kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сансызбай Сар?ас?аев "Т?мпіш ?ара" повесінен ?зінді

Нажмите, чтобы узнать подробности

Б?л ж?ктемеде балалар жазушысы Сансызбай Сар?ас?аевты? "Т?мпіш ?ара" повесінен ?зінді деген та?ырыпта саба? жоспары бар. Б?л саба?та ?р т?рлі ?діс – т?сілдер ?олданыл?ан. М??алімдер ?арап ?олданады деген ойдамын. Барлы?тары?ыз?а шы?армашылы? табыс тілеймін! Істері?ізді? жемісін к?рі?іздер! О?ушылары?ыз жетістіктерімен ?уантсын.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сансызбай Сар?ас?аев "Т?мпіш ?ара" повесінен ?зінді»

«Бекітемін:» ______________


САБАҚ ЖОСПАРЫ


Пәні: Әдебиет

Сыныбы: 6 «Б»

Күні, айы, жылы: 23.01.2016 жыл

Пән мұғалімі: Жарылқасынова Гүлзат Баратбекқызы

Сабақтың тақырыбы: C.Сарғасқаев «Тәмпіш қара» повесінен үзінді

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Сансызбай Сарғасқаевтың «Тәмпіш қара» повесінің үзіндісін оқыту арқылы соғыстан кейінгі жылдардағы ауыл тұрмысы, ондағы балалар өмірі, пионерлерге тән асыл қасиеттер туралы таным – түсініктерін, білім дағдыларын қалыптастыру; шығарманың тақырыбы мен идеясын, сюжеті мен композициялық құрылымын меңгерту.

Дамытушылық: Теориялық білімдерін практикамен ұштастырып, шығармаға талдау жасату, повесть кейіпкерлері табиғатына талдау жасату, өзіндік ой – пікірлерін ортаға салдыру.

Тәрбиелік: Повестегі Ертай, Шаншатай, Бейсекүл образдары арқылы жас буындарды патриоттық рухта тәрбиелеу, жақсыны үйреніп, жаманнан жиренуге баулу.

Сабақтың типі: Жаңа сабақ

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс – тәсілдері: Түсіндіру, суреттеу, салыстыру, әңгімелеу, сұрақ – жауап, талдау, СТО стратегиялары.

Сабақтың көрнекілігі: С.Сарғасқаев портреті, шығармалар жинағы.

Пәнаралық байланыс: Тарих, қазақ тілі.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1) Оқушылармен сәлемдесу

2) Кезекші мәлімдемесі

3) Сабаққа келмеген оқушыларды белгілеу

4) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. «Бауыржан ата» тақырыбында ойтолғау жазу.

ІІІ. Жаңа сабақ.

«Қызығушылықты ояту» сатысы

Сұрақтар:

  • Пионер дегеніміз кім?

  • Достық дегеніміз не?

Бүгінгі сабақтың осы бір лейтмотиві арқылы тақырыпты анықтап, дәптерге күннің жады мен тақырыпты жаздырту.

«Мағынаны тану» сатысы

  • Сансызбай Сарғасқаевтың өмірі мен шығармашылығының басты қыры туралы әңгімелеу;

  • «Октябрь балалары» газетінің шығу тарихына қатысты мәліметті таныс ету;

  • «Тәмпіш қара» повесінің мазмұнына сатылай кешенді талдау жасату арқылы шолу жасау.

1925 жылдың 29 сәуірінде Жамбыл облысы, Красногор ауданы, Шарбақты селосында (қазіргі Қордай ауданы) дүниеге келген болашақ жазушы жастайынан жазуға құмар болған. Ауыл мектебінде әріп танып, жан-жағында болып жатқан құбылыстарды шебер суреттеп, көрген-білгенін, айналасындағы достары мен таныстарының өмірін, кейде қиялына ерік беріп, жастайынан әңгімелер жаза бастайды.

Сансызбай Сарғасқаевтың жастық шағы сұрапыл соғыс уақытымен тұспа-тұс келеді. Онда да ол Отан алдындағы борышынан жалтармай, 1942 жылдан, Жеңіс күнін тойлаған сәтке дейін қолына қару алып, жауға шыққан. Жазушының жазушы ретінде қалыптасуына осы қан майданның да әсері болған сыңайлы. Өйткені, жазушы шығармаларының көбінде сол жылдардағы халықтың күйзелісі мен кедейлігі тілге тиек болып отырған.

Жазушы көбіне балалардың арманы мен өмірін сипаттай отыра, сол кездердегі хал-ахуалды да астыртын жеткізіп отырады. Осы сарында жазушының «Сәуленің жаңа достары», «Бір көшенің бойында», «Сынған тіс», «Балалар», «Шындық», «Шыбық», «Жаймашуақ», «Тәмпіш қара», «Жұмбақ қыз» атты повестер мен әңгімелері жарық көрген. Сонымен қатар, жазушы соғыс жылдарының естеліктерінің етегімен «Бір отрядта» повесін жазған.

Соғыс жылдарына дейін де, кейін де ол Красногор аудандық газетінде әдеби қызметкер, жауапты хатшы қызметтерін атқарды. Кейін алып шаһар Алматыны бағындырамын деген арманын арқалап, Абай атындағы ҚазПИ-дің студенті атанады. Жоғары білім алған соң, «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редакторлыққа дейін көтеріліп, ұзақ жылдар қызмет етті. Ал 1960 – 1968 жылдар аралығында «Лениншіл жас» газетінде, «Жұлдыз» журналында бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы қызметтерін атқарған.  Сансызбай Сарғасқаевтың кейіпкерлері көбіне ауыл балалары. Ол жас жеткіншектердің ой-арманы, қоғамдық пайдалы істері, өнер-білімге деген құштарлығы, бір-біріне адалдығы, достық қарым-қатынасы жайлы жаза отырып, жас ұрпақты адамгершілікке, шыншылдыққа, қайырымдылыққа баулиды. Шығармаларының дерлігі мектеп оқушыларының тыныс-тіршілігінен сыр шертеді.

Жазушының көптеген шығармалары орыс және басқа да туысқан халықтар тілдеріне аударылған.

Сансызбай Сарғасқаев қазақ балалар әдебиетінің қаламы қайратты, көрнекті өкілі ретінде өмірінің соңғы кездеріне дейін балалар баспасөзіне белсене атсалысып тұрды, жас әдебиетшілердің аяқтануына қамқорлық көрсетіп отырды.

Жазушы қазақ әдебиетіне сіңірген еңбегі үшін Қазақ Республикасының Жоғарғы Кеңесінің Грамотасымен марапатталған.

Сансызбай Сарғасқаевтың “Тәмпіш қара” повесінде отызыншы жылдардағы ауыл өмірі суреттелген. Повесть 9 бөлімнен тұрады:

Бөлімдері:

  • «Танысу»

  • «Тілеп алған азап»

  • «Әзілі ме шыны ма?»

  • «Өкініш»

  • «Теке қарт»

  • «Не болды бізге?»

  • «Бұдан кейінгі күндерде …»

  • «Ойламаған жерден»

  • «Үш күн қалғанда» деп келеді.

Басты кейіпкер – тәмпіш қара Шаншатай. Повесте Шаншатайға тән әдептілік, ұқыптылық, еңбексүйгіштік қасиеттер көрінсе, Ертай бойындағы өнерге құштарлық, дүниені бала көзімен қабылдау қасиеттері танылады. Шаншатай бойындағы асыл қасиеттер – әдептілік, ұқыптылық, тазалық, кішіпейілділік пен сыпайылық әңгіме кейіпкерлері Ертай, Бисекүл, Иманбектерге ерекше әсер етіп, үлгі бола білсе, бүгінгі жасөспірімдерге де үлкен өнеге. Жасөспірімдер бейнесі – балалар әдебиетінің жас буындарды патриоттық рухта тәрбиелеуде ең басты роль атқарып отырғанының айқын дәлелі. Осының бәрін айта келіп, бала тәрбиелеудегі ең негізгі тірек оларды еңбекке үйретуден басталуға тиіс деген ойға келеміз. Өйткені еңбек етуге үйренген бала сабақты жақсы оқудан да, ата – ананың түрлі тапсырмаларын орындаудан да жалықпайтын болады. Еңбек етуге жаттыққан сайын, оның ыждақаттығы да арта түседі. Ұқыптылық та, әдептілік те, үлкенді сыйлаушылық та, қоғамға пайдалы үлес қосатын байыпты, парасатты азамат болу да осыдан келіп шығады. Повестегі кейіпкерлер: ауыл балалары суретші Ертай, Иманбек, Ниғмет, Күлдәрі, Оңалбек. Бала тәрбиелеуде ұстаздың еңбегін көрсете отырып, балалардың мектептен алған білімін еңбекпен тәрбиелі іспен тұрмыспен байланыстыра суреттелуі шебер бейнеленген. Кейіпкер Ертайдың өмірі жайындағы ішкі толғанысы жеткіншек ұрпақты тәрбиелеуде маңызды роль атқарады деп есептеймін. Шаншатай – қаладан келген көзі ашық бала, ол «Октябрь балалары» деп аталатын газеттің бар екендігін ауыл балаларына таныстырып, Ертайдың суретшілік дарындылығын бағалай отырып, осы газетке ең жақсы суретіңді жіберейік деп үлкен үміт артып Ертайдың қабілетін шыңдай түседі. Әншейінде көзге ілінбей жүретін газет тасушы Теке қартты ауыл балаларына сыйлай білуді ұғындырады. Қазіргі жас жеткіншектер барлық мүмкіндіктері бола тұрса да балалар басылымдарына көп жазыла бермейді, ал повесть кейіпкерлері сол газеттің келуін асыға күтіп,тіпті ауылдан жырақта тұратын Теке қарияның үйіне іздеп барып, алып оқиды.

Сатылай кешенді талдау. «Тәмпіш қара» повесі

Эпикалық жанр түрі – повесть.

Шығарманың негізгі ойы — жас жеткіншектерді адамгершілікке,шыншылдыққа, қайырымдылыққа тәрбиелейді.

Шығарманың композициялық құрылысы:

Басталуы. Шаншатайдың ауылға келуі, ауыл балаларымен танысуы..

Байланысуы. Шаншатай Ертайдың суретші екенін білуі,екеуінің айырылмастай дос болуы.

Шиеленісуі. Мектеп оқушыларының қырман даласына көмекке баруы, түрлі ойын – сауық ұйымдастырулары, Шаншатай ауыл балаларының газетке деген қызығушылықтарын оятуы.

Шарықтау шегі. Оқушылардың өз мақалаларын оқу үшін Теке қарттың үйіне іздеп баруы, Шаншатай мен Иманбектің төбелесуі, Иманбектің одан кешірім сұрауы.

Шығарманың шешімі. Ертайдың салған суретінің «Октябрь балалары»газетіне шығуы.

Шығармада эпитет, теңеу, диалог, мақал – мәтелдер т.б. әдеби теориялық ұғымдар қолданылған.

Тәрбиелік мәні: Шаншатайға тән әдептілік, ұқыптылық, еңбек сүйгіштік қасиеттер көрінсе, Ертай бойындағы өнерге құштарлық, дүниені бала көзімен қабылдау қасиеттері танылады.

Мінездеу

  • Повесть кейіпкерлерінің бойындағы жақсы қасиеттерді жаз.

  • Повесть кейіпкерлерінің бойындағы жағымсыз қасиеттерді жаз.

Келеңсіз нәрселерден жырақтау, бойымыздан аулақтату мақсатында повесть кейіпкерлерінің жағымсыз қасиеттері жазылған парақты жыртып тастау ұсынылады.

  1. Топтық жұмыс

І топ. Венн диаграммасын сызыңдар. Шаншатай мен Ертайға сипаттама беру арқылы;

ІІ топ. Венн диаграммасын сызыңдар. Повестегі пионерлер мен біздің сыныптың жас ұландарын салыстыра отырып;

ІІІ топ. Қабырға газетін шығару;

  1. Аннотациялық талдау

    Кімнің, қандай шығармасы?

    Қандай тақырыпта жазылған?

    Кімдерге арналған?

    Пайдасы қандай?

    Бұл белгілі балалар жазушысы Сансызбай Сарғасқаевтың ...

































  2. Жеке жұмыс (үлгерімі төмен оқушыларға)

А) Мәтінде кезіккен ойын атауларын теріп жаз.

Б) Повестегі басты және жанама кейіпкерлерді жаз.

В) Мәтіннен Тәмпіш қараның портретін теріп жаз.


«Ой толғаныс» сатысы

  1. Кейіпкерге хат

Повесть кейіпкерлері Шаншатай, Бейсекүл, Ертай үшеуінің біріне хат жаз.

ІV. Бекіту. Тест

1. Ертай салған сурет қай газетке шықты?

А) тек қабырға газетіне;

Б) “Октябрь балаларына”;

В) “Ауыл айнасы” газетіне;

2. “Тәмпіш қара” повесі неше бөлімнен тұрады?

А) 7;

Б) 8;

В) 9;

3. Повестегі тәмпіш қара кім?

А) Шаншатай;

Б) Иманбек;

В) Ықсан;

4) Өнерге құштар, суретші пионер кім?

А) Шаншатай;

Б) Ертай;

В) Бейсекүл;

5. Пошташы кім?

А) Келдібай;

Б) Мешітбай;

В) Теке қарт;

V. Қорытынды. Сабақ соңында оқушыларға сұрақ қойып, түсінбеген сұрақтарына жауап беріп, сабақты қорытындылаймын.

VІ. Үй тапсырмасы. Шығарманы оқу, мақмұндау. «Досы көпті жау алмайды» тақырыбында эссе жазу.

VІІ. Бағалау. Оқушылардың үй тапсырмасы мен сынып жұмысына жауап беруіне қарай бағалау.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Сансызбай Сар?ас?аев "Т?мпіш ?ара" повесінен ?зінді

Автор: Жарыл?асынова Г?лзат Баратбек?ызы

Дата: 28.01.2016

Номер свидетельства: 284573


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства