kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Саба? жоспары "Ыбырай - кеме?гер,а?артушы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ыбырай -?аза? балалар ?дебиетіні? атасы екендігі б?рімізге аян.?лы а?артушыны? ?мірі мен шы?армашылы?ы бойынша ал?ан білімдерін бекіту, жина?тау, ?орытындылау ма?сатында, ?рі сынып о?ушылары болаша?  талапкерлер екендігін ескере отырып семинар саба?ын ??рдым.  Саба?та с?ра?-жауап, РАФТ ?дісі, Егер де мен. деген сия?ты ?діс-т?сілдерге ??рыл?ан. Саба?ты? тиімділігі жеке т?л?а баяндама жасау?а ?йреніп, ойын ашы? айтып, ?згені? ойына пікір айту?а ?йренеді. Автор портреті, кесте, семинар жоспары, б?ктеме к?рнекілік ретінде ж?мыс?а негіз болады. тарих, саз ?нері, бейнелеу ?нерімен ты?ыз байланыс?а ??рылды. " ?аза? балаларыны? болаша?ына н?р сепкен, ?аза? ?дебиетіні? ?айталанбас т?л?асы - Ыбырай" -деген о?ушылар шы?армашылынан алын?ан асыл ой саба? эпиграфы болды. М??алім саба?ты Ыбырайды? атасы Бал?ожа биді? айт?ан ?ле? жолдарымен бастап, с?з кезегін о?ушылар?а береді. О?ушылар семинар жоспары бойынша ?з ж?мыстарын бастайды. Ыбырай Алтынсаринны? ?мірі мен шы?армашылы?ына шолу жасап біл о?ушы баяндама жасайды. Баяндама бойынша с?ра?тар ?ойылады." Даланы? ?лы ?стазы" атты семинарды? екінші тарма?ы бойынша а?артушыны? ?ле?дерін м?нерлеп, на?ышына келтіре о?иды, ты?даушылар тарапынан сын айтылып, ба?а беріледі. "Е?бек с?йген ?ор болмас" та?ырыбында та?да?ан та?ырыптар бойынша к?рініс ?ойылады, талданады, ба?а беріледі. "?лы педагог жолымен." тарма?ы бойынша  "егер де мен." деп ойларын орта?а салады.  "Ыбырай арманы - ?лтты? жар?ын болаша?ы" та?ырыбында д?лелденген эссе жазамыз.  РАФТ ?дісі бойынша ойымызды жина?таймыз. Семинар саба?  со?ында ?й ж?мысы берііп, Елбасыны? с?зімен ?орытындыланды. Саба? о?ушыны? ойлау де?гейі мен оралымды с?йлеуіне ??рыл?ан. Шы?армашылы? ізденісін де талап етеді. Ж?мыс барысында бір-бірімен сыйласты? ?арым-?атынас жасап, ?згені? ойын м??ият ты?дап, н?тижелі т?жырым жасау?а жетелейді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Саба? жоспары "Ыбырай - кеме?гер,а?артушы"»

Сабақтың тақырыбы: Ыбырай – кемеңгер, ағартушы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Ұлы ағартушы Ыбырайдың өмірі мен шығармашылығы бойынша алған білімдерін бекіту, жинақтау, қорытындылау;

Дамытушылық: Ақын шығармаларының кез келгенін талдай білу дағдысын одан әрі қалыптастыру, оқушының сөйлеу тілін, ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелік: Өз беттерімен іздене отырып, өзгенің пікірін тыңдап, өз пікірлерін ашық айта білетін жеке тұлға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: семинар сабақ

Әдіс-тәсілдері:

1. Семинар сұрақтары

2. Сұрақ-жауап

3. РАФТ әдісі

4. Егер де мен...

Сабақтың тиімділігі:

1. Баяндама жасауға дағдыландырады.

2. Ойын ашық айтып, өзгенің ойына пікір айтуға үйретеді.

Көрнекілігі: ақын портреті, сабақ жоспары, РАФТ әдісі сызылған кесте, жоспар, бүктеме

Техникалық құрал: үнтаспа, интерактивті тақта

Пәнаралық байланыс: тарих, саз өнері, сурет өнері

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасып, назарларын сабаққа аудару

ІІ. Үй жұмысы

Ыбырайға арнап нақыл сөздер шығаруға берілген болатын. Ішінен қажеттісін өздері таңдап тақтаға іледі.

1. Ыбырай жолы – ұлы жол

2. Келешекке жол ашқан ағартушы ұстаз

3. Қазақ балаларының болашағына нұр сепкен,

қазақ әдебиетінің қайталанбас тұлғасы – Ыбырай

4. Ыбырай шығармашылығы, арманы қайнар бұлақпен тең

5. Ыбырай - балалар әңгімесінің шебері

ІІІ. Семинар сабақ

Семинар сабақтың эпиграфы: Қазақ балаларының болашағына нұр сепкен,

қазақ әдебиетінің қайталанбас тұлғасы – Ыбырай

/оқушы шығармашылығы/


Мұғалімнің кіріспе сөзі: Оқушылар, біздің семинар сабағымыз ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығын қорытындылауға арналады.

Үміт еткен көзімнің нұры – балам,

Жаныңа жәрдем берсін хақ тағалам.

Атаң мұнда анаң мен аман – есен,

Сүйіп сәлем жазады бүгін саған.

Атаңды сағындым деп асығарсың,

Оқуға көңіл бөлсең, басыларсың.

Ата – анаңды өнер білсең, асырарсың,

Надан боп білмей қалсаң, «аһ» ұрарсың.

Шырағым, мұнда жүрсең, не етер едің?

Қолыңа құрық алып кетер едің.

Тентіреп екі ауылдың арасында

Жүргенмен не мұратқа жетер едің?!

деп атасы Балқожа би айтқан болатын. Менің ойымды әрі қарай өрбіту үшін сөз кезегін, оқушылар, өздеріңе берейін.

Семинар сабақтың жоспары:

1. Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығына шолу.

2. «Даланың ұлы ұстазы»

3.»Еңбек сүйген қор болмас...»

4. « Ұлы педагог жолымен»

5. «Ыбырай арманы – ұлттың жарқын болашағы»

6. «Ыбырай – кемеңгер, ағартушы»

Жұмыстың өту барысы:

1. Жоспардың бірінші тапсырмасы бойынша оқушы баяндамасы тыңдалады. Қолданылған әдебиеттер тізімі оқылады. Оқушылар тарапынан сұрақтар қойылады. /баяндамадан үзінді/

Ыбырай Алтынсарин – қазақ балалар әдебиетінің атасы, ұлы ұстаз. Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы Қостанай облысы, Қостанай ауданында дүниеге келген. Өз әкесі Алтынсары 4 – жасар кезінде қайтыс болады да, Ыбырай атасы Балқожа бидің тәрбиесінде өседі.

1844 жылы Орынборда қазақ балаларына арналған жеті жылдық мектеп ашу туралы патша ережесі бекітіледі. Балқожа би осы ашылмақ мектепке 1846 жылы бес жасар немересі Ыбырайды жазғызып қояды. 1850 жылы 23 тамызда орыс – қазақ мектебі ашылып, қазақтан 30 бала алынады, солардың бірі Ыбырай болады.

Қазақ балаларын орысша оқыту арқылы олардан қазақ даласын билейтін патша шенеуктеріне көмекші әкімдер даярлау мақсатымен ашылған мектепке Балқожа би де немересін осы үмітпен берген. Бірақ Ыбырай мектепті жан – жақты білім алуға пайдаланған. Сондықтан ол сабақты ерекше ынтамен оқиды. Сөйтіп, мектепті 1857 жылы «өте жақсы» деген бағамен бітіреді.

Ыбырай мектеп бітіргеннен кейін, атасы Балқожа бидің хатшысы болады. Кейін Орынбор облысының басқармасына кіші тілмаштық қызметіне ауысады. 1860 жылы Ыбырайға Орынбор облысының басқармасы Торғайда қазақ балалары үшін бастауыш мектеп ашуды тапсырады, сонымен бірге оны осы мектепке орыс тілінің мұғалімі етіп белгілейді. Бұл мектеп 1864 жылы 8 – қаңтарда ашылады. Ыбырай он төрт бала оқытады.ыбырайдың жазған бір хатында: «Он төрт бала оқытамын. Бала оқытуға қойға шапқан аш қасқырдай тиістім. Балаларда менің айызымды қандырып, оқуды тез меңгеріп алды» - деген екен.

Ыбырай Алтынсарин өз өмірінің бәрін келешек ұрпақ үшін арнады. Балаларға арнап жазған өлеңдері, әңгімелері және орыс әдебиеттерінен аударған балаларға лайықты көркем шығармалар да бар. Ыбырай – халқына білім беріп, мәдениетті ел қатарына жеткізуді армандап, бар өнерін сол жолға арнаған адам.

Ыбырай Алтынсариннің ең алғаш шыққан кітабы «Қазақ хрестоматиясы» 1879 жылы Орынборда жарық көрген.

Ыбырай Алтынсариннің өлеңдері мен шығармалары: «Кел, балалар, оқылық», «Өнер – білім бар жұрттар», «Қыпшақ Сейітқұл», «Асан мен Үсен», «Ағаш үй мен кейіз үй», «Әй, жігіттер», «Залым төреге», «Өзен», «Жаз». т.б.

Ыбырай Алтынсарин 1889 жылы шілде айының 30 – ы күні Қостанайда дүние салады.

2. «Даланың ұлы ұстазы» атты жоспардың екінші тармағы бойынша оқушылар ұлы ағартушының өлеңдерін мәнерлеп, ырғақпен оқиды.Оқушылар тарапынан жаттау мәнері мен шеберлігіне талдау жасалып,салыстыра отырып баға береді. Мәнерлеп оқылған өлеңдер тізімі:

1. «Кел,балалар, оқылық»

2. «Өзен»

3. « Ананың сүюі»

4. « Залым төреге»

5.Оқушы шығармашылығы «Ұлы ағартушы»

3. «Еңбек сүйген қор болмас» тақырыбына сай Ыбырайдың тәрбиелік мәні зор әңгімелері бойынша көрініс қояды. Тамашалаған оқушылар сын айтып, бағалайды. Ұсынылған тақырыптар:

1. « Әке ме бала»

2. « Талаптың пайдасы»

3. « Атымтай Жомарт»

4. «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш»

4. «Ұлы педагог жолымен...» ойларын ортаға салады.

«Егер де мен...» ойларын бастап, ары қарай жалғастырады.

Егер де мен Ыбырай сияқты сол дәуірде өмір сүрсем...

5. «Ыбырай арманы – ұлттың жарқын болашағы» жоспар бойынша осы тақырыпқа дәлелденген

эссе жазамыз. Дәлелденген эссенің құрылымы:

Позицияның /ойдың/дәлдігі

Себебі...

Сондықтан...

6.Кестедегі бөлімді таңдап «Ыбырай – кемеңгер, ағартушы» тақырыбында жұмыс орындаймыз. /РАФТ әдісін пайдаланамын/


Роль

Аудитория

Форма

Тақырып

1

Жазушы

Мақала

Халыққа

Ыбырай -

2

Ақын

Өлең

Кәсіпкерге

кемеңгер,

3

Күйші

Шығарма

Оқушыға

ағартушы

4

Әнші

Нақыл сөз

Ақынға


5

Әкім

Сурет

Әншіге


6

Мұғалім

Жолдау

Әкімге


7

Тілші

Сұхбат

Көрерменге



Мысалы:

Мен тілшімін. Жұмысымды көрерменге арнаймын.Сұхбат түрінде жазамын /сұрақтар дайындайды/.

Мен ақынмын. Жұмысымды халыққа арнаймын. Өлең түрінде жазамын. т.б


Пысықтау: Оқушылар семинар сабақтың әр бөліміне сараптама жасап, кемшілігі мен нәтижелі шыққан жерлеріне тоқталып, бір-біріне сын айтып, баға береді.

Үй жұмысы: - Әңгімесі бойынша сурет салу

- Дін жайлы пікірлер туралы ойланып, «Мұсылмандық тұтқасы» еңбегін оқу

Қорытынды: Қаншама ой айтылып, пікірлер айтылды. Сабағымызды Елбасының сөзімен қорытындылағым келеді.

« Өз жерінің, өз елінің тарихын, атақты азаматтарын құрметтей білу деген халықтың сана –сезімінің өсуіне себеп болмақ»

Н.Ә.Назарбаев

Бағалау

Қоштасу



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
Саба? жоспары "Ыбырай - кеме?гер,а?артушы"

Автор: Абишева Айнагуль Ахметжановна

Дата: 04.02.2016

Номер свидетельства: 288287


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства