kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

С.Сейфуллин "А?са? кеиік"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? ма?саты о?ушылар?а а?ын жайлы толы? м?лімет бере отырып,оны? шы?армаларымен таныстыру.А?ын жайлы білетін м?ліметтерді ты?дай отырып жа?а ма?л?маттар алуына жа?дай ту?ызу, "А?са? киік" ?ле?іні? та?ырыбы мен идеясын ашу.О?ушыларды? м?нерлеп о?у, ?ле? мазм?нын ме?гере отырып автор шеберлігін тануына к?мектесу, ?ле?ді теориялы? жа?ынан талдай білуге ?йрету.Шы?армашылы? ж?мыстар ар?ылы ойлау ?абілетіні? дамуына, тіл байлы?ыны? артуына ы?пал жасау.

Кіріспе: Балалар ?аза? б?йтерек а?ашын киелі сана?ан, ?асиет т?тады. Тамырын тере?ге жай?ан б?йтерек сан тарап?а жол алып, к?кпен жарыса ?седі, ?за? жылдар бойы ?сіп ?нетін а?аш екен. Бізді? ?аза? хал?ы ?з ?лын, батырларын ескеріп, е?бегін ба?алап "Бес арыс", "?ш б?йтерек" т.б. деп ?з с?йген,?о?амына е?бегіне ?арай топтап, ба?алап келеді. Айтпа? бол?аным "?ш б?йтерег"м"з" кімдер деген с?ра? туындайды? Олар С?кен, Ілияс, Бейімбет. "Абайды? інілері, ?аза?ты? іріліері - С?кен, Ілияс, Бейімбет" деп а?ын жырла?андай б?гінгі саба?ымызда С?кен Сейфуллинні? ?мірі мен шы?армашылы?ы туралы о?ып танысамыз.С?кен Сейфуллин 1894 жылы ?ара?анды облысыны? Нілді деген жерінде ту?ан.С?кен жастайынан ?н салып, ?ле? шы?арып, ?нерге ?уестенумен бірге, саяси тартыс?а да ерте араласты. ?азан т??керісіні? от-жалынына ?ртене ж?ріп "А??уды? айырылысуы", "К?кшетау", "?ызы? ат" секілді поэмалар, "?ыр балалары", "Жер ?аз?андар" атты хикаяттар, "Тар жол,тай?а? кешу" романын жазды. Ас?а? та ?сем сазды ?ндер шы?арды. С?кен ?з шы?армаларында ерлікті, с?лулы?ты, адалды?ты ас?а?тата жырларды. Соларды? бірі "А?са? киік" ?ле?і. А?са? киік ?ле?інде жануарды? ішіндегі е? с?луы ж?не адам баласы киелі сана?ан киік туралы жазады.Киік киелі жануар ?азіргі та?да оны? саны азайып кетті, ?ызыл кітап?а енгізілді.?йткені, браконерлер ?з ??л?ыны ?шін, пайда к?зі етіп оны? м?йізін, етін, терісін сауда?а салып а?ша табуды? о?ай жолын тауып ал?ан. ?ле?ні? бастап?ы жолдарында баяндал?ан Ар?а, Бетпа?дала Орталы? ?аза?станды алып жат?ан айма?. батысынан Шы?ысына дейін 1200 км ??ірді алып жатыр.Бетпа?дала осы Сарыар?ада орналас?ан, батысы сазды, шы?ысы тасты, ??мды, ш?лді жер.

     Киік дегеніміз не? Киікті ?аза? а?б?кен депте атайды. Киік ш?лді жерде мекендейді. Оны? м?йізі медицинада д?рі-д?рмек жасау ?шін пайдаланылады. Еті, м?йізі ба?алы.?ле?де а?ын таби?атты? к?рінісін, киікті? с?лу м?сінін, оны? м?шкіл халін суреттеген.Киікті адам баласы сия?ты ?з бауыр еті баласын ойлап, ?асында?ы ??лдар?а жаута?дап ?ара?анын, к?зінен м?лдір тамшыны? сор?алап а??анын сол киелі жануарды? сезімін ?демі суреттеген.

Еле?деп жас балаша жаута?дайды - деп а?ын жас бала?а те?еп жаз?ан.

А?ынны? айтайын дегені таби?атты ?ор?ау?а, жануарларды аялау?а ба?ыттайды. 
 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«С.Сейфуллин "А?са? кеиік" »

Күні: Пәні: Қазақ әдебиеті Сыныбы: 5

Сабақтың тақырыбы: С.Сейфуллин «Ақсақ киік» өлеңі

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік – ақын жайлы білетін мәліметтерді тыңдай отырып жаңа мағлұматтар алуына жағдай туғызу, «Ақсақ киік» өлеңінің тақырыбы мен идеясын ашу;

2.Дамытушылық – оқушылардың мәнерлеп оқу,өлең мазмұнын меңгере отырып автор шеберлігін тануына көмектесу,өлеңді теориялық жағынан талдай білуге үйрету;

3. Тәрбиелік – а) шығармашылық жұмыстар арқылы ойлау қабілетінің дамуына,тіл байлығының артуына ықпал жасау; ә) өз бетінше зерттеу,талдау жұмыстарына машықтанып,түйінді ой,өзіндік пікір қалыптастыруына жол ашу; б) отансүйгіштікке,тіл,сөз өнерін және табиғатты қадірлеп,қастерлей білуге,адамгершілікке тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту.

Көрнекілігі: Сәкен Сейфулиннің суреті,шығармалары,Қазақстан картасы,тест сұрақтары,киіктің суреті,электронды оқулық

Пәнаралық байланыс: тарих,жаратылыстану.

Әдісі: сұрақ-жауап,баяндау,түсіндіру,тест сұрақтары,сын тұрғысынан ойлау стратегиялары.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі. а) Оқушылармен сәлемдесу,түгендеу. ә) Оқушы зейінін өлең жолдарымен сабаққа аудару.

«Өнер алды – қызыл тіл,»

Анаңдай оны құрметте!

Қажымай,талмай үйрен,біл,

Асылын сөздің өрнекте.

Ана тіл – асыл қазына,

Байлвғың – білсең ол сенің.

Жеткізер өмір жазына,

Сонымен өсер өркенің, - дей отырып сөз асылын,тіл тазалығын сезінетін кезекті әдебиет сабағын бастаймыз.

II.Үй тапсырмасын сұрау.

- Қане, балалар,өткен сабағымызда қай ақынның өмірі және шығармашылығымен таныстық? ( «Өтеген батыр» дастанынан үзінді).

Қазір жыр алыбы Жамбыл төңірегінде оқып білгенімізді қорыту үшін тест сұрақтарына жауапберіп көрелік.Бәріміз бір рет таза парақ алайық та,жоғары жағына аты-жөнімізді жазып қоялық

Тест сұрақтары экраннан көрсетіледі.

1.Жамбыл қай жылы қай жерде дүниеге келді?

а) 1845 жылы Шығыс Қазақстан облысында

ә) 1846 жылы Әулие ата өңірінде

б) 1847 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында

2. Жамбылдың әкесінің аты кім?

а) Жанабай ә) Жанай б) Жаппа

3.Жамбылдың шығармасы.

а) «Сұраншы батыр» ә) «Қыс» б) «Сағындым!

4.Жамбылдың ұстазының аты кім?

а) Абай ә)Шашубай б) Сүйінбай

5.Жамбылдың ұлының есімі кім?

а) Айбар ә) Алғадай б) Аршын

6. Жамблды байтақ елге танытқан өнері.

а) айтыс өнері ә) күй өнері б) би өнері

7. «Өтеген батыр» дастанында Өтегеннің еліне тапқан жайлы,шұрайлы жері қай жер еді?

а) Қызылорда ә) Жиделібайсын б) Қазығұрт

8.Жамбыл өмірінің соңында қай жерде тұрды және мұражайы қайда орналасқан?

а)Алматы облысы,Ұзынағаш ауданы

ә)Жамбыл облысы, Мойынқұм жері

б) Оңтүстік Қазақстан облысы,Сайрам жері

9.Жамбылдың 1941-1945 жылғы соғыста солдаттарды жігерлендірген өлеңі.

а) «Сұм соғыс» ә) «Ленинградтық өренім» б) « Алға,алға ...»

10. Жамбыл қай жылы қанша жасында қайтыс болды?

а) 1945 жылы 99 жасында ә) 1946 жылы 100 жасында б) 1947 жылы 101 жасында

Тест сұрақтарының жауаптаы экраннан көрсетіледі де,балалар сол жауаптар бойынша бір-бірінің,яғни көршілерінің тест жауаптарын тексереді.

1-сұрақ ә) 6-сұрақ а)

2-сұрақ б) 7-сұрақ ә)

3-сұрақ а) 8-сұрақ а)

4-сұрақ б) 9-сұрақ ә)

5-сұрақ ә) 10-сұрақ а)

- Тексеріп болсақ экраннан көрсетіліп тұрған бағалау ретімен бір-бірімізді бағалайық :

1-4 дұрыс жауап «2»;

1-5 дұрыс жауап «3»;

8-9 дұрыс жауап «4»;

10 дұрыс жауап «5»;

- Балалар,енді,қолдарыңдағы түрлі-түсті қағаздарыңнан «5»-тік алған оқушы қызыл түсті, «4»-тік алған оқушы көк түсті, «3»-тік алған жасыл түсті, «2»-лік алған оқушы қара түсті көтерейік.


III. Жаңа сабаққа кіріспе.

-балалар,бәйтерек ағашы туралы не білеміз? ..

Қазақ бәйтерек ағашын киелі санап,қасиет тұтады.Тамырын тереңге жайған бәйтерек сан тарапқа жол алып,ккпен жарыса өседі,ұзақ жылдар бойы өсіп өнетін ағаш екен.

Біздің қазақ халқы өз ұлын,батырларын ескеріп,еңбегін бағалап «Бес арыс», «Үш бәйтерек» т.б. деп өз сүрген қоғамына,еңбегіне қарай топтап,бағалап келеді.

«Үш бәйтеректеріміз» кімдер екен? ... (Сәкен,Ілияс,Бейімбет)

«Абайдың інілері,Қазақтың ірілері – Сәкен,Ілияс,Бейімбет» деп ақын жырлағандай бүгінгі сабағымызда Сәкен Сейфулиннің өмірі мен шығармашылығы туралы оқып танысамыз.

Өткен сабақта қосымша Сәкен Сейфуллин туралы зерттеп,деректер жинап келуге тапсырылған.Қане,ойымызды ортаға салайық...

1.Оқушылар өздері дайындап келген мәліметтерін,деректерін айтады. (Қосымша оқушылар айтпай кеткен Сәкен туралы деректерді,1938 жылғы репрессия туралы,құрбандары туралы айтамын).

Бүгін Сәкен Сейфулиннің «Ақсақ киік» өлеңімен танысамыз.Бұл өлеңін ақын 1924 жылы жазыпты.

2.Электронды оқулықпен жұмыс.

(Электронды оқулықтан «Ақсақ киік» өлеңі мәнерлеп оқылады).

- Балалар,өлеңнің бастапқы жолдарында бандалған Арқа,Бетпақдала туралы мәлімет бере кетейін.Арқа,яғни Сарыарқа –(картадан көрсетіледі) Орталық Қазақстанды алып жатқан аймақ.Батысынан Шығысына дейін 1200 км өңірді алып жатыр.Бетпақдала осы Сарыарқада орналасқан,батысы сазды,шығысы тсты құмды,шөлді жер.

Киік дегеніміз не? Киікті қазақ ақбөкен деп те атайды.Киік шөлді жерде мекендейді.Оның мүйізі медицинада дәрі-дәрмек жасау үшін пайдалынады.Еті,мүйізі бағалы. (Экраннан киіктің әдемі суреті көрсетіледі).

3.Кітаппен жұмыс.

-Қане,ары қарай мәнерлеп өзіміз оқып жіберелік.Оқып отырып «Түртіп алу» стратегиясы бойынша өздеріне таныс емес сөздерді қарындашпен белгілеп отырайық. (Оқушылар мәнерлеп оқып шығады да,түсініксіз сөздерді айтып шығады).Экранға сөздік жазылады.

Қу баялыш – шөптің атауы.Сегіз көштік – ұзындық өлшемі.Таңы – жануардың әсем,сұлу мүсіні. Қос – шатыр,күрке.Бетеге – шөп атауы.

- Тақтадағы сөздерді дәатерімізге түсіріп алайық.

4. Шығармашылық жұмыс.

1. Өлең мазмұнына сүйене отырып,өлең ішінен табиғат көрінісі,киіктің сұлу мүсіні,мүшкіл халін суреттеген жолдарды тауып,өз сөзімізбен айтып көрелік. (Оқушылар өлеңнен тауып айтады.)

2.Өлеңнен ақынның пайдаланған қандай бейнелі сөздерін (теңеу,эпитет сөздерін ) байқадық?...

Елеңдеп жас балаша жаутаңдайды – теңеу.

- Теңеу дегеніміз не? (Оқушылар сұраққа жауап айтады).

- Жақсы, балалар, ақынның айтйын деген ойы табиғатты қорғау,жан-жануарларды аялау екен.ХХ ғасырдың басында киік саны күрт азайып,бұл киелі жануар «Қызыл кітапқа» алынған екен.Киіуктер неге азайды,кім кінәлі? «Қызыл кітап» дегеніміз не?

(Экраннан жаралы киік суреті көрсетіледі).

- Сәкен Сейфуллин «Ақсақ киік» өлеңі арқылы жас ұрпаққане айтқысы келді? Біз осы өлеңнен қандай тәрбие аламыз?

( Табиғатты қорғау,оның әрбір тасын,тауын,жануарын аялау,қорғау.)

- Табиғатты қорғау мақсатында мектепте біз қандай іс-шаралар жүргізіп жатырмыз?

- Сенбіліктерге шығып,көше,аула,қала тазалығына ат салысудамыз.Экокезекшілікке шығамыз,ағаштар егіп,өз үлесімізді қосамыз.

- Табиғатты қорғау,жан-жануарларды қорғау туралы қандай мақал-мәтелдер мен нақыл сөздерді білеміз?...

IV. Бекіту. - Балалар,біз бүгін сабақта не білдік,не үйрендік?

Инсерт әдісі



Білемін

Мен үшін

жаңалық

Білгім келеді

Сергіту минуты. « Сен Сәкен туралы не білесің?» ойыны.

Бұл ойында сыныптың әр жеріне үлестірме парақшалар ілініп,сыртында нөмерлері жазылып тұрады.Бір оқушы шығып ондағы сұрақтарды оқиды,онда дұрыс жауап және қате жауап жазылады.Жауптардың қасында сөздер жазылады.Егер оқушы дұрыс жауапты тапса мадақтау сөздер,қателессе ақыл-кеңес беретін сөздер жазылған.

1-үлестірме

Сәкен Сейфуллин қай жылы қай жерде дүниеге келді?

а) 1847 жылы Алматы облысы (3-үлестірмеге бар). ә) 1894 жылы Қарағанды облысы (2-үлестірмеге бар).

2-үлестірме

Жауап өте дұрыс.Сабақты жақсы түсінгенің көрініп тұр. Келесі сұрақ.

Сәкеннің әкесінің аты кім?

а) Сейфолла (5-үлестірмеге бар). ә) Сеітжаппар (8-үлестірмеге бар).

3-үлестірме

Қателестің.Сабақты тыңдамай,сабақта басқа нәрсе ойлап отырғаның көрініп тұр.Зейін салып тыңдау керек. Ойын осылайша жалғаса береді.

V. Үй тапсырмасын беру. 1. «Ақсақ киік» өлеңін мәнерлеп оқу,үзінді жаттау. 2. Оқиға желісіне байланысты сурет салу.

VI. Оқушыларды бағалау. Оқушылардың тест жауаптары жиналып алынады да,ол үй тапсырмасын бағалау ретінде журналға қойылады.Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды мадақтау.

VII.Қорытынды. Экраннан мына сөздер көрсетемін де,оқып беріп мағынасын түсіндіремін.Алла тағала пендесіне « Жер бетіндегі барша тіршілік иесін қолын беремін:жазық дала,тау-тас,шалқар теңіз,айдын көл,ну орман.Қаптаған жануарларға да өзің иелік ет.Менен кейінгі жауапты- сенсің.Жер бетіндегі өмір жақсы қалыптаса ма,жоқ әлде бүлініп ойраны шығады ма – саған байланысты. Түбі сенен сұраймын» деп аса зор міндет артып,шексіз билікті еркіне берсе керек.

Олай болса,табиғатты аялау,оның әрбір бөлшегін қастерлеу,құрметтеу біздің еншімізде




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
С.Сейфуллин "А?са? кеиік"

Автор: Салибекова Айгул Алибековна

Дата: 03.03.2015

Номер свидетельства: 181815


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства