Просмотр содержимого документа
«Саба?ты? та?ырыбы: Дулат Исабаков «?пке» драмасын о?ыту»
Сабақтың тақырыбы: Дулат Исабаков «Әпке» драмасын оқыту
Сабақтың мақсаты:
1.Шығарманың мазмұнын талдай отырып, «Әпке» драмасындағы кейіпкерлерге сипаттама беру.
2.Балалардың өз пікірін қорғай білуге үйрету, іздендіру арқылы өз пікірін қалыптастыру, сахналық көріністе ролдік ойындарды ойнай алу қабілетін арттыру.
3.Оқушыларды адамгершілікке, отбасына қамқор болуға тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс- тәсілі: сұхбаттасу, драмалық көрініс
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Пәнаралық байланыс: жаратылыстану
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру.
2.Үйге берілген тапсырманы сұрау.
3.Жаңа сабаққа дайындық:
1. Драмалық шығарма дегеніміз не?
2. Дулат Исабеков қай жылы қай жерде туылды? Өмірбаянына қысқаша тоқталу
3. Дулат Исабековтың шығармашылық жолы туралы не білесің?
4. Дулат Исабековтың пьесалары туралы не айтар едіңдер?
Дулат Исабеков кім, оның өмірбаянына қысқаша шолу жасау.
Исабеков Дулат 1942 жылы 20 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданында туған. Жазушы, драматург. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген (1966). Қазақ КСР Телевизия және радиохабар жөніндегі мемлекеттік комитетінде аға редактор (1967-1968), Қазақ Совет энциклопедиясы бас редакциясында аға ғылыми редактор (1968-1970), «Жұлдыз» журналында бөлім меңгерушісі (1971-1976), «Жалын» баспасында редакция меңгерушісі (1976-1980), Қазақ КСР Мәдениет министрлігі репертуарлық-редакциялық коллегияның бас редакторы (1980-1988), Қазақ теледидарының бас директоры (1988-1992), «Жазушы» баспасының директоры, (1992-1995) Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы болып істеген. «Ректордың қабылдау күндері» (1975), «Әпке» (1977), «Ертеңді күту» (1979), «Мұрагерлер» (1982), «Алыстан келген ананас» (1984), «Кішкентай ауыл» (1986), «Анасын аңсаған қыз», «Ескерткіш операциясы», «Ескі үйдегі екі кездесу», т.б. пьесалары республикалық, облыстық театр сахналарында қойылды. Таңдаулы пьесалар жинағы «Жеті желкен» деген атпен 1987 жылы жарық көрді. Жекелеген туындылары бойынша «Гауһар тас», «Дермене», «Тауқымет» көркем фильмдері түсірілді.
«Әпке» пьесасынан үзіндіге қысқаша түсінік беру
4.Сахналық көрініс (драмалық шығармадан бір бөлімінен сахналық қойылым қойылады)
Шығарма неге “Әпке” деп аталған?
Қамажай іні-сіңілілерін бағып - қағуда қандай қиындықтардан өтті?
Қамажай бейнесі сендердің саналарыңда қандай із қалдырды?
Неге жеке басының бақытынан бас тартты?
Бауырларына аналық жылу бере алды ма?
Пьесада жақындар арасында сырт көзге шалына бермейтін нәзік қарым- қатынас, бір- бірімен сыйластық қалай көрініс тапқан?
Ағайындылардың және олармен араласатын адамдарының көз-қарастарынан не түйдіңдер?
Сендердің ойларыңша, қай кейіпкер өзінің жеке адамға тән парасат биігінен көрінді ?
Отбасының қоғам алдындағы азаматтық борышы дегенді қалай түсінесіңдер?