Просмотр содержимого документа
«Саба?ты? та?ырыбы: «?аза?стан суретшілері» »
Қазбекова Аманкүл Хамзеқызы
Астана қаласы № 15 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: «Қазақстан суретшілері»
Сабақтың мақсаты: «Қазақстан суретшілері» модулі бойынша оқушылардың алған білімдерін тексеру, ойды жүйелеп айту дағдыларын қалыптастыру.
Міндеттері: - өткен лексикалық тақырыптарды еске түсіру;
сөздік қорларын дамыту;
сурет бойынша өз ойларын сауатты жазуға дағдыландыру;
шығармашылық қабілеттерін дамыту;
бір әрекеттен екінші әрекетке аудара білуге жұмылдыру;
суретшінің дарыны, адамгершілік, еңбексүйгіштік, отансүйгіштік қасиеті арқылы оқушылардың бойына осы қасиеттерді қалыптастыру:
эстетикалық сезімдерін ояту;
ой – өрістерін кеңейту.
Сабақтың түрі: қайталау сабағы
Сабақтың әдіс – тәсілдері: сұрақ – жауап, топтық және жеке жұмыстар, практикалық, көрнекілік, баяндау
Сабақтың көрнекіліктері: интерактивті тақта, слайд, суретшілер портреттері, суретшілер туындылары
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Сабақтың мақсатымен таныстыру: әр түрлі тапсырмалар орындата отырып, сендердің : «Қазақстан суретшілері» модулі бойынша алған білімдеріңді, есте сақтау қабілеттеріңді тексеру.
ІІІ. Ой қозғау(қызығушылықты ояту)
Қызықтырып өнерге,
Жетелейтін баланы.
Ұлттық өнер емес пе,
Дамытатын сананы.
Бұл өлең жолдары не туралы?
Өнердің қандай салалары бар?
қолөнер
сәулет
балет
өнер
театр
саз
кино бейнелеу
IV. «Қазақ бейнелеу өнері тарихынан» тақырыбы бойынша блиц сұрақтарға жауап беру.
Қазақ бейнелеу өнері деген қандай өнер?
Қазақ бейнелеу өнерінің ежелгі түрі?
Қазақ бейнелеу өнерінің бастауында кім тұрды?
Қазақ бейнелеу өнерінің кәсіби шеберлерін даярлайтын студия нешінші жылы ұйымдастырылып, онда кімдер сабақ берді?
Қазақ бейнелеу өнері шеберлері алғашқы қадамдарын қай жылдары жасады?
Қазақстан суретшілерінің кәсіби шеберлікті тез игеруіне кімдер көмектесті?
Қазақ бейнелеу өнері шығармаларының алғашқы көрмесі қашан және қай қалада ұйымдастырылды?
Қазақстан суретшілерінен кімдерді білесіңдер?
V. «Қазақ суретшілері» тақырыбы бойынша слайд презентация қорғау.
VІ.Сергіту сәті. Полиглот ойыны. Мақал – мәтелдердегі жоғалған сөздерді тауып, орыс, ағылшын, француз тілдерінде айту.
... өрге жүзеді. (өнерлі)
Өнерлі ... сүйкімді. (бала)
Өнер – таусылмас азық, сарқылмас ... . (байлық)
Өнерді ... де жирен.(үйрен)
... алды – қызыл тіл. (өнер)
...дың он қолы бар. (өнерпаз)
... ... – кілемде. Сөз өнері – өлеңде.(қол өнері)
Өнер көзі - ...та.(халық)
...дің қолы – ортақ,
Шешеннің тілі ортақ. (шебер)
Ата өнері - балаға ... .(мұра)
VІІ. Тақырып бойынша диалог құру.
VІІІ. Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайына саяхат жасау.
ІХ. Ә.Қастеев туындыларының бірі бойынша шағын эссе жазу.(«Жас Абай» портреті, «Медеу мұз айдыны»
Х. Сабақ қорытындысы.
ХІ. Бағалау.
ХІІ.Үй тапсырмасы: «Менің сүйікті суретшім» тақырыбына шығарма жазу.