kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ш.Құдайбердіұлының өлеңдерінің әдеби-көркемдік ерекшеліктері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсаты. Оқыту: Ақынның өмірі мен шығармаларының мазмұны мен мағынасына талдау,           әдеби-көркемдік ерекшеліктерін меңгерту, үзінділер жаттау, мазмұнын түсіндіру.

                 Дамытушылық: Қазақ әдебиеті бойынша білімдерін, тіл байлықтарын дамыту,     

                                             сөздік қорларын арттыру, ақын-жазушылардың еңбектерін

                                             талдау, мазмұны мен мағынасына түсінік беру.

                 Тәрбиелік:        Туған елімізді, әдебиет-тарихын бағалауға, құрметтеуге тәрбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ш.Құдайбердіұлының өлеңдерінің әдеби-көркемдік ерекшеліктері»

Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, «А.Жұбанов атындағы орта мектебі» ММ-нің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.А.Мирманов


Тақырыбы: Ш.Құдайбердіұлының өлеңдерінің әдеби-көркемдік ерекшеліктері

Мақсаты. Оқыту: Ақынның өмірі мен шығармаларының мазмұны мен мағынасына талдау, әдеби-көркемдік ерекшеліктерін меңгерту, үзінділер жаттау, мазмұнын түсіндіру.

Дамытушылық: Қазақ әдебиеті бойынша білімдерін, тіл байлықтарын дамыту,

сөздік қорларын арттыру, ақын-жазушылардың еңбектерін

талдау, мазмұны мен мағынасына түсінік беру.

Тәрбиелік: Туған елімізді, әдебиет-тарихын бағалауға, құрметтеуге тәрбиелеу.


Жаңа материалды оқып, үйрену сабағы

Ұйымдастыру бөлімі

  1. Сабақтың тақырыбы мен мақсаты

  2. Үй тапсырмасы. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы, ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ әдебиетіндегі қазақтың бас ақыны Абайдың, Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармалары туралы сұрақтар.


Абай

Шәкәрім

1

1

2

2

3

3

4

4

5

5


Абай.

  1. Абай – дана, Абай – дара. (Қазақтың бас ақыны, қазақ әдебиетінің негізін салушы, аудармашы, философ, қазақ әдебиеті мен өнерінің тарихында оқшау тұрған ұлы тұлға, реформатор).

  2. Абай еңбектерін оқып, тәлім-тәрбие алған Шығыс классиктері. (Низами, Сағди, Хожа Хафиз, Науаи, Физули, Фирдоуси т.б.).

  3. Абайдың поэмаларын атап беріңіз. (Ескендір, Масғұт, Әзім әңгімесі. Соңғысы «Мың бір түн» ертегісінен алынған, аяқталмай қалған поэмасы).

  4. Абайдың «қара сөздері» немесе «Ғақлиясы». (Бұл өмірінің соңында жазылған туындылары. Бұл қара сөздер – көркем әңгіме емес, алайда оларды даналық сөздер, мақала, ғылымдық, философиялық шолулар деп қарастыруға болады. Қара сөздердің жалпы саны – 45).

  5. «Қазақ халқының өткенін зерттегісі келетін ғалымның бірде-бірі бұл кітапты жанап өте алмайды... .» – деген қанатты сөздердің авторы және бұл сөз қазақ әдебиетіндегі қай шығармаға арналған. (Академик Қаныш Сәтбаев «Абай жолының» энциклопедиялық сипаты туралы).

Шәкәрім.

  1. Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен еңбек жолы туралы түсінік беру. (Шәкәрім 1858 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында дүниеге келген. Абайдың ағасы Құдайбердінің баласы, бес жасында оқуға беріліп, екі жылдай оқиды. Жеті жасқа келгенде әкесі Құдайберді қайтыс болады да, бала Шәкәрім атасы Құнанбайдың тәрбиесінде, ағасы Абайдың қамқорлығында болады).

  2. Шәкәрім қандай тілдерді меңгерген. (Араб, парсы, түрік, орыс тілдерін).

  3. Шәкәрімнің «Жастарға» өлеңінің мазмұнын түсіндіру. (Бұл өлеңде ақын өзінің ғибратты сөздерін бірінші кезекте жастарға арнайды. Жасөспірім замандастарын ескіден арылып, жаңамен жалғасуға үндейді. Ізгілік жолына түсудің, арамдық пен алдаудың, қулық пен сұмдықтың зиянын, білім мен ғылым үйренудің шексіз пайдасы туралы түсіндіреді. Сол арқылы өз заманының бейнесін жасайды. Өзіне де, өзгеге де Абайды жолбасшы, ақылшы көсем етіп ұсынады).

  4. Ақын «Талап пен ақыл» деген өлеңінде: ... Талапқа алты түрлі ноқта тақтық... – деп нелер туралы айтады. (Ынсап, рақым, ар, ұят, сабыр, сақтық). Сөздікпен жұмыс.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты үшін аталған сөздердің мағынасы талдау, түсіндіру.

  1. Шәкәрімнің поэмаларын атаңыз. (Қалқаман-Мамыр, Еңлік-Кебек, Нартайлақ-Айсұлу бұл поэмалар қай-қайсысы да қазақ арасында ертеректе болған тарихи оқиғаларды арқау етеді. Бәрінің негізгі сюжеті ғашықтық төңірегіндегі оқиғалар туралы болғанымен, оларды тек қана махаббат трагедиясы деп қарауға болмайды. Шәкәрімнің поэмалары өзінің әлеуметтік, философиялық терең астарымен ерекшеленеді. Екі жастың басындағы жайды баяндай отырып, ақын одан әлдеқайда ауқымды тұжырым жасайды).


Үй тапсырмасына талдау, меңгерту, пысықтау. Сұрақ-жауап.

Абай, Шәкәрім шығармаларының өзара үндестігі.


Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсаты.

Шәкәрім лирикалық өлеңдерімен қатар, «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек», «Нартайлақ-Айсұлу» поэмаларын, көркем проза саласында бірнеше шағын әңгімелер, «Әділ-Мәрия» деп аталатын роман, Шығыс ақыны Физулидің шығармасы негізінде «Ләйлі-Мәжнүн» дастанын жазған. Орыс ақыны А.С. Пушкиннің «Дубровский», «Боран» атты шығармаларын өз өрнегімен аударып шыққан.

Шәкәрім Құдайбердіұлының өлеңдері: «Дүние мен өмір», «Ақындарға», «Кәрілік туралы», «Адамдық борышың», «Еңлік-Кебек» дастаны.


Жаңа тақырыпқа талдау, түсініктеме.

Өлеңдерін оқу, мазмұнына талдау, түсінік беру, үзінділер жаттау.

Шәкәрім Құдайбердіұлы. «Жастарға», «Дүние мен өмір», «Ақындарға», «Жастық туралы», «Кәрілік туралы» өлеңдері

Үй тапсырмасы: Ақын өлеңдерінің мазмұны мен әдеби-көркемдік ерекшеліктері.

Үзінділер жаттау. Қосымша әдебиет материалдары.

Пысықтау сұрақтары. Сұрақ жауап.

Тест тапсырмалары:

  1. Абайдың қай поэмасында үлкен ақыл иесі Аристотель қатыстырылған.

А. Масғұт С. Әзім әңгімесі Е. Қатыстырылмайды.

В. Ескендір Д. Барлық поэмасында

2. Абайдың ұйқас құрылысындағы жаңалықтары.

А. Қара өлең ұйқасы Д. Егіз ұйқас, шұбыртпалы ұйқас

В. Ерікті ұйқас, кезекті ұйқас Е. Аралас ұйқас, шалыс ұйқас

С. Шалыс ұйқас, егіз ұйқас, аралас ұйқас

3. Абайдың: ақылы мен парасаты сай, мінез-құлқын, адамгершілігін көпке үлгі еткен кейіпкері туралы жазған шығармасын ата беріңіз.

А. Құнанбай С. Аристотель Е. Масғұт

В. Әзім Д. Ескендір

4. Шәкәрім неше жасынан бастап, атасы Құнанбайдың тәрбиесінде болады.

А. 5 В. 6 С. 7 Д. 8 Е. 9

5. Шәкәрім Меккеге қай жылдары барып қайтады.

А. 1901-1902 В. 1903-1904 С. 1905-1906 Д. 1907-1908 Е. 1909-1910

6. Шәкәрімнің Шығыс ақыны Физулидің шығармасы негізінде жазған дастаны

А. Еңлік-Кебек С.Қалқаман-Мамыр Е.Әділ-Мәрия романы

В.Нартайлақ-Айсұлу Д.Ләйлі-Мәжнүн

7. Шәкәрімнің аудармаларын көрсетіңіз

А. Н.В.Гоголь. Ревизор С. Е. Крылов мысалдары Е. Евгений Онегин

В. А.П.Чехов әңгімелері Д. А.С.Пушкин Дубровский, Боран

8.

ІІІ. Қорытындылау.

  1. Бағалау.


































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
Ш.Құдайбердіұлының өлеңдерінің әдеби-көркемдік ерекшеліктері

Автор: Мирманов Алик Ахметкереевич

Дата: 08.02.2017

Номер свидетельства: 389455


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства