kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ш.??дайбердиев "Адамды? борышы?"

Нажмите, чтобы узнать подробности

      Мені? аталмыш п?н бойынша ?стазды? етіп келе жат?аныма 15 жыл болды. ?зім сырттай о?ы?анды?тан, к?п о?ып, тынымсыз іздендім. Е?бегім зая кеткен жо?.Ш?кірттерімні? к??ілінен шы?ып, с?йікті м??аліміне айналдым. ?рине, білгішпін, мы?тымын деп айта алмаймын, десе де к?п ж?йрікті? бірімін. Ал?аш ?аза? тілі мен ?дебиетін ал?ан кезде, ескі о?улы? пен жа?а о?улы?, орыс сыныбы мен ?аза? сыныбын ?атар алып ж?руіме тура келді.Осы ж?не  ?ш жылды? іс-т?жірибемен о?ушыларды ?БТ-?а дайындау мен ?шін ?лкен сына? болды десем де болады. "Шыдауды? ?зі ащы болса да, жемісі т?тті" деп Ж.Руссо айтпа?шы, кейін шындап же?істі сезіндім. Олай дейтінім,?ріптестерімді айтпа?анда, ата-аналарым мен ш?кірттерім жасты?ыма ?арамай, ??рмет к?рсетіп, сыйлайтын болды.

       Осы жылдар ішінде мені? алдымнан кімдер ?тпеді десе?ізші?! Бастауыштан ежелеп келген бала да, 

жазуы ?те нашар о?ушы да, тіпті с?йлем ??рауды білмейтін сыныпты да саба?тан кейін алып ?алып, балалар?а жаным ашы?анды?тан, ?осымша саба??а ша?ыру?а м?жб?р болдым.?айта ш?кірттерім де т?сіністік танытып, мені? ?ам?орлы?ымды т?сінді десем де болады. Ал ?БТ-?а ал?аш?ы дайында?ан сыныбым ал?ыр болды да, менімен тест жауабы ж?нінде дауласу?а дейін баратын. Б?л мені ?уантпаса, ренжіткен емес.?айта ш?кірттерімні? осылай еткені мені с?йсіндірді де. Сабырлы ?алпымды б?збай, к?лімсіреген кейіпте ол ?атені? баспадан кеткенін, мені? дайында?аным бойынша белгілесе, еш ?ателеспейтінін жеткіздім.Осы  жылдар ішінде т?сінгенім, м??алім ?з к?сібін с?йіп ?ана ?оймауы керек, алдында?ы ш?кірттерін де ?леуметтік жа?дайына, ?алай о?итынына ?арамай шын пейілімен жа?сы к?ріп, олар?а бар мейірін т?ксе, еш н?рсе жауапсыз ?алмайды деп ойлаймын."Ж?ректен шы??ан с?з ж?рекке жетеді" демекші, шын ниеттенсе?із, не н?рсе болсын орындалады емес пе? Ал бала деген а? пара? секілді ?ой? ?анша бала десек те, олар м??алімні? ?аншалы?ты білімді екенін, ?андай оймен айтып т?р?анын, шын к??іл ме, ?лде жасандылы? па - б?рін сезіп ?ояды. Сонды?тан бала?а бала деп ?арамай, ?лкендерше, те? д?режеде с?йлессек, оларды? ?рбір ісіне т?сіністік танытса?, оларды ?олынан келетініне сендіріп, мада?таса?  ?ана ма?сатымыз?а ?ол жеткіземіз деп ойлаймын. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ш.??дайбердиев "Адамды? борышы?" »



Сабақтың тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлы «Адамдық борышың»

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: оқушыларға Ш.Құдайбердіұлының өмірі, өлеңі жайлы толық түрде мәлімет бере отырып, ақын өлеңіндегі басты адами құндылықтарды дамыту;

ә) дамытушылық: адам деген ардақты атқа лайық өмір сүрудің қаншалықты маңызды екенін ұғындыру, борыш сөзінің мәнін ашу, сын тұрғысынан ойлауын жетілдіру; б) тәрбиелік: оқушылардың туған халқына деген сүйіспеншілік сезімін күшейту, адами қасиеттерді қалыптастыру.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ.

Сабақтың әдісі: топтық жұмыс, топтастыру, проблемалық сұрақ, шығармашылық жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: Шәкәрімнің шығармашылығы туралы сызба-нұсқа, стикер, смайликтер.

Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, музыка

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.

Психологиялық дайындық.

Балалар, бүгінгі сабағымыз әдеттегіден тыс өзгеше сабақ.Бізде бүгін апайларымыз қонақта. Олай болса, бар білімімізді апайларға көрсетейік.Көңіл күйіміз қалай? Тамаша!

(Сабақты бастамас бұрын оқушыларға жемістердің суреті бойынша топқа бөліп аламын: «Борыш», «Парыз», «Әділет», «Ар» топтары)

ІІ.Жаңа сабаққа дайындық.

ІІІ.Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға Ш.Құдайбердіұлының өмірін сызба-нұсқа бойынша түсіндіріп, өлеңі жайлы мағлұмат беремін.

ІҮ.Жаңа білімді меңгерту.

Ш.Құдайбердіұлының «Адамдық борышың» өлеңін компьютерден тыңдатамын да, бес-алты оқушыға мәнерлеп оқытамын.

1.Тақтадағы «Адамдық борышың» өлеңінің әр жолына сәйкес келетін мақал-мәтел немесе ұлағатты сөздермен түйіндеу.Ол үшін жазылған нақыл сөздерді дұрыс тауып, плакатқа ілу(Сабақ барысында әр жауапқа түрлі-түсті фишка беріліп отырады)

Адамдық борышың(Борыш сезімі нұрландырмаған адамнан жақсылық күтпе)

Халқыңа еңбек қыл(Көп еңбек еткенге бақыт басын иеді)

Ақ жолдан айнымай(Тура биде туған жоқ)

Ар сақта, оны біл(Арыңды жасыңнан сақта)

Талаптан да, білім мен өнер үйрен(Талапсыз адам – қанатсыз құс)

Білімсіз,

Өнерсіз,

Болады ақын тұл(Тумысында қанша зерек болса да, ғылымсыз, тәрбиесіз кемеліне жетпейді)

Мақтанға салынба(Ғылым таппай мақтанба)

Мансаптың тағы үшін(Биік мансап – биік жартас)

Нәпсіңе билетпе(Адамның адал ұлы болам десең, алдымен өзіңнің нәпсіңді жең)

Басыңның бағы үшін(Бақ бер, сол бақты ұстайтын батпандай салмақ бер)

Өміріңді сарп қыл өлгенше(Өмір қамшының сабандай қысқа. Әр өміріңді мағыналы өткіз)

Жоба тап,

Жол көрсет(Жалғыз жүріп жол тапқанша, көппен бірге адас)

Келешек қамы үшін(Өткенді ұмытсаң, болашақ саған тас лақтырады)

Қайтадан қайрылып,

Қауымға келмейсің,

Барыңды, Нәріңді

Тірлікте бергейсің(Кемеңгер адам кең болар)

Ғибрат алар артыңа із қалдырсаң,

Шын бақыт—

Осыны ұқ,

Мәңгілік өлмейсің(Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді)

Өлеңді түйіндеген сөздердің мағынасын ашу.

2.Оқулықпен жұмыс. Өлеңнен дерексіз зат есімдерді тауып, тақтаға жазу.

(Борыш, еңбек, ар, талап, білім, өнер, ақыл, мансап, бақ, нәпсі, өмір, келешек,нәр, ғибрат, бақыт)

3.Ой ашар. Ассоциация әдісі.

(Нәпсіқұмарлыққа не жататынын топтастыру)


дүниеқоңыздық

алаяқтық

құмар ойыны

Нәпсіқұмарлық

қызығушылық


ішімдікке тәуелділік нашақорлық



ұрлық пайдакүнемдік


тастанды сәбилер




4.Сергіту сәті. Шәкәрімнің бір әнін(«Анадан алғаш туғанда», «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек») айтқызу.

Оқушыларға «борыш» сөзінің мағынасын ашқызу, анықтама беріп өту, тақтаға іліп қою.

Борыш – бұл адамның үй-іші, әке-шеше, тума-туыстарына қатысты перзенттік парызынан туындайтын қасиет.Мұның негізінде өзін әлпештеп, адам етіп өсіргендердің алдындағы жауапкершілігін бар санасымен терең аңғарып, түсіну, сондай-ақ, осы арадағы өз парызын қалай ақтау жолын ойластыру жатады.

5. Шығармашылық жұмыс.

Ү.Сабақты қорытындылау.

- Балалар, өлең ұнады ма?

- Өлеңнен не түсіндіңдер?

- Ақын бізге қандай ой тастап тұр?Өлеңнің идеясы қандай?

-Айтыңдаршы, Шәкәрім айтып тұрған шын бақыт не? Жалпы сендердің ойларыңмен бақыт дегеніміз не?

Ал мен үшін бақыт, балалар, отбасымның амандығы, денінің саулығы, ал қалғанын адам өзі жасап алады.








Сонымен, біздің қандай борышымыз бар екен? Сызба түрінде қорытындылау.

Халқыңа еңбек ет


Ақ жолдан тайма Арыңды сақта

Адамдық борышың



Өнер-білім үйрен Мақтаншақ болма



Болашақ ұрпақты үйрет Нәпсіңді тый

Білгеніңді үйрет




Иә, балалар, біздің борышымыз - үлкендер, әсіресе, ата-ана алдында кішірейіп, құдайымыздай сыйлап, көңілдеріне қаяу түсірмей, сол бір асыл жандарды әлпештеп, құрметтеу. Бүгінгі таңда адами қасиеттерден айырылып, борыш, парыз сезімдерінің иісі мұрнына бармайтын адамдар қаншама!Ендеше, адам болып өмірге келген соң, адам деген құрметті атқа лайық болу – әр адамның парызы. Осымен сабақ аяқталды. Енді мына стикерге сабақтың ұнаған, ұнамағанын жазып, смайликтердің астына ілуіміз керек.

ҮІ.Бағалау. Әр топқа берілген фишка бойынша бағалау.

ҮІІ.Үйге тапсырма: Ш.Құдайбердіұлының «Адамдық борышың» өлеңін жаттап келу.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
Ш.??дайбердиев "Адамды? борышы?"

Автор: Абдикаимова Камчат Жумабаевна

Дата: 15.04.2015

Номер свидетельства: 201808


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства