арқылы сөйлеуге, өз ойын толық жеткізе білуге үйренеді.

Үй жұмысы: Дәптердегі жеңілдеу орындалатын тапсырмаларды ұсынуға болады.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Шал мен бала. ?. Т?рманжанов

Автор: М?рат Маржангуль

Дата: 22.01.2016

Номер свидетельства: 280999


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства