kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Рефлексивті о?ыту

Нажмите, чтобы узнать подробности

РЕФЛЕКСИВТІК О?ЫТУ

Пирманова Замира Ауелбек?ызы

№75 мектеп-гимназия, Шымкент ?аласы

Т?йіндеме

 ?о?ам бар?ан сайын к?рделене т?суде. Жа?а ?асыр?а сай ?згеше ?абілет, ?асиетке ие ?рпа? ?алыптасып келеді. Ал осыны? барлы?ы тікелей білім-?ылым саласына байланысты. Сонды?тан білім беруді жетілдіру, а?параттандыру, білім алушыларды? танымды?, шы?армашылы? ?абілетін арттыру, о?у да?дысын жетілдіру м?селелері к?терілуде. Педагогикалы? инновация, жа?а педагогикалы? технология?а негізделген саба?ты? д?ст?рлі емес типтері, жа?а а?паратты? технологияны пайдалану тірек-сигналдар технологиясы, проблеманы о?ыту, интерактивті о?ыту, интеграция, модульдік о?ыту та?ы бас?а ?айысын алса? та жас жеткіншекті, жеке т?л?аны білімімен, біліктілікпен ?аруландыруды? т?рлі ??ралдары болып табылады.

Б?гінгі к?нде е? алдымен, о?ушы?а оны? ?ажеттілігі мен ?ызы?ушылы?ына к??іл аударуды к?шейтіп, ?р о?ушыны? жеке т?л?алы? ?асиеттеріні? барлы? байлы?ын дамытып, оны толы? ашу?а м?мкін бол?ан жа?дайды ??ру ?ажет. Осы?ан байланысты ?азіргі м??алімдер алдында т?р?ан міндет о?ушы?а белгілі бір білім ж?йесін тере? ме?гертіп ?ана ?оймай, о?у белсенділігін арттырып, оларды? ?р?айсысыны? шы?армашылы? ?абілетін айтарлы?тай дамыту болып табылады. Сонды?тан о?ушыларды? саба??а ?ызы?ушылы?ын арттырып, ?р саба?ты д?рыс ?йымдастыру м??алімні? педагогикалы? шеберлігіне байланысты. ?міріне ??р ?ана саба? болып ?оймас ?шін,ол ?ызы?ты болуы керек. Осы?ан ?ол жеткенде ?ана мектеп жас?спірімдер ?шін рухани оша?ына, жетпес ?азынасына айналатыны с?зсіз.

Осы айтылган талаптарды орындау ?шін ?аза?стан білім ж?не ?ылым министрлігі тарапынан кембридждік о?у ба?дарламасын білім беру саласына енгізу туралы шешім ?абылданды. ?азіргі та?да шетел ?ріптестерімізді? т?жірибесімен б?лісу ма?сатында ?ш айлы? о?ыту курстары ж?ргізіліп жатыр. Сол курсты? білім алушыларыны? бірі болып мен де ?атысып білім алдым. Осы курста мен атал?ан жеті модульді? саба?та ?арастырыл?ан идеялары мен байланысын ескере отырып, сапалы о?ыту –м??алім бейнесімен танылатын сан алуан элементтер арасында?ы байланыс болып табылатынын, ол ?зі белгілі бір де?гейде т?уелді жа?дайлар жасалын?ан кезде ж?зеге асырылатынын о?у барысында т?сіндім. ?лем ?згергендіктен, сіз ?згересіз ж?не ?азіргі с?тте ?згеріссіз ?алу ?те ?ауіпті екенін білесіз.Сіз ?згересіз,себебі сіз білім ал?анды, білім бергенді жа?сы к?ресіз,балаларды с?йесіз ж?не олар мына жылдам ?згеретін ?лемде ба?ыт беріп отыратын сізді ?ажет ететіндігін білесіз,оны істеу ?шін сізге алдымен ?з жолы?ызды табу ?ажет.Сонды?тан сіз де,олар да ?згеруі ?ажет. (С.Бич, 2012 ( Ресурс 15-бет) айтып кеткендей курс ба?дарламасында?ы Абрагам Маслоуды? гуманистік теориясы, Лев Выготскийді? ?рекеттік т?р?ыдан о?ыту теориясы, Джон Дьюиді? сын т?р?ысынан ойлауды ?алыптастыру идеясы, Джонн Хэттиді? метаанализі, талдау, жина?тау, ?орыту, ба?алауды ж?зеге асыруы негізінде ?лтты? м?дениетімізді ескеретін, жеті модульден т?ратын біліктілікті арттыруды? ерекше ж?йесіне батыл ?адам жасалды. Курсты? ??рылымыны? ?зі американды? психолог Б.Блумны? адамны? танымды? ойлауыны? алты де?гейіне негізделген. Бірінші кезе?інде ба?дарлама идеясын т?сіну, еске са?тау, ал ?ашы?тан о?ыту кезе?інде ?олдану, талдау, екінші кезе?інде жина?тау, ?орыту, со??ы кезе?інде ба?алау бойынша ?йымдастырылуы мені? ал?аш?ы к?ннен зерттеушілік ?абілетімді жетілдірді.

Білім беру ж?йесіне ?згеріс енгізу ?шін м??алімдерді? ?алыптасып ?ал?ан к?з?арасын ?згерту негізгі ма?сатым болды. ?йткені «Мектеп ж?мысы мен о?ушы жетістіктерін ?рістетудегі негізгі т?л?а-м??алім». (М??алімдерге арнал?ан н?с?аулы?).

    М??алімдерді? к?пшілігі, білімдері мен к?сіби дайынды?тарына с?йкес, ?здеріні? ж?мыстары туралы тол?аныста болатыны шынды?, дегенмен б?л жердегі ма?сат – ?дерісті жар?ын бейнелі, ж?йелі ж?не бас?а адаммен орта? ету. «Рефлексивті практик» деген ??ым философ, психолог ж?не о?у реформаторы Джон Дьюи мен философ, индустриялы? ж?не технологиялы? зерттеуші До­нальд Шонны? ж?мыстарынан шы?ып отыр. Дьюиді? «Біз ?алай ойлаймыз?» (1910) деген кітабы рефлексивтік ойды шешуге жататын м?селелерді зияткерлендіру т?р?ысынан ?арастыра отырып, идеялар мен болжамдарды дамытып, практикалы? жа?даяттарды? зерттеулеріне бастама жасап ж?не іске асыра отырып о?ыту?а ерекше ы?пал етті.

?дерісті? б?л ма?ынасы Шонны? со??ы е?бектерінде рефлексивті т?жірибені педагогтерді? проблеманы аны?тау ж?не ?з іс-?рекеттерінде эксперимент ж?ргізе отырып шешу ?дісі ретінде ?арастыратына байланысты. Шонны? «Рефлексивті практик: к?сіби іс-?рекетте ?алайша ойланады» (1983) деген кітабыны? ы?палы к?шті болды. Ол «техникалы? ?тымдылы?» ??ымын к?сіби білім негізі деп тануды жо??а шы?ара отырып, к?сіп?ойларды? не істейтіндігін т?сіну негізіне «ойлану» т?сінігін ?оюы б?л іске ?ос?ан зор ?лесі болып табылады. Техникалы? ?тымдылы? к?сібилікпен салыстыр?анда негізгі парадигма бола алмады. Оны? «іс-?рекеттегі тол?аныс» деген ??ымы кейде «іс барысында?ы тол?аныс» ретінде де сипатталады. Б?л бізді? т?жірибемізге, бізді? сезімдерімізге байланысты ж?не пайдалануда?ы бізді? теориямыз?а к??іл б?луді ?амтиды; ахуал ?згерген жа?дайда бізді? іс-?рекеттеріміз ?згеруі ?шін жа?а ??ымды т?зуге ?келеді. Б?л ?дерістен кейін «іс-?рекеттен кейінгі тол?аныс» ж?реді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Рефлексивті о?ыту »

РЕФЛЕКСИВТІК ОҚЫТУ

Пирманова Замира Ауелбекқызы

№75 мектеп-гимназия, Шымкент қаласы

Түйіндеме

 Қоғам барған сайын күрделене түсуде. Жаңа ғасырға сай өзгеше қабілет, қасиетке ие ұрпақ қалыптасып келеді. Ал осының барлығы тікелей білім-ғылым саласына байланысты. Сондықтан білім беруді жетілдіру, ақпараттандыру, білім алушылардың танымдық, шығармашылық қабілетін арттыру, оқу дағдысын жетілдіру мәселелері көтерілуде. Педагогикалық инновация, жаңа педагогикалық технологияға негізделген сабақтың дәстүрлі емес типтері, жаңа ақпараттық технологияны пайдалану тірек-сигналдар технологиясы, проблеманы оқыту, интерактивті оқыту, интеграция, модульдік оқыту тағы басқа қайысын алсақ та жас жеткіншекті, жеке тұлғаны білімімен, біліктілікпен қаруландырудың түрлі құралдары болып табылады.

Бүгінгі күнде ең алдымен, оқушыға оның қажеттілігі мен қызығушылығына көңіл аударуды күшейтіп, әр оқушының жеке тұлғалық қасиеттерінің барлық байлығын дамытып, оны толық ашуға мүмкін болған жағдайды құру қажет. Осыған байланысты қазіргі мұғалімдер алдында тұрған міндет оқушыға белгілі бір білім жүйесін терең меңгертіп қана қоймай, оқу белсенділігін арттырып, олардың әрқайсысының шығармашылық қабілетін айтарлықтай дамыту болып табылады. Сондықтан оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттырып, әр сабақты дұрыс ұйымдастыру мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне байланысты. Өміріне құр ғана сабақ болып қоймас үшін,ол қызықты болуы керек. Осыған қол жеткенде ғана мектеп жасөспірімдер үшін рухани ошағына, жетпес қазынасына айналатыны сөзсіз.

Осы айтылган талаптарды орындау үшін қазақстан білім және ғылым министрлігі тарапынан кембридждік оқу бағдарламасын білім беру саласына енгізу туралы шешім қабылданды. Қазіргі таңда шетел әріптестеріміздің тәжірибесімен бөлісу мақсатында үш айлық оқыту курстары жүргізіліп жатыр. Сол курстың білім алушыларының бірі болып мен де қатысып білім алдым. Осы курста мен аталған жеті модульдің сабақта қарастырылған идеялары мен байланысын ескере отырып, сапалы оқыту –мұғалім бейнесімен танылатын сан алуан элементтер арасындағы байланыс болып табылатынын, ол өзі белгілі бір деңгейде тәуелді жағдайлар жасалынған кезде жүзеге асырылатынын оқу барысында түсіндім. Әлем өзгергендіктен, сіз өзгересіз және қазіргі сәтте өзгеріссіз қалу өте қауіпті екенін білесіз.Сіз өзгересіз,себебі сіз білім алғанды, білім бергенді жақсы көресіз,балаларды сүйесіз және олар мына жылдам өзгеретін әлемде бағыт беріп отыратын сізді қажет ететіндігін білесіз,оны істеу үшін сізге алдымен өз жолыңызды табу қажет.Сондықтан сіз де,олар да өзгеруі қажет. (С.Бич, 2012 ( Ресурс 15-бет) айтып кеткендей курс бағдарламасындағы Абрагам Маслоудың гуманистік теориясы, Лев Выготскийдің әрекеттік тұрғыдан оқыту теориясы, Джон Дьюидің сын тұрғысынан ойлауды қалыптастыру идеясы, Джонн Хэттидің метаанализі, талдау, жинақтау, қорыту, бағалауды жүзеге асыруы негізінде ұлттық мәдениетімізді ескеретін, жеті модульден тұратын біліктілікті арттырудың ерекше жүйесіне батыл қадам жасалды. Курстың құрылымының өзі американдық психолог Б.Блумның адамның танымдық ойлауының алты деңгейіне негізделген. Бірінші кезеңінде бағдарлама идеясын түсіну, еске сақтау, ал қашықтан оқыту кезеңінде қолдану, талдау, екінші кезеңінде жинақтау, қорыту, соңғы кезеңінде бағалау бойынша ұйымдастырылуы менің алғашқы күннен зерттеушілік қабілетімді жетілдірді.

Білім беру жүйесіне өзгеріс енгізу үшін мұғалімдердің қалыптасып қалған көзқарасын өзгерту негізгі мақсатым болды. Өйткені «Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға-мұғалім». (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық).


Мұғалімдердің көпшілігі, білімдері мен кәсіби дайындықтарына сәйкес, өздерінің жұмыстары туралы толғаныста болатыны шындық, дегенмен бұл жердегі мақсат – үдерісті жарқын бейнелі, жүйелі және басқа адаммен ортақ ету. «Рефлексивті практик» деген ұғым философ, психолог және оқу реформаторы Джон Дьюи мен философ, индустриялық және технологиялық зерттеуші До­нальд Шонның жұмыстарынан шығып отыр. Дьюидің «Біз қалай ойлаймыз?» (1910) деген кітабы рефлексивтік ойды шешуге жататын мәселелерді зияткерлендіру тұрғысынан қарастыра отырып, идеялар мен болжамдарды дамытып, практикалық жағдаяттардың зерттеулеріне бастама жасап және іске асыра отырып оқытуға ерекше ықпал етті.

Үдерістің бұл мағынасы Шонның соңғы еңбектерінде рефлексивті тәжірибені педагогтердің проблеманы анықтау және өз іс-әрекеттерінде эксперимент жүргізе отырып шешу әдісі ретінде қарастыратына байланысты. Шонның «Рефлексивті практик: кәсіби іс-әрекетте қалайша ойланады» (1983) деген кітабының ықпалы күшті болды. Ол «техникалық ұтымдылық» ұғымын кәсіби білім негізі деп тануды жоққа шығара отырып, кәсіпқойлардың не істейтіндігін түсіну негізіне «ойлану» түсінігін қоюы бұл іске қосқан зор үлесі болып табылады. Техникалық ұтымдылық кәсібилікпен салыстырғанда негізгі парадигма бола алмады. Оның «іс-әрекеттегі толғаныс» деген ұғымы кейде «іс барысындағы толғаныс» ретінде де сипатталады. Бұл біздің тәжірибемізге, біздің сезімдерімізге байланысты және пайдаланудағы біздің теориямызға көңіл бөлуді қамтиды; ахуал өзгерген жағдайда біздің іс-әрекеттеріміз өзгеруі үшін жаңа ұғымды түзуге әкеледі. Бұл үдерістен кейін «іс-әрекеттен кейінгі толғаныс» жүреді.

Бұл үдеріс кейінірек, біз жазбаны аяқтап, оны әріптесімізбен немесе тәлімгермен талқылай бастағанда жүзеге асырылады. «Іс-әрекеттегі толғаныс» актісі топта не болып жатқанын, өзіміздің белгілі бір жағдайда неге дәл осындай іс-әрекет жасағанымызды зерттеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар біз өзіміздің іс-әрекетіміз бен тәжірибемізге қатысты бірқатар ойлар мен сұрақтарды анықтаймыз.

Төмендегі дағдылардың кейбіреуі рефлексивтік оқыту тұрғысынан қолданылады:

  1. мәселелерді мойындап, оларды шешудің тиімді құралдарын іздеу;

  2. басымдылықты белгілеудің маңыздылығын және міндеттерді шешуде олардың басым мәнін түсіну;

  • релевантты ақпаратты жинақтау мен сұрыптау;

  • нақты және түсінікті сипаттама;

  • белгіленбеген жорамал мен құндылықтарды мойындау;

  • шешім қабылдап, дәлелдемелерді бағалау үшін нәтижелерді өз бетінше түсіндіру;

  • қол жеткізілген тұжырымдар мен жалпылауларды қуаттау;

  • алынған тәжірибенің негізінде ұстаным модельдерін түзету.

Рефлексия деген сөздің мағынасы:

жен. только ед.
1) физ. (отражение лучей) рефлексия (сәуленің шағылуы)
2) (размышление) рефлексия (сананың өзіне назарын аударып, өзінің психикалық күйіне ой жүгіртуі)

Педагогикалық рефлексия - мұғалімнің өзіне, өзінің қылықтарына объективті баға беру, оны балалар, басқа адамдар, ең әуелі педагогикалық қатынас процесінде муғалім әрекеттесетін адамдар қалай қабылдайтынын түсіну қабілегі. Педагогикалық рефлексия орталығында - оқушы тәрбиешіде және онымен өзара қарым-қатынасында нені қабылдайтынын және түсінетінін, тәрбиешінің әрекеттеріне қалай икемделе алатынын ұғу.

Сабақты ұйымдастыру барысында әрбір сабаққа ерекше дайындалып Бағдарлама негізінде ұсынылған жоспардағы тапсырмаларды талдауда түрлі жаңа әдіс – тәсілдерді пайдаландым. Бұл арқылы мен алдымда отырған мұғалімдердің әр бір тапсырманы ынтамен, қызығушылықпен жасағанын байқадым.Бұл Бағдарламаның оқу мен оқытудағы жаңа әдіс – тәсілдері сабақ беруде өте тиімді екеніне көз жеткіздім. Ең алдымен өзіңе деген сенімділік болу керек екен. Мұғалімнің ұстанымы – оның көзқарасы, қабылданған шешімнің және іс – әрекетінің негізі. (Мұғалімге арналған нұсқаулық,7 – бет)

Сөз соңында өз ойымды белгілі педагог К.Ушинскийдің «мұғалім – өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Оқуды, ізденуді – тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жоғалады» – деген пікірмен аяқтауды жөн көрдім.

Педагогика мен мектеп практикасындағы өзекті мәселелердің бірі - бастауыш сынып математикасын оқытуда оқушылардың оқу іс-әрекетіне рефлексивтік қатынастарын қалыптастыру арқылы олардың математикалық білім сапасын көтеру; білім беру негізінде жалпы мәдениеттерін (өз ісіне деген жауапкершілікті, тиянақтылықты, білімге деген құштарлықты және т.с.с.) тәрбиелеу. Осы бағытта жүргізілген зерттеу жұмысының нәтижелері келесідей қорытындылар жасауға мүмкіндік берді:
1. Педагогикалық-психологиялық теориялардағы «оқу», «оқу іс-әрекеті» ұғымдарының даму барысына талдау жасау келесідей тұжырымдар жасауға негіз болды:
– «оқу іс-әрекеті» ұғымының қолданысқа енуі білім беру сапасына сипаттама беруге байланысты оқу әрекетін тұтас құрылым ретінде қарастыру қажеттігінен туындаған, оның негізгі компоненттеріне жататындар: мотивациялық, мазмұндық және іс-әрекеттік;
− оқу іс-әрекетіндегі рефлексия – ойлау, қабылдау үрдісіндегі оқу іс-әрекетінің субъективтік сипаты. Оның мақсаты - оқу іс-әрекетінің компоненттерін, мәселені шешу жолындағы алынған нәтижені еске түсіру; оқушының өзін-өзі тануын қамтамасыз ету;
− рефлексия - өзін-өзі танудың, түсінудің, тексерудің, бақылаудың, бағалаудың негізгі тәсілі және ойлаудың қажетті құралы. Рефлексияны қалыптастыруда өзіндік бақылау, өзіндік бағалау, өзін-өзі реттеу бір-бірінен бөлінбейтін үрдістер болып табылады: а) өзіндік бақылау – оқушыға оқу міндетінің шешімін дұрыс тауып, сапалы білім алуға, жетістікке жетуге негіз болатын, оқу іс-әрекетінің маңызды бөлігі, оның құрылымы: алдағы жұмыстың мақсатын анықтау → өз ойын дәлелдеу → алынған нәтижені талдау; б) өзіндік бағалау – бұл тұлға әрекетінің дұрыс не бұрыстығын анықтайтын үрдіс. Өзіндік бағалаудың жоғарғы деңгейі – тұлғаның өзіне шығармашылық тұрғысынан келіп, өзін-өзі жетілдіруге ұмтылысының пайда болуынан байқалады. Өзіндік бағалаудың пайда болуы және даму мәселелері жеке тұлғаның қалыптасу мәселесінде өте маңызды роль атқарады, өйткені, оқу іс-әрекеті барысындағы өзіндік бағалау – оқу міндетінің дұрыс шешілуіне, оқушының оны дұрыс игеруіне, өз әрекетін тексеріп, бақылауға негіз болады. 
2. Бастауыш сынып оқушыларының оқу іс-әрекетіне рефлексивтік қатынастарын қалыптастыруда олардың даралылық ерекшеліктерін ескерумен қатар, берілген ақпаратты қабылдау ерекшелігін ескеру де маңызды. Сондықтан да математиканы оқытуда оқушылардың оқу іс-әрекетіне рефлексивтік қатынастарын қалыптастыруда ақпаратты қабылдау каналдарының (аудиалдық, визуалдық және кинестеттік) бірінің басым болатынын, ал оқыту барысында оның үшеуін де дамыту қажеттігін ескерген жөн. Оқу материалдарын оқушылардың қабылдау мүмкіндіктерінің барлық каналдарын да арнайы бейімделген тасырмалар көмегімен жетілдіру мүмкіндіктері, оқушылардың оқу іс-әрекетіне рефлексивтік қатынастарын қалыптастыруды кезең бойынша жүзеге асыруға болатындығы теориялық және практикалық тұрғыдан негізделді.
3. Бастауыш сынып оқушыларының өздерінің оқу іс-әрекетіне рефлексивтік қатынастарын қалыптастыру оның деңгейлерін (жоғары, орташа және төмен) анықтау мен оны қалыптастыруды әдістемелік турғыдан қамтамасыз етумен байланысты. Аталған іс-әрекетті қалыптастыру жұмыстарын жүргізуде арнайы құрылған оқу тапсырмаларының атқаратын ролі зор. Тапсырмаларды атқаратын функцияларына қарай келесідей топтауға болады: оқушылардың оқу тапсырмасын талдай алу іскерлігін қалыптастыруға және анықтауға, соның ішінде шарттары толық және толық емес тапсырмаларды (салыстыру тәсілімен қандай тапсырманың есеп бола алатынын анықтауға арналған) арналған тапсырмалар; оқушылардың оқу тапсырмасының мақсатын анықтай алу іскерлігін қалыптастыру (анықтау) үшін ұсынылатын тапсырмалар; оқушылардың оқу тапсырмасын орындауды жоспарлау іскерлігін қалыптастыруға (анықтауға) арналған тапсырмалар; оқушылардың оқу тапсырмасын орындауларын бақылай, бағалай алу іскерліктерін қалыптастыруға (анықтауға) арналған тапсырмалар; оқушылардың оқу тапсырмасын орындау алгоритімінің құрылымын тұтас меңгерулерін қалыптастыруға (қалыптасу дәрежесін анықтауға) бағытталған тапсырмалар және т.с.с. Аталған тапсырмаларды оқыту үрдісінде қолдану арнайы әдістемемен қамтамасыз етілді. 
4. Оқушылардың оқу іс-әрекетіне рефлексивтік қатынастарын қалыптастыруға арналған оқу тапсырмалары нақты математикалық амалдар мен ережелерді оқушыларға игертіп қана қоймайды, сонымен қатар ол білім алу негізінде жатқан іс-әрекеттердің мақсаттарын айқындауды, математиканы оқытуда «есеп» объектісі туралы түсінікті, оның құрамдық ерекшелігін (мақсатын, шартын, шығару жолдарын) игертеді; есепті шешу жоспарын анықтап, ол жоспарды жүзеге асыра алуға, алған нәтижелерді тексеріп, нәтижелер бойынша өз іс-әрекеттерін бағалай алуға үйретеді. Жалпы алғанда, математика пәнін оқыту барысында оқушылардың оқу іс- әрекеттеріне рефлексивтік қатынастарын қалыптастыруда арнайы тапсырмаларды, олардың атқаратын мақсаттарын анықтай отырып бағытты пайдалану оқушылардың оқу іс-әрекетінің нақты және жалпы деңгейлерін сабақтастықта игерулеріне үлкен мүмкіндік туғызады. 
5. Күнделікті математика сабағында бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамытуға арналған тапсырмаларды қосымша орындатып отыру да өте қажет. Бұл математика пәніне деген оқушылардың қызығушылығын, танымдық ізденімпаздығын, оқу белсенділігін арттырады, олардың оқу іс-әрекетіне рефлексивтік қатынастарын қалыптастыруды жеделдетеді. Ал оқушының оқу тапсырмасын орындауын өз бетінше бақылап, тексеріп, бағалай алуы оқушы логикасының жоғары екендігін көрсетеді. 
6. Арнайы оқу тапсырмаларын математиканы оқыту барысында пайдалану оқытуға арнайы әдістемелік тұрғыдан келуді қажет етеді, бұл жағдайда сабақты ұйымдастыруда да өзіндік ерекшеліктер болады. 
7. Бастауыш мектепте математиканы оқытуда оқушылардың оқу іс-әрекетіне рефлексивтік қатынастарын бағытты қалыптастырудың тиімді құралы, негізінде математикалық есептер жатқан, оқу тапсырмалары екендігін және есептер шығаруға үйрету әдістемесінің тиімділігін, сонымен қатар зерттеу болжамының дұрыстығын арнайы жүргізілген эксперимент нәтижелері көрсетті.
8. Мектептегі оқу жұмысының сапасы мұғалімнің оқушылардың оқу іс-әрекетін пәндерді, соның ішінде математиканы оқыту барысында дұрыс ұйымдастыра білуіне байланысты. Оқу іс-әрекеті алдын-ала жасалған жоспар бойынша мұғалімнің басшылығымен жүйелі түрде іске асырылады. Оқу іс-әрекеті – басқа әрекеттерге қарағанда балалардың танымдық қабілеттерін бағытты дамытады, дүниеге адамгершілік көзқарасын бірте-бірте қалыптастырады. Сондықтан да білім беру және тәрбие үрдісінде дара тұлғаны, оның жеке қасиеттеріне сүйене отырып дамыту оқушының оқу іс-әрекетін оқу-тәрбие заңдылықтарына және жеке тұлғаның танымдық даму ерекшеліктеріне сәйкес бағытты қалыптастыруды талап етеді.
Мұғалімдер неліктен өзгеруі керек? Неліктен біз олардан қажырлы еңбек етуді, ескіше көзқарастан алшақтап, жұмысты жаңаша орындауды сұраймыз?

Себебі - сіз алғашқыда мұғалімдікке неліктен келген болсаңыз, сол себепті өзгересіз. Сіздің табыс көзіңіз ешқашан жай жұмыс болған емес – көбіне ол миссия, міндет, сондықтан сіз өзгересіз. Сіз балаларға жаныңыз ашиды, әрі ол білім мен дағдыларды меңгергенше дейін сіз оларды балаларға бере алмайсыз, сондықтан сіз өзгересіз.

Неліктен өзгеру қажет? Сіздің өзгеруіңіз қажет, себебі әлемдегі барлық адамдардың ішінен – мұғалімдер ғана үзіліссіз оқудың бағасын түсінеді. Қарым-қатынастың маңыздылығын интуициялы түсінгендіктен, басқа балалар үшін істеген істеріңіз арқылы өз балаларыңызға мұра қылып қалдыруға мүдделі болғандықтан, сіз өзгересіз. Оқу бір жерде тұрмайтынын, өзгерістің болмауы өсудің тоқтағанын білдіретінін түсінгендіктен сіз өзгересіз.

Неліктен өзгеру қажет? Себебі мұғалім болу ақшадан, мәртебеден және танымалдықтан да артық екендігін ұғынып, мұғалім болу туралы шешім қабылдадыңыз. Сіз әлемді өзгерту - жалпы өзгеріс болдыру үшін мұғалім болдыңыз… Сіз дұрыс бірдеңе істеу үшін өзгересіз – себебі ол дұрыс және сіз басқаларға үлгі болу қажеттігін түсінесіз, өйткені олардың да дұрыс істегені жөн. Сіз көп сағаттар бойы тынымсыз жұмыс істеуге әдеттендіңіз. Сіз өзіңізге жүктелген міндеттерге мойынсұндыңыз және аз танылғандығыңызға үйрендіңіз. Сіз істегендеріңіздің ұзақ нәтижесі бар екенін білесіз.

Әлем өзгергендіктен, сіз өзгересіз, және қазіргі сәтте өзгеріссіз қалу өте қауіпті екенін білесіз. Сіз өзгересіз, себебі сіз білім алғанды, білім бергенді жақсы көресіз, балаларды сүйесіз және олар мына жылдам өзгеретін әлемде бағыт беріп отыратын сізді қажет ететіндігін білесіз, оны істеу үшін сізге алдымен өз жолыңызды табу қажет. Сондықтан сіз де, олар да өзгеруі қажет.

С Бич, 2012

Мұғалімдерге көптеген оқыту стратегиялары, түрлі педагогикалық тәсілдерді араластырып қолдану мүмкіндіктері, сондай-ақ нақты әдістер мен стратегияларды қалай және қай жағдайда қолдану қажеттігі туралы білім қажет.

Мұғалімдер пайдаланатын стратегиялар жалпы алғанда, бүкіл сыныпты оқыту мәселелеріне, сонымен қатар жүргізілілетін зерттеулердің бағытына, топтық жұмыстарға, өзіндік жұмыстарға және жеке жүргізілетін зерттеулерге қатысты болмақ. Оның үстіне білім беру стратегиялары әрбір оқушымен болатын жеке кері байланысты да есептен шығармауға тиіс.

Мұғалімдер өз әріптестерімен өздері сабақ беретін пән бойынша және оған жақын пән бойынша; бір ұйымның ішінде немесе бірқатар басқа ұйымдардың өкілдерімен; желілік кәсіби қоғамдастық және тәлімгерлік жүйесін көздейтін басқа да әріптестіктер аясында ынтымақтастық орната білулері керек.

Мұғалімдер білім беру технологиялары саласында мықты дағдыларды игеріп, және де оқытудың тиімді құралы ретінде оларды қалай пайдалану әдістемелерін меңгеруге тиіс, атап айтқанда, оқыту үдерісінде сандық ресурстарды пайдалануды оңтайландырып, оқу үдерісін бақылауда – ақпараттық-басқару жүйелерін тиімді қолдана білгені жөн.

Мұғалімдер әріптестерімен ынтымақтастықта оқу ортасын құру, жүргізу, басқару және жоспарлауға үлес қосу үшін өзінің мүмкіндіктерін барынша жетілдіріп отыруға тиіс.

Мұғалімдер өз тәжірибесі арқылы білім алу үшін өз практикасына қатысты рефлексия жасау қажет.

Оқушылардың жазбаша күнделік жүргізуі оқу үдерісі туралы ойлану әдісі ретінде зерттелген. Математика сабағының соңғы 5-10 минуты күнделікке тиісті күннің оқу үдерісі туралы жазба қалдыруға бөлінген

Күнделікке жазуға арналған негізгі тараулар

Барлық студенттер күнделікке қандай жазба енгізу қажеттігі туралы идеяларын айтты:

• Мен не істедім немесе мен не білдім,

• Көп білу үшін қажетті көмек,

• Эмоциялар: маған не ұнады/ ұнаған жоқ, немесе мен қандай сезімде болдым,

• Пайдалы және қызықты заттар,

• Не жеңіл болып көрінді, немесе мен оны бұған дейін білгем,

• Тікелей оқыту үдерісі (метатану)

Күнделікті жүргізудің артықшылығы

Оқушылар үшін:

  • Математикалық мәселелер туралы талқылау үдерісін жақсартады.

  • Жазба сақталатындықтан, оқылған материалды қайта қарауға мүмкіндік береді.

  • Эмоцияны шығару терапиялық әсер береді.

  • Математикалық материалдың мазмұнын және мәнін түсінуге көмектеседі.

  • Сабақтың қалай өткенін ойлауға көмектеседі.

  • Метатану. Оқушыларға ойлау үдерісі туралы ойлануға көмектеседі.

  • Оқу үдерісін өз бетімен реттеуге көмектеседі.

Мұғалімдер үшін:

  • Мұғалімдерді оқушылар туралы диагностикалық және формативтік ақпаратпен қамтамасыз етеді.

  • Сізге қысқа мерзімді, сондай-ақ ұзақ мерзімді перспективаны жоспарлауды және өзіңіздің сабақ беруіңізді бағалауға көмектеседі.

Оқушылар мен мұғалімдер үшін:

Сіз бен оқушы арасында қарым-қатынас, кері байланыс және диалог орнатуға көмектеседі.

Күнделік туралы ойлар

Оқушыларды зерттеу барысында олардан өздерінің күнделіктеріне күнделікті жүргізу тәжірибесі туралы олардың не ойлайтыны туралы жазуды сұрадық. Содан кейін осы сұрақты ауызша талқыладық. Төменде оқушылардың күнделіктерінен алынған үзінділер келтірілген.


Оқушылар күнделік жүргізгенде олар негізінен математиканы оқу жағына көп көңіл бөлді. Оны олардың оқуына арналған айна деп қарауға болады (төмендегі диаграммадағы қара жуын сызық). Оқушының ұқсас бейнесі пайда болады.




Бірақ олар күнделік жүргізудің олардың оқуына қалай ықпал еткендігі туралы ойланғанда, оқушылар олардың ойлау үдерісінің өзі (метатаным) туралы ойлайтынын дәлелдейтін көптеген идеялар айтты.

Олардың қалай оқып жатқандарын ұғынуы оқу үдерісіне бейімделе алатын тәуелсіз оқушы қалыптасып жатыр дегенді білдіреді.

Бұл жағдай сіз екінші айна арқылы күнделік жүргізу үдерісіне қарап тұрғандай болып көрінеді. Осылайша математикалық күнделікті қалай жүргізу керектігі туралы ойлау үдерісінің (ауызша немесе күнделіктің көмегімен жазбаша) әртүрлі қырын көрсететін оқушы бейнесінің калейдоскопы пайда болады.



Қорыта келгенде қазіргі заман ағымы болашақ ұрпақтың ой  -өрісінің шыңдалуын, жеке тұлға ретінде қалыптасуын талап етуде. Осы орайда ұлы педагог Ушинскийдің «Бала балқытылған алтын»,-деген қанатты сөзді еске түсіреді.
Егеменді еліміздің алғы шарттары өркениетті елдер қатарына көтерілуі керек болса, өркениетке жету үшін жан – жақты дамыған, рухани бай тұлғаны өсіру керек. Жас ұрпақтың бойындағы қабілетін көру,оны жетілдіру ізденгіштік қасиетін дамыту мұғалімнің сабақ берудегі ізденушілік, шеберлік қаблеттеріне байланысты.  Ж.Аймауытов «сабақ беру үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер»- деген, яғни оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың әрекеті арқылы ойлау дағдыларын жетілдіруге, шығармашылық қабілеттерін дамытуға негізделуі қажет.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев халыққа жолдаған жолдауында «Біздің міндет жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарастарды пайдалана отырып, білім мен бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу» деп ұстаздарқауымының алдына жаңа міндеттер қойды.(45 minut.kz.)






Қолданылған әдебиеттер

1.Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы, 2012.

2. Барбер М., Муршед М. (2007). Как добиться стабильного высокого качества обучения в школе. Сентябрь.

3.Мишра Р., Келёр М., Технологиялық педагогикалық мазмұндық білім: мұғалімнің білімі үшін құрылым, 2006.

4.Барнс Д., Сұхбаттасудан оқыту бағдарламасына дейін, 1971.

5.Выготский Л. (1978). Разум в обществе. Кембридж, МА, Гарвардский университет.

6. Харрис Д. (1998). Размышления о воспитании: почему дети становятся такими. Пресса

7.Флавелл Д. (1995). Знание детей младшего возраста о мышлении. Монография общества исследований в области детского развития. 60 (1 серия № 243)

8.Ақтөбе облысы бойынша ПҚ БАИ «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы
Деңгейлік бағдарламалар орталығының тренері
Байтохина Асемгуль Турмаганбетовна «МҰҒАЛІМДЕР НЕЛІКТЕН ӨЗГЕРУІ КЕРЕК?»

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық ІІІ 52 бет







































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Рефлексивті о?ыту

Автор: Пирманова Замира Ауелбековна

Дата: 02.05.2015

Номер свидетельства: 207536


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства