kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

С.Аронұлы "Жақса мен жаман адам қасиеттері"

Нажмите, чтобы узнать подробности

С.Аронұлынның    өлеңдерін  оқу, талдау

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«С.Аронұлы "Жақса мен жаман адам қасиеттері"»

Сабақ тақырыбы Үстеу туралы түсінік


Жалпы мақсаты
Грамматикалық белгілерін ұғындыру, кестелер арқылы түсіндіру, ұжымдық жұмыс жасау барысында тапсырмалар орындау арқылы тақырыпты меңгерту

Күтілетін нәтиже

1.Оқулықтағы жаттығуларды орындайды
2.Шығармашылық тапсырмалармен жұмыстанады.
3 бір-біріне . сұрақтар қояды
4. Ізденеді
5.Талдаудың барлық түрлерін меңгереді
6. Өмірмен байланыстырады

Негізгі идеялар
Грамматикалық белгілерін ұғындыру, кестелер арқылы түсіндіру, ұжымдық жұмыс жасау барысында тапсырмалар орындау арқылы тақырыпты меңгерту
Ресурстар
Плакат, кеспелер, суреттер, оқулық

Тапсырмалар
Топтық, жеке жұмыс;
Диалогтық оқудағы диалогтік әңгіме; сұрақ- жауап;
жауапты толықтыру; топта пікір алмасу; Қызығушылықты ояту.

I. Ұйымдастыру кезеңі 2 минут
1.Сергіту сәті. Сандар арқылы 4 топқа бөлу
II. Үй тапсырмасын пысықтау Қызығушылықты ояту.
«Жіңішке, жалпақ сұрақтар» стратегиясы.
1. Тұйық етістіктің жұрнағы қандай?
2.Әрі есім, әрі етістік болатын етістік түрін айт.
3. Қимыл-іс әрекет пен оны жасаушы арасындағы байланыс не деп аталады?
4. –ды, -ді,-ты, - ті жұранғын қажет ететін етістік қай етістік? 1. Тұйық етістіктің жұрнағы неге жалғанады?
5. Есімшенің жұрнақтарын ата.
6. Етіс деген не, оның түрлерін ата.
7. Сабақты, салт етістік деген не?
III. Жаңа сабақты пысықтау Қимылдың, іс-әрекеттің әр түрлі белгілерін, сипатын, жай-күйін білдіретін, өзгертуге, түрлендіруге көне бермейтін сөздер үстеу деп аталады. Қашан? Қалай? Қайтіп? Қалайша? Қайда? Cын есім өзі анықтайтын сөздің алдында келеді және есім сөзбен тіркеседі. Ал үстеу қимыл, іс-әрекеттің әр түрлі белгілерін, амалын білдіреді және тек етістікпен тіркесіп отырады
IV. Топпен жұмыс: жаттығулар орындау. Жаттығу орындату.
283-жаттығу. Үстеуге талдау жасау
284-жаттығу. Үстеулерді қатыстырып, сөйлем құрау.
Жеке жұмыс Сергіту сәті «Суретті сөйлет» ойыны
Деңгейлік тапсырмалар
A деңгей. Семантикалық кестені толтыр
B деңгей Морфологиялық талдау
C деңгей Мақал-мәтелдерден үстеулерді табу. Үстеулі жұмбақтарды шешу.(екі оқушыға бөліп айту)
1.Қамшы жарасы тез бітер,
Сөз жарасы бітпес.
2.Еріншекке бүгінінен, ертеңі оңай.

1.Ерте тұрған жігіттің ырысы артық,
Ерте тұрған әйелдің бір ісі артық.

VII. Бағалау. Суммативті бағалау.
VIII. Үйге тапсырма. 285-жаттығу





























Сабақтың тақырыбы:
Қабдеш Жұмаділовтың «Қаздар қайтып барады» әңгімесі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік – жазушының өмірі мен шығармашылығына шолу жасау, оқушыларға жаңа білімді өздігінен игерту арқылы шығарманың мазмұны,тақырыбы мен идеясын ашу;
Дамытушылық - шығармашылық қабілеттерін дамыту,ойларын нақты, дәл жеткізе білуге,позициясын қорғай білуге дағдыландыру,сөйлеу тіліне,сөйлеу мәдениетіне көңіл бөлу, дүниетанымын кеңейту, пәнаралық байланыс арқылы пәнге қызығушылығы мен белсенділігін арттыру;
Тәрбиелік – туған жеріне,атамекеніне деген сүйіспеншілігін ояту,патриоттық сезімдерін қалыптастыру.
Сабақтың типі: жаңа білімді өз беттерімен меңгерту сабағы.
Сабақтың түрі: дәстүрден тыс, сыни тұрғыдан ойлауға бағытталған.
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, топтық жұмыс, сұрақ-жауап,проблемалық сұрақтар
Сабақтың көрнекілігі: плакаттар, түрлі түсті қалам, әдеби көркем шығармалар жинағы
Техникалық құралдар: интерактивті тақта, компьютер.
Пәнаралық байланыс: тарих, география.

Сабақтың барысы. 1.Ұйымдастыру кезеңі.сыныпты бірнеше топқа бөлу 2.Үй тапсырмасын пысықтау

Жаңа сабаққа көшу. Менің кіріспе сөзім.

Жазушы Қабдеш Жұмаділов
-Балалар, біз бүгін әдебиетімізде өзіндік қолтаңбасы бар жазушы,тарихи шығармалардың шебері Қабдеш Жұмаділовтің «Қаздар қайтып барады» әңгімесімен танысамыз.
Қабдеш Жұмаділов 1936 жылы Шығыс Түркістанда (Қытай Халық республикасы) дүниеге келген. 1965 жылы Қазақ ұлттық университетінің филология бөлімін тәмамдаған. «Қаздар қайтып барады» әңгімесімен-ақ қазақ әдебиетіне талантты қаламгер келгенін дәлелдеді.
Бірнеше әңгіме, хикаяттары, «Атамекен», «Соңғы көш» романдары жарық көрді. «Тағдыр» атты романы үшін жазушы Мемлекеттік сыйлыққа ие болды. Қабдеш-тілге аса бай және әр сөздің сиқырлы бояуын жан-тәнімен нәзік сезінетін жазушы.

І.Ассоциация
мекеніне ұясына
Жылы жаққа суық жаққа
Туған жеріне балапанына


- Дұрыс, олай болса біз шығарманың өзімен танысып көрейік.

ІІ. Әңгіменің мазмұнымен танысу.
(топтағы оқушылар белгілі уақыт аралығында оқулықтағы әңгіменің мазмұнымен өздері оқып танысады.)
ІІІ. Оқығандары жөнінде топта отырып бір-бірімен ой бөліседі.

IV. Әр топ оқыған оқиғалары бойынша суретін салады. (Ол үшін оқушыларға плакаттар таратылады да,әңгіменің мазмұны бойынша суреті салынады және уақыт беріледі.)
V. Әңгімені салған суреттері бойынша баяндап береді. (Салған суреттерін ретімен тақтаға іледі
де,
әр топтан бір оқушы сурет бойынша әңгіменің мазмұнын айтып шығады.Қалған топтағы балалар әңгіменің ең маңызды деген жерлерін дәптерлеріне жазып алып отырады.)

Ата мен немере

VI. Проблемалық сұрақ қою. Мен қоятын сұрақ мына үлгіде. 1. Байтас қарт қайда сапар шегіп келеді? 2.Оның бөтен елге баруының себебі неде,не үшін барған деп ойлайсыңдар? (Оқушылар өз ойларын айтып шығады.) 3. Жазушының өмірі мен әңгімесінің арасында қандай байланыс бар? (Әңгіменің идеясын ашу) 4. Байтас қарт неге шекараны бұзып өтті? 5. Қабдеш аға тарихи Отанына қай жылы оралған еді? 6. Жазушы, Байтас қарт, қаздың арасында қандай ұқсастық бар?


Топпен жұмыс.
І топ. Сапар барысында Байтас қарт қандай қиындықтарға тап болды?(Кітаппен жұмыс.)

. Қасқыр Асау өзен
ІІ топ. Жазушы осы әңгімесі арқылы не айтқысы келді? Әңгіменің маңыздылығы неде? Туған жер топырағын аттаған қарттың сезімі,сағынышы,қуанышы қалай суреттелген? (Әңгіменің тақырыбын ашу.Туған жер жайында ой толғау.)
Кіндік қаның тамып, туып - өскен мекеніңді, табаның тиіп тұрған топырақты бәрінен артық көруге хақылысың. Туған жердің бір түйір тасы жаттың ат басындай алтынынан қымбат емес пе? Дулығалы ата - бабаларымыз кең даласын, асқар тауын, сарқырап аққан көк өзенін қорғап, мақтан еткен, бізге мұраға қалдырған. Қазіргі тарихи шақта, тәуелсіздік кеңістігінде күндей жарқырап отаншылдық рух пен туған жерге деген махаббат сәуле шашып тұруы керек. Әр қазақстандық өз елінің картасына көз салып, байтақ өлкесін, туған жерін мақтан тұтуға тиісті.
Туған жер жайлы жыр да, қара сөзбен жазылған шығармалар да әрбір халықтың әдебиетінде молынан кездеседі. Бұдан біз әр халықтың туған жерін ардақ тұтып, анасындай қастерлейтінін байқағандаймыз. Біздің қазақ халқы да туған жер қадірін жас ұрпақ бойына, санасына бала кезінен - ақ сіңіруге ұмтылатындығын туған жер жайлы мақал - мәтелдерден, аңыз әңгімелерден, батырлар жырынан көреміз. «Ит тойған жеріне, ер – туған жеріне» немесе «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас» деп ерекшелеп көрсетеді. Бұлардың бәрінен шығатын қорытынды әркімге туған жері, туған елі қымбат екендігі деп ойлаймын.
Егеулі найза қолға алып, еңку - еңку жер шалып, ел қорғаған батыр бабаларымыз бен аналарымыздың бізге қалдырған аманатындай туған елімізді қорғау, нығайту – бәрімізге парыз.
- Айпырай! Туған жер - ай!
Теңдесер кім?!
Бұл жерге сен болмасаң келмес едім.
Кіндігімді байлаған қазығым – ай,
Сен болмасаң бұл маңды көрмес едім! - деп ақиық ақын М. Мақатаев жырлағандай, өзіміздің кіндік кескен, туып - өскен мекенімізді мақтан ете білейік!

ІІІ. Топ. Байтас қартқа мінездеме беріңдер.Оның мінезінен қандай ерекшеліктерді байқадыңдар?

Байтас қарт


Жолға шықты,қасқырмен алысты,

туған жерге асықты,шаршады,

қажыды,отбасынан айырылды,

немересін бақты, шекарадан асты,

туған жеріне жетті. Бойындағы қасиеттер


Қайсар, қажырлы, төзімді,

туған еліне деген сағынышы басым,
рухы биік, адал жан.

IV топ. Әңгіменің басты кейіпкері Байтас қарт арманына жетті деп ойлайсыңдар ма? Дәлелдеңдер.(Оқушылардың пікірі былайша өрбиді)
Жетті
Жеткен жоқ
Бйтас қарт қырық жыл бойы күткен арманына жетті.
Ата-бабасы қалған,кіндік қаны тамған туған жеріне,өз үайіне келіп шамалы болса да ұйықтап,демін алды.
«Енді өліп кетсем де арманым жоқ» деді. Байтас қарт арманына жеткен жоқ.Себебі жат жерде оның жақын адамдары қалды.Өзі туған еліне келгенімен,бір өзі қалай өмір сүрмекші?Оның үстіне артынан ит жетек-
теген шекарашылар түскен жоқ па?
Балалар, әңгіменің композициялық құрылымына назар аударайық:

Оқиғаның басталуы-?
Байланысуы-?
Дамуы-?
Шарықтау шегі-?
Шешімі-?

Сөздікпен жұмыс: қозыкөш жер - ... ұшқат - ... мойыл - ... зәузәт - ...

Сұрақ-жауап.

-Әңгіменің «Қаздар қайтып барады» деп аталу себебін қалай түсінесіңдер?
(Сабақ басындағы ассоциациялық аймаққа қайта оралу)

  • Күні: 10-02-2015, 06:45

  • Категориясы: Қазақ тілі әдебиет









Сабақтың тақырыбы: Тіл сайысы
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін пысықтап, ой – өрісін, білім деңгейін кеңейту. Дамытушылық: Түрлі әдіс – тәсілдер арқылы оқушылардың тіл байлығын, ойлау қабілетін қазақ тілінде еркін сөйлеу шеберліктерін жетілдіру. Тәрбиелік: Оқушылардың мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттыру, Отанын, туған жерін, елін сүюге, халық дәстүрлерін сыйлауға тәрбиелеу. Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі, әдебиет және музыка өнері. Сабақтың түрі: сайыс сабақ. Сабақтың көрнекілігі: суреттер,интерактивті тақта, кеспе қағаздар. Көп тіл білсең көкжиегің кең болар,
Құрметтейді кісі екен деп төрге озар.
Қай елде жүрсең де бұл дұрысы,
Мемлекеттік тілді білген жөн болар.
Мұғалім кіріспе сөзі: Құрметті әріптестер,оқушылар! Бүгінігі «Тіл сайысы» атты сабағымызды қазақ тілі және әдебиеті пәні апталығына арнаймыз.Тіл сайысын өткізудегі мақсатымыз басқа ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге құрметтеп қарауын, сонымен қатар теледидарда жүргізілетін қазақша хабарларға қызығушылықтарын арттыру. Бүгінгі сайыс сабағымыз мынадай кезеңдерден тұрады. 1.Таныстыру 2. Дода 3. Сөз мәйегі – мақал 4. Кім жылдам? 5. Әріптер сайысы 6.Сен білесің бе? 7.Ойлан тап. 8. Кім тапқыр? 9.Өнерпаз болсаң.
Әр жүргізілген кезең бойынша шарттар түсіндіріліп,топтарды ділқазылар бағалап отырады. Сайысты бастамас бұрын топ мүшелері реттік сандарын белгілеп алулары қажет. Сайысқа бес адамнан құралған екі топ қатысады.
Сайысымыздың бет ашарын бастайық, Көрерменді бір серпілтіп тастайық. Таныстырсың сайыскерлер өздерін, Өнеріне ду қол соғып қостайық – деп, кезекті сайысқа қатысушы топтарға берейік
I кезең «Таныстыру». I топ: Жасұлан тобы
Қалықтап көкте жас қыран, Халықпыз сөзге тоқтаған. Тілімен топты жаратын, Тобымыз біздің «Жас ұлан».
II топ: Топжарған тобы Шығарар намыс топты алдан, Дуалы ауыз тілге арман. Сайысқа келдік біліммен, Тобымыз біздің «Топжараған»
II кезең «Дода»
Бұл кезеңде әр топқа 20 сұрақ қойылады. Берілген сұрақтарға тоқтаусыз, дұрыс әрі жылдам жауап берулері керек.
I топқа
1. Қазақстан қандай мемлекет? 2. Көктем мезгілінде неше мереке бар?
3. Қазақ әліпбиіне неше әріп бар? 4. Қ.Р - ның мемлекеттік тілі? 5. Абайды әлемге танытқан кім? 6. Қыста не жауады? 7.Ең сұлу құс? 8. Жаңылтпаштың сөздері қалай айтылады? 9.Күздің бірінші айын атаңдар 10. Қазақстанның туының түсі қандай? 11.Қазақстанда неше қорық бар? 12. Жиренше қандай адам? 13. Наурызда пісірілетін басты тағам 14. Тұрлаулы мүшеге не жатады? 15.Жылқының иесі кім? 16. Қ.Р – сы неше елмен шектеседі? 17. Ахмет Иассауи кесенесі қай қалда? 18. Абай Құнанбаевтың шын аты кім? 19.Сөйлем неден құралады? 20. Бір тәулікте неше сағат бар?
II топқа
1. Қ.Р – ның рәміздері қашан қабылданды? 2. Абай Құнанбаев кім? 4. Жүз жасаған ақын
5.Қазақ тілінде жалғаудың неше түрі бар? 6. Қыс айларын ата 7. Зере Абайға кім болады? 8. Құс патшасы 9. Сиырдың иесі кім? 10. Мұхтарды әлемге танытқан кім? 11.Қазақтың тұңғыш ғарышкерін ата 12. Қазақ тіліне тән неше дыбыс бар? 13. Абайдың неше қара сөзі бар? 14. Тұрлаусыз мүшелерді ата 15. Тышқаннан қорқатын аң 16. Жиренше кімді жақтаған 17. Шоқан Уалихановтың шын аты кім? 18. Тамақты бұзбайтын салқын жәшік. 19. Қазақ тілінде неше сөз табы бар? 20. Бір жылда неше күн бар?

III кезең «Сөз мәйегі – мақал»
Сайыскерлер Отан, тіл, достық туралы мақалдар айтудан жарысады.
1.Туған жердей жер болмас, Туған елдей ел болмас. 2. Отансыз адам, ормансыз бұлбұл. 3. Ел ерінде, гүл жерінде 4.Шешеннің тілі – шебердің сөзі. 5.Тіл буынсыз, ой түпсіз. 6. Басқа пәле тілден 7. Бала тамған тілден у тамар. 8. Ашынған тілді болар, . Ашыққан ұры болар. 9. Мал көтерер өлімді, . Дос көтерер көңілді. 10. Досы көпті жау алмайды, . Ақылы көпті дау алмайды.
IV кезең «Кім жылдам?»
Берілген шашыраңқы сөздерден дұрыс сөйлем құрау қажет. 1.Бейнеленген, қанатты, жағында, екі, елтаңбаның пырақтар.(Елтаңбаның екі жағында қанатты пырақтар бейнеленген) 2.Біздің, білдіреді, шаңырақ, біртұтастығын, Отанымыздың. (Шаңырақ біздің Отанымыздың біртұтастығын білдіреді)
V кезең «Әріптер сайысы»
Топтың әр мүшесі әпіп таңдап алып, қойылған сұрақтарға сол әріптен басталатын сөздермен жауап береді.
I топ ( А, Е, Т, О,С )
1. Қандай елде тұрасың? 2. Қазақ тілі пәні ұнай ма? 3. Досың кім? 4. Сенің мектебіңде қандай балалар оқиды? 5.Қайдан келдің? 6. Әдемі қыздың арманы не? 7.Елтаңбада не бар? 8. Бүгін қандай күн?
9.Сенің көзің қандай? 10.Сәукелені қай кезде киеді? 11.Жігіттер сырға таға ма? 12. 7 саны неге қасиетті? 13. Әліпбиді жатқа білесің бе? 14. Қандай есімдерді ұнатасыз? 15. Наурыз көжеге не қосады? 16. Бір жылда неше ай бар? 17. Бала оқытатын адам? 18. Жасың нешеде? 19. Бос уақытыңда не істейсің? 20.Қандай тағамдар ұнатасың?
II топ ( Ә,Б, М, Н, Қ )
1.Мақал білесің бе? 2. Есімің кім? 3. Аспанда не бар? 4. Қандай қаланы білесің? 5. Мектеп мұғалімдері қандай? 6.Сен тұратын қаланы ата 7.Бір зат есімді ата 8. Жазушыларды ата 9. Асан әнді қалай айтады? 10. Қазақстанда қандай жануарлар бар? 11.Қар қай кезде жауады? 12. Алма тәтті ма? 13.Сыныбыңда қанша оқушы бар? 14. Кім болғың келеді? 15. Жар – жарды қай кезде айтады? 16. Мыстан кемпір мыстан жасалған ба? 17. Жалқауды жүрісінен тани ма? 18.Достарыңа қандай ән арнайсың? 19.Сенің анаң қандай адам? 20. Қыздар неден қорқады?






VI кезең «Сен білесің бе?»
Тақтада берілген алты ұяшықта сұрақтар мен бейне суреттер бар. Берілген тапсырмаларға ойланып, дұрыс жауап берейік.
5а 10а 15б
15а 10б 5б
Сұрақтары: 5а) Қазақтың үш биін ата 5б) Наурыз көже қалай жасалады? 10а) Тұсау кесер нені білдіреді? 10б) Бейнесурет «Арқан тартыс» ойыны. 15а) Бейнесурет «Қыз қуу» ойыны. 15б) Бейнесурет «Көкпар» ойыны.

VII кезең «Ойлан тап»
Бұл кезеңнің шарты екі топқа да бірдей «ҚАРЛЫҒАШТАР» сөзі берілген. Осы сөздің ішіндегі әріптерден жаңа сөз құрастыру.
VIII кезең «Кім тапқыр?»
Бұл кезеңде топ басшылары тақтада берілген суреттерді сөзбен түсіндіреді. Топтың әрбір тапқан жауабы 5 ұпаймен бағаланады.
IX кезең «Өнерпаз болсаң»
Оқушылардың дайындап келген өнеріне тоқталайық.Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,
Өсер болсаң, байтақ далам тұрғанда, Қазақ тілі жасау керек мәңгілік – дей отырып, бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.













www.Ustazbol.kz

МЕРЕКЕЛЕР

Жаңа жыл

Әйелдер күні (8 наурыз)

Наурыз мейрамы (22 наурыз)

Ғарыш күні (12 сәуір)

Махаббат күні (15 сәуір)

Бірлік күні (1 мамыр)

Отан қорғаушылар күні (7 мамыр)

Жеңіс күні (9 мамыр)

Соңғы қоңырау (25 мамыр)

Балалар күні (1 маусым)

Рәміздер күні (4 маусым)

Астана күні (6 шілде)

Конституция күні (30 тамыз)

Білім күні (1 қыркүйек)

Ұстаздар күні (5 қазан)

Құрбан айт

Республика күні (25 қазан)

Қаржыгерлер күні (15 қараша)

Тұңғыш президент күні (1 желтоқсан)

Тәуелсіздік күні(16 желтоқсан)

САЙТ БӨЛІМДЕРІ

  • Аттестаттау материалдары

  • Авторлық бағдарлама

  • Баяндама, мақала

  • Видеодәріс

  • Жаңалықтар

  • Кітапхана

  • Кембридж бағдарламасы

  • Қысқа мерзімді жоспар

  • Орта мерзімді жоспар

  • Коучинг сабақ

  • Мектеп әкімшілігі

  • Модуль бойынша

  • Презентациялар

  • Портфолиолар

  • Тәрбие сағаты

  • Олимпиада тапсырмалары

  • Сценарилер

  • Сыныптан тыс жұмыс

  • Эссе

  • Факультативтік жоспар

ОҚУШЫЛАРҒА

  • Ғылыми жұмыстар

  • Рефераттар

  • Жұмбақтар

  • Құттықтау тілектер

  • Мақал-мәтелдер

  • Мерекелер

  • Мультфильмдер

  • Нақыл сөздер

  • Өмірбаяндар

  • Өлеңдер

  • Шығармалар

  • Тақпақтар

Сауалнама

Сайтта көбірек қандай материалдар болғанды қалайсыз?

Ашық сабақтар

Тест сұрақтары

Аттестация сұрақтары

Сценарийлер

Тәрбие сағаттары


Начало формы

Барлық сауалнамалар

Конец формы

Бізбен бірге

Нравится

Друзья

Әдістемелік сайт » Қазақ тілі әдебиет » Қазақ тілінен қысқа мерзімді жоспар

Қазақ тілінен қысқа мерзімді жоспар

  • 0

  • 1

  • 2

  • 3

  • 4

  • 5

  • Жариялады: admin

  • |

  • Пікірлер: 0

  • |

  • Оқылды: 679


Нурымбетова Гульнар Сагинаевна
Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі
Алматы облысы
Балқаш ауданы
«Ж.Бәрібаев атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік коммуналдық мекемесі

Сабақтың тақырыбы: Етістіктің райлары туралы түсінік.


Жалпы мақсаттар: Етістіктің райлары ұғымымен таныстыру; Етістіктің райлар түрінің жасалу жолдарын ұғындыру.
Күтілетін нәтиже: • Етістіктің рай түрінің белгілерін біледі;
• Етістіктің рай түрлеріне мысалдар келтіре алады.
• Етістіктің рай түрін анықтайды.
Түйінді идеялар: Сөйлеушінің сөзі арқылы қимылдың шындыққа қатысын, айтушының пікірін, көзқарасын білдіріп, белгілі грамматикалық тұлғалар арқылы жасалатын етістіктің түрі рай категориясы
Кіріспе бөлім
Уақыт Мұғалімнің іс-әрекеті Тыңдаушылардың іс-әрекеті
5 минут Ұйымдастыру сәті:
1. Оқушыларға жақсы көңіл-күй сыйлау мақсатында» Менің тілегім...» атты сергіту сәтін ұйымдастырамын.
2. Топқа бөлу(«Зат есім, етістік» ойыны)
Зат есім дегенде ерсілі –қарсылы жүреді, етістік сөздер бір-біріңе сөйле, бірігіп күл, қол ұстасып секір сөздерін айтқанда бірігіп орындаған оқушыларды біріктіремін. Бүгінгі сабақпен осы орындаған іс –қимылдарының байланысы бар ма, анқтатамын Бір –біріне жақсы тілектер айта отырып, бір-біріне жақсы лебіздер білдіреді.


Оқушылар «Зат есім» дегенде ерсілі- қарсылы жүреді. Етістік сөздерін айтқанда бірігеді. Сол біріккен оқушыларды және жанындағы бірігіп тұрған оқушылардан топ жасақталады. Бүгінгі жаңа сабақты етістіктің жаңа тақырыбымен байланыстырады.

Негізгі бөлім
Уақыт Мұғалімнің іс-әрекеті Тыңдаушылардың іс-әрекеті

І. Үй тапсырмасын сұрау. «Оратылған жіп» ойыны арқылы өткен сабақ сұралады.Етістіктің шақтары дегеніміз не?
Осы шақ түрлері.
Мысал келтір
Өткен шақ түрлері
Жедел өткен шақтың жасалу жолы
Бұрынғы өткенр шақ жұрнақтары
Ауыспалы өткен шақтың жасалу жолы
Келер шақ түрі
Болжалды келер шақтың жасалуы
Мақсатты келер шақтың жіктелуі
Ауыспалы келер шақтың өзіндік ерекшелігі
Біл және үйрен!
Жаңа тақырып. Етістіктің райлары.
Етістіктің рай түрі дегеніміз не? Райдың түрлерін оқулықтан оқып таныс болады. Постер қорғайды.
ІІ «Галереяны шарлау» стратегиясын орындау


ІІ. Түсін де, қолдан! Оқулықпен жұмыс. 176- жаттығу.
177- жаттығу
1. Шығармашылық жұмыс. Өздік жұмыс.Электронды оқулықтан «Екі дос» тақырыбында гипер мәтін тыңдалады. Мақсаты: жеке оқушымен жұмыс жасау. Әр оқушының шығармашылық деңгейін білу.
ІІІ. Ойнай отырып, ойлай отыр!
Логикалық тапсырмалар беріледі.
Жоқ сөзі қай шақтық етістікпен тіркесе алады? Мысал келтіріңдер.
Е етістігі тіркескен осы шақтық, келер шақтық және өткен шақтық етістік ойлап табыңдар.
Бірде етістік бірде зат есім болатын сөздер ойлап табыңдар. Мысалы:
Айтыс, бақ, ат, сана,нан, жаз.

«Ыстық орындық» стратегиясы
Оратылған жіптерді бір-біріне бере отырып сұрақтарға жауап береді.

Оқушылар жеке оқулықтан рай түрімен таныс болады.
Постер қорғауға дайындалады.
Сызған постерлерін тұстарына іледі. Топ бойынша бір-біріне қыдырып барып, постерлерімен таныс болады.
Оқушылар жаттығуларды орындап, бірін-бірі тексереді. Бағалайды

Әр оқушы мәтінді тыңдай отырып түсінгендерін мазмұндап жазады, мәтін ішінде етістік шақтарының жұрнақтары қатыстырылады. Етістіктің рай түріне қатыстылығын дәлелдейді
І топ . «Бір-біріңе қамқор бола білу
ІІ топ Тазалық-денсаулық кепілі













Оқушылар жылдам жауап беріп, логикалық ойлауларын дамытады.



Әр топтан сабақты жақсы меңгерген оқушылар шығады, сыныптастарының бүгінгі сабаққа байланысты сұрақтарына жауап береді.
Қорытынды бөлім
2 минут Бүгінгі сабақтан не ұқтым?«Минуттық шешім» ойыны арқылы ойналады. Оқушылар бүгінгі сабаққа байланысты бір-бір сөйлемнен айтып, сабақты қорытады.
Кері байланыс
3 минут «Гүлдер және жапырақтар» әдісі арқылы оқушылардың бүгінгі сабақтағы алған ақпараттары мен көңіл – күйін, ұсынысын білу үшін, төмендегідей кері байланысты ұсынамын
Кері байланыс.
Қызыл гүл Сабақ өте қызықты.
Сары гүлдер Егер ...... онда тіпті қызықты болар еді.
Жапырақтар
. Өйткені, менің күткенім ....................... болмады. Оқушылар кері байланыстарын ауызша да, жазбаша түрде де ұсына алады.
Ұсыныс, тілектері жазылған спикерлерді үш қызықл гүл, сары гүл, жапыраққа салады.

Үй тапсырмасы
2 минут Үйге тапсырма беру.
178 -жаттығу Үй тапсырманы күнделігіне жазады.

лты қалпақ топтарға бөлініп беріледі.(топтық жұмыс)
Ақ қалпақ –ОүБ және Оқуды бағалау жайлы алған мәліметтерін айтады.
Сары қалпақ – ОүБ және Оқуды бағалаудың тиімді жақтарын айтады.
Қара қалпақ - сары қалпаққа кері пікір айтады,яғни тиімсіз тұстарын сөз етеді.
Қызыл қалпақ - ОүБ және Оқуды бағалаудың түрлерін атап, олардың қолданылу әдісін түсіндіреді.
Жасыл қалпақ – сын тұрғысынан ойлап, сыни тұжырым жасайды
Көк қалпақ- барлық пікірлерден ортақ қорытынды шығарады.











Ақыл озбайды білім тозбайды

  • 0

  • 1

  • 2

  • 3

  • 4

  • 5

  • Жариялады: admin

  • |

  • Пікірлер: 0

  • |

  • Оқылды: 167

Оңтүстік Қазақстан облысы,Шымкент қ.
Еңбекші ауданы«№107 Ю.Сареми атындағы мектеп гимназиясы»
ККМнің қазақ тілі пәні мұғалімі
Усманова Диёра Жай сөйлемнің түрлері

Сабақтың мақсаты: «Ақыл озбайды білім тозбайды».

Сабақ тың міндеттері:
• Ақылдың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
• Ақылын өмірде қолдана білу іскерліктерін дамыту;
• Бабалар дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу;
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі. Тыныштық сәті
Кеудемізді тік ұстап,аяғымызды айқастырмай қолымызды тіземіздің үстіне еркін қойып, денемізді босатып,көзімізді жұмып жағымды әуен сазымен тамаша ойға берілеміз.
Нұрлы аспаннан күлімдеген күннің жылы шуағы сіздің жан дүниеңізді жылытып, жүрегіңізге шуақ шашыр тұр.күннің нұры қоға барды, қолдарыныздың саусақтарына ыстық сезім ұялатты, қолдарыңнан шығып денеңді аралап аяғыңа жетті. Аяғың нұрлы жолға бастады. Аяғыңнан шығып нұр шуағы көзіңізге барды,Көздеріңіз тек жақсылықты көруде, көзден шыққан нұр шуағы түйсікке барады, түйсікте жағымды ойлар түзейді.Күннің нұры Талғайран ауылын аралап жүр,барлық адамдарға жылылық сыйлауда. Күннің нұры өзіңізге оралды. Сіз күн нұрындасыз. Сіз нұр сәулесісіз!

ІІ. Үйге тапсырманы тексеру;
«Өнерлі бала сүйкімді» эссе жазу



3. Әңгімелесу.
Ақылды болу дегенді қалай түсінесіңдер?
Сендердің ақылға жүгініп, дұрыс шешім қабылдаған кездерің болды ма?

-өткен сабақта өнер туралы айтқанымызда ақылды өнермен жеткізудің өзі өнер деп айтқан болатынбыз. Ал, бүгін ақыл, ақылдылық, сондай-ақ бала кезден ақылды болу керектігі туралы әңгімелесеміз.
4.Мәтінмен жұмыс
«Жиренше шешен мен Қарашаш сұлу» аңыз әңгіме оқыту, талдау;
- Қарашаштың ақылдылығы қай әрекетінен байқалады?
- Басқа балалардың іс-әрекеттеріне көзқарастарың қандай?
-Қыздың бойынан таы қандай асыл қасиетті байқадыңыздар?
Оқушылардың жауаптарын түйіндеу:
-дұрыс айтасыңдар. Ақылды адам барлық уақытта ойлап сөйлейді, жан- жағын байыптап барып әрекет етеді. Ондай адамдар өзінің байсалдылығын, қарапайымдылығын, кішіпейілділігін, ізеттілігін ұмытпайды. Қарашаш өзін ғана ойлаған жоқ, әкесінің де қамын ойлады. Қыздың бойынан әкесіне деген мейірімділігі аңғарылды.


5. Дәйексөз
«Адам бойындағы ең тамаша нәрсе- білім мен ақыл» Жүсіп Баласағұни
-балалар, сендер білім мен ақылдың адам өміріндегі қажеттілігін, маңыздылығын білесіңдер. Адам баласы қаншалықты білімді болғанымен, ақылға жүгінбесе, өмірден дұрыс жол табу қиынға соғады. Сондықтан адамның біліміне ақылы сай болуы тиіс.
6.Тапсырма
А) Берілген мақал-мәтелдердегі көп нүктенің орнына керекті сөзді қойып айту;
1.Ақылды адам ерінбейді.
2.Ашу-дұшпан, ақыл-дос,
Ақылыңа ақыл қос.
3.Ақылдан жақын дос бар ма?
4.Ақыл азбайды, білім тозбайды.
5.Адамның жүзі, ақылдың айнасы
6. Ақыл-тозбайтын тон,
Білім- таусылмайтын кен.

Б) дәптерде берілген тапсырмаларды орындау;

Абай атамыздың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде Адам болу, жақсы тұлға болуға ұмтылдыратын нәрселер туралы айтылған. Екі топ сол айтылған асыл қасиеттер мен жағымсыз қасиеттерді топтастырайық.
Бес асыл: талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым
Қашық болу: мақтаншақ, өсек, өтірік, еріншек, мал шашпақ талдау;

8. Сергіту
Әдемі әуен ырғағымен би билеу;
9.Сахналау
«Байлық, бақыт, ақыл» ертегісін сахналау
Бақыт,байлық,ақылдың артықшылығы неде екен?
Данышпан қандай ой түйіндеді?
Данышпанның орнында болсаңдар, қандай төрелік айтар едіңдер?
10. Ойын жаттығу
«Мен ақылды баламын, өйткені ойланып сөйлеймін», «мен ақылды баламын, өйткені ашуланбаймын», «Мен ақылды баламын, өйткеніболмашыға ренжімеймін», «Мен ақылды баламын, өйткені дер кезінде шешім қабылдай аламын», «Мен ақылды баламын, өйткені үлкеннің тілін аламын», «Мен ақылды баламын, өйткені үнемі ізденемін», «Мен ақылды баламын, өйткені көп оқимын», «Мен ақылды баламын, өйткеніалға қойған мақсатыма жетуге тырысамын», «Мен ақылды баламын, өйткені үй тапсырмасын өз бетімше орындаймын», «Мен ақылды баламын, өйткені кішілерге қамқорлық жасаймын», «Мен ақылды баламын, өйткені, мұғалімнің берген тапсырмасын тиянақты орындаймын».

Балалар, қараңдаршы бәріміз бірігіп жақсы сөздерге толы жарқыраған, шуағы мейіріммен төгілген күн құрастырдық. Күннің шуақтары бізге жылылық сыйлайды. Біз де осы күн сияқты айналамыздағы адамдарға жылылық сыйлап, ақылдылығымызбен жақсы жақтарымызбен көрініп жүрейік.

11. Мұғалім сыйы
«Бала мен алма» анимациялық фильм

12. Жаңа ақпарат
«Ақылды адам терең ойлап, дұрыс шешім қабылдай біледі. Ақылды болу үшін оқу, іздену, үйрену қажет.»


13.Соңғы тыныштық сәті
Бүгінгі өткен сабаымызды тағы да ой елегінен өткізіп, тыныштықта баяу әуенмен ойымызды жинақтаймыз.
- Ақылды адамның қиялы бай, ойы жүйрік, ұшқыр болады. Ондай адамды халық ерекше қастерлеген. «Ақыл-жастан,асыл-тастан», «Ақылды жігіт атқа да отырар, таққа да отырар» деген халық мақалдары балаларының жастайынан ақылды болуын армандаған халық тілегінен туған. Көп оқып, ерінбей еңбек еткен, үлкеннің тілін алған, көптің ақылын тыңдаған бала ойы ұшқыр, дана болады.














Сабақтың тақырыбы Ата –бәйтерек , бала -жапырақ
Мақсаты:отбасындағы әке мен ананың, баланың рөлін айқындау, ата-ананы сыйлауға, қадірлеуге, татулыққа тәрбиелеу
1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата-аналар! сыныпта өткелі отырған тәрбие сағатына хош келдіңіздер!
2-жүргізуші: Отбасы – шағын мемлекет. Ол – тәлім мен тәрбиенің, үлгі мен өнегенің, мейрімділік пен адамгершіліктің ордасы. Адам баласының өмірге келгенне кейінгі бар тіршілігі отбасында өтеді.
1-жүргізуші: Отбасы алтын ұя, киелі шаңырақ болса, сол шаңырақтың мұрагері, ұрпақ жалғасы балалар болып табылады. Отбасында балалар негізгі тәрбиені ата-анадан алады. Олай болса баланың бас ұстазы – ата-ана. Ұлы Абай бұл туралы
« Ата-анаға көз қуаныш –
Алдына алған еркесі.
Көкірегіне көп жұбаныш,
Гүлденіп ой өлкесі» деп жыр еткен.
2-жүргізуші: Әке мен ана – шаңырақтың тірегі. Ата-ананың отбасы тәрбиесіндегі негізгі міндетін айқындайтын нақыл сөздерді де көп кездестіруге болады. Дана халқымыз «Әке – асқар тау, ана – бұлақ, бала – жағасында өскен құрақ», «Әкеге қарап ұл өседі, шешеге қарап қыз өседі» деген екен.
1-жүргізуші: Енді осы тақырыптағы мақал-мәтелдерге кезек берейік.
1-оқушы: Бала тәрбиесі бесіктен.
2-оқушы:Баланың жақсысы – қызық, Жаманы күйік.
3-оқушы: Әке көрген оқ жонар, Шеше көрген тон пішер.
4-оқушы: Бала-көңілдің гүлі, көздің нұры.
5-оқушы: Құс балапаны үшін тозаққа түседі, Адам баласы үшін азапқа түседі.
6-оқушы: Ата-бәйтерек, бала –жапырақ.
7-оқушы: Атадан жақсы ұл туса,
Елінің қамын жейді.
Атадан жаман ұл туса,
Елінің малын жейді.
8-оқушы: Жақсы әке – жаман балаға қырық жылдық ризық.
9-оқушы: Әкең өлсе де, әкеңді көрген өлмесін.
10-оқушы: Әкесін сыйламаған кісіні баласы сыйламайды.
11-оқушы: Ананың көңілі балада, Баланың көңілі далада.
12-оқушы: Ағайын – алтау, ана – біреу.
13-оқушы: Ағайынның алтын сарайынан, Ананың жыртық лашығы артық.
14-оқушы: Анаңды Меккеге үш арқалап барсаң да қарызынан құтыла алмайсың.
2-жүргізуші: Отбасы тәрбиесі туралы түркі ойшылы Жүсіп Баласұғын былай дейді:
«Қатты тәртіп көрсе бала күнінде,
Өнерімен қуантады түбінде.
Бала нені білсе жастан ұядан –
Өле-өлгенше соны таныр қиядан.
Өнер-білім берем десең басынан,
Бер оқуға балалрды жасынан.
Ата-анадан өсіп ұрпақ тараған,
Жақсы, жаман болса, бала- солардан».
Ән: «Ана туралы жыр»
1-оқушы: Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз – ертеңгі ана, ол шеешсіне қарап бой түзейді. Ата-ана балалрына үлгі-өнеге көрсете алмаса, онда тәрбиелі бала өсіруі екіталай. Өйткені бала ерсектерге, әсіресе ата-анасына, тәрбиешілерге өте еліктегіш келеді. Жақсыны да, жаманды да солардың үйренеді, көргені қайталайды. Қазақтың дауылпаз ақыны Ілияс Жансүгірұлы «Жаста берілген, басқа сіңген тәлімің өзің өлмей сүйегіңнен қала алмас» деп бүлдіршінге жастайынан берілген тәрбиенің жемісті екенін айтады. Жас балаға өз ата-анасы - асқа– тау. Әке-шешенің ауызынан шыққан сөз бала үшін заң болып есептеледі.
2-оқушы: «Тәрбие тал бесіктен» дейді атам қазақ. Сол тал бесіктен жер бесікке дейін баланың өсіп жетілуінің негізі отбасында жатыр. Отбасы – адам тәрбиесі үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы – белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады. Отбасының басты қызметі – бала тәрбиелеу.
3-оқушы:Бүгінгі дүниеге келген бала – ертеңгі сүйкімді бозбала мен бойжеткен, болашақ ата-ана мен сабырлы да салиқалы ата-әже. «Өнеге отбасынан» демекші, халықтық тәлім-тәрбиенің бастауы отбасының өмірінде жатыр. Ата-бабаларымыз кезінде оқу оқып білім алуға мүмкіндіктері болмай, көшіп-қонып жүргеннің өзінде өз ұрпағын жоғары адамгершілікке, үлкенді сыйлауға, қонақжайлылыққа тәрбиеленген.
4-оқушы: Шариғатта (Ислам қағидаларында) да отбасы жоғары бағ,аланып, оның бала тәрбиелеп өсіруіне бірінші дәрежелі мән берілген. Онда «Балалар –ата-аналар қолына берілген аяулы аманат» делінген. Бұлғажайып құдайшылық анықтаманы жадыда ұстау былай тұрсын, әр үйдің маңдайшысына жазып қоюға тұрарлық. Баланың өздігінен өмір сүруге мүлде қабілетсіз нәресте кезінен бастап бақытты балалық шағы, жеке шаңырақ көтергенде дейінгі жастық жолдары өтетін отбасын бақыт жағалауын бетке алып, өмір – айдында жүзіп бара жатқан қайыққа теңесек, оның қос ескегін әке мен шеше дер едік.
5-оқушы: «Балаң жақсы болса, жердің үсті жақсы, балаң жаман болса, жердің асты жақсы» дейді қазақ. Отбасындағы ата-ана мен бала арасындағы кикілжіңдер көбінесе бала кәмілеттік жасқа толғаннан бастап орын ала бастайды. Бала бойындағы физикалық, психологиялық өзгерістер оның мінез-құлқының өзгеруіне әкеліп соғады. Сондықтан да ата-ана өсіріп отырған баласының тәрбиесіне осы кезеңдерде жете көңіл бөлгені жөн.
6-оқушы: Ата-ананың үміт-арманы баласымен бірге жасайды. Сол себепті олардың бар тілеуі балаға бағышталған. Оның амандығын, үрім-бұтақты, бай бақытты, атақ-абыройлы болуын тілейді, өздері әл-қуаты кетіп, ауру-сырқаулы болып қартайғанда сол баланың қайырын көріп, мерейіміз өссе екен деп армандайды. Ақырғы, ең қастерлі тілектері: «Бала-шағаның алдында дүние салып, солардан топырақ бұйырса». Осындай ата-ананы сыйлау, сәби шағындаөзінді олар қалай бағып-қақса, қартайғанда оларды да солай алақанға салып аялап күту – қандай ғанибет!
7-оқушы: Қазақ ұғымы бойынша, үйлерінің төбесінен күн сәулесі төгіліп, қараңғы түндерде тұнық аспанның төріндегі самсаған қалың жұлдыз жымыңдай жарық сеуіп тұруы тиіс. Байтақ сахара құшағында қысылып-қымтырылмай өскен арда халық мұны еркіндіктің, кең тыныс алудыңбелгісі деп білді.Сондықтан ұлы әлемнің бүкіл қасиетін сездіріп тұратын шаңырағын айрықша қастерледі, жан тәнімен қорғады. Шаңыраққа ие болудың өзі- шексіз абырой, адамдық нысаны.
Ән: «Әке туралы жыр»
8-оқушы: Қара шаңырақ ұрпақтар өрбіген құтты ұя саналады. Кең мағынада бүкіл ұлт тұтас ірге жайған жер де Қара шаңырақ. Соныдқтан қазақ баоласы Қара шаңырақ иесі – Қазақ атасының үйін ардақтайды, яғни Қазақ атасы көтерген Қара шаңырақты аялай қастерлеп, оның қасиетін өзінің ар-намысындай сезінеді.
9-оқушы: Қашан да әке-шеше отырған үй аяулы,ардақты, ыстық. Ұрпақтары соған бас иеді. Оны құтты орынға теңейді. «Ордаға керек – отауға да крек» деген аталар өсиеті негізінде әр ұрпақ өзінің шыңырағын ата салты бойынша жоғары көтеруге және абыройлы, парасатты болуға тырысады. Өзінің де ұрпағын өсіріп, өркенін жайдыруды мұрат тұтады. Сондықтан Қара шанңырақ – Қазақ армаанының мақсат-мүддесінің бір шоқтығы.
10-оқушы:Ей, перзентім, ата-анаңды ешқашан ренжітуші болма. Олардың көңіл-күйіне қаяу салып қапалаңдырма. Сені жан-тәнімен жақсы көріп, тәрбиелеп жүрген ата-анаңның көңілін қалдыратын құйттай іс жасасаң, сен ешқашан жақсылыққа лайықты жан емессің, өйткені кімде-кім ата-ананың жақсылығын білмесе, басқа біреудің жақсылығын да бағаламайды. Егер сен өз перзентім құрмет қылмсын десең, сен де ата-анаңды құрметте, сен ата-анаңа не істесің, саған перзентің де соны жасайды. Перзент жеміске, ата-ана жеміс ағашына ұқсайды. Жеміс ағашын жақсы күтсең жемісі де дәмді, жақсы болады. Сол сияқты ата-анаға деген ізгі тілегі қабыл болғаны.
11-оқушы: «Отбасы кішкентай бір мемлекеттік ұя» деп бекер айтылмаған. Әдетте жақсылықтың бәрі отбасынан басталады. Отбасы – жұртты жақындастырушы, ұрпақ пен ұрпақты табыстырушы, ұрпақаралық тұтастықтың отын жағушы ерекше ұя. Сондықтан да отбасы – барша адамзатқа ең жақын, ең қасиетті ұғым.
12-оқушы: Ата-анасыз өмір жоқ, яғни адам жоқ. Демек, бала-ата-ана өміріінң жалғасы. Сол үшін ата-ана жата-жалынып құдайдан перзент көргенде жүрегі жарылардай қуанған, содан кейін «Баламның табанына кірген шөңге менің мандайыма қадалсын» деп әлпештеп өсірген, перзенті ауырып не басқа қатер төнгенде мойындарына бұршағын салып «Өзімді алып, баламды аман қалдыр!» деп құдайға жалбарынған, өздерін балалры үшін құрбан еткен. «Бала – ата-ананың бауыр еті», «Балалы үй – базар, баласыз үй –мазар» деген сияқы толып жатқан мақалдарада ата-ананың балаға деген ұлы сүйіспеншілігі жатқан жоқ па?!
13-оқушы: Ата-аналар мен балалардың, аға-інілер мен әпке-қарыңдастардың және туған-туыстардың ортасын құрайтын отбасы қоғамның ең маңызды ұйытқысы болып табылады. Өйткенгі адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап осында ержетіп, отбасының тәрбиесін алады. Шынында, отбасы – ол да бір шағын мемлекет.
Ән: «Әкешім, анашым».
2-жүргізуші: Отбасы – ұрпақтар сабақтастығын жалғастырушы, адам бойындағы асыл қасиеттерді қалыптастыруды рухани-адамгершілік бастауы.
1-жүргізуші: Әрбір отбасында сүйіспеншілік пен түсіністік мықты болса, қоғамның діңгегі де берік болады.
2-жүргізуші: Отбасында әуелі сенім мен сезім, сүйіспеншілік пен сыйластық болса, қандай жағдайда болсын өмірдің ащысы мен тұщысын, суығы мен ыстығын, қайғысы мен қуанышын бірге бөлісіп бақытқа жете алады.







Күні: Сыныбы: 9 Пәні: қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Публицистикалық стиль

Сілтеме Күнтізбелік жоспар, қазақ тілі оқулығы, нұсқаулық
Жалпы мақсаты: Публицистикалық стиль ұғымымен таныстыра отырып, оның ерекшеліктері жайлы түсінік қалыптастыру.
Түйінді идея: Публицистикалық стильдің қолданылу аясын, стильдік сипатын, тілдік амал- тәсілдерін анықтауды үйрену
Оқыту нәтижесі: • Публицистика ұғымы жайлы түсінік қалыптастырады және оның өзіндік белгілерін анықтауды үйренеді;
• Публицистикалық стильді басқа стиль түрлерінен ажырата алады ;.
Ақпарат көздері: Оқулықтар, электронды оқулық, АКТ, үлестірме қағаздар
Іс-әрекет түрлері: 1. Топқа бөлу
2. Жұптық жұмыс.
3. «Сұрақты ұстап ал» стратегиясы
4. «Квант» стратегиясы. 5. «Аквариум» тәсілі.
6.Ақпараттық постер әзірлеу.
7. Мағынаны тану.
8.АКТ көмегімен жаңа тақырыпты түсінгендерін толықтыру.
9. Жаттығулар орындау. 10. «» айдары
11. Рефлексия:
• Топты бағалау;
• Жұпты бағалау;
• Өз-өзін бағалау.
Мұғалімнің сабақ туралы жазбалары
тапсырма 45 минутқа арналған
Сабақ кезең-дері Оқытуда қолданыла-
тын модульдер Мұғалім іс-әрекеті Уақыт
(минут) Оқушы іс-әрекеті
1. Білу

«Қызыл өрік» биіне билеу.
4.Талдау

Сыни тұрғыдан ойлау 96-жаттығу. 5
3 3 топқа мәтінді бөліп беру, көтерілген мәселелер мен оның қоғам үшін маңыздылығына тоқталады

5.Жинақ-тау
Шығармашы
лыққа баулу
«Публицистика- бүгінгі өмірде» ой толғау
5 Оқушылар публицистика тақырыбы бойынша не білді соны бір-бір сөйлеммен айтып, білімдерін жинақтайды.

6.Бағалау

Сыни тұрғыдан ойлау


Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау Топтық бағалау
Топ басшыларына сөз береді. Топ басшыларының бағаларын тыңдайды, саралайды, соған сүйене отырып, оқушылардың сабақтағы қызметін бағалайды.
• Өз-өзін бағалау;
• Жұпты бағалау;

Рефлексия
«SMS» рефлексиясы
5

Топтарға тапсырмалар берілді.
І топ –Телефон соғылып жатқанға ұқсатып, тәулік бойы орын алған оқиғалар туралы хабарлайды.
ІІ топ- Телестудиядағы диктор: жиынтық ақпарат береді
ІІІ топ- Оқиға орнынан ақпарат ұсынады немесе тілші сұхбат алатын куәгер

Топ төрағалары бағалау парақшасы бойынша топ мүшелерін критериалды бағалайды.

Оқушылар өз-өздерін бағалайды.
Бағалау парақшасының көмегімен жұптарын бағалайды.

Сабақ аяқталғаннан кейін күткен нәтижеге жетті ме? Соны жазып, толықтырып, парақшаны толтырады
Үйге тапсырма: 97-жаттығу. Жергілікті өңірде және республикалық газеттерден мақала таңдап, стильдік ерекшеліктерге тоқталу. Қадір Мырза Әлі
  • 0

  • 1

  • 2

  • 3

  • 4

  • 5

  • Жариялады: utesovagulzhan

  • |

  • Пікірлер: 0

  • |

  • Оқылды: 103

Сабақтың тақырыбы: Кәрі қыран
Сабақтың мақсаты:
Ақын өмірі мен шығармашылығы туралы жан -жақты түсінік беру.
Міндеті:
1.Баллада туралы білім беру,Өлеңмазмұнын игеру.
2.Биіктік, адалдық,ұлт туралы түсініктерін кеңейту.оқушының көзқарасын қалыптастыру, пікірін туғызу,ойын анық жеткізуге жетелеу.
3.Өрлікке, ерлікке, қайсарлыққа, арлылыққа тәрбиелеу.Халқымыздың
асыл қасиеттерін бойына сіңіруге жағдай туғызу.
Сабақтың типі: Интеграл сабақ.
Сбақтың түрі: Жаңа сабақ.
Қолданылатын әдіс- тәсілдер: түсіндіру,сұрақ -жауап,Венн диаграммасы,Инсерт кестесі.
Сабақтың көрнекілігі:интерактивтік тақта.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ.Жаңа сабақ.
1.Ақын өмірі.
2.Шығармашылығы.
3.Ақын туралы пікірді аудио таспадан тыңдау.
4.Ой шақыру.

Қадыр Мырзалиев Жымпиты ауылында туған. Ол атақты қазақ ақыны, халық жазушысы. Қаз МУ-дың     филология факультетін бітірген. 1958-1993 жылы « Балдырған» журналында әдеби қызметкер, «Жұлдыз» журналында поэзия және сын бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшы болды. Мырзалиевтің алғашқы өлеңі 1954 «Пионер» журналында жарияланған. Ол «Ақ отау», «Домбыра», «Қорамсаң» т.б. шығармаларын жазды. Ол шетел елдері үшін ең атақты адам. Оның еңбектерін шеделдіктер өте жоғары бағалады.

Еңбек жолын сол кезде жаңадан ашылған балалар журналы «Балдырғаннан» бастаған. «Жұлдыз» журналы редакциясында поэзия және сын бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары, 1968-1973 жылдары «Жазушы» баспасында қазақ поэзиясы бөлімінің меңгерушісі, «Балауса» баспасының редакторы, кейін Қазақстан Жазушылар одағында поэзия секциясының кеңесшісі болған.
1966 жылы «Ой орманы» жинағы үшін Қазақстан Ленин комсомолының сыйлығы берілді. 1980 жылы «Жерұйық» жыр кітабы үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. Ол Қазақстанның халық жазушысы. 2001 жылы Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығын алды.
Кітаптары
«Жаңғалақтар» (1960);
«Кішкене қожанасырлар» (1961);
«Данышпан» (1961);
«Ноян-қоян» (1962);
«Алуан палуан» (1963);
«Сабақ» (1964).
Кітаптары
Жаңғалақтар» (1960);
«Кішкене қожанасырлар» (1961);
«Данышпан» (1961);
«Ноян-қоян» (1962);
«Алуан палуан» (1963);
«Сабақ» (1964).
Жыр жинақтары

«Ақ отау» (1968);
«Домбыра» (1971);
«Көш» (1973);
«Жерұйық» (1976);
«Алақан» (1977);
«Қорамсақ» (1980, 1981);
«Қызыл кітап» (1983);
«Күміс қоңырау» (1970 — 1985);
«Мәңгі майдан» (1993);
«Биік баспалдақ» (1993);
«Үкілі үзінділер» (1996);
«Алаштың арманы» (2001);
«Жазмыш» (2001);
«Еңіреп өткен ерлер-ай» (2001);
«Иірім» (2004);
«Шырғалаң» (2004);
Ой шақыру
Ой талқы.
Не түсіндік?
-Қыран қандай?
- Өзін -өзі өлімге итерген қандай күш?
-"Қыранша өмір сүргенің қандай бақыт, қандай бақыт қыранша өле білген" деген жолдарды қалай түсінесің?

Мәтінмен жұмыс
1.Мағынасы қиын сөздермен түсіндірме сөздік жүргізу.

2.Баллада туралы мәлімет.

Топтық жұмыс.

1-топ-Өлеңнің шумағына талдау.

Үйге тапсырма:
1.Ұнаған шумақты жаттау.

2"Қадыр-Қыран-Қазақ" ой - толғау

3.Ақын туралы ізденіп келу.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
С.Аронұлы "Жақса мен жаман адам қасиеттері"

Автор: Дошанова Рабига Султанкуловна

Дата: 24.10.2017

Номер свидетельства: 434253


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства