kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ш.Құдайбердіұлы "Еңлік-Кебек" дастанының композициялық құрылымына талдау жасау

Нажмите, чтобы узнать подробности

Үй тапсырмасын сұрау. Дастанды оқу.

Топқа бөлу: тақырыпқа қатысты үш топқа бөлемін.

1-топ. Тілшілер

2-топ. Зерттеушілер  

3-топ. Әдебиеттанушылар

Ой шақыру «Еңлік -Кебек» әнін тыңдату

-Балалар, бұл ән кім туралы?

-Иә, поэмадағы Кебектің бейнесін ашатын шумағы әнге арқау болған. Олай болса, бүгін Ш Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» дастанына талдау жасаймыз.

Үй тапсырмасы «Wordwall» бағдарламасы бойынша тест тапсырмалары

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ш.Құдайбердіұлы "Еңлік-Кебек" дастанының композициялық құрылымына талдау жасау»

Сабақ тақырыбы: Ш.Құдайбердіұлы «Еңлік-Кебек» дастаны

Мектеп: М.Әуезов атындағы №2 ЖОББМ

Бөлім:2 Көркем әдебиет пен эпикалық сарын

Бөлімше:3

Сабақтың тақырыбы: Ш.Құдайбердіұлы "Еңлік-Кебек" дастанының композициялық құрылымына талдау жасау

Күні: 09.12.2021 жыл

Мұғалімнің есімі: Досалиева Л.А

Сынып: 8 «А»


Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты

8.2.1.1. композицияны тұтастан бөлшекке, бөлшектен тұтасқа қарай талдау

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: Дастанның тақырыбы мен идеясын ұлттық мүдде

тұрғысынан ашады, кейіпкерлерді сомдайды.

Көпшілік оқушылар: Кейіпкерлерді сомдауда тірек сөздермен дәлелдемелер келтіреді, тура және жанама мінездеулерге жіктейді.

Кейбір оқушылар: Шығарманың тақырыбы мен идеясын ұлттық мүдде тұр-

ғысынан ашады, өмірмен байланыстырады, кейіпкерлерді мінездеу арқылы

жіктейді.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

(төменде жоспарланған жаттығулармен қатар ескертпелері жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы (Кіріспе)

(10 минут)

Ұйымдастыру кезеңі

А)Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу

Ә)Үй тапсырмасын сұрау. Дастанды оқу.

Топқа бөлу: тақырыпқа қатысты үш топқа бөлемін.

1-топ. Тілшілер

2-топ. Зерттеушілер

3-топ. Әдебиеттанушылар

Ой шақыру «Еңлік -Кебек» әнін тыңдату

-Балалар, бұл ән кім туралы?

-Иә, поэмадағы Кебектің бейнесін ашатын шумағы әнге арқау болған. Олай болса, бүгін Ш Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» дастанына талдау жасаймыз.

Үй тапсырмасы «Wordwall» бағдарламасы бойынша тест тапсырмалары

1.Еңлік-Кебек поэмасының неше нұсқасы бар? А)3 Ә)2 Б) 4 В) 5

2.Ш.Құдайбердіұлы қай жылы, қай жерде дүниеге келді? А)1843ж Қызылқоға Ә)1858ж Абай ауданы Б) 1885ж Торғай В) 1897ж Малай ауданы

3. Поэманың басты тақырыбы мен идеясы

А)Кебек батырдың ерлігі Ә) Ру тайпалардың араздығы Б)Қос ғашықтың арасындағы махаббат В) Әйел теңсіздігі

4.Поэма оқиғасы қай жылы, қай жерде болды? А)1780ж Шыңғыстауда Ә)1756ж Қасқабұлақ Б)1766жСемейде В)1804ж Жайықта

5.Шәкәрім қай жылы қажылық сапар шегеді? А)1906ж Ә)1910ж Б) 1920ж В) 1905ж

6. Шәкәрімнің әкесі қай жылы, неше жасында дүние салады? А) 1866ж 37жас Ә) 1876ж 40жас Б) 1878ж 45жас В)1856ж 46жас

7. Шәкәрім қай тілдерді жетік меңгерді? А)орыс,қазақ Ә)араб,парсы,орыс Б) парсы, тәжік, орыс В) орыс, қазақ, араб

8.Еңліктің көз жұмар алдында сұраған үш тілегі? А)Кебекпен атастыру, бірге жерлеу, баласын Кеңгірбайға тапсыру Ә) Дәстүрмен жерлеу, ата-анаға қамқорлық жасау, Б)Мал-мүлкін баласына қалдыру, өшпес кінәрат,махаббатты дәріптеу В)Баласын өлтірмеу, араздықты жою, Кебекпен атастыру

9.Поэмада қандай салт-дәстүрлер кездеседі? А) Аманат,қыз ұзату Ә) Қоштасу,әмеңгерлік Б)Құда түсу, бата беру В) Теріс бата, атастыру

10.Еңлік пен Кебектің өліміне кім кінәлі? А) Ру басылары Ә) Екі жастың өздері Б)Салт-дәстүр В)Барлығы дұрыс.


Дескриптор:

-Тест сұрақтарына дұрыс жауап береді.




Интербелсенді тақта

тест








видеоролик


Ортасы


(10 минут)

Негізгі бөлім



































(15 минут)





Жаңа сабақты түсіндіру.


Шығарманың композициялық құрылымына сатылай кешенді талдау

Р/с

Оқиға желісі

Оқиға өрісі

1

Оқиғаның басталуы

Кебектің аңға шығуы. Еңлікпен кездесуі.

2

Оқиғаның байланысы

Кебектің Нысан абызға бал ашқызуы

3

Оқиғаның дамуы

Кебек пен Еңліктің байланысы

4

Оқиғаның шиеленісуі

Кебектің Еңлікті алып қашуы, сәбилерінің дүниеге келуі

5

Оқиғаның шарықтауы

Екі жасты өлтіруге шешім қабылдауы

6

Оқиғаның шешімі

Екі жастың өлімі, сәбидің тауда қалуы


Дескриптор:

  • Шығарманың құрылымын сәйкестендіреді;

  • Сурет бойынша, мазмұнын баяндайды;


1-топ

Түсіндірме  сөздік.

Жамағайын ─ аздаған  жақындық,  алыс  туыстық.

Жасы ─  көңілі  босау,  мұңаю,  қамығу,  беті  қайту.

Сабаз  ─  біреудің  іс-қылығына,  мінез-құлқына, кеңпейілділігіне риза  болғанда  айтылатын  көтерме  сөз.

Тапалдау  ─  аласалау,  кішілеу,  тәпелтектеу.

Бақсы- тылсым әлеммен байланыс жасай алатын, тәуіптікбалгерліксәуегейліккөріпкелдіксиқыршылық, т.б. ерекше қасиеттері бар адам. 

Барымта- кегі қайтпаған, есесі кеткен жақ жариялы түрде жасаған.

Ұрын бару- күйеу жігіттің айттырылған қалыңдығымен танысу үшін қайын жұртына ең алғашқы бару сапары.


Дескриптор:

  • Түсіндірме сөздікпен жұмыс жасай алады.

  • Сөздердің мағынасын дұрыс табады.


2-топ.

Дастанның тілі

1. Синоним: батыр, ер; кісі, пенде, адам; жолдасы, досы; т.б.

2.Омоним: атты кісі, аты шықты.

Антоним: жақын-алыс, кемпір-шал, қыс-жаз, түсім-өңім, т.б.

2. Архаизм: қолбасшы, ұрын келу, барымта, би, қанжармен соғысу, таспен ату,т.б.

Неологизм: елші

Кірме сөз: ғибрат, ғаділ, шафқат.

3. Диалект сөз: жамағайын, мықты, ындын, шарбақ, там, нышан, дым.

4. Мақал-мәтелдер: а) Сақтықта қорлық жүрмес.

ә) Жақсы әйел жаман ерді түзетеді.

Б) Иесімен ас тәтті. В) Ел құлағы елу.

5. Тұрақты тіркестер: жаны отты, көзі өткір, екі көзін қан жуып, т.б.


Дескриптор:

  • Шығармадағы көркемдегіш тәсілдерін табады;

  • Ережелерін айтады;

  • Берілген сөздерге талдау жасай алады.


3-топ.

1.Авторы.Ш.Құдайдердіұлы  ШҚО,  Абай  ауданы, Шыңғыстауының  етегінде  1858  жылы  11  шілдеде  дүниеге келген.  Оның  «Жастарға», «Насихат», «Қулар», «Ғылымсыз адам хайуан», «Шын сырым» атты шығармалары бар. Ақын 1931жылы  2  қазанда  73  жасында  қастандық  құрбаны  болды.

2.Тақырыбы─ екі  жас  арасындағы  махаббат,  әйел   теңсіздігі.

3.Жанр  түрі  поэзия (дастан).  Дастан ─ (парсы  сөзі  тарихи әңгіме,  ертегі, батырлар  жыры)  Таяу  және  орта  Шығыстың, Азияның  әдебиеті  мен  фольклорындағы  эпикалық  жанр,  өлең түріндегі  оқиғалы  шығарма.

4. Идеясы.  Бұл  дастанның  идеясы  ─ ескіліктің  бұлжымас заңын,  көрінісін  және  ру  арасындағы  кикілжіңін  суреттеп көрсете  білуі.

5.Шумақ.3  шумақты.  (  Жалпы  131  шумақты)

6.Тармақ ─ өлеңнің  әр  жолы.  4  тармақты, барлығы

7.Бунақ ─ белгілі  бір  дауыс  ырғағымен  бөлінуі.3  бунақты.

8.Буын  саны ─

сөздің  құрамындағы  дауысты  дыбыстардың санына  байланысты.  11-12  буынды.

9.Ұйқас  түрі.   (-а- а- ә- а)  қара  өлең  ұйқасы.


Дескриптор:

  • Дастанды сатылай кешенді талдайды;

  • Сөздердің мағынасын түсіндіреді.

ҚБ: «Белсенділік, уақыт, негізгі фактор».


Ұжымдық жұмыс.


Дескритор:

  • Берілген үзінділерді сәйкестендіреді;

  • Бейнелеуіш сөздерді дұрыс табады.


Оқулықпен жұмыс

Дастандағы кейіпкерлерге тура және жанама мінездеме беру

Кебек 64- бет

Еңлік 67- бет

Балгер 65- бет

Дескриптор:

1.Дастан желісі бойынша кейіпкерлерді біледі.

2. Кейіпкерлерге тура және жанама мінездеме бере алады.


Топтық жұмыс. Менің пікірім( Зерделейік, ойлайық, айтайық)

Дастанның көтерген мәселесі не деп ойлайсың?

І-топ. Ру басылары

ІІ-топ. Екі жас.

ІІ- топ. Салт-дәстүр

( Әр топтан бір оқушы пікір айтады.)

Оқушылар пікірі:

Шұғыла: Екі жастың өліміне, менің ойымша, ру басылары кінәлі. Себебі, ру басылары екі жастың жалындаған махаббатына қарсы болып, оларға келісім бермейді. Ру басылардың пікірінше, екі жастың бұл ісі қылмыс, қателік болды және оларға өз ризашылықтарын бермеді.Егер ру басылары келісім бергенде бақытты да баянды өмір сүрер еді және жас сәбидің өліміне де себепкер болмас еді.

Гүлсая: Менің пікірімше, бұған екі жас кінәлі деп ойлаймын. Өйткені екі жас ата-анасының келісімінсіз алты айдай кездесіп жүріп, тауға қашып кетіп, балалы да болады.Ата-анасының келісімін алмай, нәтижесінде олардың зардабын сәбилер тартты.Әрбір адам дүниеге келген соң ата-анасының үмітін ақтап, ризалығын алу керек.Сонда ғана барлығы жақсы болады деп ойлаймын.

Шұғыла: Менің пікірімше, екі жастың өліміне ру басылары кінәлі.Себебі олар әрбір сүйген жандарды қоспай, қарсылық танытты. Бұл меніңше дұрыс емес. Шын сүйген жандарға ақ батасын беріп келісімін беру керек еді.Еңлік пен Кебекті ру ақсақалдары өлтіргенше, олар нағыз махаббаттың қандай екенін біліп, бақытты ғұмыр кешті.

Дескриптор:

  • Ру басылары туралы мәлімет айтады, дәлелдер келтіреді;

  • Екі жас туралы пікір білдіреді;

  • Салт-дәстүрлерді мағынасын түсіндіреді.

 

Суреттер

























Плакат

Қима қағаздар

Аяқталуы

Қорытынды

(10 минут)

Бекіту Шәкәрімнің «Еңлік-Кебек » поэмасында қандай мәселе көтерілген? Автор шешімімен келісесің бе? Егер сен автор орнында болсаң шығарманы қалай аяқтаған болар едің? 
Шәкәрімнің осы поэма арқылы айтпақ ойы не ? Дастанды оқи отырып қандай ой түйдің? 

Үй тапсырмасы: « Ғашықтың тілі- тілсіз тіл» тақырыбында эссе жазып келу.

Бағалау.

Кері байланыс



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ш.Құдайбердіұлы "Еңлік-Кебек" дастанының композициялық құрылымына талдау жасау

Автор: Досалиева Ләззат Абсатырқызы

Дата: 09.01.2022

Номер свидетельства: 597074


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства