kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Ш?к?рім ??дайберді?лы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба? та?ырыбы: Ш?к?рім ??дайберді?лы

 (1858 - 1931)

 «Адамды?борышы?»


Саба?ты? ма?саты:
Білімділік: о?ушылар?а Ш?к?рім туралы а?парат беру; «Адамды? борышы?» атты ?ле?ді талдау;
Дамытушылы?: а?ын ?ле?ін талдау ар?ылы о?ушыларды? ой – ?рісін ке?ейту, с?здік ?орын молайту.
Т?рбиелік: адамгершілік т?рбие беру.
     Саба? т?рі: д?ст?рлі
     Саба? типі: жа?а білімді игерту.
     К?рнекілігі: а?ынны? суреті, слайд
     П?наралы? байланыс: ?аза? тілі, тарих, география, орыс ?дебиеті п?ндерімен, ?мірмен байланыс.
     Саба?ты? барысы
І. ?йымдастыру кезе?і
     С?лемдесу
     Кезекшімен с?хбат

     ІІ. ?й тапсырмасын тексеру
     Абай ??нанбай?лы туралы слайд немесе буклет ар?ылы ?айталау.
     ІІІ. Жа?а саба?


     Ш?к?рім ??дайберді?лы (1858-1931) – а?ын, жазушы, философ, тарихшы, композитор. Абаймен замандас ?рі інісі, ?рі ол негізін сал?ан реалистік ?дебиет д?ст?рлерін ал?а апарушы ізбасары. ?зі ?мір с?рген ортаны? ?о?амды?-саяси ж?не ?леуметтік сыр-сипаттарын керебілуде, ?о?ам мен адам таби?атында?ы кемшіліктерді зерделеуде, ту?ан хал?ына т?зу жол к?рсетуде ??дайберді?лы Абай ба?ытын ?станды. Ш?к?рімні? ?кесі ??дайберді ??нанбайды? К?нке деген б?йбішесінен ту?ан, я?ни Абайды? ту?ан а?асы. Ш?к?рім бес жасында ауыл молдасына о?у?а беріледі де онда жеті жасына дейін о?иды.

      Ресми а?талуы  труалы. 1988 жылы Ш?к?рім а?талып, оны? ?лмес, ?ш­пес м?расы хал?ына ?айта орал­ды. Осы жылы а?ынны? “Жазушы” ж?не “Жалын” баспасынан ?ле?дер, ал “?нер” бас­пасынан ?ндер жина?тары жары? к?­рді. Тап осы жылы ?ажыны? 130 жылды?ы Абай ауданы, 1998 жылы 140 жылды?ы Семей ?аласы к?лемінде тойланды. Осы жылдар аралы?ында Семейдегі бір жо?ары о?у орнына ?ажы есімі беріліп, ескерт­кіші орнатылды, ?ала орталы?ында?ы ?лкен бір да??ыл а?ын есімімен аталды. М?ны? сыртында ?алада?ы байыр?ы бір ?аза? мектебі а?ын есімін иеленді.

Б?гінде осында?ы екі бірдей жо?ары о?у орнында – Семей педа­гогика институты мен Ш?­к?рім атында?ы Семей универ­си­тетінде ш?к?рімтану ?ылыми-зерт­теу орталы?тары ж?мыс іс­тейді. Сол орталы?тарды? к?ші­мен “Ш?к?рім” ж?не “Ш?к?рім ?лемі” атты екі бірдей журнал жа­ры? к?руде.

Семей педагогика институтында?ы Ш?к?рім­тану ?ылыми-зерттеу орталы?ында ?азірде Ш?к?рімні? т?л?алы? экциклопедиясы дайындалуда. М?ны? сыртында аталмыш орталы?та Ш?к?рім м?расы туралы б?гінгі к?нге дейін бес томды? е?бек дайын т?р.

     IV. О?улы?пен ж?мыс
     «Адамды? борышы?» ?ле?ін м?нерлеп о?у.

     Негізгі та?ырыбы - адамзат міндеті. Идеясы - артына ?лгі аларлы?тай іс ?алдыру. Адамны? борышы - халы??а адал е?бек ету, білім мен ?нер ?йрену, келешекке жол к?рсету, ?лгі алатындай із ?алдыру. Жаман ?ылы?тардан аула? болу - мансап ?шін ма?тан?а салынбау, ба? ?шін арсыз ?ылы?тардан аула? болу.
 

    Ш?к?рім шы?армаларыны? та?ырыбы — адамгершілік. «Борыш» с?зіне т?сінік (міндет, парыз, ?арыз). ?рбір адамны? Отан алдында, халы? алдында, ата-ана алдында?ы борышы туралы т?сінік.
«Адамды? борышы?» ?ле?і м?нерлеп о?ылады.
«Адамды? борышы?»
Адамды? борышы?-
Хал?ы?а е?бек ?ыл.
А? жолдан айнымай
Ар са?та оны біл.
Талаптан да білім мен ?нер ?йрен,
Білімсіз, ?нерсіз,
Болады а?ын –т?л.
Ма?тан?а салынба
Мансапты? та?ы ?шін,
Н?псі?е билетпе
Басы?ны? ба?ы ?шін.
?мірі?ді сарп ?ыл

?лгені?ше,
Жоба тап,

Жол к?рсет,
Келешек ?амы ?шін.
?айтадан ?айырылып,
?ауым?а келмейсі?,
Бары?ды,

Н?рі?ді
Тірлікте бергейсі?.
?ибрат алар арты?а із ?алдырса?,
Шын ба?ыт-осыны ??,
М??гілік ?лмейсі?!
 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Ш?к?рім ??дайберді?лы"»


Сынып жетекшісі жоспарының үлгілі құрылымы. Сынып жетекшісінің жоспары әдетте төмендегідей бөлімдерден тұрады:
- Сыныптың қысқаша сипаттамасы және оқушылар жайында жалпы мәліметтер.
- Сынып ұжымы қызметінің негізгі бағыттары мен формалары.
- Сыныпта атқарылатын іс-шаралар міндеттері.
- Сыныпта сабақ беретін мұғалімдермен жұмыс (сынып ұжымын тәрбиелеу ісіне тартудың формаларын көрсетеді, сыныпта жұмыс істейтін мұғалімдердің педагогикалық кеңестерінде талқылау үшін мәселелерді бөлгілейді).



Ата-аналармен жұмыс.


- Сынып жетекшісінің есеп беруі өз жұмысының нәтижелері туралы сынып жетекшісі мектептің педагогикалық кеңесінің мәжілісінде немесе сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестігінде есеп беріп отырады. Кейде ол сыныптағы тәртіп пен үлгерімінің жайы туралы мектеп директоры немесе сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысының ұйымдастырушысы шақырған кеңестерде хабарлама жасайды. Оқу жылының аяғында сынып жетекшісі мектеп әкімшілігіне өз сыныбындағы тәрбие жұмысы туралы. Сынып ұжымы туралы жазба түрде есеп тапсырады. Мұнда сынып жетекшісі жұмысын талдап кемшіліктері мен табыстарын көрсетеді. Келесі оқу жылына қандай тәрбие жұмыстарын жүргізу керектігін қандай оқушыларға назар аудару керектігін айтады.




- Педагогикалық шеберлік.
- Педагогикалық әдептілік (оқушының жеке өзін сыйлау, әкімшілікке жол бермеу, оқушыға сергек және көңіл қойып қарау).
- Балаларға деген сүйіспеншілік пен құрмет.
- Ұйымдастырушылық қабілет.
- Сынып жетекшісінің мамандығын арттыру (өз бетімен білімін көтеру).
- Тәрбие жұмысында шығармашылық көзқарас.
Сынып жетекшісіне қойылатын талаптар мектеп мұғаліміне қойылатын жалпы педагогикалық талаптардан туындайды.







  1. Мектеп мұғалімінің негізгі міндеттері мен қызметінің ерекшеліктері.
    2.  Оның тәрбиелік қызметі мен тәрбие жұмысын ұйымдастыруы.
    3. Тәрбие жұмысын жоспарлау.
    1. Қазақстан Республикасында сынып жетекшісі - сабақтан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырып, үйлестіріп, келістіріп, өткізетін педагог. Бастауыш сыныптарда жетекшілік қызметті сынып мұғалімі атқарады.
    Бүгінгі күні сынып жетекшісі - кәсіпкер-педагог, ол өсіп келе жатқан бала үшін:
    •   жалпы адамзаттық мәдениетті меңгеретін оқушы мен қоғамның арасындағы рухани жалғастырушы;
    •  сынып ұжымының алуан түрлі бірлескен іс-шаралары барысында өзара ынтымақтастық қарым-қатынасының қалыптасуын ұйымдастырушы;
    •  оқушы тұлғасының қалыптасуына қолайлы жағдай жасау мақсатымен, олардың дамуын бақылаушы; тәрбие жүйесіне қажетті өзгерістер енгізуші, мектеп психологымен бірігіп оқушының қоғамдық өміріне кейбір түзетулер жасаушы;
    •  оқушының күнделікті өмірі мен әрекетін ұйымдастыруда, кәсіби бағдар беруде, қоғам өмірінің әлеуметтік-экономикалық, саяси ерекшеліктерін түсінуде көмекші, кеңесші;
    •  сыныпта қолайлы моральдық-психологиялық ахуал қалыптастыру үшін сынып ерекшеліктерін ескере отырып, қажетті тәрбиелік ықпалдар жасаушы;
    •  оқушының дамуы мен жетілуіне ықпал жасайтын тәрбиелік күштердің (мектеп, отбасы, қоғам) басын қосушы, үйлестіруші.


  2. Сынып жетекшісінің негізгі міндеттері:
    Тәрбиеші-педагог назарынан тыс қалдырмайтын бірінші объект, бастапқы міндет тәрбиелік және дамытушылық маңызы бар әрекет ұйымдастыру. Ұйымдастыру қызметі болмағанда тәрбие болмайды, тұлғаның даму барысында кездейсоқ жағдайлар орын алады.
    Сынып жетекшісінің назарындағы екінші объектісі мен міндеті - ұжымды ұйымдастыру және дамыту.
    Сынып жетекшісінің үшінші міндеті - оқушы тұлғасының калыптасуына көмектесу, оның қабілеттерінің, қызығушылығының, бейімділігінің және ішкі табиғи күштерінің ашылып, арта түсуіне жағдай жасау.
    Кейбір зерттеушілердің пайымдауы бойынша, сынып жетекшілері оқушылар және олардың ата-аналарымен қарым-қатынастар ұйымдастырғанда төрт түрлі міндеттер атқарады:
    Бірінші топ міндеттері - әлеуметтік міндеттер: баланы қорғау, көмек көрсету, әлеуметтік байланыстар жүйесіне енгізу, Отбасымен және тәрбие институттарымен баланың дамуына және оның даралық қасиеттерін калыптастыруға қолайлы жағдай жасау үшін байланыс орнату.
    Екінші топ міндеттері - диагностикалық-әдептік-этикалық: сыныппен тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыру, өз оқушыларын, олардың ерекшеліктерін, дара қасиеттерін білу.
    Үшінші топ міндеттері — адамгершілік міндеттер: баланың жақсылық пен жамандықтың белгілерін ажырата алуына, белгілі жағдаяттарда оқушының адамгершілік шешімдер қабылдай алуына мүмкіндік беру.
    Төртінші топ міндеттері — жеке-дара тәжірибелік сипаттағы міндеттер: оқушылармен жұмыс ұйымдастыруға тиімді педагогикалық құралдарды таңдап алу, өз жұмысын жоспарлау, талдап түзету және педагогикалық рефлексия.
    Осы бастапқы міндеттерді ескере отырып, сынып жетекшісінің негізгі қызметтері айқындалады. Олар: диагностикалық, коммуникативтік, тәрбиелік, жобалаушылық, ұйымдастырушылық-әрекеттік, дамытушылық, әдептілік, ынталандырушылық, бағалаушылық, қорғаушылық-қамқоршылық, түзетушілік.


Сынып жетекшісінің атқаратын қызметтері: Талдау қызметі:
•  балалардың жеке дара ерекшеліктерін зерттеу;
•  өр оқушының отбасындағы тәрбиесін зерттеп, талдау;
•  оқушы мен ұжымның тәрбиелік деңгейін талдап, бағалау;
•  сынып ұжымының қалыптасуы мен дамуын зерттеп, талдау;
•  ортаның сынып оқушыларына ықпалын зерттеп, талдау;
•  өткізілетін іс-шараның тәрбиелік құндылығын талдау; Болжамдық (прогностикалық):
•  тәрбиелік ықпал мен жоспарланған іс-шараның нәтижесін болжау;
•  оқушылардың жеке дара даму деңгейінің нәижесін болжау;
•  ұжымның қалыптасуы мен даму кезеңдерін болжау;
•  мектептің тәрбие жүйесіне сәйкес сыныптағы тәрбие жүйесінің моделін құру;
•  ұжымдағы қалыптасып келе жатқан қарым-қатынастардың салдарын болжау (оқушылар арасындағы, ата-аналар оқытушылар арасындағы) ұйымдастыру-үйлестіру:
•  әр оқушының даму ерекшеліктерін психологиялық-педагогикалық картада көрсету;
•  оқушының оқу әрекетінде көмек көрсету;
•  әрбір оқушыға және ұжымға жеке дара ықпал жасау;
•  оқушыларға үйірмелер, клубтар, секциялар, бірлестіктер арқылы қосымша білім алуға көмектесу;
•  оқушылардың дербестігі мен құқықтарын қорғау.
•  оқушылардың отбасылары мен байланыс ұйымдастыру: ата-аналар жиналысын өткізу, оларға кеңес беру, т.б.;
•  өз сыныбы оқушыларының үлгеріміне байланысты кіші педагогикалық кеңестер жұмысын ұйымдастыру, пән мұғалімдерінің сабақтарына қатысу;
•  көсіби бағдар беру, болашаң мамандығын таңдауға саналы көзқарас қалыптастыру;
•  қажетті іс-қағазды жүргізу (журнал, сабаққа қатысуын қадағалау, оқушылардың күнделіктерін тексеру, жеке іс қағазды, сынып жетекшісінің жұмыс жоспары);
Коммуникативтік:
•  оқушылар арасында өзара қарым-қатынас қалыптастыру, ұжымға үйренуге, қатарларының арасындаөзін қанағаттандыратын статусқа ие болуға көмектесу;
•  "оқушы-оқушы, оқушы-ата-ана, ата-ана-оқушы арасындағы өзара қолайлы байланысты орнату;
• оқушылардың қоршаған ортамен қолайлы қатынас орнатуы;
•  ұжымда әр оқушыға қолайлы психологиялық ахуал орнатуға үлес қосу.
Жеке шәкірттері жайлы сынып жетекшісі білуі керек мәліметтер:
•  баланың денсаулығы;
•  отбасындағы өмірі мен тұрмыс жағдайы;
•  баланың ішкі жан-дүниесі, рухани байлығы;
•  мінез-құлқы, темпераменті, қызығушылығы, еркі, зейіні, т.б. психологиялық ерекшеліктері;
•  үлкендермен, кішілермен, ата-анасымен, жолдастарымен қарым-қатынасы;
•  моральдық бейнесін, адамгершілік қасиеттері;
•  еңбекке көзқарасы;
•  әстетикалық талғамдары, қызығулары, өнерге, әдебиетке көзқарасы;
•  интелектуалдық дамуы;
•  саяси сауаттылығы, т.б.
2. Сынып жетекшісі тәрбие процестерінің ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбие ісін мынадай бірізділікпен басқарса жұмыс нәтижелі болады:
•  тәрбие ісінің негізгі мақсатын, міндеттерін, маңызын біліп, түсіну, өзекті мәселелерін көре білу. Оқу-тәрбие жұмысының тиімді әдістері мен қажетті түрлерін пайдалану әдістемесін меңгеріп алуы;
•  талдау барысында тәрбие ісінің белгіленген мақсатқа сәйкестігін анықтау, кемшіліктерінің себептерін түсіну. Мұғалімнің тәрбиелік іс-шараны талдау шеберлігі, өзінің көзқарасын қорғап, дәлелдей алуы;
•  тәрбие ісінің нақты бағдарламасын жасауы. Оқушылардың көзқарасын қалыптастыру жолдарын тереңнен ойластыруы;
•  сынып жетекшісі іс-әрекетті ұйымдастырып қана қоймай, оқушылардың жақсы қасиеттерінің дамуына жағдай жасауға тиіс. Істі қорытындылағанда, оқушылардың жетістіктеріне аса көңіл бөлген жөн;
•  тәрбиелеу барысында мұғалімнің өзінің күшті және әлсіз жақтарын ескеруі;
•  тәрбие ісін жетілдіру мақсатымен мезгіл-мезгіл өз жұмысын өзі тексеріп, талдап, оқушылардың даму деңгейін зерттеп отыруы;
•  оқушыларды зерттеу арқылы тәрбиелік міндеттерді анықтауы.
3. Сынып жетекшісі жұмысын ең алдымен оқушыларды, олардың арасындағы қарым-қатынастарды, оқушылардың отбасын зерттеуден бастайды. Зерттеу барысында сынып оқушыларының тәрбиелік дәрежесі анықталады. Соған байланысты тәрбиелік міндеттер мен мақсат айқындалады. Белгіленген мақсатқа сәйкес тәрбие жоспары жасалады. Сынып жетекшісі жоспар жасағанда сыныбының ерекшеліктерін (жас ерекшеліктері, тәрбиелік дәрежесі, қызығушылығы), өзінің қабілетін ескергені жөн.
Жоспар жасағанда ескерілетін жағдайлар:
- өткен жылғы жұмысты талдау;
- сыныпқа сипаттама беру;
- жоспарда тәрбиенің алдында тұрған міндеттерді айқындау;
Жоспардықң түрлері өте көп, бірақ мұғалім өзіне қолайлысын таңдағаны жөн.
Соңғы кезде "сөзбен", "ауызша" тәрбиелеу сыналып, оқушыларды іс-жүзінде, іс-әрекет арқылы тәрбиелеу қажеттігі көп айтылып жүр. Осыған байланысты, мына бір жоспардың түрін ұсынуды жөн көріп отырмыз. Бұл жоспарда нақтылы істер жоспарланады.

Тәрбие жоспарының екінші түрі:
I.  Сынып оқушыларына мінездеме.
II. Тәрбиелік міндеттер.
Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие гуманизмге, қазақ халқының тарихы мен салтын, тілін сүю және құрметтеуге, оның таңдаулы дәстүрлерін сақтауға және оны дамытуға, Қазақстанның басқа халықтарының мәдениетін зерттеу және игеруге негізделген азаматтық ұстанымды және патриоттық сананы, құқықтық және полимәдениетті, қалыптасқан ұлттық өзіндік сананы, ұлт аралық мәдени қарым-қатынасты, әлеуметтік және діни төзімділікті қалыптастыруы тиіс. Қазіргі жағдайда тәрбиеленуші-лердің құқықтық санасын, олардың балалар мен жастар ортасында құқық бұзушыларға қарсы тұруға дайындығын қалыптастыру аса маңызды мәселе. Балалар мен жастардың азаматтық патриоттық, құқықтық мәдениетінің әлеуметтік мәртебесін көтеру әрі азаматтық патриоттық, құқықтық тәрбие бойынша ғылыми негізделген саясат жүргізу; білім беру ұйымдарында азаматтық құқықтық, патриоттық тәрбие беруде мазмұны мен әдіс тәсілдер мен оқу тәрбие құрылымының өзара іс әрекеттестік негізінде деңгейін көтеру;

Рухани-адамгершілік тәрбиесі өзіндік сананы дамытуға жағдай жасауды, жеке тұлғаның әдеп ұстанымын, оның қоғам өмірінің нормалары мен дәстүрлерімен келістірілетін моральдік қасиеттерін және бағдарларын қалыптастыруды болжайды. Рухани адамгершілік құндылықтар мен білім жүйесін дамытып қалыптастыру; Кәсіптік және адамгершілік әдептерге байланысты білімдерді оқу, өндірістік және қоғамдық іс әрекеттерде іске асыру;

Отбасы тәрбиесіадамдар арасындағы оңтайлы және эмоцияналды көңіл-күй қарым-қатынасы арқылы адамгершілік, рухани және гуманитарлық құндылықтарға басымдық беруде әлеуметтік-тарихи тәжірибені таратудың анықтаушы құрамдас бөлігі болып саналады. Қазақстандық қоғамның жалпы сұранысы және халық дәстүрлері, әлемдік және ұлттық мәдениет негізінде құрылған балалар мен жастарды жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағдарлау бірінші қатарға қойылады. Тәрбиеленушілердің санасында дәстүрлі ұлттық және моралдық құндылықтар жандандыру отбасы негізінде қалыптастыруды ұялату.

Өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамыту қажеттілігін қалыптастыру.Өзін-өзі тану жастарға қоршаған ортаны түсінуге, оған өзінің қатыстылығын саналы сезінуге, қоршаған ортаға өзінің көзқарасын жалпы адамзаттық құндылық ұстанымында жүйелеу, өзінің өмірлік ұстанымын анықтауға көмек беру үшін қажет. Өзөзін-өзі тану өзін дамытудың, жеке тұлғаның дербес белсенділік көрсетуінің, өзінің қабілеті мен әлеуеттік мүмкіндігін ашудың қажетті шарты болып табылады. Адам – адам, адам - қоғам, адам - техника, адам - табиғат жүйесіне терең білім қалыптастыру; Өзін-өзі тану нәтижесінде адам өзінің дербес өсу және өзін-өзі жетілу қабілетіне ие болады. Сөйтіп, адам толысуын, өмір рахаты мен оның мәнін жете түсінеді.

Әлеуметтік-мәнді және жеке қасиеттерін қалыптастырутұлғалық қасиет (әлеуметтік бейімділік, әлеуметтік белсенділік, әлеуметтік тұрақтылық) әлеуметтік қарым-қатынас жүйесінде өзіне тән тәртіп стилі, шығармашылық пен дербестікті дамытуға, қоғамдағы өзгерістерден дереу және тең әсер алу, белсенді өмір ұстанымында болуға ықпал жасайды.

Коммуникативті мәдениетті қалыптастыру тәртіп қағидасын анықтайды, құндылықтар жүйесін, иделдарды, нормаларды айшық-тайды және шығармашылық қызметте өзінің дербестігін көрсетуде қарым-қатынасты ұйымдастыруға, байланысты орнатуға, оларды дамытуға, келісуге, тәртіпке келтіруге және түзетуге көмек береді.

Экологиялық тәрбие адамның бойына табиғатқа әдепті көзқарас-тың және оған қарым-қатынастың қалыптасуы мен дамуын, табиғи ресурстардың жағдайына жеке жауапкершілік сезімін және адамдардың олармен парасатты іс-әркеттерін болжайды. Экологиялық тәрбиенің негізі алдымен, қоршаған ортаны және халықтың денсаулығын қорғауды, елімізде экологиялық жағдай туралы халықты ақпаратпен қамтамасыз етуді көздейді.

Эстетикалық тәрбие рухани - адамгершілік құндылықтарды әсемдік арқылы, көркем мәдениет арқылы, халықтар мен дәуірдің әлемдік көркем құндылықтары арқылы, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарын зерделеу арқылы қалыптастыруды көздейді. Адам бойында қазіргі кезең дамуының маңызды міндеттері болып саналатын өнер құралдары арқылы анағұрлым жоғары сана-сезім, тұжырымдамалы ойлауға қабілет, әлемді тұтас бағамдай білетін, өзінің дербес шығармашылық қызметімен әлемдік құндылықтар туралы танымын толық іске асыратын, ұжымда жұмыс істеуге бейімді, мәдениет әлемінде және адамдармен қарым-қатынаста қалыптастыру.

Дене тәрбиесі мен салауатты өмір салтын және денсаулық қорғаушы орта қалыптастыру жастардың бойына психикалық тұрақтылықты және тиімді кәсіби қызмет қажеттілігін қамтамасыз ететін салауатты өмір салтын дарыту мен жеке тұлғалық сапаны қалыптастыру мақсатын қояды. Оны іске асыруға алдын алушылық білімі кіреді. Салауатты өмір салтын қалыптастыру адам ағзасының мүмкіндіктерін, оның қызметінің ерекшеліктерін болжау, адамның физикалық, психикалық және рухани саулығының өзара байланысы, сондай-ақ, тәрбиеленушілерді саналуан спорт түрлеріне тікелей қатыстыру жолымен ағартушылық және ақпараттық түсіндіруші жұмыс барысында жүзеге асырылады.

Еңбек және экономикалық тәрбиебалалардың, жас өспірімдердің, және жастардың өзіне-өзі қызмет көрсету шеберлігін және дағдыларын, еңбек қызметі-

нің саналуан түрлеріне адалдықпен, шығармашылық және жауапкершілікпен қарап, ұжымда, топта жұмыс істей білу икемдігін қалыптастырады; адамның жеке шеберлік, белсенді және болмысымен беріліп іс-әрекет жасау, қажетті ресурстарды жұмылдырып, істің мәнісін дұрыс бағалап, өз іс-әрекетінің қажетсіз қалмауына мән беріп, олардың түпкілікті тиімділігін тиянақтап жаңа өндіріс және қоғам жасауды көздейді.Жастардың бойында еңбектің ең бірінші өмірлік қажеттілік, өмірлік табыстарға жетудің басты тәсілі мен жоғары құндылық ретінде қалыптастыру.

Кәсіби-шығармашылық тәрбиекәсіби және жеке құзыреттілік көзінің мәнін қалыптастыруды (арнайы, профилды, коммуникативті, әлеуметтік, интеллектуалды, ақпараттық, дербес) және т.б. қосымшаларын білуін, білім алушылардың дәстүрді және кәсіби қауымдастық құндылықтарын игеруін, ұжымдық мәдениет пен кәсіби әдеп нормаларын сақтауын болжайды.

Интеллектуальді мәдениетті дамыту білім алушылардың белсенді ойлау қызметінің дамуын, негізгі құндылықтарды және осы заманғы ғылыми дүниетанымды қалыптастыру; олардың сана-сезімінің сенімді және қажетті біліммен толығуын, ақыл-ой қабілеті мен білімге құмарлығын дамыту.

Әр айда өткізілетін тәрбие жұмысы 4 бөлімнен тұруы мүмкін.
Ұжымдық шығармашылық істер: Қыркүйек - еңбек пен білім айы. Қазан - сені қызьщтыратын әлемге саяхат. Қараша - туған өлкемнің тарихы. Желтоқсан - менің Қазақстаным. Қаңтар - шығармашылық айлығы. Ақпан - спорт айлығы. Наурыз - мерекелі, берекелі ай. Сәуір - "нарық еліне саяхат" ойыны. Мамыр - мектеппен қоштасу айы.
I бөлім - ұжыммен жұмыс.
II бөлім - жеке-дара жұмыс.
III бөлім - белсенділер тобымен жұмыс.
IV бөлім - ата-аналармен жұмыс.
Әрбір бөлімге алуан түрлі жұмыс түрлері мен әдістері енгізіледі.
Тәрбие жұмысы жоспарының үшінші түрі:
Сынып жетекші жоспарының үлгі құрылымы:
•  сыныптың қысқаша сипаттамасы және оқушылар жайлы жалпы мәліметтер.
•  сынып ұжымы қызметінің негізгі бағыттары мен формалары.
•  тәрбие міндеттері.
•  сыныпта сабақ беретін мұғалімдермен жұмыс.
•  ата-аналармен жұмыс.
•  сынып жетекшінің жұмыс есебін жүргізуі.
•  сынып жетекшінің есеп беруі.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
"Ш?к?рім ??дайберді?лы"

Автор: Джабасова Шалкы Джумабековна

Дата: 11.11.2015

Номер свидетельства: 251405


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства