Прокурор сөз алып «қылмыстық оқиғаға» қысқаша шолу жасайды, Қасқырлар мекені. Қараадар сайы. Қасқырдың апаны . Апанда жеті күшік болады, адамдар бес күшікті қарап отырып өлтірді де, ең кішкенесін тірі қалдырды. Кетерде бұның біреуінің тірсегін қиып қалдырды. Тұтқын болып кеткен күшік ауыл тұрғыны болды.Күшікке кішкене Құрмаш Көксерек деп ат қойды. Ертелі –кеш ас құйғыш итаяқ әзірленіп, сол күннен бастап әжесінің қойнынан да шықты. Ауыл иттерінен де қорғады. Бар балалық махаббатын беріп, бағып- қағып асырады. Өстіп асыраған күшігі бейкүнә сәби Құрмаштың өліміне кінәлі болды. Көксеректі жазаға тарту керек деген ұсыныс айтылады.
Ақтаушы сөз алады. Ол өз сөзінде: Көксерек ауыл иттерінен зәбір- жапа шегіп өсті, ауыл адамдарының көбісінен таяқ жеді, олар оның қасқыр екенін біліп аяқпен теуіп, таяқпен ұрып отырды, қанша соққы жесе де қыңқ етпейтін.Бұл уақытқа шейін Көксерек ауыл иттерінен көресені көрді. Бірде- бір ит мұны дос көрмеді, бірақ адамдар арасындағы өмір Көксерек үшін түсініксіз болды, яғни әрбір тіршілік иесінің өмір сүретін өз ортасы, өз қандастары бар. Қасқыр адамдар арасындағы өмірге көндікпейді, ол далада, тау- таста өмір сүру керек, бұл- табиғаттың заңы. Айналаны қоршаған табиғаттың өз заңы, өз ерекшелігі бар. Мысалы, көзін әлі ашпаған Көксерек адамдар арасына келіп тәрбиеленсе де, бөрілік қанына тартып, екі аяқты пендемен өштесіп өсті. Ол қасқырдың мінезі, өзіне тән табиғи қасиеті . Сондықтан да Көксеректі жазалау орынсыз,- дейді.
Прокурор өз сөзінде: Құрмаш Көксеректі бала махабатымен, пәктігімен жақсы көрді,оны тамақтандырып, күтіп, сол үшін, тіпті әжесінің қасынан бөлініп, оны өзінің қасына алып жатты, ауыл иттерінен қорғағады, т.б.Ал Көксерек болса, Құрмаштың жасаған жақсылықтарына зұлымдықпен жауап қайтарды. Осы сөзім дәлелді болу үшін куәгерлерге сұрақтар қоямын.
Куәгерлерге сұрақтар:
1.Құрмаш Көксеректі қалай жақсы көрді, оны қалай тамақтандырды?
2.Көксерек үшін Құрмаш не істеді?
3.Ауыл иттерінен Көксеректі қалай қорғады?
4. Ауыл адамдары Құрмашқа не деді, неліктен оны өлтіруге келіспеді?
Прокурор. Осы кугерлердің сөзінен Құрмаш Көксеректі асыраушысы ғана емес, оны қамқорына алып ылғи қорғап отырды. Ауыл адамдарының еркіне бергенде Көксеректі күшік кезінде –ақ өлтіріп тастайтын еді, Көксерек тек Құрмаштың арқасында ғана тірі қалды.Сондықтан да Көксеректі мен жазықты деп есептеймін.
Сөзді ақтаушы алды. Көксерек жақсылыққа жақсылықпен қайтаруды білмейді. Өйткені ол- қасқыр. Оның жыртқыш аң екендігін білдіретін куәгерлерге бірнеше сұрақтар қоямын.
1.Өсе келе Көксеректің ауыл иттерінен ерекшеліктерінің айқындала түсуінен үлкендер неге күдіктенді?
2. Жазушы Көксеректің дене бітімін қалай суреттейді?
3. Көксеректің ауыл иттерінен айырмашылығы қалай біліне бастады?
4.Көксеректің мінезінде қандай өзгешеліктер көріне бастады?
5. Мұның бәрі Көксеректің тәрбиеге көнетін күшік емес «қанша асыраса да орманға қарап ұлитын бөлтірік » екендігінің дәлелі. Ол өзіне тән мінезіне, табиғи қасиетіне сәйкес әрекет жасады.
Айыпталушы Көксерек сөз алды: Менің адамдарға деген өшпенділігімнің арта түсуіне итермелеген қосымша себептер- адамдар менің ұяластарымды өлтірді, ата- анама туған күн маған да туып, адамдар менің күшіктерімді өлтірді, өзім адам оғына тап болдым, күшік кезімде де екіаяқтылардан әр түрлі соққылар көрдім.
Ақтаушы:Көксеректің өзі келтірген дәлелдерінен басқа оны Құрмашты өлтіруіне себеп не? Қасқырдың өзіне тән мінезі, табиғи қасиеті бар дедік. Сондықтан ол, өзінің ата тегіне тартып, өз иесі болса да Құрмашты өлтірді.
Сот:Бұдан шығатын қорытынды:-Адам, жануар- табиғат жаратылысы, олар өмір сүру үшін, ұрпақ сақтап қалу үшін күреседі. Қасқырлар жыртқыш та болса, тіршілік иесі. Адамдар оны түсіне білу керек еді. Ал, қасқыр апанын бұзу, бөлтіріктерін апаннан алып кету- адамның табиғатқа жасаған қиянаты.
-Әңгімеде адамдар әлемінің қатыгездігін көреміз. Қиянатшы екенін байқаймыз.
-«Ойланбай істеген істің опық жегізетінін»білеміз. Құрмаш екі рет үлкендер ескертіп, Көксеректі соймақшы болғанда көнбеді. Үлкендер де ертеңді ойламай арланның өсіп, жыртқыш болуына бар жағдай жасайды.
Адвокаттар кеңесінің тұжырымы: Құрмаш өліміне басты кінәлі Көксерек емес, адамдардың өздері кінәлі.
Сот үкім шығарады: Құрмаш өліміне адамдардың өзі, қатығездігі, ойсыздығы кінәлі. Көксерек біріншіден, тегіне тартып өлтірсе, бір жағынан оны мұндай қылыққа итермелеген- адамдардан көрген зәбір-жапасы. Адамдар «Еккенің тікен болса, орғаның балауса болмас», «Жаманға айтқан сөз суға жазған хатпен тең» деген Әуезов сөздерін ескермеген. Көксерек күшік емес бөлтірік. «Бөрі бөрілігін істейді». «Қасқырдың баласын қанша асырасаң да, орманға қарап ұлиды» деген ата-баба даналығына сүйене отырып және Көксеректің табиғат заңдылығына сәйкес әрекет еткенін ескере отырып, оны жазадан босатамыз.