kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Саба? жоспары. ?аза? ?дебиеті п?нінен ашы? саба?. "Мені? атым - ?ожа"

Нажмите, чтобы узнать подробности

1.Саба?ты? та?ырыбы: Бердібек Со?па?баев. «Мені? атым – ?ожа» повесі.

2.Саба?ты? ма?саты: Повесті? идеясы мен та?ырыбын ашу ар?ылы о?ушыларды шынайылы??а т?рбиелеу, ?мірде жа?сы мен жаманды, адалды? пен арамды?ты ажырата білуге, барды ба?алау?а ?йрету, таным-т?сінігін, ойлау, с?йлеу ?абілеттерін жа?сарту.

3.Саба?ты? міндеттері: 1.Жазушыны? ?мірі мен шы?армашылы? жолына то?талады.

                                             2.Повесті? мазм?нын айтады.

                                             3.Повесть бойынша с?ра?тар?а жауап береді.

                                             4.?осымша тапсырмалар орындайды.

4.Саба?ты? т?рі: д?ст?рлі саба?

5.Саба?ты? типі: білімді тияна?тау саба?ы

6.Саба?ты? жабды?тары: интерактивті та?та, слайдтар, ?лестірме ?а?аздар, кітаптар.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Саба? жоспары. ?аза? ?дебиеті п?нінен ашы? саба?. "Мені? атым - ?ожа"»

1.Сабақтың тақырыбы: Бердібек Соқпақбаев. «Менің атым – Қожа» повесі.

2.Сабақтың мақсаты: Повестің идеясы мен тақырыбын ашу арқылы оқушыларды шынайылыққа тәрбиелеу, өмірде жақсы мен жаманды, адалдық пен арамдықты ажырата білуге, барды бағалауға үйрету, таным-түсінігін, ойлау, сөйлеу қабілеттерін жақсарту.

3.Сабақтың міндеттері: 1.Жазушының өмірі мен шығармашылық жолына тоқталады.

2.Повестің мазмұнын айтады.

3.Повесть бойынша сұрақтарға жауап береді.

4.Қосымша тапсырмалар орындайды.

4.Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

5.Сабақтың типі: білімді тиянақтау сабағы

6.Сабақтың жабдықтары: интерактивті тақта, слайдтар, үлестірме қағаздар, кітаптар.

7.Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, сыныптың сабаққа әзірлігін тексеру, түгендеу.

2.Үй тапсырмасын сұрау. Жазушы Б.Соқпақбаевтың өмірі туралы мәтінді мазмұндау. Жиырма үшінші тарауды мазмұндау. (Слайдта жазушының портреті)

3.Жаңа сабақ.

-Біз бүгінгі сабағымызда Б.Соқпақбаевтың «Менің атым – Қожа» повесіне толығырақ тоқталып, ондағы жазушының идеясын, повесттің тақырыбын ашып түсінетін боламыз. Ол үшін алдымен повестьке бір шолу жасап шығайық. (тақтада сөзжұмбақ көрестіледі, оқушылар осы сөзжұмбақты шешуі керек)

1.Қожаның әкесінің есімі. (Қадыр)

2.Қожаның сынып жетекшісі (Майқанова)

3.Қожаның қу мінезді сыныптасы (Жантас)

4.Қожаның анасы (Миллат)

5.Мұғалімнің сумкасына Қожа салып жіберген жәндік (бақа)

6.Мектеп директоры (Ахметов)

7.Повесть авторының есімі (Бердібек)

8.Оспанов қай пәннің мұғалімі ? (зоология)

9.Мектеп күзетшісінің есімі (Сәйбек)

10.Қожаның үздік оқитын сыныптасы (Жанар)

Сөзжұмбақты шешкен кезде Қожаның толық есімі шығады.

Ендігі кезекте осы шығарманың басты кейіпкері – Қожа образына тоқталамыз. (слайдта Қожаның фильмнен алынған бейнесі, басқа да суреттер көрсетіледі)

Сонымен бірге біз қазір осы шығармадан алынған үзіндіні сахналаймыз. (Оқушылар сахналық көріністерін көрсетеді)

Енді осы көрген-білгендерімізге сүйене отырып, Қожа образы туралы өз ойымызды ортаға саламыз. (ассоциациялық карта)

Шығармадағы басқа да кейіпкерлер туралы бірнеше сұрақтар қойып өтемін.

  • Майқанова апай Қожа туралы «түбі адам болатын бала» деп неліктен айтты ?

  • Жантастың сабақ айту кезіндегі қылығы дұрыс па ? Өздерің осылай жасайсыңдар ма ?

  • Сәйбек қарттың әңгімесі Қожаға қалай әсер етті ?

  • Балабекова Жанар қандай оқушы ?

Міне, біз бұл шығармадағы кейіпкерлерге тоқталып өттік. Енді шығарманың идеясы туралы тұжырым жасауымыз керек. Ол үшін біз қос жазбалы күнделік толтырамыз. Бір жағына осы шығармадан үйренетін, жақсы, үлгі боларлық оқиғалар мен жағдайларды, екінші жағына келеңсіз жағдайларды қысқаша жазамыз. (оқушылар жазғандарын оқиды)

Осы жазғандарымызды тұжырымдасақ, повестің идеясы – адам бойындағы асыл қасиет – шынайылықты, адалдықты насихаттау. Басқалардың бойындағы жақсы қасиеттерді бағалай білу. Тақырыбы – балалар өмірі, олардың тыныс-тіршілігі, достық пен адалдық.

Енді повестің он жетінші тарауынан тұрақты сөз тіркестерін тауып көрейік. Мысалы, өткенге өкініш жоқ, жүрегім қарс айырыла жаздайды, кім бар, кім жоқ, ел орынға отыра, жаным қалар еді-ау, т.б.

Жиырма үшінші тарау бойынша композициялық құрылымын жасаймыз.

Жиырма төртінші тараудан портретті табамыз, дауыстап оқимыз.

Оқулықтың 183-бетіндегі тапсырмалардың ішінен 3-тапсырма бойынша жауап береміз.

4.Сабақты бекіту: «Менің атым – Қожа» повесінің негізгі идеясы, автордың түпкі мақсаты туралы оқушылар пікірін тыңдау.

5.Үйге тапсырма: 183-беттегі сұрақтарға жауап беру.

6.Оқушылар білімін бағалау.












Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Саба? жоспары. ?аза? ?дебиеті п?нінен ашы? саба?. "Мені? атым - ?ожа"

Автор: Найманбаева Альмира Сериккалиевна

Дата: 28.01.2016

Номер свидетельства: 284461


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства