kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Саба?ты? та?ырыбы: «Кім ж?йрік»

Нажмите, чтобы узнать подробности

    Сыныптан тыс  шара ана тілімізді? т??ырыны? биік болуына негіз ?ала?ан бабаларымызды? айт?андарын о?ытып, ?аза? тіліні? м?ртебесін к?теру, баланы? жауапты тияна?ты, ж?йелі айта алуына, таза с?йлеуге, ?з ?лтына, еліне деген с?йіспеншіліктерін арттырады.

     Ма?саты: Ана тіліні? адам ?міріндегі алар орнын, ?рлер биігін таныту,?лтжандылы??а, ту?ан елін, жерін, тілін, д?ст?рін ??рметтеуге Отанын с?юге т?рбиелеу.

      Міндеттері:

  • ой-?рісін, д?ниетанымын  ке?ейту;
  • с?здік ?орын молайту
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Саба?ты? та?ырыбы: «Кім ж?йрік» »

Сабақтың тақырыбы: «Кім жүйрік»

  • Сабақтың мақсаты: ана тіліміздің қадір қасиетін ұғындыру, туған тілдің тұғырынығ мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың айтұандарын оұып үйрену, тіліміздің мәртебесін көтеру, оқушылардың ой өрісін кеңейту, еркін сөйлеуге үйрету, сөздік қорларын молайту.


Көрнекілігі: интербелсенді тақта, тіл туралы нақыл сөздер, қабырға газеттері, сызбалар.


Эпиграф

«Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады»

Ахмет Байтұрсынұлы

Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық ахуал.

Жиын залы. (баяу cарында музыка ойнап тұрады).

Жүргізуші:

Қайырлы күн, құрметті білімге құштар шәкірттер, қымбатты ұстаздар!

«Сүйемін туған тілді - анам тілін,

Бесікте жатқанымда - ақ берген білім»

деп Сұлтанмахмұт Торайғыров бекер жырламаған. Ана тілі ананың ақ сүтімен, ананың әлдиімен, бесік жырымен құлаққа сіңіп, бойға дариды. Біздің Отанымыз байтақ та бай ел. Елімізде көптеген ұлт өкілдері тұрады.

Қадыр Мырзалиев былай деген:

«Ана тілің арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте!»


  • Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар!

Бүгінгі «Кім жүйрік» атты мерекемізге қош келдіңіздер!


«Түрлі-түрлі байлық бар. Солардың таңдауын берсе, мен тіл байлығын таңдар едім.Өйткені тіл байлығы – бәрінен де сенімді байлық» - деп жазушы Ғабиден Мұстафин айтқандай тіл байлығы мол адам нағыз бай деп айтуға болады.

Әр адамның қасиеті мен мәдениеті өз халқын, өзінің атамекенін қалай білуімен өлшенбек. Әркімнің өз тіліне деген құрметті өз анасына, өз ұлтына, өз отанына деген құрмет деп білу керек.

Шақырамыз келіңздер жарысуға,

Өнер білім шыңымен алысуға.

Бар білімді салайық ортамызға,

Қанеки кім жүйрік бұл сайыста.


Сайысты бастамас бұрын оқушыларды ортаға шақырайық. Оқушылар, сайыс бес кезеңнен тұрады.


Сайыс кезеңдері:

  1. «Жүйрік болсаң, жетерсің биік шыңдарға» / сұрақтарға жауап беру/

  2. «Зерделі болсаң, айтарың жетер тыңдарға» / Берілген сөздерден мақал мәтел және тұрақты сөз тіркестерін құрау/

  3. «Ойлы болсаң, ойлан, ізден, тауып көр» / берілген әріптерден сөз құрастыру/

  4. «Жылдам болсаң, тұрма, тездет, жауап бер» / кестедегі буындардан түстерге сөз құрастыру, ол сөздерді қатыстырып мақал құрау./

  5. «Тапқыр болсаң, шешуін сен тауып бер» / ребус шешу/



І кезең. «Жүйрік болсаң, жетерсің биік шыңдарға».

Оқып ана тілімді,

Болып өсем білімді.

Өз тіліммен жеткізем

Жүректегі үнімді.

- деп жырлауға лайық ғажап тіл. Тіл туралы қаншама сөз айтсақ та тауыса алмаспыз. Сайысымызды бастайық!

Әр сайыскер ұяшықты таңдап, онда жасырынған сұраққа жауап беріп, ұяшықтың сыртындағы ұпайды иеленеді.

Дұрыс жауап бермеген жағдайда екінші сайыскерге мүмкіндік беріледі.


1. Тұңғыш қазақ ғарышкері кім? (Тоқтар Әубәкіров)

2. Тұңғыш әліппе жазған кім? (Ахмет Байтұрсынқлы)

3. Бие сүтінен жасалатын емдік сусын. (қымыз)



4.Бес дұшпанды ата. (өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)

  1. Желтоқсан қозғалысы қай жылы, қай айда болды? ( 1986 жылы 16- желтоқсанда)

  2. Бәйтеректің биіктігі неше мерт? ( 97 метр)



ІІ кезең. «Зерделі болсаң, айтарың жетер тыңдарға».



1/ Төбесі 2/ Өкпесі 3/ Бал

Аузы жетті Жүрегі шықты Шекер

Бойы Қолы Алма тамған

Мұрны Көзі Алмұрт



4/ Жылқыға 5/ Қой 6/ Бармақ

Тайға Ат ойнайды Саусақ қалу

Қойға басқандай Түйе Алақан

Сиырға Ешкі Қол


Жауабы


1. Төбесі көкке жетті - қуанды.

2. Бармағына бал тамған - шебер.

3. Ат құлағында ойнайды - атқа жақсы отырады.

4. Жүрегі тас төбесіне шықты - қорықты.

5. Тайға таңба басқандай - анық.

6. Бармақ шайнап қалу - өкіну.


Екінші бағандағы сөзге қатысты сөзді бірінші бағаннан тауып мақал - мәтел құрастыру.


Жауабы


Оқу инемен құдық қазғандай.

Жүз теңгең болғанша,

Жүз досың болсын.

Ақыл - тозбайтын тон,

Білім - таусылмайтын кен.

Оқу- білім бұлағы,

Білім- өмір шырағы.

Еңбек түбі береке,

Көптің түбі мереке.

Мал өсірсең қой өсір,

Өнімі оның көл- көсір.


ІІІ кезең. «Ойлы болсаң, ойлан, ізден, тауып көр»


М

Д

Т

Л

З

Ы

С

А

Н

Ғ

П

Қ

Б

А


IV кезең. «Жылдам болсаң, тұрма, тездет, жауап бер»

Көп тыңдай біл, сөздеріңді таңдай біл,

Ізгі ойларды әр жүрекке жалғай біл! – демекші, аумақты ойды бір ауыз сөйлемге сыйдыратын мақал-мәтелдер айтушыларға берейік...

Халқымыз сөз өнеріне ұқыпты қарап, сөйлеу тілінде мақал-мәтелдерді, нақыл сөздерді көп қолдана білген.

Бұл кезеңде мақал-мәтелдер құру, мағынасын ашу.


Қы

Ры

Са

Зыл

Қо

Ра

қа

ңыр



Тө

Ке

Ә

Гі

Сә

Сек

сүл

та


Жауабы

Қызыл, қара - қызыл сиырым қарап тұр,

Қара сиырым жалап тұр.


Төсек өз үйім, өлең төсегім.

Әке көрген оқ жонар.


V кезең. «Тапқыр болсаң, шешуін сен тауып бер»

Оқушыларға тақтадан әр түрлі ребустар беріледі.

,,, ,, , , 3



Ф , ,, ,,

Ф,, ,, 50 ,, ,



Ата-бабамыздың сан ғасыр ұлы арманы болған, ұл-қыздарымыздың киелі қаны мен беймезгіл қиылған жанының нәтижесінде келген Тәуелсіздігімізді баянды етер басты қаруымыз – тіл.

«Өмірдің кез келген орайында әрі қару, әрі қалқан болған, әрі байлығы. Әрі мәңгі жас, отты да ойнақы «Ана тіліміз» деп Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, отты да өткір ана тілімізді қастерлей білейік!

Жарыс заңы ежелден:

Жеңімпазды анықтау.

Жеңімпаз болу шарты сол:

Еңбектену, жалықпау!

(сайыс қорытындысын әділқазылар анықтайды).

Хор: «Анамның тілі»


Әділқазылар қорытынды шығарып, жеңген топты марапаттау қағаздарымен марапаттайды. /Музыка ойнап тұрады/

Рефлексия:а/ Оқушының сабақ соңындағы көңіл-күйі , сабақтан қандай әсер алғандығы сұралады.



























Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. «Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде» №7. Алматы 2012 жыл.

  2. «Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар»№ 3 Алматы. 2014 жыл.

  3. . Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде №2,2007 жыл., Алматы.

  4. 3.Қазақстан мектебі №4, 2008жыл., Алматы.

  5. 4. Қазақ тілі мен әдебиеті №10, 2007 жыл., Алматы.





9



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Саба?ты? та?ырыбы: «Кім ж?йрік»

Автор: Жумабаева Нургуль Болатовна

Дата: 18.02.2015

Номер свидетельства: 175099


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства