kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ш?к?рім ??дайберді?лы «Е?лік - Кебек» поэмасы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ш?к?рім ??дайберді?лыны? ?мірі мен шы?армашылы?ы бойынша ал?ан білімдерін толы?тыру, оны? ?аза? ?дебиеті мен м?дениеті тарихында ма?ызын таныту. «Е?лік - Кебек» дастанына талдау жасау. ?ткен істен адамзат бір ?лгі алма?… Естілер к?п жазады ??гімені Жазбайды ермек ?шін ?лденені, Жирентіп жаманынан, жа?сыны ??ып, Алсын деп жазады ?ой ?негені. Ш. ??дайбердиев
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ш?к?рім ??дайберді?лы «Е?лік - Кебек» поэмасы »


Сабақтың тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік - Кебек» поэмасы


Мақсаты: Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы бойынша алған білімдерін толықтыру, оның қазақ әдебиеті мен мәдениеті тарихында маңызын таныту. «Еңлік - Кебек» дастанына талдау жасау.

Білімділік. Білім алушылардың шығарманың эстетикалық идеялық мәнін түсіне білуге дағдыландыру, өз ойын әдеби тілмен өрнектей білуге үйрету. Поэма мазмұны мен идеясын таныту. Ақпаратты саралауға, жүйелі жұмыс жүргізуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Ақын мұрасына құрметпен қарауға көркем әдебиетті, поэзияны сүйе білуге баулу. Ақынның шығармаларынан үлгі ала отырып, соны болашақтарына жарата білу, жан - жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру.

Дамытушылық: Оқушыларды білім жүйесімен, іскерлікпен, дағдымен қаруландырып қана қоймай, танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Тақырыпқа деген жан - жақты түсінігін аңғарта отырып, одан әрі дамуына мүмкіндік жасау.

Сабактың әдісі:сұрақ жауап, талдау,мәнерлеп оқу, пікірлесу.

Сабактың түрі: аралас

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, география, тарих

Көрнекілік: Ақынның портреті, хронологиялық кесте, сабақтың эпигрфы, интерактивті тақтаға дайындалған көрнекіліктер мен сызба тапсырмалар.

Тақырыпты толық меңгерту үшін пайдаланылатын оқыту стратегиялары

I Ой шақыру

II Топтастыру

III Кубизм

IV Венн диаграммасы


Өткен істен адамзат бір үлгі алмақ…

Естілер көп жазады әңгімені

Жазбайды ермек үшін әлденені,

Жирентіп жаманынан, жақсыны ұғып,

Алсын деп жазады ғой өнегені.

Ш. Құдайбердиев






Сабактың барысы

1. Ұйымдастыру кезеңі, шаттық шеңбері арқылы оқушылар бір - бірімен амандасып алады.

2. Топқа бөлу сандар арқылы оқушылар екі топқа бөлініп отырады

Ой шақыру.

Оқушыларға тақырып туралы бірнеше сұрақтар қойылады, сұрақтарға жауап бере отырып тақырыпты оқушылар өздері айтады

1) Қазақ әдебиетінде қандай ғашықтық жырларды білесіңдер?

2) Шәкәрім Құдайбердіұлы қандай поэмалар жазды?

Олай болса балалар біздің бүгінгі өтетін тақырыбымы Ш. Құдайбердіұлының «Еңлік - Кебек» дастаны.

Елшілікке бару

Екі топ тақырыпты бөліп алып, өздері ізденіп, оқыған тақырыптарын топтан бір адам шығып келесі топқа әңгімелейді. (10 мин.)

Екі жұлдыз бір тілек: екі топ өзара сабақтан алған әсерлерін айта отырып екі тілек бір ұсыныс айтады.


Ш. Құдайбердіұлы (1858 – 1931 ж.)

XIXғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті тарихындағы Абайдан кейінгі ірі ақындардың бірі - Шәкәрім Құдайбердіұлы.

“Еңлік–Кебек”поэмасы 1912жылы жазылған,Семейдегі“Жәрдем” баспасында жарық көрген. Оқиғаның болған жері – Шыңғыстау өңірінде болған.

Тақырыбы

Ескілік, рушылдық, әділетсіздік жайлаған заманның құрбаны болған екі жастың махаббат драмасы

Идеясы: Қоғамның әділетсіздігіне, озбырлығына қарсылық

Жанры: Эпикалық ғашықтық дастан

Негізгі кейіпкер: Еңлік пен Кебек

Әдеби бағыт: Поэзия (поэма)

Өлең құрылысы: 11 буынды, қара өлең үлгісінде жазылған

Поэтикалық тілі: Суреттеу, монолог, диалог, мінездеу, портрет, теңеу, эпитет, метафора.

Менің пікірім (оқушылар поэма туралы сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын айтады)

( Зерделейік, ойлайық, айтайық)

І. Поэманың көтерген мәселесі не деп ойлайсыз?

1. Махаббат

2. Тарих

3. Әлеуметтік өмір шындығы

4. Өз ойым

ІІ. Еңлік пен Кебек не үшін қашуға мәжбүр болды?

1. Екі ел арасындағы дау-дамай

2. Әлеуметтік теңсіздік

3. Жер дауы

4. Өз ойым

ІІІ. Екеуінің өліміне кім ( не) кінәлі?

1. Кеңгірбай

2. Заман

3. Салт - дәстүр

4. Өз ойым


Білім алушылардың пікірі

1. Екі жастың өліміне, менің ойымша, ру басылары кінәлі. Себебі, ру басылары екі жастың жалындаған махаббатына қарсы болып, оларға келісім бермейді. Ру басылардың пікірінше, екі жастың бұл ісі қылмыс, қателік болды және оларға өз ризашылықтарын бермеді. Егер ру басылары келісім бергенде бақытты да баянды өмір сүрер еді және жас сәбидің өліміне де себепкер болмас еді.

2.Менің пікірімше, бұған екі жас кінәлі деп ойлаймын. Өйткені екі жас ата - анасының келісімінсіз алты айдай кездесіп жүріп, тауға қашып кетіп, балалы да болады. Ата - анасының келісімін алмай, нәтижесінде олардың зардабын сәбилер тартты. Әрбір адам дүниеге келген соң ата - анасының үмітін ақтап, ризалығын алу керек. Сонда ғана барлығы жақсы болады деп ойлаймын.

3.Менің пікірімше, екі жастың өліміне ру басылары кінәлі. Себебі олар әрбір сүйген жандарды қоспай, қарсылық танытты. Бұл меніңше дұрыс емес. Шын сүйген жандарға ақ батасын беріп келісімін беру керек еді. Еңлік пен Кебекті ру ақсақалдары өлтіргенше, олар нағыз махаббаттың қандай екенін біліп, бақытты ғұмыр кешті.

Сабақты қорытындылау үшін берілетін сұрақтар:

1.Автор шешімімен келісесің бе? Егер сен автор орнында болсаң шығарманы қалай аяқтаған болар едің?

2.Дастандағы Еңліктің іс әрекетін қалай бағалайсындар?

3.Жесір дауын басқаша шешуге болар ма еді?

Кубизм стратегиясы

Тақырыпты жан - жақты қамтуға мүмкіндік туғызу

Суреттеңіз.

1. Еңлік пен Кебек бейнесін поэмадан табыңыз, автордың суреттеуі.

2. Бейнелі сөздер мен мақал – мәтелдерді табыңыз.

Салыстыру.

Венн диаграммасы арқылы “Еңлік – Кебек ” пен “Қалқаман – Мамыр ” поэмасын салыстырыңыз. Ұқсастығы мен даралығын зерттеңіз.

1. Поэманың шығу тарихы, оқиға қашан және қай өңірде болған? Кімнің ақыл – кеңесімен жазылған?

2. Поэмада қандай жер атаулары мен тарихи тұлғалар есімі берілген?

Венн диаграммасы

Қыз Жібек Ортақ Еңлік

Кейіпкерлер әлемі.

(Кейіпкердің атын интерактивті тақтаға ұяшықтармен орналастырамын)

Еңлік Кебек Кеңгірбай Нысан абыз

Білім алушылар өздері таңдаған ұяшықтағы кейіпкерлерге мінездеме береді.

Сабақты қорыту

Смайлик арқылы оқушылар өздерін өздері бағалайды, (қызыл – 3, сары – 4, жасыл – 5)

Кері байланыс парағы

Үйге тапсырма.

Эссе “Жырдан алған әсерім”

Авторға немесе ұнаған кейіпкерге деген ой – пікірлерін жазу.

Бағалау.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
Ш?к?рім ??дайберді?лы «Е?лік - Кебек» поэмасы

Автор: Кусайнова Гулжан Кусмановна

Дата: 26.02.2015

Номер свидетельства: 179176


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства