С?кен Ж?нісовті? "А?ыр?ы б?йге" шы?армасында?ы ??лагерді? сипаты
С?кен Ж?нісовті? "А?ыр?ы б?йге" шы?армасында?ы ??лагерді? сипаты
?стаз – адам жаныны? ба?баны. Заман талабына лайы? білім беру – заман талабы. Осы?ан байланысты ?стазды? жа?ашыл педагогикалы? к?з?арасы мен оны т?жірибеде тиімді ?олдана білуі ас?ан шеберлікті талап етеді. ?сынылып отыр?ан саба? жа?ашыл ?діс-т?сілдерді пайдалану ар?ылы ?ткізілген, демек саба?ты? та?ырыбын аны?тау, ?сыныл?ан білім материалын ?здігімен ме?геру, тіпті, бірін-бірі ба?алау, ?зін-?зі ба?алау, ой ?орыту, саба?ты ?орытындылау о?ушыны? еншісіне берілген. М??алім тек ба?ыт-ба?дар беруші р?лін ат?арады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«С?кен Ж?нісовті? "А?ыр?ы б?йге" шы?армасында?ы ??лагерді? сипаты»
Тусупбекова Жанар Куанышевна,
«Осакаровка кентінің №1 орта мектебі» КММ,
қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі
«Ақырғы бәйге» шығармасындағы Құлагердің сипаты
Жұмыс бөліміне кірістірілген: Оқыту сабағының әзірлемесі
Ұстаз – адам жанының бағбаны. Заман талабына лайық білім беру – заман талабы. Осыған байланысты ұстаздың жаңашыл педагогикалық көзқарасы мен оны тәжірибеде тиімді қолдана білуі асқан шеберлікті талап етеді. Ұсынылып отырған сабақ жаңашыл әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы өткізілген, демек сабақтың тақырыбын анықтау, ұсынылған білім материалын өздігімен меңгеру, тіпті, бірін-бірі бағалау, өзін-өзі бағалау, ой қорыту, сабақты қорытындылау оқушының еншісіне берілген. Мұғалім тек бағыт-бағдар беруші рөлін атқарады.
Сабақтың тақырыбы: С.Жүнісовтің «Ақырғы бәйге» шығармасындағы Құлагердің сипаты
Мақсаты:
Білім: «Ақырғы бәйге» шығармасындағы Құлагердің сипатымен таныстыру, талдау жұмыстары арқылы жазушы тілінің шеберлігін меңгерту;
Білік: Оқушыларды өздік жұмыс жасауға үйрету арқылы логикалық ойларын дамыту, сыни көзқарастарын қалыптастыру.
Дағды: Қазақтың біртуар адамдарының өмірін дәріптеу, салт-дәстүрді қадір тұтуға баулу.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, география, саз өнері, тарих, этнография
Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру. Мұғалім оқушылармен амандасып, кезекшімен сұхбаттасу арқылы сабаққа қатысуларын тексереді. Психологиялық ахуалды жақсарту мақсатында оқушыларға сәттілік тілеп, сабақты бастады.
Топқа бөліну:Оқушылар жылқы малының түсіне байланысты (жирен, боз, қасқа, шұбар, қара) топтарға бөлінеді, 6 оқушыдан төрт топ болды.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру. Оқушыларға семантикалық карта таратылады. Тапсырмасы Сәкен Жүнісовтің «Ақырғы бәйге» шығармасының мазмұны бойынша құрылған. Барлығы 8 сұрақ қамтылған.
Сәкен Жүнісов
Ерей-мен
Күрең-бай
Шашу-бай
Мөңке
Баты-раш
Көк-өзек
Ақан сері
«Ақырғы бәйге» шығармасының авторы
«Шіркін-ай, атым да ат-ақ, баптаушысы да сабаз екен» деген кімнің сөзі?
Құлагердің баптаушысы
Шығармадағы өнерлі бала
Құлагермен бәйгеге шапқан бала
«Шынымен өлгенің бе, Құлагерім, ....» деген жолдарды кім айтқан?
Құлагерге қастандық жасаған кім?
Құлагер қай жерде мерт болды?
Оқушылар тапсырманы орындап болған соң, интерактивті тақтада көрсетілетін жауап кілті арқылы өз-өздерін тексереді, бағалау өлшемі арқылы өздерін бағалайды.
Мұғалім әр топтан бір-бір оқушыдан тұрғызып неше алғандығын сұрайды. Жіберілген қателер талқыланды.
ІІІ Миға шабуыл. Интерактивті тақтадан бейне ресурс арқылы Абай Құнанбаевтың «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ» өлеңіне түсірілген аттың сипаты берілген видео көрсетілді.
Оқушыларға мұғалім түрткі сұрақтар қою арқылы сабақтың тақырыбын шығарады.
Бұл өлеңде не жайлы айтылған?
Бұл материалды мен сендерге не үшін көрсетіп отырмын?
ІY «Үнсіз оқу» стратегиясы. ДЖИКСО әдісі арқылы оқушыларға шығармадан үзінділер таратылады.
Оқушылар берілген үзіндідегі мәліметтерді үнсіз, түсініп оқып шығады. /Үнсіз оқуда 5-сыныптың оқу дағдысы ескерілуі керек/
YІ «Әлемді шарлау» стратегиясы /біліммен бөлісу/
Әр топқа тапсырма берілді. Постер мен маркерлер таратылады.
1-топ: «Шығармадағы кейіпкерлер әлемі»
2-топ: «Ақан сері кім?»
3-топ: «Үзіндідегі Құлагердің сипаты»
4-топ: «Шығарманың композициялық құрылымы»
5-топ: «Шығармадағы көркемдеуіш құралдар»
6-топ: «Ауыз әдебиетіндегі тұлпарлар және Құлагер бейнесі»
Оқушылар берілген тапсырмалар бойынша постер толтырды. Тапсырманы толық орындап болған соң әр топтың баяндаушысы басқа топтарға өз жұмыстарын сағат тілі бағытымен түсіндіреді. Топтағы балалар мәліметтерді тыңдап болғаннан кейін өздерінің қосатын деректерін постерге жазып береді.
Y «Аялдама». Әр баяндаушы басқа топтардан жинаған мәліметтерін өз тобында ортаға салды. Сынып алдында қорғайды.
YІ Сергіту сәті. Оқушылар видео ролик арқылы сергіту сәтін жүргізеді. «Қара жорға» биін билейді.
YІІ Бекіту. «Бүгінгі күннің сөйлемі»
Әр оқушы сабақтан қандай мағлұмат алғанын жазады, сөйлемдерін оқып береді.
YІІІ Үйге тапсырма
Мұғалім үй тапсырмасын жазғызады: «Егер мен автор болсам...» ойтолғау жазу; 12-тапсырма 226 б.
ІХ Бағалау. Оқушылар кері байланыс парағын толтырады, стикерлермен жұмыс жүргізді.