«Т?рлі-т?рлі байлы? бар. Соларды? та?дауын берсе, мен тіл байлы?ын та?дар едім.?йткені тіл байлы?ы – б?рінен де сенімді байлы?» - деп жазушы ?абиден М?стафин айт?андай тіл байлы?ы мол адам на?ыз бай деп айту?а болады.
?р адамны? ?асиеті мен м?дениеті ?з хал?ын, ?зіні? атамекенін ?алай білуімен ?лшенбек. ?ркімні? ?з тіліне деген ??рметті ?з анасына, ?з ?лтына, ?з отанына деген ??рмет деп білу керек.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Сабақтың тақырыбы:«Тіл- әлем есігін ашатын ғажайып кілт».
/Тіл білгірлерінің сайысы/
Мақсаты:
Оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп, мемлекеттік тілімізді сүюге, мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт-дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру;
Оқушылардың ой- өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, жұрт алдында еркін ауыз екі сөйлеуге баулу.
Көрнекілігі: интербелсенді тақта, нақыл сөздер жазылған слайдттар, электрондық ойын таблосы
Тілден артық қазына жоқ,
Тіл артық қасиет жоқ.
Нұрсұлтан Назарбаев
Ойын барысы
/Сахнаға екі жүргізуші шығады/
1-жүргізуші:
Қымбатты ұстаздар, оқушылар, қадірменді қонақтар!
2-жүргізуші:
Бүгінгі білім ордасының шаңырағына қош келдіңіздер!
1-жүргізуші:
«Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың
Жауызтағдыржойдыбәрін не бардың...
Алтын күнненбағасызбірбелгібоп,
Нұрлыжұлдыз, бабам тілі, сен қалдың!»
-деп ақын ағамыз Мағжан Жұмабаев жырлағандай Тәуелсіздігіміздің арқасында қазақ тілі –мемлекеттік тілі болып қабылданды!
1-жүргізуші:
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев"XXI ғасыр қазақ халқының жұлдызы жанатын ғасыр болатынына сенемін"- деп айтқан.
Иә, көп ұлтты қазақ халқы Кеңес Одағы тарағаннан кейін жанжал, қақтығыстардың қатерлі өртіне шалдықпай, тәуелсіз ел атанып, сан алуан қиындықтарды сәтімен артқа тастап, қаз тұрды.
2-жүргізуші:
Бүгінде еліміз өз Тәуелсіздігінің 23 жылдығын тойлауға әзірленуде. Әлемдік өркениет көшінде өзіндік бет-бейнесі, мақтан тұтар мәдениеті, лайықты салт-дәстүрлері бар, бастан кешкен қасірет-қатпары да қалың, дана халқымыздың өміріндегі аса маңызды, тұтас ғасырға белгісіз 23 жылдық кезең аяқталмақ.
2-жүргізуші:
2007 жыл - Қазақ тілін қолдау жылы болды.
Ел тарихы, жер тарихы өзіміз, Болашақтың қасиетті кезіміз. Барлық ұлтпен бауырласып жетелеп, Ақ қараны тіліп тұр сөзіміз.
1-жүргізуші:
9-сынып оқушылары сіздерге тіл туралы нақыл сөздер айтып береді. Қабыл алыңыздар!
2-жүргізуші:
Назарларыңызда 10-шы сынып оқушыларының дайындаған әдеби монтажын тамашалайық!
1-оқушы:
Ана тілім, дана тілім бақытым
Қазақ тілін білу менің парызым.
Тілім менің ұмытылмас тірлігім,
Кім біледі тіліміздің тағдырын.
2-оқушы:
Алаңдатты тіл тағдыры бүгінде.
Сен болмасаң болар ертең күнім не?
Қазақ тілін сүйемін мен жаныммен.
Қазақ болып қалу үшін түбінде.
3-оқушы:
Қазақ тілім бас иемін мен саған
Тілге деген болу керек кең талғам.
Мемлекеттік тілімізді сыйласақ,
Қазақ тілі біздер үшін жаралған.
4-оқушы:
Тіліміздің тарихы бар қол жетпес,
Айтсаң оның тарихына сөз жетпес.
Өткеніне тіліміздің көз жүгіртсек,
Тіліміздің тарихы бар сан жетпес.
5-оқушы:
Тіл деген қасиетті ұғым екен,
Қазақ тілі жырлайтұғын жырым екен,
Ұмытпайық тілімізді ешқашан.
Қасиетін сақтайтұғын сырым екен.
6-оқушы:
Тілім саған әрқашанда бас иемін,
Бар ғой сенің бойыңда қасиетің,
Тіліміз деп әрқашан мақтан тұтқан,
Ұмытпайық бабалардың өсиетін.
7-оқушы:
Мәртебесі тіліміздің биік екен
Қазағыма қазақ тіл боп енген екен.
Тілімізді ұмытпайық әрқашан
Қазақ тіл боп мәңгілікке қалған екен.
1-жүргізуші:
«Тілім менің!
Тілім үшін мың өліп, тірілді елім, Аралыммен арыммен қатар қойып, Тілді қорғау – парызым бүгін менің!»-
дегендей бүгін орыс тілінде оқитын 9«Б» және 10 «Б» сыныптарының оқушылары арасында қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімінің ұйымдастыруымен өткізіліп жатқан қазақ тілі білгірлерінің «Тіл- әлем есігін ашатын ғажайып кілт» сайысын назарларыңызға ұсынамыз!
2-жүргізуші:
«Ақталған ақ арманы, үміттері, Қашан көрсең жүреді күліп тегі. Қаумалаған ағайын, аманбысың, Аманбысың сайыстың үміткері» - дей отырып ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз!
1-жүргізуші:
І-ші топ 9 «Б» сынып оқушыларын қарсы алайық!
2-жүргізуші:
Сахнаға ІІ-ші топ 10 «Б» сынып оқушыларын шақырамыз!
1-жүргізуші:
«Шын жүйрік шабысымен танылады, Нақты білім, терең ой сыналады. Баға берер әділқазы ортамызда, Сіздерге құрметпен қол соғылады»
VІІ-кезең «Ойлы орталық» Капитандар сайысы «Егер мен білім министірі болсам, мен мемлекеттік тілге...» тақырыбы бойынша ой толғау.
1-жүргізуші:
Ұлы ғұлама Пифагор: «Қандай да болсын халықтың әдет-ғұрпын үйренгің келсе, алдымен оның тілін үйрен» -деген екен, міне біз бүгін сіздерге оқу орыс тілінде жүргізілетін сыныптарда «Сөзмерген» атты қазақ тіл білгірлері сайысын көрсеттік.
2-жүргізуші:
Ендігі сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі.
1-жүргізуші:
«Түрлі-түрлі байлық бар. Солардың таңдауын берсе, мен тіл байлығын таңдар едім. өйткені тіл байлығы — бәрінен де сенімді байлық.»-деп жазушы Ғабиден Мұстафин айтқандай тіл байлығы мол адам нағыз бай деп айтуға болады, ендеше барлықтарыңызға байлық тілейміз!
2-жүргізуші:
Болашаққа ұмтылған жолымыз бар, Жарқын өмір тұтқасы қолымызда. Осыменен аяқтайық біз сайысты, Көріскенше аман-сау болыңыздар!
Мұғалім: Сонымен балалар, ойын сабағымыз аяқталды. Ойынның қорытындысын шығару үшін сөзді әділқазылар алқасына береміз. Әділқазылар қорытынды шығарып, жеңген топты марапаттау қағаздарымен марапаттайды. /Музыка ойнап тұрады/
Мінекей, осылайша бүгінгі біздің сабағымыз аяқталды.Барлық қатысқан оқушыларға алғысымды білдіремін.Осы сабақта сендер өздеріңнің алған білімдеріңді, өнерлеріңді көрсете білдіңдер.Сайыс болғаннан кейін жеңген де болады, жеңілген де болады.Келешекте білімдеріңді одан әрі шыңдап, биіктерден көрінетіндеріңе тілектеспін! Сау болыңдар!
Рефлексия: а/ Оқушының сабақ соңындағы көңіл-күйі , сабақтан қандай әсер алғандығы сұралады. /Нені өттік? Нені үйрендік? Нені білдік?/
Пайдаланған әдебиеттер:
1.Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде №1, 2012 жыл., Алматы.
2. Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде №2,2007 жыл., Алматы.
3.Қазақстан мектебі №4, 2008жыл., Алматы.
4. Қазақ тілі мен әдебиеті №10, 2007 жыл., Алматы.