Пәні: Қазақ әдебиеті | Күні: | Сыныбы: 8 А , 8 Б -10\12 |
Сабақтың тақырыбы | Мағжан Жұмабаев «Сағындым»өлеңі. Шығарма «Менің елім – Қазақстан» |
Сілтеме | Қазақ әдебиеті. Орыс тілінде білім беретені мектептің 8- сыныбына арналған оқулық/ Әбдезұлы Қ., Тұрсынғалиева С.Ч. Астана: «Арман –ПВ», 2012. – 208 бет. |
Мақсаты | Мақсаты: білімділік: Мағжан Жұмабаев және өз елі туралы түсінік беру, мәтінді түсініп мәнерлеп оқуға жаттықтыру. дамытушылық: Оқушылардың қоғамға деген өзіндік көзқарастарының қалыптасуына ықпал ету, өз ойларын еркін, нақты жеткізе білуге баулу, тіл байлықтарын дамыту, өз бетімен ізденуге, ой қорытуға дағдыландыру. тәрбиелік: өз елін сүю туралы ұғым қалыптастыруға жағдай жасау, адамгершілікке, ғылым-білімге тәрбиелеу |
Күтілетін нәтижелер | Топтық, диалогтік жұмыс арқылы білім алмасып, оқушылар бір-бірінен үлгі алады, нені қалай оқу керектігіне өзіндік тиімділігі артады, диалогтік қарым-қатынаста тыңдау және сөйлеу әдебіне көңіл аударады, өз бетінше ізденіп, жоба қорғауға үйренеді, жақсы мен жаман қаситеттерді ажырата біледі |
Сабақтың түрі | Жаңа білімді меңгерту |
Пәнаралық байланыс | Қазақ тілі, тарих, сурет |
Қолданылатын әдістер | Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын қолданамын: қызығушылығын ояту, мағынаны ашу, « Жоба қорғау технологиясы», ойтолғаныс, АКТ, жас ерекшеліктеріне сай оқыту, талантты және дарынды балалардың сабақты терең меңгерулеріне ықпал жасаймын. Білім беру үшін және оқуды бағалау тәсілдері бойынша жиынтық бағалау, көшбасшы. |
Керекті жабдықтар | Оқулық , кесте, ватман, стикер, маркер т.б. ақынның суреті, шығармалары |
Сабақтың барысы: |
Сабақ кезеңдері | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті |
Кіріспе | Ұйымдастыру Топқа бөлу Сыныптың оқушыларын сөздерді жинау арқылы топқа бөлу. Сабаққа қатыспаған оқушыларды белгілеу. Психологиялық ахуал туғызу Мұғалім жаттығу орындатады 2.Үй тапсырмасын тексеру. Конспект бойынша әңгімелеу, мәнерлеп оқу | оқушылар сөздерді жинау бойынша топтасып, өз үстелдерінің басына жиналады. Оқушылар орындарында тұрып , жаттығу орындайды Оқушылар үй жұмысын айтады \ мәнерлеп оқудан жарысады\ Бағалау «Смайлик» |
Тұсаукесер | • Мағжан Жұмабаев , Қазақстан жерлері суреттерімен таныстыру | Оқушылар тыңдап өз ойларын қосады, |
Негізгі бөлім Білу | Мағжан (Әбілмағжан) Бекенұлы Жұмабаев «Карусель» стратегиясы бойынша | мәтінмен жұмыс, . Оқу, конспект жасау Оқушылар дәптерлеріне жаңа сөздерді мәтіннен жазып алады. Жаңа сөздермен өз бетінше жұмыс жасайды Басқа топтарға барып өз білімімен бөліседі, топтарына қайта оралады, білімдерін толықтырады, кластер жасайды Оқушылар топ болып тапсырманы орындайды, жобаларын қорғайды Бағалау «Смайлик» |
Сергіту сәті | Музыка желісімен жаттығу жасау | Оқушыларға жалығып кетпес үшін сергіту сәтін жасайды, сөздік қорын еске түсіреді |
Талдау | Мәнерлеп оқу: «Сағындым» өлеңімен танысу, мәнерлеп оқыту, сұрақтармен жұмыс: -ақын өлеңді кімге арнады? -ақын сағыныш сезімін қалай айтады? - өлең неге тәрбиелейді? М.Жұмабаевтың өлеңінің идеясы арқылы шығарманың тақырыбына әкеледі Шығарма тақырыбымен таныстырады. «Менің елім – Қазақстан» | Мәнерлеп оқиды,Тапсырма орындау арқылы оқушылар өз сөздік қорларын кеңейтеді. сұраққа өз ойлары бойынша жауап береді Берілген уақытта шағын шығарма жазады, Отан туралы өз ойларын тиянақтайды \20 мин\ |
Жинақтау | Тапсырма: ақынның шығармаларының атауларын жазып алу. Әдебиет теориясы: Лиризм туралы түсінік беру: Лиризм ақынның сезімін, көңіл күйін, қуанышы мен сүйінішін, арманын, өмірге деген көзқаасын, ішкі толғанысын, дүниетанымын аса бір сезімталдықпен сыр ғып шертетін өлеңдегі мәнер. | ақынның шығармаларының атауларын жазып алады, бір біріне айту арқылы толықтырады конспект жасайды \анықтама жазады\Өз білімдерін ортаға салып бөлісу арқылы сұраққа жауап береді |
Қорытынды Рефлексия | Мағжан Жұмабаев кім ? Қандай шығармаларын білесіңдер? Кімнің шығармашылығымен үндестігі бар? өз ойлары бойынша әңгімелесу | Өз ойларын тиянақтайды Лиризм анықтамасын қайталайды |
Үйге тапсырма | Анықтама жаттау, ақын туралы әңгімелеу | Оқушылар күнделіктеріне жазып алады. |
Бағалау | Мұғалім қорытынды бағаны өзі қояды. | Оқушылар бағалау критерийлер арқылы топтағы көршілестерін бағалайды. |
1893 жылы 25 маусымда Ақмола уезіне қарасты Паудан болысында өмірге келген болатын. 1910 жылы Уфа қаласындағы медресе «Ғалияға» түседі, кейін Қызылжардағы семинарияда оқып, оны алтын медальмен 1917 жылы бітіреді. Мағжан- халқын сүйген ақын. Халқының өмір-ғұмырын, тұрмыс-тірлігін, сыр-сипатын, әлеуметтік өмірін мәнерлеп, жырмен кестелеген.
1927 жылдан бастап 1990 жылға дейін оның шығармалары баспа жүзін көрмей кетті.