«Қалқаман- Мамыр» поэмасының мазмұнын, тақырыбын, идеясын таныту, кейіпкерлер бейнесін ашу арқылы олар туралы түсінік беру;
Поэманың мазмұндық желісін тақырыбына сай талдау жасау және ақын идеясының нақты танымын аңғарту, ойлау қабілеттерін дамыту, көркем сөйлеу мен жазуға, шығармашылығын арттыра отырып тіл байлығын, сөздік қорын дамыту;
Оқушының өз ойын тұжырымдауға және басқалардың көзқарасын сыйлауға үйрету, жас ұрпақты шындыққа, адалдыққа,, адамгершілікке, уәдеге беріктікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: ізденіске құрылған пікір айту сабағы
Сабақтың әдісі: түсіндіру, баяндау, болжам жасау, пікірталас,
тест- интервью, «Егер де мен...», слайд.
Сабақтың көрнекілігі: Шәкәрім шығармалары, газет- журнал
материалдары
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Жаңа тақырыппен байланыс:
1.Абай мен Шәкәрім сабақтастығы.
2.Шәкәрім- Абайдың талантты шәкірті.
3. Шәкәрім поэмасында ақынның Абайдан алған тәлімінің көрініс табуы.
3. Жаңа тақырыптың өзекті мәселесі:
Қазақ қоғамының XIX ғасырдағы ел басқарудағы, дала заңдарының кертартпа көрінісі.
«Қалқаман- Мамыр» поэмасы- қазақ тарихында өткен лиро- эпостық жырлардың заңды жалғасы деуге болады.
Мағынаны ажырату.
Слайд. Суретте жылқыға мінген адам , жүрек және садақ бейнеленген.
Бұл суреттер не үшін берілгендігі туралы оқушылар өз ойын ортаға салады./ауызша/
Не болады деп ойлайсыз?
Оған қандай дәлеліңіз бар?
Не болды?
Дәптермен жұмыс:
Жаңа тақырып Шәкәрім Құдайбердіұлының «Қалқаман- Мамыр»
поэмасы. Слайд.
Кітаппен жұмыс:
1.Қалқаман мен Мамырдың таныстығын іздеу.
2. Көкенай қандай тұлға? /ауызша/
3.Кейіпкерлер келбеті.Оқушылар дәптерлеріне поэма кейіпкерлерін жазады.
Олар кімдер?
Әнет баба- Жеті жарғы деген бидің бірі болған. Ақтабан шұбырынды болған жылы көше алмай, 97 жасында жұртта қалып қойған. Оның бес баласы бірдей Ақтабан шұбырындыда қалмақтардың қолынан өлген.
Авторға жақындықтары бар ма? Слайд.
Оқиға қай жылы болған?
Оқиға 1922 жылы Сыр бойында болған. Қалқаман өзінің нағашы жұртына өкпелеп кеткен соң, «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» болғандығы тарихтан белгілі.
Шегініс.
Слайд арқылы түсіндіру.
Тақтамен жұмыс:
Салт- дәстүр
Көркемдегіш құралдар
Жақыннан қыз алмау
Уәдеге беріктік
Қалың мал беру
Қызды алып қашу
Құда түсу
Бастаңғы жасау
Бата беру
Монолог, эпитет, теңеу, баяндау, суреттеу.
Сөздік жұмысы: еркекшора- еркек балаша киініп, өскен қыз
Оғат- қателік, оғаш
Сенің пікіріңше Көкенай, Мәмбетай неліктен Қалқаман мен Мамырдың қосылуына қарсы болды? Көкенайдың ісі дұрыс деп ойлайсың ба?
Тақтаға кете ілінеді, әр оқушы өзі қалаған жерге «+» таңбасын қояды.
Жақтаушылар бір топқа, даттаушылар бір топқа, бейтарап қалғандар өзі қай топтың көзқарасын құптаса, сол топқа қосылады.
Оқушы аты
Иә
Жоқ
Бейтарап
Сабақты қорыту:
Тест- интервью. Жеке жұмыс.
Қалқаманның өзіне тән ерекшеліктері
Мамырдың өзіне тән ерекшеліктері
Көкенай бейнесі ұнады ма?
Поэмадан өзіңнің болашаққа түйген ойың
Автор орындығы:
«Егер де мен...» Егер автор орнында болсаң, поэманы қалай аяқтар
едің? /өз ойын ауызша баяндау/
Үйге тапсырма:
Поэманың 5 шумағын жаттау.Поэма желісін сай сурет, жазба жұмыс
түрлерін ойтүйме ретінде жазу.
Бағалау.
Оқушылардың сабақ бойына қатысып отыруын, сөйлеу, жазу
мәдениетін, өзін- өзі ұстау, өз ойын жеткізе алуын саралай отырып баға