Оқушыларды шеңберге тұрғызып, бір-бірінің қолдарынан ұстатып, бір-біріне тамаша күлкі сыйлау керектігі айтылады.
1.Кіріспе бөлімі. Жаңа сабақ.
Шыңғыс Төреқұлұлы Айтматов – бауырлас қырғыз халқының ұлы жазушысы.Ол 1928 жылы 12 желтоқсанда Қырғызстанның Талас облысының Шекер аулында дүниеге келген.
Ш. Айтматовты біз қырғыз-қазаққа ортақ жазушы дейміз.Олай дейтін себебіміз,ол Мәскеудегі әдебиет институтында оқып жүрген кезде қазақтың білікті,білімді сыншысы Қалжан Нұрмахановпен бірге оқиды.Сол кісінің ықпалы,әсері көп болады.Кейін әлем жазушыларының бел ортасында жүретін Мұхтар Әуезов те оған қамқор болған,көп көмек көрсеткен.Ш.Айтматов еңбектері өте мол.
2.Негізгі бөлім. Әңгіменің мазмұнын «ДЖИГСО» әдісі арқылы баяндау. Сыныпты 1,2,3,4,5 сандары арқылы 5 топқа бөлу.
а) Оқушыларды бес топқа бөліп,соған сәйкес шығарманы да мазмұны бойынша бес бөлікке бөле отырып оқытқызу.
ә) Әр топтағы оқушы өзі оқыған абзацқа ат қоя отырып,мәтінге тезис жасау.
б) Мәтіннің әр бөлімдеріне қарай композициялық құрылымына талдау жасау.
«Найман – Ана».
І. Экспозициясы: Тарихқа көз жүгірту.
1.Құлдықта қалған тұтқындардың күні.
2.Аңызға айналған Ана-Бейіт зираты.
3.Ең ауыр жаза.
4.Ананың өз-өзімен сырласуы.
5.Тарихқа көз жүгірту.
ІІ.Басталуы: Саудагерлердің дастархан басындағы әңгімесі.
ІІІ.Дамуы: Найман-Ананың Сарыөзекке аттануы.
IV.Шарықтау шегі: Өз анасын танымаған жас жауынгер.
V.шешімі: Найман-Ананың өз баласының қолынан мерт болуы.
Талдау.“Кім кінәлі” (проблемалық сұрақтар)
1.Жоламанды мәңгүрт жасаған кімдер?
1. Мәңгүрт ұлын іздеп келе жатқан ана қандай психологиялық күйде болды?
2.Жоламанды мәңгүрт жасаған кімдер?
3.Жуан-жуандар деген кімдер? Олар туралы тарихтан не білесің?
4. Ана-Бейітті халық неліктен соншама қасиет тұтады?
5. Романдағы «Мәңгүрт» сөзінің астары неде деп білесіңдер? Қазіргі заманның «мәңгүрттері» деп қандай адамды айтуға болады?Найман-Анадағы мәңгүрттің олардан айырмашылығы неде?
6.Жоламанның бейнесін тауып оқып бер.
7.Жазушы жуан-жуандардың бейнесін қалай көрсеткен?
Глосарии.
Мәңгүрт – бұл жерде ақылы кем, есуас, жынды.
Кепеш – сырып не кестелеп тігілген, жұқа дөңгелек тақия.
Көн – ірі қараның терісінен иленген қатты былғары.
Құрса – бұл жерде дөңгелек немесе жұмыр заттардың сыртынан айналдыра, қыса ұстатқан темір шеңбер.
Келе – бір топ түйе, бір қора інген; бураның үйірі.
Оқушыларды сергіте отырып,сабақты бекіту мақсатында ойындар жүргізу.
«Мәтінді оқыта үйрету» ойыны.
а) Әр топ келесі топқа өздерінің оқыған бөлімдері бойынша ең қиын сұрақ құрайды.Оған келесі топ жауап береді.Сұрақ қойған топ қарсыласының жауабын өздері бағалайды.
«Егер, онда, өйткені» стратегиясы. Оқушылар мәтіннен өздеріне ұнаған сөйлемді алады, өзгелер өз пікірлерін жалғастырады.
ІІІ. Қорытынды бөлім: «Мен адаммын, адамдық мәңгі мұратым!»
1) Сен қасиетті халықтың адал перзенті болуы үшін сен қандай болуың керек?