kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Саба?ты? та?ырыбы: «С?з тап?ан?а ?ол?а жо?».

Нажмите, чтобы узнать подробности

     Б?гінгі жас ?рпа?ты сонау замандардан жина?тал?ан ата-бабаларымызды? мол м?расымен сусындату - бізді? міндетіміз. ?лды? батыр, ?ызды? ?депті болып ?алыптасуы, бабалар м?расына байланысты. Демек, бабаларымызды? ?сиетін пайдалана отырып т?рбиелеу болаша? ?рпа?ымызды ?алыптастырады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Саба?ты? та?ырыбы: «С?з тап?ан?а ?ол?а жо?». »

Сабақтың тақырыбы: «Сөз тапқанға қолқа жоқ»

Сабақтың мақсаты: оқушыларды өз ана тілін дамытуға, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың айтқандарын оқытып үйрету, қазақ тілінің мәртебесін көтеру, оқушылардың тез ойланып, жауаптарын тиянақты, жүйелі айта алуға, топ алдында еркін сөйлеуге баулу.

Көрнекілігі: интербелсенді тақта, тіл туралы нақыл сөздер, қабырға газеттері, сызбалар.


Эпиграф

Біле бер, қанша білсең тағы тіле,

Жетерсің мұратыңа біле-біле

Жүсіп Баласағұн



Сабақ барысы.

Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық ахуал.

Жиын залы. «Қазақ осы» әуені орындалып тұрады.Қазақтың ұлттық киімдерін киген ұл-қыздары шығып, қонақтарды қарсы алады.Мұғалім қонақтардың назарын ұлттық киім киген оқушыларға аударады.

Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар! Бүгінгі «Сөз тапқанға қолға жоқ» атты мерекемізге қош келдіңіздер!

Қазақ осы айтатұғын елге сыр,

О, ағайын, халық емес ол кесір.

Қазақ осы ашық-жарқын қабағы

Қонақ келсе шабылып бір қалады.

Қазақ осы дала дейтін, күн дейтін.

Қазақ осы «Өнер алды – тіл» дейтін,

Қазақ осы қарасың ба, ақсың ба,

Қоңырсың ба, жатырқауды білмейтін,- деп Қадыр Мырза Әли ағамыз айтқандай, қазақ даласында өзге ұлт өкілдері татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатыр. Еліміздің әр азаматы өз елін, тілін құрметтеуі – бұл болашақтың жарқындығы, жарықтығы.


Әр топ өз ұрандарымен таныстырып өтеді.

Сайыс кезеңдері:

  1. «Мықты болсаң, тауып көр» /тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын ашу/

  2. «Жүйрік болсаң шауып көр»

  3. «Тапқыр болсаң, талас жоқ»

  4. «Сөз құпиясы»

  5. «Ойлы болсаң, озып көр»



І кезең. «Мықты болсаң, тауып көр».

Мына берілген сызбалар бойынша тұрақты сөз тіркестерін құру, мағынасын түсіндіру.


1/ Құлақ 2/ Қол 3/Майлы

Бет асу Білек тістеу Ыстық

Жақ Бармақ Темір қасық

Ауыз Тырнақ Қалайы



Құлақ асу - тыңдау Бармағын тістеді. Майлы қасықтай.

/ өкіну / /тату/

4/ Күшік 5/ Ажар 6/ Бетінен

Мысық Көңіл тасу Тілінен шықты

Тауық қаптады Бой Аузынан

Ит Қол Басынан


Ит терісін басына қаптады. Көңілі тасу Бетінен оты шықты.



7/Алтын 8/Намыс 9/ Май

Күміс асықтай Иман жүзді Желім

Мырыш Ұят Күйе жағу

Қалайы Ар Қаймақ



Алтын қасықтай Иман жүзді Күйе жағу

ІІ кезең. «Жүйрік болсаң, шауып көр».

Көп тыңдай біл, сөздеріңді таңдай біл,

Ізгі ойларды әр жүрекке жалғай біл! – демекші, сөз кезегін мақал-мәтел айтушыларға берейік...

Халқымыз сөз өнеріне ұқыпты қарап, сөйлеу тілінде мақал-мәтелдерді, нақыл сөздерді көп қолдана білген.

Бұл кезеңде мақал-мәтелдер құрып, мағынасын ашу.


1/ Құс 2/ Ор 3/ Ер

Балапан іледі Құдық Батыр

Торғай Ой түс Дос намыс

Үкі Шұңқыр Сұлтан





1/ Қар 2/Етек 3/ 1

Мұз жанар Жаға тыныс 7 жұт

Су Жең 5

Бұршақ Іні 9

Екінші кезеңнен соң ең аз ұпай жинаған топ ойыннан шығады.

Қоржынымызға әкеп қосарыңыз.

ІІІ кезең. «Тапқыр болсаң, талас жоқ» кезеңін бастайық.

Жақсылық адамның тілегі екен

Тілейтін жақсылықты жүрегі екен.

Дәстүрі қазағымның сарқылмаған,

Жобасын сайыскерлер біле ме екен?

  1. Жаңадан көшіп келген үйге көршісінің ас беруін не дейміз.

  2. Диқандар қауымының күзгі жиын-теріннен кейінгі еңбек жемісін атап өтетін той.

  3. Жас баланың тұңғыш рет атқа мінуі.

  4. Қой күзету кезінде жасалған тағам.

  5. Ересек адамдар қонаққа кетіп, үйде жастар қалғанда тамақ беру.

  6. Жақсы тілек тілеп, ұйықтамай өткізетін түн.

  7. Көптің көмегі.

  8. Аса мәнді жақсылық хабарды жеткізген адамның аузынан шығатын сөз.

  9. Үш жұртты ата.

  10. Құда-құдағиларға құйрық-бауыр ұсынатын себебі.

ІҮ . «Сөз құпиясы».

Зат атауы Мылтық

Салт-дәстүр зергер Садақ қорамсақ

Ұлттық ойын Найза

Зергерлік бұйым Қылыш


Төртінші кезеңнен соң ең аз жинаған топ шығады, яғни екі топтың бірі.

Қоржынымызға әкеп қосарыңыз.

Ү кезең. «Ойлы болсаң, озып көр».

Ең жоғарғы ұпай жинаған топқа тапсырма.


Мақал Жауабы: Мақал қайдан шығады ой болмаса,

Нақыл шығады Киіз қайдан шығады қой болмаса.

Мәтел

Киіз


Көрерменнің ду қол шапалағының арқасында жеңген топты ортаға шақырамыз.


Ата-бабамыздың сан ғасыр ұлы арманы болған, ұл-қыздарымыздың киелі қаны мен беймезгіл қиылған жанының нәтижесінде келген Тәуелсіздігімізді баянды етер басты қаруымыз – тіл.

Сондықтан туған тілімізді шұбарламай, әркез көзіміздің қарашығындай сақтай білу – бүгінгі жас ұрпақ парызы.

Сөз кезегі әділқазылар алқасында. Әділ қазылар әділ шешімін шығарғанша, айтыс ақыны Шынболат Ділдебаевтың «Шындық» толғауын қабыл алыңыздар.

Сөйле тілім, алаңдама тартынба,

Шындықты айтып найзағайдай жарқылда.

Қалай ғана өмір сүрдім дей алам,

Бір ауыз сөз қалмаған соң артымда?!

Шұбарала болып кеткен тілдерің,

Айтатұғын келді бүгін күндерің

Тілің кетсе, күнің қоса кетерін,

Қайран елім, қалай ғана білмедің.

Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,

Ана тілін білмеу қандай заңдылық?!

Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда,

Қазақ тілі жасау керек мәңгілік!!!


. Әділқазылар қорытынды шығарып, жеңген топты марапаттау қағаздарымен марапаттайды. /Музыка ойнап тұрады/

Рефлексия:а/ Оқушының сабақ соңындағы көңіл-күйі , сабақтан қандай әсер алғандығы сұралады.

















Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. «Қазақтың салт-дәстүрлері». Алматы «Өнер», 2006жыл.

  2. «Қазақ тілі мен әдебиеті» .№2. Алматы., 2007 жыл.

  3. «Қазақстан мектебі». №4. Алматы., 2008 жыл.

  4. «Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде» №7. Алматы 2012 жыл.

















Ашамаева Гүлім Жақанқызы



Абай ауданы Ақбастау селосы «Ақбастау ЖББОМ» КММ

қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі



Жұмыстың атауы: «Сөз тапқанға қолқа жоқ»

Жұмыстың түрі:сыныптан тыс шара

Аннотация

Бүгінгі жас ұрпақты сонау замандардан жинақталған ата-бабаларымыздың мол мұрасымен сусындату - біздің міндетіміз. Ұлдың батыр, қыздың әдепті болып қалыптасуы, бабалар мұрасына байланысты. Демек, бабаларымыздың өсиетін пайдалана отырып тәрбиелеу болашақ ұрпағымызды қалыптастырады.

Сыныптан тыс шара ана тіліміздің тұғырының биік болуына негіз қалаған бабаларымыздың айтқандарын оқытып, қазақ тілінің мәртебесін көтеру, баланың жауапты тиянақты, жүйелі айта алуына, таза сөйлеуге, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттырады.

















8



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
Саба?ты? та?ырыбы: «С?з тап?ан?а ?ол?а жо?».

Автор: Ашамаева Гулим Жакановна

Дата: 18.02.2015

Номер свидетельства: 175081


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства