kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

С.Мұратбеков "Қылау"

Нажмите, чтобы узнать подробности

С.Мұратбеков "Қылау" әңгімесі  ІІ  сағаты

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«С.Мұратбеков "Қылау"»

Әдебиет

09.03.17

6а-сынып

Сабақтың тақырыбы

С. Мұратбековтың «Қылау» әңгімесі

Жалпы мақсаты

Ақынның өмір жолын, шығармашылығын жан- жақты зерттеу, бүгінгі күн тақырыбымен байланыстырып, балаларды ақынның әңгімесімен ой бөлісуге, сөйлеуге талдау пікірлерін қалыптастыру.

Күтілетін нәтижелер

- Теориялық білімдерін практикамен ұштастырады

-Өз бетімен жұмыстануға дағды қалыптасады.

-Тапсырмалар арқылы өз ойын сауатты, анық жеткізеді.

- Ақынның шығармаларын салыстыра отырып талдай алады.

Сабақ түрі

Жаңа сабақ

7 модульдің қолданылуы

АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Топтық  , ұжымдық, ізденіс- шығармашылық , баяндау, талдау, жинақтау, зерттеу.

Қолданылатын ресурстар

Флипчарт, маркерлер, портреттер, тақта, стикерлер,

Сабақтың барысы Сыныппен байланыс орнату . Психологиялық дайындық:

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды сабаққа жұмылдыру, жағымды көңіл-күй туғызу, ынталандыру.

-Оқушыларды түстің түрлері арқылы 3 топқа бөлемін.

Топ басшысы бағалау парақшаларына бағалау жүргізіп отырады.

Бағалау парағы

Әр толық жауапқа - 2 ұпай

1.Үй тапсырмасына дайындығы -2 ұпай

/Ойтолғау , сұрақ- жауап/

2.Жаңа тақырып мазмұнының ашылуы -2 ұпай

/Миға шабуыл/

3. Қойылған сұрақтарға жауаптарының толықтығы-2 ұпай

/Білгенге маржан.» Жуан, жіңішке сұрақтар/

4. Пікір айту дағдысы -2 ұпай

/Ұшқыр ойдан, ұтымды жауап /

5.Топта өз идеясын қосу-2 ұпай

10-9 ұпай - «5» баға

8-6 ұпай - «4» баға

6-5 ұпай - «3» баға

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Ойтолғау , сұрақ- жауап

1.Роботтардың жаңа шыққан маркасын не деп атаймыз?

2.Ғарыштың сонау түкпірінен арнайы сіздер , адамдар бар деп келдік. Кімнің сөзі?

Зейін қою жауапкершілікті

сезінуі

Өткен материалды еске түсіріп, қорытындысын айтады.



Тұсаукесер

ІІ.Қызығушылықты ояту.

Адамның басшысы –ақыл,

Жетекшісі- талап,

Шолушысы – ой,

Сынаушысы- халық,

Қорғаушысы- сабыр,

Қорғанышы- мінез,

Ең қымбаттысы- ар,

Таусылмайтын – арман,

Барлығынан ардақтысы- өмір

Білу, түсіну аясында сұраққа жауап берді.

Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы, ынтасы оянады

Негізгі бөлім

-Балалар ақыл, талап , ой, халық, сабыр, мінез, ар, арман, өмір...

Адамның мінез-құлқы мен іс-әрекеттеріндегі адалдық, сезімталдық, бауырмалдық , қайырымдылық қасиеттер суреттеледі.

- Оқушылар, біз бүгін Сайын Мұратбековтің «Қылау» әңгімесін оқимыз. Сендер бұрын оның қандай шығармаларын оқыдыңдар? Кәне кім айтады?

-Балалар сәл шегініс жасап, ақынның қысқаша өмір жолын толықтырамын.

Сайын шығармаларының басты тақырыбы- адамгершілік, жан дүниесінің сұлулығы».

Сайын Мұратбеков 1936 жылы Алматы облысының Қапал ауданындағы Қоңыр ауылында дүниеге келген. «Менің қарындасым», «Басында Үшқараның», «Дос іздеп жүрмін», «Жабайы алма», «Кәментоғай», «Көкорай», «Ауыл оты» сияқты әңгіме-повестер жинақтарының авторы.

С. Мұратбеков шығармаларында соғыстан кейінгі қазақ ауылының тыныс-тіршілігі шынайы да көркем суреттеледі. Оның кейіпкерлерінің жан дүниесі романтикаға толы, сыршыл болып келеді.

«Кітап – досың, ақылшың» (Миға шабуыл) «Жигсо» (15 минут)

Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді: Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, ашады Топ мүшелері әдеби шығарманың оқиғасын желілі түрде көркемдеп әңгімелейді. 

«Білгенге маржан.» Жуан, жіңішке сұрақтар.

1 - топ
1. Таң азанғы әке даусы Сатайдың құлағына неліктен жағымсыз естілді?
2. Әке ақылы Сатайды неге ызаландырды, сендер де ересектердің ақыл сөзін солай қабылдайсыңдар ма?
2- топ

1. Өлім мен өмір туралы Сатайдың ойлауына не түрткі болды, ол ненің белгісі деуге болады?
2. Сатайдың сезімталдығы мен жайдарылығы, қайырымдылығы оның қандай әрекеттерімен байқалады?
3-топ

1.Рабиғамен келе жатып қасқырды көргенде Сатайдың айғайға басуы, оның батырлығы ма, мақтаны ма, не деуге болады?
2. Сатай Рабиғаға деген алғашқы балаң сезімін қалай білдіреді, оның үлгілі жағы неде?
Сөздікпен жұмыс:

Қылау – қыста сілбіреп жауатын ұлпа, майда қар.

Шәугім – су қайнататын темір ыдыс.

Ішік – қазақтың ұлттық киімдерінің бірі, оны әр түрлі аң терілерінен тігеді, сырты матамен тысталады.

Зират – дүниеден өткен адамдардың жатқан жері

«Ұшқыр ойдан, ұтымды жауап»

Әр тірек сөз бойынша бір оқушы шығады. Берілген тірек сөз бойынша білімді өз бетінше қолданады.

1. Сатай.....

2. Рәбиға.......

3. Қасқыр........

4.Қорқыныш

Сергіу сәті: Мақал-мәтелдерді жалғастыр:

1.Адамның ұяты бетінде,

Адамгершілігі .............. . (ниетінде)

2.Қайырымдылық жасасаң,

Қайырын өзің .............. . (көрерсің)

3.Жақсылық етсең, .................... . (жарты етпе )

4.Әдептілік белгісі - ................... . (иіліп сәлем бергені)

Дәптерлеріне күн жадынын жазады.

Қорытынды

Сұрақ:

-Әке ақылын Сатай қалай қабылдады?

-Өлім мен өмір туралы Сатайдың ойлауы дұрыс па?

-Қасқырды көргенде Сатай қандай әрекетке барды?

Рефлексия

Шығарма несімен ұнады?

Сабақтан алған әсерің?




Неліктен мұндай баға қойғаны туралы өз ойларын айтып шығады.

Бағалау

(Оқушылар өзара бағалайды)

Топ басшысы бағалау парақшаларына бағалау жүргізіп отырады.

Бағалау парағы Әр толық жауапқа - 2 ұпай



Үй тапсырмасы

1. «Қылау» әңгімесін түсініп оқып келу.

2.Достық, адамгершілік, қайырымдылық туралы мақал-мәтелдер жазып келу. 









БҚО облысы, Орал қаласы, А.Тайманов атындағы № 34 мектеп-гимназиясы

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі : Уразова Акжаркын Кабдоловна














Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
С.Мұратбеков "Қылау"

Автор: Уразова Акжаркын Кабдоловна

Дата: 10.05.2017

Номер свидетельства: 414158


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства