kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

С?кен Сейфуллин. «А??уды? айырылуы»

Нажмите, чтобы узнать подробности

а) Біз ХІХ – ХХ ?асырларды? ?андай а?ын – жазушыларымен танысты?? Олар туралы ?ыс?аша м?ліметті мына сызба бойынша толтырайы?. (Сызба ?р топ?а беріледі).
О?ушылар ?ш топ?а б?лініп І топ А.??нанбаев, ІІ топ Ш.??дайбердиев, ІІІ топ М.Ж?мабаев туралы м?ліметтер жазады, ?р топтан бір бала н?тижесін о?ып береді (топ м?шелеріні? ?атысуына ба?а береді).
Абай (Ибрагим) ??нанбаев, 1845 -1904 жылы
?аза? хал?ыны? ?лы а?ыны, жазба ?дебиетіні? негізін салушы, философ, аудармашы, композитор
?ыс, Жаз?ыт?ры, Сенбе ж?рт?а…, Желсіз т?нде жары? ай, Он жетінші с?з.
Ш.??дайбердиев
М.Ж?мабаев

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«С?кен Сейфуллин. «А??уды? айырылуы»»

 Сыныбы: 8 Қазақ әдебиеті
Сабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллин. «Аққудың айырылуы»
Сабақтың мақсаты: 

Білімділігі: Қазақстанның көрнекті ақыны С.Сейфулиннің өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін тереңдету. «Аққудың айырылуы» поэмасымен оқушыларды таныстырып, поэмадағы негізгі идея – адал достық, шынайы, кіршіксіз, таза махаббат мәселесін көрсету;

Дамытушылық: поэманы мазмұнына сай мәнерлеп, оқу дағдыларын дамыту. Махаббат пен зұлымдықты салыстыра отырып, ізгілік жөнінде ой қорыту дағдыларын дамыту;
Тәрбиелелік: Адал достыққа үндеу, махаббаттың белгісі – аққуға жасалған зұлымдықты айта отырып, балалардың табиғатқа ізгілік қарым – қатынасын дамыту, қоршаған ортаны қорғауға шақыру, экологиялық тәрбие беру, жақсылық пен жамандықты ажырата білуге тәрбиелеу.
Пән аралық байланыс: тарих, орыс тілі
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың типі: жаңа білім беру
Сабақтың әдісі: дамыта оқыту.
Сабақтың көрнекілігі: С.Сейфуллиннің портреті, көлде жүзген қос аққудың суреті.
Сабақтың эпиграфы:«Ол өз елін сүйген. Ол нағыз ақын болған, ал нағыз ақынның халқы өмір сүрсе, ол да мәңгілік өмір сүреді».
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру.
Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу. Оқушылар назарын сабаққа аудару
ІІ. Жұмысын тексеру: Оқушылардың өткен сабақтан алған білімдерін пысықтау.
а) Біз ХІХ – ХХ ғасырлардың қандай ақын – жазушыларымен таныстық? Олар туралы қысқаша мәліметті мына сызба бойынша толтырайық. (Сызба әр топқа беріледі).
Оқушылар үш топқа бөлініп І топ А.Құнанбаев, ІІ топ Ш.Құдайбердиев, ІІІ топ М.Жұмабаев туралы мәліметтер жазады, әр топтан бір бала нәтижесін оқып береді (топ мүшелерінің қатысуына баға береді).

Абай (Ибрагим) Құнанбаев, 1845 -1904 жылы
Қазақ халқының ұлы ақыны, жазба әдебиетінің негізін салушы, философ, аудармашы, композитор
Қыс, Жазғытұры, Сенбе жұртқа…, Желсіз түнде жарық ай, Он жетінші сөз.
Ш.Құдайбердиев
М.Жұмабаев

ІІІ. Жаңа сабақтың мақсатымен таныстыру.
Балалар, тақтаға қараңдар. Біз бүгін сабақта ХХ ғасырдың тағы бір белгілі ақыны С.Сейфуллин туралы айтамыз. Біз мына сұрақтарға жауап береміз.
1. С.Сейфуллин деген кім?
Оның шығармашылығымен қай сыныпта таныстық?
Оның қандай шығармаларын білеміз?
Алдын – ала тапсырма алған балалардың көмегімен және 57 –бетте берілген мәтін бойынша дәптерге ақын туралы қысқаша мәлімет беру, жаздыру.
1. С.Сейфуллин – қазақтың аса көрнекті ақыны, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері.
2. Ол 1894 жылы Қарағанды облысы, Жаңарқа ауданында дүниеге келген. Оның әкесі – сейфолла жақсы домбырашы, анасы – әңгімешіл адам болған. Бала жасынан ән – күйге, өлең – жырға құштар болған.
3. С.сейфуллин шығармашылығымен біз 6 – сыныптан таныспыз және оның «Туған жер», «Дала» атты өлеңдерін жаттадық. Оның «бандыны қуған Хамит» атты әңгімесі бойынша түсірілген фильм «Даладағы қуғын» деп аталады.
балалар, Сәкен ағаларың жиырма жыл аралығында көптеген лирикалық өлеңдер, поэмалар, әңгімелер, романдар жазды. Ақын 1938 жылы жазықсыз жала жабылып сталиндік репрессияның құрбаны болды. Бірақ оның шығармалары ақынның атын өшпестей етіп отыр. Атақты жазушы Р.Сейсенбаев с.Сейфуллин туралы былай дейді: «Ол өз елін сүйген. Ол нағыз ақын болған, ал нағыз ақынның халқы өмір сүрсе, ол да мәңгілік өмір сүреді».
Бұл сөздерді сендер қалай түсінесіңдер?
Біз бүгінгі сабақта ақынның «аққудың айырылуы» атты поэмасымен танысамыз.
Поэма деген не?
Поэма жанырының басқа лирикалық жанрлардан айырмашылығы неде?
Поэмада үнемі лирикалық кейіпкер болады.
Мәтіннің соңында берілген сөз, сөз тіркестерімен танысып, дауыстап оқып шығу.
С.Сейфуллиннің «Аққудың айырылуы» поэмасын мұғалім өз мәнеріне келтіріп, дауыстап, қажет жерінде түсініктеме беріп оқиды. Оқыған кезде Н.Тілендиевтің «Аққу» күйін ақырын ойнатып қойса, поэманы қабылдау әсерлірек болады.Мұғалімнің мәнерлеп оқу біліктілігі оқушылардың шығарманы оқуға ынталандырады, оқығанда орфоэпиялық қателерді жібермеуге әсер етеді және автордың көңіл – күйін, сезімін дұрыс жеткізуге баулиды. Оқыған кезде аққу қазақ халқының түсінігінде киелі құс екендігі, ол тазалық, сұлулық, махаббат белгісі екендігіне көңіл аудару қажет.
Оқып болған соң оқушыларға шығарманы мынадай бөлімдер бойынша талдауды ұсынуға болады:
І.Кіріспе.
ІІ. Екі аққудың кездесуі.
ІІІ. Мергеннің аққуды атуы.
ІҮ. Жалғыз қалған аққудың қасіреті мен өлімі. Жұмысты жеңілдету үшін әр топқа жетекші сұрақтар беріледі:
І топқа. Кіріспе.
1)Кіріспеде не туралы жазылады?
2)Көлді сипаттаған үзіндіні оқулықтан тауып, жазып, оқып бер.
3) Көлді сипаттаудағы теңеулерді тауып көшіріп жаз…(құмы – маржан, суы – көл,…)
4) Көлді мекен еткен аққу қандай? (тірек сызба бойынша жауап бер).
5) Көлді тағы қандай құстар мекендейді?
6)Құстар қайтеді?

ІІ топқа: Екі аққудың кездесуі
1)Бір мезгілде алыстан не естіледі?
3)Кездескенде екі аққу қайтті?
4) Екі аққудың бұл әрекетінен не байқадыңдар?
5)бұл бөлімде ақын нені жырлайды?

ІІІ топқа. Мергеннің аққуды атуы.
1)Аққулар айырылып кеткен соң не болады?
2) «Суық жүрек» деп кімді атайды? («суық жүрек» деген сөздің синонимін табыңдар).
3)Аққуға атылған оқ немен теңелген?
4)Атылған оқ көлге қалай әсер етті? Көл қайтті?

ІҮ топқа: Жалғыз қалған аққудың қасіреті мен өлімі.
1)Аққудың сыңары қалай күңіренеді? (Мәтіннен тауып, өз сөздеріңмен баяндаңдар).
2) Зарлаған аққу мергенге не деп жалынды?
3) Мергеннің өзін атпасын білген аққу қандай шешімге келді?
4) аққу өзінің өлімімен нені дәлелдеді?5) Аққу өлімінен қандай ой түюге болады?
Әр топ өзінің тапсырмасын орындап болған соң топтан бір оқушы дауыстап жауаптарын оқиды.
Сабақтың қорытындысы:
Ал, балалар, поэманы оқыдық, әр топ сұрақтары бойынша жұмыс істеді, енді біз қорытындылайық.
1)Осындай тамаша поэманы жазған ақын С.Сейфуллин қандай адам деп ойлайсыңдар?
2) Аққу құсы қазақ халқында ненің белгісі екен?
3)Аққу өзінің өлімімен нені дәлелдеді?
4) Аққу өлімінен қандай ой түюге болады?
Әр топ жетекшісі топ мүшелерінің жауабына түсініктеме береді. Әр оқушының белсенділігі туралы айтады.
Үй тапсырмасын беру:
а) мәтінді мәнерлеп оқу;
б) Мәтін бойынша берілген актив сөздерді жаттау.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
С?кен Сейфуллин. «А??уды? айырылуы»

Автор: Модашев Абай Турсунбаевич

Дата: 15.03.2016

Номер свидетельства: 305931


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства