Этот урок знакомит учащихся с развитием периодической печатью в Казахстане, с ее первым основоположником Бекхожином К.Н.Газеты и журналы знакомят с жизнью своей страны, освещают главные события страны, учит быть воспитанными и грамотными. Журналисты проводят пресс-конференции.Газеты бывают республиканского, областного и районного значения.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Саба?ты? та?ырыбы: " Баспас?з- ?мір айнасы" »
Балжанова Сәуле Тұнғатқызы,
Ақмола облысы, Есіл қаласының №2 орта мектебінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі.
Сабақтың тақырыбы: Баспасөз- өмір айнасы.(слайд 1)
Сабақтың мақсаты:(слайд 2)
1.Білімділік.
«Баспасөз- өмір айнасы» мәтіні арқылы оқушыларға баспасөз жөнінде толық мағлұмат беру. Мәтіндегі негізгі ойды анықтау.
2.Дамытушылық.
Қосымша мәліметтер, ақпараттар арқылы білімдерін тереңдетіп, сөз қорын байыту.Ойлау қабілетін дамыту, өздігінен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру. Газет- журналдар оқуға баулу.
3.Тәрбиелік.
Жан-жақты дамыған, парасатты, мәдениетті, оқыған, елдің бірлігін, ынтымағын қорғайтын азаматтар тәрбиелеу.
II.Үй тапсырмасын пысықтау. Жай сөйлемнің түрлері. Енді біз сендермен « Венн диаграмма» арқылы жалаң және жайылма сөйлемдерге сипаттама бере отырып, мысал келтірейік. Венн диаграммасы бойынша жұмыс істеу барысын сендер білесіңдер. Сол жақ дөңгелекке: жалаң сөйлемнің ерекшелігін, оң жақ дөңгелекке жайылма сөйлемнің ерекшелігін, ал қиылысып жатқан жеріне ортақ белгілерін жазамыз. Бұл әдіс салыстыру үшін қолданылады.
Венн диаграммасы.(флипчарт).
Мысалдар: Мен оқып отырмын. Алма газет оқығанды жақсы көреді.
Газеттен мақала оқимыз. Уақыт жоқ..
Жаңа сабақ: XXI ғасыр ақпарат ғасыры болып есептеледі. Бұл ғасыр білімді, дамыған адамдарды қажет етеді. Қоғамда болып жатқан өзгерістерді дұрыс қабылдау үшін біздің өмірімізде баспасөздің алатын орны ерекше.
Дәлел ретінде 2006 жылдың 1- наурыздағы Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы» жайында газет-журнал беттерінен оқыған боларсыңдар. Оның іске асырылуы барысында елде болып жатқан өзгерістер де осы баспасөз беттерінен орын табады.
Ақпарат- істің жағдайы, қандай да болмасын оқиға немесе біреудің қызметі туралы хабарлау, мәлімет беру.(слайд 3)
Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы Заңында былай делінген: «Қазақстан Республикасы баспа басылымдары мен бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік тілдің, басқа да тілдердің қолданылуын қамтамасыз етеді.
Қажетті тілдік ортаны жасау және мемлекеттік толыққанды қолданылуы мақсатында, олардың меншік нысанына қарамастан, телерадио арналары аарқылы берілетін мелекеттік тілдегі хабарлардың көлемі уақыт жағынан басқа тілдерді хабарлардың жиынтық көлемінен кем болмауы тиіс.(слайд 4)
Жаңа сабағымызға көшпес бұрын біз сендермен «Баспа», «Баспасөз», «Баспахана» сөздерінің мағынасын түсініп алайық..
1.Баспа- кітап, газет-журналдарды басып шығаратын мекеме.
2. Баспасөз- баспаханадан күнделікті және дүркінді шығатын газет-журнал.
3.Баспахана- кітап, газет-журналдарды басып шығаратын өндіріс орны.(слайд 5)
Қазақстандағы қазақ тіліндегі тұңғыш басылымдар «Түркістан уәлаятының газеті(1870-1882), «Дала уәлаятының газеті» (1888-1902) болып есептеледі.(слайд 6)
Қазақ баспасөзінің тұңғыш зерттеушісі.(слайд 7)
Бекхожин Қайыржан Нұрғожаұлы (1910-1979)-қазақ баспасөзін зерттеуші ғалым, тарих ғалымдарының докторы, профессор.
Бекхожин-60- тан астам ғылыми мақала мен «Қазақ баспасөзінің даму тарихы» атты монографиялық кітаптың авторы.
Бекхожиннің «Қазақ баспасөзі тарихының очеркі» деп аталатын екінші монографиялық еңбегі өзі қайтыс болып кеткеннен соң, 1981 жылы «Мектеп» баспасынан басылып шықты.
Баспахананадан шығатын газет- журналдар мерзімдік басылымдарға жатады. Мерзімдік басылымдар бұқаралық ақпарат құралдары деп аталады. Газет-журналдардың адам өмірінде алатын орны зор.(интерактивтік тақтамен жұмыс- газет-журналдарды көрсетіп, сипаттама беру).(слайд 8)
Ахмет Байтұрсыновтың газет туралы айтқан 4 қағидасы бар.
Бірінші: газет-халықтың көзі, құлағы, тілі.
Екінші: газет- жұртқа қызмет ететін нәрсе.
Үшінші: газет-халыққа білім таратушы.
Төртінші:газет-халықтың жоқтаушысы.(слайд 9)
Газет- мерзімді, уақытша не бір рет қана шығатын басылым. Оның ағымдағы саяси, мәдени, экономикалық, спорттық, т.б. оқиғалар туралы шағын көлемді материалдары мен фотодеректері түптелмейтін әр түрлі қалыптағы парақтарға басылады.
Олардың түрлері өте көп.( слайд 10)
Газеттің түрлері.
Саяси
көзқарасына қарай.
Меншіктігіне
қарай.
Мерзіміне
қарай.
Аймақтық
принципине
қарай.
1.Ресми
2.Тәуелсіз
1.Жекеменшік
2.Мемлекеттік
3.Қоғамдық
4.Арнаулы
5.Партиялық
1.Күнделікті
2.Апталық
1.Республикалық
2.Облыстық
3.Қалалық
4.Аудандық
Осы ақпарат, газет- журналдарда шығатын мәліметтер не арқылы жиналады?(сөз арқылы).
Сөз туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?
Жүйелі сөз- жүйесін табар,
Жүйесіз сөз- иесін табар.
2. Сауатсыздың сөзіне сүрініп құларсың.
3.Қаланың жаңалығын даладағы ел бұрын естиді.
4. Дерексіз сөз- нанымсыз.
Қазақтың1. « Көп сөз- көмір, аз сөз- алтын»,
2. «Көп сөйлеген я жолдасынан,
я құрдасынан айрылады»,
3. «Жақсы байқап сөйлейді, жаман шайқап сөйлейді»,
4. «Аңдамай сөйлеген- ауырмай өледі», т.б. мақалдарында
сөйлеудің алуан түрлі сипаттары тамаша бейнеленген. Осы
мақалдар қандай мағынаны білдіреді?
Абайлап сөйлеу- ақылдық , инабаттылық белгісі.
Ал, енді жоғарыда айтылған ақпараттарға байланысты кітабымыздың 91- беттегі «Баспасөз- өмір айнасы» мәтінімен жұмыс жүргіземіз.
Алдымен жаңа сөздермен танысайық:
(слайд 11)
баспасөз- пресса
өмір айнасы- зеркало жизни
мерзімдік басылым- периодическое издание
бұқаралық ақпарат құралдары-средства массовой информации
оқиға-событие
мақала-статья
мәлімет-сообщение
алатын орны-занимает место
жайлар-обстоятельства
хабардар болады- знающие, осведомлённые
жасөспірімдер-подростки, юноши
айдар-рубрика
атақты адамдар жайында- об известных людях
көптеген газеттерде- во многи х газетах
Мәтінмен жұмыс. 91 бет- Баспасөз- өмір айнасы.1. Сұрақтар қоямыз.2.Мазмұнын айтамыз.Тірек сызба арқылы әңгімелейміз.
Сұрақтарға жауап беру.(жазбаша)( слайд 12)
1.Отбасың қандай мерзімдік басылымға жазылады?
2.Өзің тұратын өңірде қандай жергілікті газет басылып шығады?