kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ш?к?рім ?мірі мен шы?армашылы?ы. Саба? жоспары

Нажмите, чтобы узнать подробности

К?ні:

П?ні: ?аза? ?дебиеті

Сыныбы: 10

Саба?ты? та?ырыбы

Ш?к?рім ??дайберді?лыны? ?мірі мен шы?армашылы?ы.

Саба?ты? ма?саты

Ш?к?рімні? ?мірі мен шы?армашылы?ы жайлы м?лімет алады, ?ле?дерін талдайды, негізгі идеясын ??ады.

Саба? т?рі

Модульдер

Сын т?р?ысынан ойлау, диалогтік о?ыту, ба?алау, жас ерекшеліктерін ескере отырып о?ыту

О?ыту ?дістері

С?ра?-жауап,топты?, ж?пты? ж?мыстар.

К?тілетін н?тижелер

- Шы?арманы? идеясын толы? ме?герді,?з ойларын шебер суреттей отырып жеткізе алды.

- А. Ш.??дайберді?лы шы?армаларыны? ?дебиет саласында?ы орны туралы айтады.
В. Шы?армашылы?ы жайында талдау жасайды.
С. А?ын лирикасына ба?а береді, салыстырады.

.

Ресурстар

1.     Ш?к?рім ??дайберді?лыны? портреттері

2.     Ш?к?рім шы?армаларыны? жина?ы,10-сынып хрестоматиясы,о?улы?, ?лестірме м?тіндер.

?аламтор материалдары. А?ын туралы презентация, магнитті та?та

Саба? кезе?дері

М??алім ?рекеті

О?ушы ?рекеті

?йымдастыру кезе?і

3 минут

«Шатты? ше?берін» ??ру.

Сыныпты Жамбыл ?ле?дерінен ?зінділерді тарату ар?ылы топтастыру

І топ дастандары

ІІ топ ?ле?дері

ІІІ топ айтыстары

«Шатты? ше?берін» ??рып, о?ушылар бір- біріне жа?сы тілектер айтып, к??іл- к?йлерін  к?терді.

3 топ?а б?лінеді.

?ызы?ушылы?ты

ояту   5 минут

"Б?л ?н б?рын?ы ?ннен ?згерек" ?н

О?ушылар ?н ты?дайды
 Кімні?, ?андай ?н екендігін табады.

Білу

5 минут

Ш?к?рім шы?армашылы?ы не білетіндіктері с?ралады.

Слайд,   ар?ылы м??алім ?ыс?аша м?лімет береді.

О?ушылар білгендерін орта?а салады.

О?ушылар ?ажетті м?ліметті жазып алады.

Т?сіну

5 минут

Тапсырмаларды орындау

Топтар?а Ш?к?рім ?мірі мен шы?армашылы?ы жайында тапсырмалар береді

Кітаппен ж?мыс

Топ м?шелері ?здеріне берілген тапсырмаларды о?иды.

І топ ?ле?дері,аудармалары

ІІ топ. Прозасы

ІІІ топ Поэмасы

?олдану

10минут

Дескриптор ??ру ар?ылы о?ушылар?а ?ор?а?ан постерлерін ба?алауды тапсырады.

Т?сінгендерін постерге салып, орта?а шы?ып ?ор?айды.

О?ушылар талап бойынша ба?алайды.

Талдау

5 минут

Топтар?а тапсырмалар беріледі

І топ.Жылдар бойынша Ш?к?рім шы?армашылы?ын реттеп орналастырады.

ІІ топ. А?ыл мен ?ылымды тоздыратын н?рселер.

О?ушылар Абай мен Ш?к?рім шы?армаларында?ы ??састы??а то?талады

ІІІ топ. «Си?ырлы санды?»

?р топтан бір-бір о?ушы шы?ып, санды? ішіндегі ??пия с?здерді алып, м?нін ашады.

О?ушылар топта кім белсенді ж?мыс жаса?анын т?сіріп отырады.

Жина?тау

5минут

«Шума? ?уу»стратегиясы.

 

Ш?к?рімні? ?ле?дерін жат?а о?ып береді.

Ба?алау

3минут

Ш?к?рім ?мірі мен шы?армашылы?ы ж?нінде тест с?ра?тарын таратады.

О?ушылар белгілеп, бір-бірін тексеріп ба?алайды.?р с?ра?ты? д?рыс жауабы 1 ?пай.

Рефлексия

2 минут

М??алім стикер таратады.

О?ушылар саба??а жа?сы ?атыс?андарды

стикер жапсыру ар?ылы ба?алайды.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ш?к?рім ?мірі мен шы?армашылы?ы. Саба? жоспары»

Күні:

Пәні: қазақ әдебиеті

Сыныбы: 10

Сабақтың тақырыбы

Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы.


Сабақтың мақсаты

Шәкәрімнің өмірі мен шығармашылығы жайлы мәлімет алады, өлеңдерін талдайды, негізгі идеясын ұғады.

Сабақ түрі


Модульдер

Сын тұрғысынан ойлау, диалогтік оқыту, бағалау, жас ерекшеліктерін ескере отырып оқыту

Оқыту әдістері

Сұрақ-жауап,топтық, жұптық жұмыстар.

Күтілетін нәтижелер

- Шығарманың идеясын толық меңгерді,өз ойларын шебер суреттей отырып жеткізе алды.

- А. Ш.Құдайбердіұлы шығармаларының әдебиет саласындағы орны туралы айтады.
В. Шығармашылығы жайында талдау жасайды.
С. Ақын лирикасына баға береді, салыстырады.

.

Ресурстар

  1. Шәкәрім Құдайбердіұлының портреттері

  2. Шәкәрім шығармаларының жинағы,10-сынып хрестоматиясы,оқулық, үлестірме мәтіндер.

Ғаламтор материалдары. Ақын туралы презентация, магнитті тақта

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі


3 минут

«Шаттық шеңберін» құру.




Сыныпты Жамбыл өлеңдерінен үзінділерді тарату арқылы топтастыру

І топ дастандары

ІІ топ өлеңдері

ІІІ топ айтыстары

«Шаттық шеңберін» құрып, оқушылар бір- біріне жақсы тілектер айтып, көңіл- күйлерін көтерді.

3 топқа бөлінеді.

Қызығушылықты

ояту 5 минут

"Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек" ән

Оқушылар ән тыңдайды
Кімнің, Қандай ән екендігін табады.

Білу


5 минут



Шәкәрім шығармашылығы не білетіндіктері сұралады.

Слайд, арқылы мұғалім қысқаша мәлімет береді.


Оқушылар білгендерін ортаға салады.

Оқушылар қажетті мәліметті жазып алады.


Түсіну

5 минут

Тапсырмаларды орындау

Топтарға Шәкәрім өмірі мен шығармашылығы жайында тапсырмалар береді

Кітаппен жұмыс

Топ мүшелері өздеріне берілген тапсырмаларды оқиды.

І топ Өлеңдері,аудармалары

ІІ топ. Прозасы

ІІІ топ Поэмасы

Қолдану

10минут

Дескриптор құру арқылы оқушыларға қорғаған постерлерін бағалауды тапсырады.


Түсінгендерін постерге салып , ортаға шығып қорғайды.

Оқушылар талап бойынша бағалайды.

Талдау

5 минут

Топтарға тапсырмалар беріледі

І топ.Жылдар бойынша Шәкәрім шығармашылығын реттеп орналастырады.

ІІ топ. Ақыл мен ғылымды тоздыратын нәрселер...

Оқушылар Абай мен Шәкәрім шығармаларындағы ұқсастыққа тоқталады

ІІІ топ. «Сиқырлы сандық»

Әр топтан бір-бір оқушы шығып, сандық ішіндегі құпия сөздерді алып, мәнін ашады.

Оқушылар топта кім белсенді жұмыс жасағанын түсіріп отырады.

Жинақтау

5минут

«Шумақ қуу»стратегиясы.



Шәкәрімнің өлеңдерін жатқа оқып береді.


Бағалау

3минут

Шәкәрім өмірі мен шығармашылығы жөнінде тест сұрақтарын таратады.

Оқушылар белгілеп, бір-бірін тексеріп бағалайды.Әр сұрақтың дұрыс жауабы 1 ұпай.

Рефлексия

2 минут

Мұғалім стикер таратады.

Оқушылар сабаққа жақсы қатысқандарды

стикер жапсыру арқылы бағалайды.

Үйге тапсырма: Шәкәрім шығармашылығы мен өмірбаянын оқу және өзі қалаған өлеңін жаттау.

Рефлексия


Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу

үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты деген сол жақта

келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары шынайы болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?


Ең жақсы өткен екі дүниені атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1.

2.

Қандай екі дүние

сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді?

1.

2.

Осы сабақтың барысында мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы қандай ақпаратты білдім?




















Ітоп . Дастандары:

Лек-лек солдат айдатып,Мойнына шекпен байлатып,

Алуға патша ынтықты

Түтіндетті мылтықты.


«Аламын деді бәріңді!»

Қырғызда Орман бірігіп,

Қордайдан асқан көп әскер,

Теріскейге ағылды

Ұлтарақтай өлкесі

Адамы көп, жері тар.

Өліп-өшіп ондағы ел-

Күріш еккен алқына


Мұрттай ұшып жезтырнақ,

Ажалы жетіп бұрқырап,

Қаны судай төгілді.


ІІ топ. Өлеңдері

Менің пірім - Сүйінбай,

Сөз сөйлемен сыйынбай!

Сырлы, сұлу сөздері

Маған тартқан сыйындай

Қайтіп жаның ашымас,

Неткен заман қатыбас.

Еткен еңбек,төккен тер

Қалай түкке татымас?!



Қақаған қар аралас соғып боран,

Ел үрей, көк найзалы жау торыған.

Байғара, Жамбыл, Ханда мен туыппын,

Жамбыл деп қойылыпты атым сонан.



Жанғойлық болысы пысық келеді,

Мұрындары пұшық келеді.

Екі арадан ептеп жерінде,

Көздерін кысып келеді.



ІІІ топ. Айтыстары

Құлмамбет, сен жақсы да, мен жаман ба?
Ақында сен жүйрік те, мен шабан ба?
Қарасайлап қосылсам бір бүйірден,
Ақырында кетерсің бас аманға!

Әдейі ат терлетіп келдім тойға,

Айкүміс, әуелден-ақ болдың ойда.

Әуірі басылмаған албырт едім,

Асығыс айтқаныма кінә қойма!




Оның рас, жолаушы жүдеп келер,
Жүдесем де мен емес қыз өткерер.
Көк шолақпен көшінде бір жүрмесем
Балғалыда Бөлектің қызы өкпелер...

Адамдықты айт, ерлікті айт, батырлықты айт,
Ел бірлігін сақтаған татулықты айт.
Қарынбайдай сараңдар толып жатыр,
Оны мақтап әуре болмай жөніңе қайт, –





  1. «Сиқырлы сандық»

Әр топтан бір-бір оқушы шығып, сандық ішіндегі құпия сөздерді алып, мәнін ашады.


1

Жұрттың алдындағы батпан ауыр міндеттерді азаматтық парасатымен сезініп, осы рухта әсем жырлар тудырған ......................(тамаша ақын)


2

Келешек ұрпағына өнеге-өсиеті мол туындылар қалдырған қаламы .....................(жүйрік жазушы)


3

Заманы мен халқы жөнінде ой толғаған ................, ...........................(тарихшы, ойшыл пәлсапашы)


№ 4

Шығыс пен батыстың үздік әдебиет үлгілерін халқына танытқан.................(талантты аудармашы)

5

Сәні мен сазын бүгінге дейін жоғалтпаған ............................... туындыгері (әуезді әндердің).


6

Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық,

Арам айла, зорлақсыз мал табалық.

Өшпес өмір, таусылмас мал берерлік,

................................................................

(Бір білімді данышпан жан табалық)











1858 жыл

Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданындағы Шыңғыстау өңірінде дүниеге келген.

1866 жылы

Әкесі Құдайберді дүние салған соң, Шәкәрім атасы Құнанбайдың тәрбиесінде және Абайдың қамқорлығында болады.

1905-1906 жылдары

Меккеге барып, бұл сапарынан олжалы қайтады.

1909-1910 жылдары

Шыңғыстау өңіріндегі Шақпақ деген жерден сая табады.

1917 жылы

Аталған дүбірлі кезеңді ақын әділет жолы деп ұғып, ел ішіне оралып халқымен бірге болуға бекінеді.

1931 жылы

Мемлекеттік саяси басқарманың өкілдері ақынды оңаша, үйінен ауданға бара жатқан жерінде, жол үстінде атып өлтіреді.




Ақыл мен ғылымды тоздыратын нәрселер...


Абайда


Шәкәрімде






31 қара сөз


Салақтық, еріншектік, бойкүйездік, қылжақбастық



Оқушы жұмысын бағалауға арналған критерийлер мен дескрипторлар ( топ )

1 ұпай

2 ұпай

3 ұпай

Ұпай

Жалпы ұпай

Ақпаратты талдай алмады,көзқарасын дәлелдей алмады

Ақпараттарды талдайды, көзқарастары дәлелді болмады

Ақпараттарды талдайды, көзқарастары дәлелді болды



Топта өз ойын еркін жеткізе алмады, сөз,ой қайталаулар, жүйесіз сөйлемдер көп кездесті.

Топта өз ойын еркін жеткізе алса да, сөз,ой қайталаулар, жүйесіз сөйлемдер біраз кездесті

Жұмысты қорғауда ойы еркін, сөз,ой қайталаулар болмады, тілі таза, ойы жүйелі болды.



Жұмыс дизайны нашар безендірілген, сауаты төмен болды.

Жұмыс дизайны жақсы безендірілген, сауаты төмен болды.

Жұмыс дизайны жақсы безендірілген әрі сауатты толтырылған.












Тест

1.Нысан Абыз бейнесі Шәкәрімнің қай поэмасында?

А) «Еңлік - Кебек»
В) «Қалқаман - Мамыр»
С) «Нартайлақ - Айсұлу»
Д) «Медғат - Қасым»
Е) «Ләйлі - Мәжнүн»


2. Шәкәрімнің «Қалқаман - Мамыр» дастанындағы Әнет баба бастаған туыстарының Қалқаманды іздемеу себебі?
А) Жоңғар шапқыншылығына ұшырап, өздері тоз – тоз болғандықтан.
В) Қалқаманға ренжігендіктен.
С) Қалқаманның керегі жоқ болғандықтан.
Д) Жақ – жақ болып керісіп, өштескендіктен.
Е) Туыстары мүлде жоқ.

3. Шәкәрім Құдайбердіұлының өлеңдер жинағы?

А) «Асау тұлпар»
В) «Қазақ айнасы»
С) «Шолпан»
Д) «Жиған - терген»
Е) «Уақ - түйек»


4. Үзінді Шәкәрімнің қай өлеңінен?
«Өшпес өмір, таусылмас мал берерлік,
Бір білімді данышпан жан табалық...»

А) «Дүние мен өмір»
В) «Қазақтың жаманы болмас»
С) «Жастық туралы»
Д) «Насихат»
Е) «Жастарға»


5. Шәкәрімнің Л. Толстойдан аударған шығармасын тап.

А) «Үш анық»
В) «Ұждан»
С) «Үш сауал»
Д) «Пан-Жи-Зан-Хан»
Е) «Кешегі патша піріміз»

6. Шәкәрімнің өмірбаяндық жазбасы.

А) «Жастарға»
В) «Автобиографиялық әңгіме»
С) «Менің өмірім»
Д) «Мұтылғанның өмірі»
Е) «Үш – ақ түрлі өмір бар»


7. Шәкәрім музыкалық білім алған ұстазы.

А) Абай
В) Біткенбай
С) Көпбай
Д) Біржан сал
Е) Ырғызбай


8. Шәкәрімнің лақап аты.

А) Шәкізат
В) Қыр баласы
С) Мәжнүн
Д) Мұтылған
Е) Қалқаман


9. «Қалқаман – Мамыр» жыры:

А) лиро – эпикалық дастан
В) батырлар жыры
С) тарихи жыр
Д) лирикалық жыр
Е) ғашықтық жыр


10. Шәкәрімнің анасының аты?

А) Ботантай
В) Төлебике
С) Мәуен
Д) Бану
Е) Гүллар

Жауабы:

1- а

2-а

3-в

4-е

5-с

6-д

7-а

8-д

9-а

10-в






Оқушы жұмысын бағалауға арналған критерийлер мен дескрипторлар ( топ )

1 ұпай

2 ұпай

3 ұпай

Ұпай

Жалпы ұпай

Ақпаратты талдай алмады,көзқарасын дәлелдей алмады

Ақпараттарды талдайды, көзқарастары дәлелді болмады

Ақпараттарды талдайды, көзқарастары дәлелді болды



Топта өз ойын еркін жеткізе алмады, сөз,ой қайталаулар, жүйесіз сөйлемдер көп кездесті.

Топта өз ойын еркін жеткізе алса да, сөз,ой қайталаулар, жүйесіз сөйлемдер біраз кездесті

Жұмысты қорғауда ойы еркін, сөз,ой қайталаулар болмады, тілі таза, ойы жүйелі болды.



Жұмыс дизайны нашар безендірілген, сауаты төмен болды.

Жұмыс дизайны жақсы безендірілген, сауаты төмен болды.

Жұмыс дизайны жақсы безендірілген әрі сауатты толтырылған.










Оқушы жұмысын бағалауға арналған критерийлер мен дескрипторлар ( топ )

1 ұпай

2 ұпай

3 ұпай

Ұпай

Жалпы ұпай

Ақпаратты талдай алмады,көзқарасын дәлелдей алмады

Ақпараттарды талдайды, көзқарастары дәлелді болмады

Ақпараттарды талдайды, көзқарастары дәлелді болды



Топта өз ойын еркін жеткізе алмады, сөз,ой қайталаулар, жүйесіз сөйлемдер көп кездесті.

Топта өз ойын еркін жеткізе алса да, сөз,ой қайталаулар, жүйесіз сөйлемдер біраз кездесті

Жұмысты қорғауда ойы еркін, сөз,ой қайталаулар болмады, тілі таза, ойы жүйелі болды.



Жұмыс дизайны нашар безендірілген, сауаты төмен болды.

Жұмыс дизайны жақсы безендірілген, сауаты төмен болды.

Жұмыс дизайны жақсы безендірілген әрі сауатты толтырылған.







.

Шәкәрімнің қандай шығармалары бар? (Кесте бойынша түсіреміз)

Поэзия

Проза

Өлеңдері: Сатиралық лирика, азаматтық лирика, философиялық лирика, махаббат лирикасы, көңіл-күй лирикасы

Поэмалары: «Еңілік-Кебек», «Қалқаман-Мамыр», «Айсұлу-Нартай», «Ләйлі-Мәжнүн»

«Әділ — Мария», «Бәйшешек бақшасы», «Мәнді сөздер», «Шын бақыттың айнасы», «Мен жетпіс екі жасқа келгенше», т.б.












































Артына мол мұра қалдырған Шәкәрім Құдайбердіұлы 1858 жылдың 24 шілдесі күні бұрынғы Семей облысының Абай ауданында туып, 1931 жылдың 21 қыркүйегінде сол мекенде қайтыс болды. Ол асқан ақындығына қоса, жазушы, аудармашы әрі композитор болған. Шәкәрім - ұлы Абайдың немере інісі, нақтырақ айтсақ, Құнанбайдың үлкен әйелі Күнкеден туған Құдайбердінің баласы. Құдайберді 36 жасында қайтыс болғанда, Шәкәрім жеті жаста екен. Ұлы Абайдың «атадан алтау, анадан төртеу» дегендегі аталас ағасы осы Құдайберді болады. Жастай жетім қалған Шәкәрім атасы Құнанбайдың бауырында өсіп ержетеді. Ақындыққа баулып тәрбиелеген ұлы Абай оның әйгілі ақын болып қалыптасуына елеулі үлес қосқады. Бес жасынан оқып, аз ғана жылда сауатын ашқан зейінді де зерек жас көне түрік, араб, парсы тілдерін игеріп, көп ұзатпай орыс тілін де еркін меңгереді. Араб, парсы, түрік тілдерін өзінің туған анасы Дәметкеннен (шын аты Төлебике. – М.Ж.) үйренсе әкесі Құдайберді ескі кітаптарды, қазақтың көне қисса–дастандарын, ақын, жыраулардың өлең, жырларын жатқа айтатын кісі болған деседі. Осындай тәрбие көріп өскен Шәкәрімнің өлеңге деген құштарлығының оянуына осы үлгі қолайлы жағдай жасайды.


Бұған бала Шәкәрімнің әкесі Құдайберді қайтыс болғанда айтқан мына бір тырнақ алды өлеңі дәлел бола алады. Далада ойнап жүрген жас Шәкәрім өрлеп бара жатқан бір жұлдыз құртын өлтіріп алады. Аздан соң өзінің сол ісіне әрі әкесінің өлімі есіне түсіп, мына бір өлең жолдарын жұлдыз құрты атынан суырып салып айтса керек:
     

      «Өлтірдің, онан таптың қандай пайда,
      Өмір сүріп жүруші ем жазда сайда.
      Өлімнің қандайлығын көзің көрді,
      Кешегі тірі жүрген әкең қайда?!
     
      Менің де жетім қалды балаларым,
      Олар да жылайды іздеп аналарын.
      Өзің жетім, жетімді аясаңшы,
      Жоқ екен басыңда ми-саналарың!»
     

      Осы болған оқиғаны әжелеріне келіп айтқан жас Шәкәрімге олар «Енді бұдан былай өлең шығарма!» деп тыйым салыпты. Мұны естіген Абай тірі тұқымнан шыққандарға өлең жазу айып саналатынын біле тұра, әлгі аналарға қарсы, «өлең жазба деу дұрыс емес» деп Шәкәрімді қорғап қалыпты. Осы бір ауыз сөз Шәкәрімнің ақын болып қалыптасуына тікелей әсер етеді. Есейе келе Шәкәрім ағасы Абайдың сол ұмытылмас қамқорлығын еске алып: «Абай болмаса, менің ақын болуым екіталай еді» деген екен. Осындай шешуші өмір кезеңдерін ақын өзінің «Мұтылғанның өмірі» атты көлемді жырында ірі-ірі үш дәуірге бөліп қарастырып, алғашқысы, Құнанбай қажы мен анасының тәрбиесінде өткен жиырма жыл десе, екіншісі, болыстықпен зая кеткен жиыриа жыл, ал соңғы отыз екі жыл Абай айналасында өткен іздену, өсіп жетілу мерзімі еді деп көрсетеді. Сөйтіп, ақын алғашқы қырық жылдық өмірін нәтижесіз, зая кеткен десе, соңғы жылдарды ғана жемісті кезең деп санайды. Ақын өзінің 19 жаста жазған «Жастарға» атты өлеңінде де ұлы ұстазының өз өмірінен алатын орны мен мәнін, тіпті кейінгі буын жастарға деген әсер-ықпалын орынды бағалап:

«Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық,
      Арам, айла, зорлықсыз мал табалық.
      Өшпес өмір, таусылмас мал берерлік
      Бір білімді данышпан жан табалық.
     
      Сақ болалық, бір шоқып, бір қаралық!
      Қарауылдар мезгіл ғой, тұр, қаралық!
      Жүз айтқанмен, өзгенің бәрі надан,
      Жалыналық Абайға, жүр баралық!

     
      Мынау Абай – бір ғалым жол шығарлық,
      Замандасы болмады сөзді ұғарлық.
      Амалы жоқ, айналды енді бізге,
      Күн туды етегіне жабысарлық!» - дейді.


   Шәкәрім өмірінің соңғы жылдары заман қыспағы мен әртүрлі қудалау-түрткіні көп көріп, өзінің алдағы болашағына да күдікпен қарауға мәжбүр болды. Сол себепті ол өзін азан айтып қойған есімінде өзгертіп «Мұтылған» деп ат қойды. Алайда ақын алдағы Әділдік пен Шындықтың, Ақыл мен Ардың жеңісіне зор сенім білдіріп, кейінгі келер жаңа буынға:
     

«Көрмесе де көзімді,
      Білмесе де өзімді,
      Кейінгі жастар қабылдар
      Айтылған түзу сөзімді...
      Қиналған тәнім азапқа,
      Жанған жаным дозаққа.
      Әділ жандар алдында
      Ақталып шықса ғажап па?»

- деп үлкен үміт артады, туған елінің болашағы үшін жанын сала күрескен кемеңгер ақын өз туындылары арқылы туған халқымен қайтадан қауышып отыр.

Жеті жасынан бастап өлең жазып, өмірінің ақырына дейін ағартушылық бағыт ұстады.

Абайдың жаңашылдық дәстүрін дамытып, Абайдан кейінгі екінші реалист ақын атанды. Ақынның творчествосы сан-салалылығымен ерекшеленді, оған көңілдің шат-шадыман әуені де, көкіректі қарс айырған трагизм де тән. Ақын нақты өмір суреттерін, туған табиғаттың әсемдігін тебірене жырлады. 19ғ. — дың аяғы мен 20ғ.-дың басындағы қазақ өміріндегі оқиғаларға, құбылыстарға қызу үн қосты. «Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық!» (1877) өлеңінде талапты жастарды ұлы Абайдан үлгі-өнеге алуға, содан үйренуге шақырса, «Жастық туралы», «Кәрілік туралы» (1879) өлеңдері Абай үлгісінде жазылып, адамның өмір жасын жыр етеді. «Өмір», «Сәнқойлар», «Ызақорлар», «Құмарлық», сияқты дидактикалық өлең-жырларында боямалы ажарды, жасанды мінез бен жағымсыз қылықты сынға алады.

Ғашықтық сезім таза, пәк жүректен маздайтынын айта келіп, («Анық асық әулие», «Шын сырым») адамгершілік ақ жолға, өнер-білімге үндейді. «Жастарға» (1880), «Арман», «Насихат» (1881) атты өлеңдерінде әр түрлі тап пен топ өкілдерінің ниет, мақсаттарын шеней келе, қоғамда әлі моральдық өлшемнің дұрыс қойылмағанын сө з етеді. Ақынды қатты толғандырған мәселенің бірі — қару-жарақтың адам мен табиғатқа қарсы жұмсалуы, империалистік соғыс кезінде адамның қырылуы, озбырлық пен зорлықтың орын алуы. Мұндай келеңсіз кесепаттарға қарсы жазылған өлеңдері Шәкәрімнің интернационалдық ой, толғаныстарының биіктігін, заманалылығын аңғартады. («Патшалар сансыз шығыс қылады», 1919; «Адам немене» 1915) , «Бостандық таңы атты», « Бостандық туы жарқырап» (1917) өлеңдері Қазан төңкерісіне арналған. Ақын жарқын өмірді, болашақты, бейбітшілік пен берекелі тұрмысты жырға қосты.



1905 жылы Шәкәрім Құдайбердиев қажылық сапар шегеді. Меккеге барған бұл сапарын пайдаланып, ақын өзінің байырғы арманын жүзеге асырады. Стамбул, Париж кітапханаларынан туған халқының тарихына байланысты кітаптарды оқиды. Осылай жинаған материалдар негізінде «Түрік, қырғыз, қазақ Һәм хандар шежіресі» (1911) кітабын, қисындарын қазақ мүддесіне үйлестіре түсу мақсатымен «Мұсылмандық шарты» деген еңбек жазды. (1911) Бұл тұста ақынның діншілдігі ғана емес, үлкен ойшыл философ екендігі айқын танылды. Ол жаратушы алланы ақылға салып түсінуге ұмтылыды. Дін бұзушыларды қатты сынға алады. («Көнбеймін дінді теріс бұрғаныңа, Сопының бара қойман құрбанына». Абай сияқты Шәкәрім де феодалдық- рулық ортаның мінез-құлқын, моралін жат көрді, сол кездегі қазақ қоғамындағы әлеуметтік жарықшақты көре білді.





Идеялық мақсат-мұраттары жағынан Шәкәрім үнемі демократтық, халықтық, гуманистік -ағартушылық бағытта болды. Бұл орайда 20-ғасырдың басындағы озат ойлы қазақ зиялыларымен үндес болды. Алашорда қайраткерлерінің еңбегін бағалай білді. Абайдың реалистік дәстүрлерін жалғастырып, эпикалық жанрдың дамуына үлкен үлес қосты. Шығармаларында демократиялық, халықтық және гуманистік көзқарастырды насихаттады. Таза да жарқын махаббатты жырлай отырып, бас бостандығы идеясын алға тартты, оның асыл мұраттары үшін күреске шақырды. Адамгершілік, ар-ұждан тақырыбына жазған ойшыл да парасатты туындылары баршамызға рухани азық.

Бар бейнеттен құтылған,

Тіпті, қызық мазақпын,

Жетпіс жыл ойнап ұтылған.

Сақтамаймын жанға кек,

Не десе де сыртымнан.

«Міндеген аузың мынау», -деп,

Қан ағызса мұртымнан.

Дұспаным жоқ, досым жоқ,

Қайғыданда шошу жоқ,

Рахат іздеп тосу жоқ,

Бір жындымын құтырған.

Жаралы жаным шықсын деп,

Қара жер мені жұтсын деп,

Өлген соң елім мұтсын деп,

Атымды қойдым -«Мұтылған»


Начало формы

А.Э. Бимбоэс нотаға түсірген «№1 Шакарим» әнінің екінші түрі А.В.Затаевичтің 1925 жылы шыққан «Қазақ халқының 1000 әні» жинағына «Тілек - бата» деген атпен енген. Ал Шәкәрімнің «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» деген әні А.В. Затаевичтің 1931 жылы жарық көрген «Қазақ халқының 500 әні мен күйі» деген жинағында «Шәкәрім Құдайбердин әні» деген атпен жарияланған. Осы жинақтың № 156 анықтамасында А.В.Затаевич: «Шәкәрім Құдайбербин - Семей уезінің қарт ақыны, қазір тірі, жасы жетпістер шамасында. Жинақта келтірілген әнін орыс әндерінің үлгісіне еліктеп шығарса керек, - деп жазған. Шәкәрімнің «Жиырма үш жасымда», «Жылым - қой, жұлдызым - июль», «Қорқыттың сарыны», «Қорқыт, Хожа Хафиз түсіме енді де», «Анадан алғаш туғанда», «Сұраған жанға сәлем айт», «Ойладым бір сөз жазайын да», «Мұтылғанның өмірі», «Сен ғылымға болсаң ынтық», «Көңіл», «Байғазы» сынды әндері ұзақ жылдар Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваторияның фольклорлық зертханасының қорында сақталып келген.Шәкәрім әндері қазақ композиторларының шығармаларына да арқау болды. Ахмет Жұбановтың «Абай» сюитасының бірінші бөліміне, А. Жұбанов пен Л. Хамидидің «Абай» операсындағы Айдардың ариозосына, Айдар мен Ажардың дуэтіне сазгердің шығармалары пайдаланылды. Ал ақын поэмаларының сюжеті еліміздің ақын-жазушыларының, композиторларының шығармашылығынан кең орын алғанын айтсақ артық болмас. Мысалы, «Қалқаман - Мамыр» балетіне, «Еңлік - Кебек» пьесасына, «Еңлік - Кебек» операсына Шәкәрім туындылары арқау болғаны барша жұртқа аян.

ЛирикасыҚұдайбердіұлының лирикалық қаҺарманыда Абай кейіпкерлеріне ұқсас. Оның басынан қуаныш пен күйініш те, үміт пен күдік те өтеді. Кей сәттерде мұңға беріледі. Бірақ, бұл қүрғақ пессимизм емес. Абай өлеңдеріндегі сияқты Шәкәрімде де «жүрек», «тіл», «сөз» ұғымдары мол ұшырасады. Лирикалық қаһарманының көңіл-күйін, ахуалын бейнелеу мақсатындаақын«жаралы жүрек», «улы жүрек», «жылы жүрек», «ет жүрек», «долы тіл», «ащы тіл», «тәтті тіл», «улы сөз» деген сияқты ұғымдарды образдылықпен пайдаланады. Көп ретте ақынның лирикалық қаһарманы «таза жүрек» іздеу жолында «ет жүрегін» қолына алып, «сүм жүректермен»айқасады. Заман деңгейінен аса алмай пұшайман болған көздерінде «дертті жүрекке» айналады. Шығармашылық жолының өне бойында адамгершілік мәселесін, ардың тазалығын, имандылықты бірінші орынға қойып отырады. «Арың сатпа, терің сат, адалды ізде», -дейді ақын. Бұл мәселелерге ол өз елінің перзенті тұрғысынан қарады. Ойға батты, толғанды. Абайға жүгініп отырады. Өзінің алғашқы шығармаларының бірі - «Жастарға» атты өлеңіңде ақын өзіне де, өзгеге де Абайды бағыт сілтеуші, жолбасшы ретінде ұсынды. Әлеңде жас ақынның сезімталдығы мен керегендігі танылды. Сол кезде небары отыздан жаңа асқан Абайдың кемеңгерлігін, даналығын, парасатын бағалай білудің өзі Шәкәрімнің осы қасиеттерін дәлелдей түседі. 21 жасында жазылған «Жастық туралы» өлеңінде Абайға тән өлең өрнегі, сезім суреттері мол. Өлеңнің ұйқасы да, өлшемі де өзгеше. Абайдың «Сегіз аяғымен» тамырлас. Өлеңде қыз сұлулығымен қоса жастықтың алаулаған жүрек бұлқынысын, ыстық сөзім, ар-инабат мәселелерін ақын әсерлі зерлейді

Шәкәрім және Абай.Абай мен Шәкәрім арасында тамырластық аса терең. Өз заманының келелі мәселелерін, қоғамдық шындықты қозғауда екі ақын да ерекше қуат танытқан. Абай тәрізді Шәкәрімнің де ақын ретінде ұсақ-түйек міндерді сынаудан бастап, өз кeзінің күрделі әлеуметтік мәселелерін көтеруге дейінгі аралықтағы терең ойлары, парасатты тұжырымдары сайрап жатыр. Шәкәрім айналасындағы құбылыстарды сырттай ғана жырлаушы болған жоқ, ол бар нәрсенің қай-қайсысына да мән бере қарады, жақсылығына қуанды, кемшілігіне күйзелді. Ақындық болмысын да осы ыңғайда қалыптастырды. Ақынның азаматтық үні осы тараптан естіледі. Оның Абай үлгісіндегі реализмі алдымен азаматтық лирикасынан көрінді. Өз заманының көзі ашық, көкірегі ояу азаматы ретінде ол халқының басындағы нақты жағдайды көре білді. Осы бағыттағы барлық ой пайымдарын лирикасына нәр қылып құйды. Ақын лирикасының басты объектісі - адам. «Ескіден қалған сөз теріп», «Сәнқойлар», «Қалжыңшыл қылжақпас», «Еріншек», «Құмарлық», «Бір салмойын сал келер» сияқты өлеңдерінде ақын замандастарының бойындағы ірілі-уақты кемшіліктер сыналады. Шәкәрім надандықтың негізін осылардан көреді. Бұл өлендерінің қай-қайсысында да оның реализміне тән шыншылдық пен сыншылдық бар. Қандай кемшілікті болсын, ақын типтендіре суреттеуге күш салады. Сол себепті оның кейбір өлеңдерінде сыналатын кейіпкерлер өзімізбен бүгін де қатар жүрген жандар секілдіқабылданады. Өз халқының мүддесін көздеген ақын оның бойындағы жағымсыз қасиеттерді жұртқа жария етуші ғана емес, солардың үкімін айтушы да бола білді. Әшкерелей отырып, өз үкімін айтады, айналасына ой тастай сөйлейді. «Ашу мен ынсап», «Шаруа мен ысырап», «Анық пен танық», «Ер қоспақ пен сөз сөйлемек», «Дүние мен өмір», «Мақтау мен сөгіс», «Міндеу мен күндеу» сияқты бірқа- тар өлеңдерінде Шәкәрім айналасына сын көзбен қарай отырып, заманының шынайы суретінжасайды. Халық тағдыры - Құдайбердіұлы жырындағы арналы тақырып. Бұл тұста да ол Абаймен сабақтас, үндес. Абай тәрізді Шәкәрім де өзінің насихат өлеңдері мен жеке өнегесі арқылы жұртшылық санасындағы кейбір кері қасиеттердің тамырын шірітіп, халықтық ар-намысты оятуға күш салады.

Ақын және халықАқын әрдайым халықтан қол үзбейді. Оның әшкерелейтіні де халық басындағы кемшілік, мақтан тұтары да халықтық қазына. Әр кезеңде жазылған «Бай мен қонақ», «Партия адамы», «Ей, көп халық, көп халық», «Өкінішті өмір», «Қазақ», «Насихат», «Тағы сорлы қазақ», «Қош!», «Қош, жұртым» тәрізді өлеңдерінде ұлтының басындағы халді шыншылдықпен бейнелеп береді. Ақыл мысалдары нанымды. Оларда сол көзеңнің тарихи дамуына тән ерекшеліктер белгі береді. «Қош, жұртым» атты өлеңінде кәрілік кезеңіне аяқ басқан лирикалық кейіпкер - ақынның өзі халқының өткен өміріне көз жібереді, бүгініне үңіледі. Бүгінде патша тақтан құлаған, қазақ даласына айрықша бір сәуленің нүры шашыла бастағандай. Асарын асап, жасарын жасаған ақын қуана тұрып өзіне «ендігі мақсатың не?» деген сауал қояды да, соған жауап іздейді. Өлеңде оптимизм бар. Ақын мұнда жақсылықты көп көргенін, патшаның тақтан құлағанын айтады. Халқының болашақта тәуелсіз өмір сүретініне үміттенеді. Алайда ақында алаңдаушылық та бар. Ендігі жерде халқының бойындағы күндестік, мақтаншақтық сияқты қасиеттердің жойылуы қажет екенін алғатартады. Әкінішке орай, бұл қасиеттер әлі де болса аяққа тұсау болып отырғанына күйзеледі. Қандай әлеуметтік кеселді болсын ол уақыт ағымынан туған, міндетті түрде түзетуге болатын кемшілік деп біледі. Өзінің осы бағыттағы өлеңдерінде ақын сол көзеңдегі қоғамдық психологияны дәлме-дәл бере біледі. Қоғамдағы әлеуметтік теңсіздік ең алдымен ақынның жанарына шалынса керек. «Бай мен қонақ» өлеңінде қазақ тұрмысынан алынған шағын сюжет баяндалады. Бай үйіне келген қонақ пен үй иесі арасындағы диалог сол дәуірдегі қазақ аулының психологиясын, этикасы мен эстетикасын, тұрмыстық ерекшеліктерін, рухани түсінігінің деңгейін сипаттап береді. Мұнда да Абай жырлаған тоғышар кейіпкерлер бар. «Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық» адам баласын қалай аздыратынын ұлы Абай қандай шебер айтып кеткен болса, Шәкәрімнің мұндағы кейіпкерлері де алдында асы бар, істер ісі жоқ, тойғанына мәз, бірін-бірі кемсітуге құмар мүгедек жандар. Шәкәрім айналасында болып жатқан құбылыстар мен оқиғаларға әрдайым сергек қарады. Ақынның азаматтық сергек үні әсіресе 1917 жылғы төңкeрістер көзінде айқын естілді. Патша тақтан құлатылған сәтте «Бостандық таңы атты», «Бостандық туы жарқырап» деп қуана өлең жазды.. Қуана тұрып, ол халқының бұдан былайғы өміріне ой жібереді. Ендігі заман еңбек адамынікі болу керектігін айтады.

Ағартушылық лирикасы

Құдайбердіұлы реализмінің айқын керінген ендігі бір тұсы - оның ағартушылық тақырыптағы лирикасы. Ақынның бұл бағыттағы еңбегі 1879 ж. жазылған «Жастарға» атты өлеңінен басталған. Ағартушылық идея Шәкәрім лирикасының алтын діңгегі болып табылады. Оның Абаймен үндестігін танытатын бір сала да осы. Өзінің «Насихат», «Сынатарсың өзінді», «Үш-ақ түрлі өмір бар», «Сен ғылымға...», «Ғылымсыз адам айуан», «Жасымнан жетік білдім түрік ілін» сияқты көптеген өлеңдерінде Құдайбердіұлы Абайдың ағартушылық идеяларын одан әрі жалғастырады. Бұқараны оятуға ұмтылады, ғылымға жетелейді. Еңбек етуге, мәдениетті елдерден үлгі алуға шақырады. Құдайбердіұлы үшін байлықтың ең үлкені - ғылым. Өзінің «Үш-ақ түрлі өмір бар» атты өлеңінде ол адам өміріне «ортаншы өмір» деген ұғымды қолданады. Бұл – адамның жастық шақ пен кәріліктің арасындағы белсенді өмірі. Шәкәрімнің айтуынша, міне, осы жылдары уақытыңды босқа еткізбей, ғылымға үңілсең, одан өзіңе керек қазынаны тауыпала білсең- өмірлік мұратыңа жеткенің. Бас-аяғы үш шумақтан тұратын өлеңнің идеясы - адам баласын, Абай айтқандай, «ержеткен соң тұспеді уысыма» деп өткініште қалдырмау.

Шәкәрім және әлем әдебиеті

Абайдың әдеби мектебінентәлім алған Құдайбердіұлы ұстазының қазақ халқын әлемдік мәдениет үлгілерімен таныстыру бағытындағы қызметін жемісті жалғастырды. Шәкәрімнің осы тұрғыдағы еңбегін үш салаға беліп қарауға болады. Оның :бірі ақынның әлем әдебиетінің озық ойлы өкілдерін өз өлеңдерінде насихаттап отыруы десек, :екіншісі оның Н. Толстой сияқты заңғар қаламгермен тікелей хат алысып, шығармашылық байланыста жүруі. Ал :үшінші сала - Шәкәрімнің өзге елдер әдебиетінің үлгілі шығармаларын қазақшаға аударуы. Шәкәрім Шығыстың Қожа Хафиз, Физули, Науаи секілді жарық жұлдыздарын, А. С. Пушкин мен Л. Н. Толстойды қастерледі. Әйгілі «Ләйлі-Мәжнүн» дастанының Физули жырлаған нұсқасын қазақша жырлап берді. Хафиздің бірқатар өлеңдерін, А.С. Пушкиннің «Дубровский», «Боран» атты шығармаларын, Л. Н. Толстойдың алты әңгімесін, американ жазушысы Гарриэт Бичер Стоудың «Том ағайдың балағаны» атты романын аударды.

Орыс, батыс әдебиетінің тамаша үлгілерін қазақ оқырмандарына таныстырды. Лев Толстойдың творчествосын аса жоғары бағалап, («Ақиқат сырымды айтсам Толстойдың, мың сопыны алмаймын тырнағына») өз халқын дүние жүзінің озық мәдениетін игеруге шақырды. Өзін ғұмыр бойы Л.Толстойдың шәкіртімін деп санады, онымен хат жазысып тұрды. Американ жазушысы Гарриет — Бичер Стоудың (1811-96) «Том ағайдың балағаны» романын, Л.Н. Толстойдың «Ассархадон патша», «Үш сауал» т.б. әңгімелерін А.С.Пушкиннің «Боран», «Дубровский» повестерін қазақ тіліне аударды. Физулидің «Ләйлі-Мәжнүн» дастанын нәзира үлгісімен жырлады (1907).









Поэмалары

Құдайбердіұлы,- поэма жанрында да жемісті еңбек еткен қаламгер. Ол 19 ғасырдың 2-жартысында Абайдан бастау алатын реалистік үлгідегі оқиғалы дастан дәстүрінің дамуына елеулі үлес қосты. Оның қаламынан қазақтың ертеректегі өмірінен алынып жазылған «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек», «Нартайлақ-Айсұлу» атты поэмалар туды. Жаңа тұрпатты қазақ поэмаларының алғашқылары Абайдың «Eскендірі» мен «Масғұты» десек, одан кейінгі Ақылбай мен Мағауияның, Әсет пен Көкбайдың, Шәкәрімнің дастандары Ұлы Абайдың ақындық ықпалымен, шығармашылық тәлім-тәрбиесімен жазылған туындылар еді. Абай ең алдымен өзінің айналасындағы Шәкәрім тәрізді жастарды жаңа үлгідегі поэмалық өрісін кеңейту ісіне жұмылдырды. Тіпті кейбіреуіне өз жанынан тақырып беріп, жазғандарын талқыға салып, сынынан еткізіп отырды. Соның нәтижесінде Шәкәрімнің лирикалық поэзияда меңгерген көркемдік шеберлігі мен жетістіктері оның поэмаларының табиғатынан да айқын керініп жатады. Оның дастандарына шыншылдық, суреткерлік, терең психологизм, әлеуметтік астарлылық, философиялық ой-тұжырым кендігі тән болып келеді. Ақынның «Еңлік-Кебек» дастаны тікелей Абайдың тапсыруымен жазылған. Ұлы ұстаз Еңлік пен Кебек арасындағы оқиғаны өлеңмен жырлап шығуды Шәкәрім мен Мағауия ақынға қатар тапсырады. Соның нәтижесінде ғашықтық туралы екі дастан өмірге келеді. Кeзінде Абай екі дастанды салыстырып, әрқайсысына лайықты баға берген. Құдайбердіұлы көркем проза саласында да елеулі мұра қалдырды. «Әділ-Мәрия» атты роман (1925) жазды. Онда ғасыр басында қазақ аулында еткен оқиға баяндалады. Әділ мен Мәрия атты ғашық жастардың өмірі арқау болады. Абай бастаған реалистік әдебиетке тек шыншылдық, суреткерлік қасиет бұл шығарманың бойына мол сіңірілген. Абай өлеңдерінде бейнeлеңетін табиғаттың әсем көркі, ауыл мен дала- ның күнделікті қам-қарекеті романда керкем өрнекпен зерленген.

Шәкәрім ауыз әдебиетінің суырыпсалма ақындар поэзиясының жазба әдебиетке ауысуына зор қызмет етті. Лирикалық жанр түрлерінің дамуына ,мазмұнының етене жақындасуына мол еңбек сіңірді. Көптеген өлеңдеріне ән шығарды. Абайдың кеңесі бойынша «Қалқаман — Мамыр» дастанын жазды. (1888). Мұнда кіршіксіз махаббат дәріптеліп, ел билеушілер орнатқан қатыгез тіршілікке қарсылық, оны айыптау бар. «Еңлік — Кебек» дастанында (1891) бірін-бірі сүйген екі жастың қасіретін ескілікті салт-сананың қатып қалған уағыздарымен байланыстырады. «Айсұлу — Нартайдың» поэмасы жамандықты жазаласа, «Әділ — Мария» романында шынжыр балақ, шұбар төс алпауыттардың зорлық-зомбылығына қарсылық білдіріп, революцияның жеңісін хабарлаумен аяқтайды. Шәкәрім Құдайбердиев — «Қодардың өлімі», «Крез патша» дастандарының авторы .

Прозалық шығармаларыҚұдайбердіұлының прозалық шығармаларында осы тәрізді айқын бояу, айшықты суреттермен қатар, терең философия, халық даналығы, тарих тағлымы қоса еріліп жатады. Құдайбердіұлының философ, тарихшы, ойшыл ретінде танылуына себепкер болған «Үш анық», «Мұсылмандық шарты», «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» атты еңбектері көзінде жеке-жеке басылып шықты. Олардың жазылуына да Шәкәрімнің Ұлы ұстазы Абайдың ықпалы аз болмаған. Шәкәрімнің бозбала шағында оның білімділігін сөзген Абай оған қазақтың шежіресін жинауды тапсырады. Абайдың осы тапсырмасын жүзеге асыру жолында Шәкәрім ел ішіндегі түрлі әңгіме - аңыздарды жинаумен қатар, Батыс пен Шығыстың әйгілі ғалымдары Әбілғазының, Жүсіп Баласағұнның, Радловтың, Березиннің, Аристовтың, Левшиннің, басқада қытай, араб, парсы зерттеушілерінің еңбектерімен танысады. Оларда айтылатын тұрлі топшылаулар мен тұжырымдарды сараптай отырып, шежіре еңбек жазып шығады. Құдайбердіұлы өз өлеңдеріне арнап ән жазған компoзитор да. Оның сөзімді жүрегінен жиырмаға тарта әсем әуөзді әндер туды. Әсіресе оның «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек», «Жастық туралы», «Анадан алғаш туғанымда» атты әндері нәзік сыршылдығымен, сөзімге байлығымен, компoзициялық тұтастығымен есте қалады. Абайдың тікелей тәрбиесін көрген шәкірт Шәкәрім өзінің көлемді де көркем шығармашылық мұрасын дүниеге әкелу барысыңда қазақ әдебиеті мен өнерінің тарихындағы, тіпті бүкіл ұлттық мәдениетіміздің тарихындағы өзіндік орны бар көрнекті ақын, тамаша жазушы, білікті аудармашы, ойшыл философ, білімдар тарихшы, сыршыл сазгер дәрежесіне көтерілді.






1988 жылы Шәкәрім ақталып, оның өлмес, өш­пес мұрасы халқына қайта орал­ды. Осы жылы ақынның “Жазушы” және “Жалын” баспасынан өлеңдер, ал “Өнер” бас­пасынан әндер жинақтары жарық кө­рді. Тап осы жылы қажының 130 жылдығы Абай ауданы, 1998 жылы 140 жылдығы Семей қаласы көлемінде тойланды. Осы жылдар аралығында Семейдегі бір жоғары оқу орнына қажы есімі беріліп, ескерт­кіші орнатылды, қала орталығындағы үлкен бір даңғыл ақын есімімен аталды. Мұның сыртында қаладағы байырғы бір қазақ мектебі ақын есімін иеленді.

Бүгінде осындағы екі бірдей жоғары оқу орнында – Семей педа­гогика институты мен Шә­кәрім атындағы Семей универ­си­тетінде шәкәрімтану ғылыми-зерт­теу орталықтары жұмыс іс­тейді. Сол орталықтардың күші­мен “Шәкәрім” және “Шәкәрім әлемі” атты екі бірдей журнал жа­рық көруде.

Семей педагогика институтындағы Шәкәрім­тану ғылыми-зерттеу орталығында қазірде Шәкәрімнің тұлғалық экциклопедиясы дайындалуда. Мұның сыртында аталмыш орталықта Шәкәрім мұрасы туралы бүгінгі күнге дейін бес томдық еңбек дайын тұр.

Әндері

Шәкәрімнің әндерін алғаш рет нотаға түсірген голландық Альвин Эрнестович Бимбоэс. Ол 1919 - 1922 жылдар аралығында Ақмола саяси бөлімінде нұсқаушылық қызмет атқарып жүріп, қазақ әндерін нотаға түсірумен шұғылданады. Соның нәтижесінде 1926 жылы Н.Ф. Финдейзеннің редакциялауымен шыққан «Музыкалық этнография» жинағында Бимбоэстің қазақ музыкасы туралы жазған көлемді мақаласына қоса қазақтың жиырма бес әнінің нотасы басылады. Осы аталған жинақтың ішінде «№ 1 Шакарим»,

«№ 2 Шакарим» деген атпен Шәкәрімнің екі әні жарық көреді. Бірақ, екі әннің де өлеңі нота астына жазылмаған, тек орыс тілінде мазмұны берілген


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ш?к?рім ?мірі мен шы?армашылы?ы. Саба? жоспары

Автор: Темигалиева Гульмира Ахатовна

Дата: 07.11.2015

Номер свидетельства: 249269


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства