Сілтеме | Күнтізбелік жоспар, әдістемелік құралдар, 8 сынып қазақ әдебиеті |
Жалпы мақсат | 1.Білімділік: Оқушылар Рабғузи және оның еңбегі туралы біледі.Қиссалар жайында оқып біледі. 2.Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеті мен еркін сөйлеу қабілеті артады. Шығармашылығын тудырады 3.Тәрбиелік: Топтағы ынтымақтастыққа тәрбиеленеді. Сыни тұрғыда ойлай отырып әділ баға береді. Ортақ бір тұжырымға келуге дағдыланады. |
Оқу нәтижелері | 1.Рабғузи және оның қиссалары туралы өз ойларын жеткізе алады. 2.Рабғузи әңгімелерінің мазмұынын түсініп,түсінгенін жеткізе алады. 3.Рабғузи әңгімелерінің қазіргі ертегілерде кездесетінін дәлелдей алады. |
Түйінді идеялар | Оқушылардың сыни тұрғысынан ойлауын дамыта отырып Рабғузи әңгімелерінің тәрбиелік мәнін жете түсіну,өмірде қолдану. |
Кезең | Мұғалімнің орындайтын іс - әрекеті | Оқушылардың орындайтын іс - әрекеті | Оқыту әдісі | Бағалау |
І Ұйымдастыру | Сыныптағы ахуалды анықтайды.Оларды жеңу жолын қарастырады. | Кезекші сыныптың ахуалын баяндайды. | Ынтымақтастық атмосфера қалыптастыру | |
Топқа бөлу Оқушылар қарлығаш, жүрек, адамдардың суреттері бар кеспе қағаздарын таңдап алады да топ-топ болып бөлініп отырады.
| Оқушылар мұғалімді мұқият тыңдап тапсырманы орындайды. Жүрек таңдағандар бір топ, Қарлығашты таңдағандар екінші топ, Адамдар суретін таңдағандар үшінші топқа бөлінеді. | Топқа бөлу тәсілі | |
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау | Мұғалім үйден оқуға берілген тапсырманы сұрайды. Ол тапсырмаларды оқушылардың қайсысы бірінші қол көтерсе сол топ жауап беріп ұпай жинайды. 1. М. Қашқари қай халықтың өкілі? (түркі) 2. «Диуани лұғатат - түрк» еңбегі қашан жазылған? (1072 — 1074ж) 3. Қолжазбалары бар ма? (Түркия ғалымы Қиласли Рифат 1915 - 1917жылдары Стамбулда 3 кітап етіп шығарған. Неміс ғалымы Карл Броккелман жеке үзінділерін неміс тіліне аударған. Түрік ғалымы Басым Аталай аударып, 1934 — 1943ж. Анкарада жариялаған.. Өзбек, түрік тілдерінде аудармасы бар. Қазақ тілінде екі рет жарияланды) 4. Сөздікте қанша тайпаның аты аталады? (29 тайпаның) 5. Толық аты жөні қаалй аталады?( Махмұт ибн әл Хұсейн ибн Мұхаммед). 6. Туған жері қайқала? ( қазіргі Қырғызстан жеріндегі Ыстықкөл жағасындағы (кей деректе Шу бойындағы) Барсхан қаласы.) 7. Махмұдтың әкесі кім болған? (белгілі қолбасшы, Барысханның әмірі болған). Махмұд қайдабілім алған? (Қашқарда дәріс алған, ұзақ жылдар тұрған. Оның аты - жөніне қай жерден шыққанын көрсететін дәстүрмен «Қашқариді» тіркеуінің мәнісі де содан. Ол Қашқарда алған білімін одан әрі толықтыру мақсатымен, Бұқара, Нишапурда, Бағдад қалаларында болады.) 8. Ғалымның туған, өлген жылы белгіліме? (белгісіз. Ол жөнінде өзі де, басқа зерттеулер мен сол тұстағы жазбаларда да ештеме айтылмайды). 9. Қандайтілдерді меңгерген? ( Түркі тілінің сыртында араб, парсы, тілдерін жетік меңгереді). 10. Оны кім деп танимыз?( Өз заманының аса білімдар филологы, тарихшысы, этнографы, географы ретінде) 11. Қай халықтың грамматикасын жасады? Махмұд Қашқари – түркінің тұңғыш тіл маманы, тілінің оқулығын жасаған, грамматикасын түзеп, жалпы түркі әлемінің тіл өнерінің өрісін кеңейтіп, өркенін өсірген ғұлама. -
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Түркология тарихында ол тұңғыш тарихи - салыстырмалы әдісті қолданып, түркі тілдері тарихи диалектологиясының негізін салды. Оның осы тілдерді салыстырмалы түрде зерттеу тәсілі бүкіл Шығыс тілшілеріне ортақ зерттеу тәсілі ретінде өзінше бір мектеп болып қалыптасты). -
-
-
-
-
-
-
түркі тілінің оқулығын жасаған, грамматикасын түзеп, жалпы түркі әлемінің тіл өнерінің өрісін кеңейтіп, өркенін өсірген ғұлама. Түркология тарихында ол тұңғыш тарихи - салыстырмалы әдісті қолданып, түркі тілдері тарихи диалектологиясының негізін салды. Оның осы тілдерді салыстырмалы түрде зерттеу тәсілі бүкіл Шығыс тілшілеріне ортақ зерттеу тәсілі ретінде өзінше бір мектеп болып қалыптасты).
| Әр топтағы оқушылар өздері үшін жауап береді. | Диалогтық оқыту (зерт теу түрін де) ОүО баға лау әдісі | Топ басшысы дұрыс жауап берген топтағы оқушыға ұпай жазады. |
ІҮ. Жаңа сабақ | МШ Мұғалім «Парасатты диалог» әдісін пайдалана жаңа тақырып бойынша оқушыларға сұрақтар қояды. 1.Насреддин Рабғузи туралы естігендерің бар ма? 2.Қисса деген не? 3.Лұқман хакім туралы не білесіңдер? 4. Алтын Орда дәуір әдебиеті деп аталуының себебі не?
3. Оқулықпен жұмыс Рабғузи туралы 73 бетте жазылған мәтінді топтарға оқып шығуды тапсырады Мұғалім жаңа тақырып бойынша топтарға тапсырма береді. 1.Қарлығаштың адамға достығы 2. Лұқман хакімнің 1-ші әңгімесі 3. Лұқман хакімнің 2-ші әңгімесі | Оқушылар сұрақтарға жауап береді. Оқушылар топта тізбектеп мәтінді оқиды. Әр топтан 1,2 оқушы өз түсініктерін жұп түрінде түсіндіреді. Топтар өз түсінгендерін постер қорғау арқылы басқа топқа түсіндіреді. Топтардың қорғауларын сыни тұрғыда бағалайды. | СТО әдісі О үО бағалау әдісі Диалог тық оқыту әдісі | Парасатты диалог Оқушы мен мұғалім арасындағы диалог парасатты, рефлексивті, түсінушілік білдіру мен тексеруге бағытталған болып, барлық оқушылар өз ойлары мен пікірлерін білдіре алатындай болуы тиіс. 1.Насреддин Рабғузи туралы естігендерің бар ма? 2.Қисса деген не? 3.Лұқман хакім туралы не білесіңдер?
|
Бағдаршам әдісі арқылы оқушылардың тақырыпты түсінген,түсінбегендігін анықтайды · | Оқушылар бағдаршамның түстерін пайдалана отырып, өздерін бағалайды. | СТО әдісі Оқытуды және оқуды бағалау әдісі | Бағдаршам Түсінгендікті көрсету үшін бағдаршамның түстерін көрнекі құрал ретінде пайдаланыңыз. Мысалы: Оқушыларда қызыл, жасыл және сары түсті карточкалар бар, оны олар өз парталарына қояды немесе жоғары көтереді (қызыл = түсінбеймін, жасыл = барлығы түсінікті). |
Сергіту сәті | Мұғалім АКТ-ны пайдалана отырып оқушыларды сергіту сәтін өткізуге шақырады | Оқушылар АКТ-ға қарап отырып қимыл-қозғалыс жасайды | | |
Ү. Жаңа сабақты бекіту | Кітаппен жұмыс. Оқушылармен орындалатын жұмыстар. І топқа. 1 - әңгімедегі айтылған хикаялар негізінде төмендегі таблицаны толтыр, Лұқман Хакім жайлы әңгіменің тәрбиелік маңызын түсіндір, Рабғузи әңгімесіндегі адамгершілік идеясы адам қандай болу керек? Неден сақтану қажет?
ІІ топқа. 2 - әңгімедегі Лұқман Хакім жайлы хикаядан шығатын қорытындыны анықта. Сұрақ. Неге Лұқман Хакім қойдың тілі мен жүрегін асып берді? Тілді ң қасиеті мен адамға тигізер зияны жайында қандай мақал - мәтелдер, даналардан шыққан сөздерді білесіңдер?
ІІІ топқа. 3 - әңгімедегі Лұқман Хакім жайлы хикаядан шығатын қорытындыны анықта. 1. Даналық дегенді қалай түсінесің? Барлық адамда бола ма?
Қорытынды. 1. Рабғузи кітабы не жайында? 2. Кітапты кімге тарту еткен? (қаланың әкімі Насретдин Тоқбоға бектің өтініші бойынша жазып, кітапты әлгі әкімге сыйға тартқан екен).
| | Оқуды және оқытуды бағалау Талантты және дарынды оқыту | Кері байланыс әр түрлі тәсілдермен берілуі мүмкін.Кері байланыс«бутерброды» дегеніміз бұл: а) бірінші жағымды түсініктеме беріп, кейін құрылымды сын айтып, соңынан тағы да жағымды пікір білдіру; ә) Жағдаяттық мәлімдеме – Маған ұнады ......, себебі ..... Енді/келесі жолы ..... |
Ү Үйге тапсырма. | 74 бет,сұрақтар мен тапсырмаларды орындау. | Оқушылар күнделіктеріне жазады. | | |
Бағалау | Топ басшыларының бағалауын сұрайды | Топ басшылары топ мүшелерін критериилер бойынша бағалайды | Сын тұрғыдан ойлау | Өзара бағалау |
Қорытынды | Стикер таратылып беріледі. | Стикерге өз пікірін жазады, тақтаға жапсырады. | Сын тұрғыда ойлау | |