Поурочный план по казахской литературе на тему "Мұрат Мөңкеұлы"
Поурочный план по казахской литературе на тему "Мұрат Мөңкеұлы"
Мұрат Мөңкеұлының өмірі мен шығармашылығына арналған сабақ жоспары, сабақ жоспарында сабақ мақсаты қамтылған. Берілген сабақтың келер ұрпаққа тәрбиелік мәні зор.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Сабақтың мақсаты: Мұрат Мөңкеұлы туралы тың деректер ала отырып, өмірі және шығармашылығымен танысады. Оқулықпен қарама – қайшы келетін тұстарын салыстыру. Жаңа мағлұматтар, деректер алады.
Білімділігі: Мұрат Мөңкеұлының қазақ әдебиетіндегі орнын анықтап шығармаларына талдау жасайды. Өлеңдерінің тақырыбы мен идеясын айқындайды. Зар заман ақындарының қоғамдағы орны, тыныс- тіршілігі жайлы түсіндіру.
Дамытушылығы: Мұрат Мөңкеұлының өлеңдеріне тілдік және құрылысына талдау жасай отырып, теориялық білімдері беки түседі. Талдау дағдылары жетілдіріледі, шығармашылық қабілеттері шыңдалады, ойлау, таным белсенділіктері арттырылады.
Тәрбиелігі: Ұлттық рухани құндылықтарды бағалай білуге, адамгершілік қасиеттерін ұштай отырып бірін-бірі сыйлауға, пікіріне құрметпен қарауға қалыптасады.
2. Білім деңгейін тексеру. Үй тапсырмасына не берілді? Үй тапсырмасын орындауда қандай қиындықтар болды? Өткен сабақ материалын қайталау. 15 мин.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру (тақырыпты баяндау әдістері және жоспары)
Мұрат Мөңкеұлы (1843-1906) - айтыскер ақын, жырау. Қазіргі Атырау облысы Қызылқоға ауданы Қарабау ауылында дүниеге келген. Жасынан жетім қалып, ағасы Матайдың қолында тәрбиеленген. Ауыл молдасынан білім алған. Есет би мен Абыл ақыннан өнеге алып, өзі Мұрын жырау Сеңгірбайұлына ұстаздық еткен. Мұрат Мөңкеұлы 17 жасында Жылқышы, 20 жасында бала Ораз, 25-інде Жаскелең, Жантолы, Шолпан, Тыныштық сынды ақындармен айтысып, жеңіп шыққан. Ол өзінің өжет мінезі, қағытпаға жүйріктігі, тапқырлығымен әрдайым жеңіске жеткен.
Мұрат Мөңкеұлы елінің тәуелсіздігін аңсап, бодандыққа қарсы жыр толғады. Зар заман ақыны атанды. Ата қонысының отарлаушы талауына түскеніне налыған ақын өзі туып өскен даланың кешегі күнін сағынышпен еске алған. Оның «Әуелі жеңіп орыс Еділді алды, Сарытау, Аштарханның жерін алды. Тәмамы су мен нуды орыс ұстап, Қазақтың мұнан жұтап шалынғаны», «Қазақтың жер-мұрасы», «Кең қоныс қайдан іздеп таптырады?» деген жыр жолдары ақынның отаншылдық рухына дәлел болады.
«Үш қиян» шығармасы бойынша талдау жұмыстары.
Ақынның басты шығармасы - «Үш қиян». Мұнда ақын ескі дәстүрдің іргесі шайқалғанын, адамдар ниетінің бұзылуын сөз етеді. Құнарлы қоныстарды тартып алған отарлау нәтижесінде тұрмысы нашарлап, тығырыққа тірелген ел тағдыры ақынды тебірентпей қоймайды. «Үш қиян» толғауымен «Сарыарқа», «Әттең, қапы дүние-ай», «Қазтуған» жырлары үндес. Мұнда айтылатын басты нәрсе - жер, құтты қоныс жайы. Ол «Қарасай-Қази», «Шәлгез», «Ғұмар Қазиұлына айтқаны» атты жырларына діни аңыздарды негіз еткен. Білімді игермейінше елінің өркендемейтінін «Оқудан қайтқан азаматқа» өлеңінде аңғартады. Ақын мұрасының бір шоғыры - би-болыстарға айтқан арнау өлеңдері.
Мұрат Мөңкеұлы майталман жыршы, термеші ретінде де танылған. термелерінде заман сырына үңіліп, өмір мен өлім, жастық пен кәрілік, сұлулық хақында толғанады.
Қазақ поэзиясының алтын қорынан өзінің лайықты орнын алатын Мұраттың «Үш қиян», «Сарыарқа», «Қазтуған», «Қарасай-Қази», «Шалкез жыраудың айтқаны» сияқты әйгілі шығармалардың біздің заманымызға жетуіне зор үлес қосты. Кейінгі зерттеушілер, қазақ әдебиеті үлгілерін жинақ етіп құрастырушылар Халел Досмұхамедұлының осы еңбектерін пайдаланды. 45 мин.
4. Жаңа тақырыпты бекіту. Ақынның шығармашылығына байланысты презентациямен жұмыс жасау. 15 мин.
5. Жаңа сабақты қорытындылау. Ақынның өміріне, шығармашылығына байланысты қысқаша мінездеме беріп, талдау. 10 мин.
6. Бағалау. Сабаққа белсенді қатысқан студенттерді марапаттау.
7. Үйге тапсырма беру. Зерттеу жұмыстарын жүргізу. 2 мин.