Пән\Предмет\Subject: Мемлекеттік тілде іс жүргізу.
Сабақтың тақырыбы\Тема занятия\Theme: СЕНІМХАТ.
Сабақтың үлгісі\Тип занятия\Type of the lesson: Практикалық сабақ.
Сабақтың түрі\Вид занятия\Kind of the lesson: Жаңа сабақ.
Мақсаты\Цели занятия\Objectiyes:
1. білімдік\образовательная\educational – Студенттерге ресми іс қағаздар стилі, оның ішінде қатынас қағаздарының тілдік, құрылымдық ерекшеліктерін меңгерту. Сауатты, ұқыпты жазуға дағдыландыру. 2. дамытушылық\развивающая\ developinq –Сенімхаттардың жазылу мақсаты мен үлгілерін жазып үйрену. Студенттердің іскерлік дағдысын қалыптастыру, ой - өрісін дамыту, ізденімпаздыққа баулу, танымдық қабілеттерін жетілдіру. 3. тәрбиелік\воспитательная\brinqinq-up – Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жаза білуге, сауатты жазуғы үйрету. Студенттерді сыйластыққа, бір - бірінің пікірін тыңдауға тәрбиелеу.
Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау. Егерде біз күнімізді жақсы көңіл күймен бастасақ күніміз жақсы өтуіне күмән болмайды (говорят если день начнешь с улыбки, то он обязательно будет хорошим. Давайте, дети, улыбнемся и начнем урок)
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
Сұрақ-жауап арқылы, 5-7 студенттен толық сұрау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Жақын адамдардың, достарыңның, жалпы адамзаттың жақсылығына сеніп, адамдықты құрметтей білу – әдептіліктің, адамгершіліктің белгісі.
М.Жұмабаев
1.Білу.
Сұрақ
Сенім деген сөзді қалай түсінесіздер?
Өзіңе сенім артқан кезде қандай сезімде боласың?
Қандай адам сенімге ие болады?
Адамдардың барлығына сене беруге бола ма? Неге?
Жауап
Сенім деген біреуге сенім арту , сенім артқан адамың сол істі уақытында орындау керек.
Жауапкершілікті сезіну керек.
Тәртіпті, ұқыпты, өз ісіне нақты көңіл аударатын, тапсырған затты уақытында орындайтын.
Еріншек, жалқау, өзіне-өзі сенбейтін адамдарға сенуге болмайды.
Сенім адам бойындағы ең асыл қасиеттердің бірі. Бүгінгі біздің сабағымыздаң тақырыбы да сенім сөзімен байланысты. Осы сенім сөзінің мағынасын түсіну үшін біз топқа бөлініп, мақал-мәтелдердің мағынасын ашып алайықшы. Сіздерге 5 минут уақыт беріледі.
1 топ - Сенім алға жетелейді (Вера ведет вперед)
2 топ - Сенім - менің серігім (Вера – мой друг)
3 топ - Мен сенемін жастарға (Я верю молодежь)
Балалар, өмірде әртүрлі жағдай болып жатады. Мысалы, ата-ана баласымен
қыдырып баруға уақыты болмай, ата-әжелерін немесе кәмелетке толмаған оқушы балалар жаттықтырушысыман, мұғалімімен бір сайысқа баруларына тура келеді. Осы кезде біз сеніп тапсыратын құжат болуы керек. Осы құжат қалай аталады?
- Дұрыс, сенімхат.
- Сенімхат – білгілі бір тұлғаның өз өкілеттігі мен құқын екінші бір тұлғаға бергенін жазбаша растайтын ісқағазының бір түрі. Сенімхат нақты бір мәселені үшінші бір тұлғамен шешу мақсатында беріледі.
- Сенімхат қандай сөз, қалай жазылады?
- Біріккен сөз.
- Біріккен сөзден қандай құжат түрін білеміз?
- Қолхат.
- Сенімхат та, қолхат та іс қағаздары.
– Балалар, іс қағаздарда тиісті терминдер жиі қолданылады.Сенімхат құжатында кездесетін кейбір сөздерге көңіл аударайық (Интерактивті тақтада жазулы тұрады)
- Студенттер дәптерлеріне жаңа сөздерді жазады. Сөйлем құрастырады. 1. Мен сенімхат жаздым. 2. 16 жасқа толғанда жеке куәлік аламын. 3. Сенімхатқа мөр басылады,қол қойылады т.б.
- Бейнетаспа қарау. - Әр топқа бағалау қағазы беріледі.
2. Түсіну.
Сенімхат- Доверенность
Сенімхат – білгілі бір тұлғаның өз өкілеттігі мен құқын екінші бір тұлғаға бергенін жазбаша растайтын ісқағазының бір түрі. Сенімхат нақты бір мәселені үшінші бір тұлғамен шешу мақсатында беріледі.
Сенімхат кез келген төлем түрлерін, атап айтқанда , жалақы, жәрдемақы, шәкіртақы, зейнетақы алу үшін , ақшалай, сондай – ақ заттай корреспонденциялар алу үшін , мүлікті ортақ пайдалану, көлік құралдарын иемдену, мұрагерлік құқы туралы куәлік алу үшін, т.б. толып жатқан жағдайларда беріледі.
Сенімхат куәлігін жеке тұлғаның ауызша арызы негізінде мекеме басшысы бере алады. Мекеме басшысы сенімхат беруші және менімхат алушы адамдардың жеке басын куәландыратын құжатттарын тексеру арқылы олардың ақиқаттығына көз жеткізуге тиіс.
Ұйым жетекшісі сенімхат берушіге сенімхат алушының өз өкілеттілін сенімхат арқылы басқа бір адамға беруге құқы бар екенідігін және сенімхат беруші жазбаша арыз беру арқылы сенімхаттың күшін жойдыруға құқы бар екендігін ескерту қажет
Сенімхаттың екі түрі бар: кәсіпорындар беретін ресми сенімхат және азаматтар (жеке тұлғалар) беретін жеке сенімхат.
Ресми сенімхат мәмілелер жасауға, ақша, материалдық-тауар құндылықтарын алуға немесе басқа да іс-әрекеттерді жүргізуге кәсіпорын атынан сол кәсіпорынның өкіліне беріледі. Оның мынадай деректемелері болады:
ұйымның атауы;
ұйым туралы анықтамалық деректер;
құжат түрінің атауы;
құжаттың күні;
құжаттың тіркеу нөмірі;
құжаттың мәтіні;
лауазымды тұлғалардың қолы;
кәсіпорынның мөрі.
Сенімхаттың мәтінінде:
сенімді тұлғаның лауазымы және төлқұжат деректері;
сенімхат бойынша іс-әрекет жүргізілетін ұйымның атауы;
іс-әрекет түрі;
сенімхаттың қолдану мерзімі көрсетіледі.
Жеке сенімхаттар сеніп тапсырушының (азаматтың) атынан жалақы алуға немесе еңбек қатынастарына қатысты басқа да төлемдерді, зейнетақыларды, жәрдемақыларды, стипендияларды, банктегі салымдарды, хат-хабарларды, оның ішінде ақша аударымдары мен заттай сәлемдемелерді алуға беріледі. Аталған сенімхаттар нотариаттың куәландыруын қажет етпейді.
Сенімхат 1 дана болып дайындалады. Сенімхат мазмұнына мыналар кіреді:
құжат аты
жазылған жері мен уақыты
менімхат берушінің және сенімхат алушының фамилиясы, аты – жөні, мекенжайы қоса көрсетілген негізіг мәтін.
Ұйым мөрі басылған, жазылғандарды расстайтын жазба. Құжат аты мен негізгі мәтін жоғарыда айтылған ережелерге сәйкес жазылады.
Доверенность – это документ о предоставлении права доверенному лицу на совершение каких-либо действий от лица доверителя (предприятия или гражданина). Доверенность является документом для представления доверенного лица от имени доверителя перед третьими лицами.
ІҮ. 3. Қолдану.Үлгілермен жұмыс.
Жалақы алуға берілген сенімхат
СЕНІМХАТ
(қала) қ. (күні.айы.жылы.) ж.
Мен, (аты-жөні), жеке куәлік № (номер), мекен- жай: (мекен жайы), менің жалақымды алуға (мекен жай) мекен- жайында тұратын азамат(ша) (аты-жөні) сеніп тапсырамын. Бұл үшін (аты-жөні) менің атымнан барлық құжаттарға қол қою, өтініш жазу құқығын беремін.
(күні.айы.жылы) ж. (аты-жөні)
Толық сенімхат
СЕНІМХАТ
(сенімхаттың берілген жері және күні жазбаша)
Мен, (мекен жай) мекен-жайында тұратын азамат(ша) (аты-жөні) жеке куәлік №.(номер), (жыл) жылы (орган) берген, (мекен жай) мекен-жайында тұратын азамат (аты-жөні) меншік құқығы бойынша маған тиесілі (мекен жай) мекен-жайында орналасқан тұрғын үйді, жұмыс істейтін орын, есік алды құрылыстарды және (өлшемі) шаршы метр көлемдегі жер телімін сыйлауға немесе өзінің қалауындағы жағдайда және бағаға сатуына сеніп тапсырамын. Бұл үшін менің атымнан өтініш жазып, қажетті анықтамалар мен құжаттарды алуға, сату-сатып алу шартына қол қоюға, сыйлауға, маған тиесілі ақшаларды алуға, шартты жергілікті органдарда тіркеуге, менің орныма қол қоюға және осы тапсырманы орындауға байланысты барлық әрекеттерді жүргізуге құқық беремін. Сенімхат үш жыл мерзімге берілді. Осы Сенімхатты мен, (аты-жөні), (нотариалдық кеңсенің атауы), (№) (лицензияның берілген күні) нотариусы (күні.айы.жылы) ж. растадым. Сенімхатқа менің қатысуыммен азамат(ша) (аты-жөні) қол қойды. Жеке басы анықталды, қабілеттілігі тексерілді. Сенімхаттың мәтінін нотариус дауыстап оқыды. № (номер) тіркемеге тіркелді. Тариф бойынша: (сома) теңге алынды.
Нотариус:
04.04.2017.
15:59
СЕНІМХАТ
Берілген күні_____________ 20_____ ж.
Осы сенімхат__________________________________________________________________
_________________________________________________________мекен-жайында тұратын азаматқа сеніп тапсырамын. Бұл үшін
_____________________________________________________________________________ менің атымнан барлық құжаттарға қол қою, өтініш жазу құқығын беремін.
______________ ж. _______________________________
(аты-жөні, қолы)
Полная доверенность
ДОВЕРЕННОСТЬ
(место и дата выдачи доверенности прописью)
Я, гражданин (Ф.И.О.), удостоверение личности № (номер), выданный (орган)(год)года, проживающий(ая) по адресу: (адрес) доверяю гражданину (Ф.И.О.), проживающему(ей) по адресу: (адрес)подарит или продать за цену и на условиях по своему усмотрению, принадлежащие мне по праву собственности жилой дом, служебные, надворные постройки и участок земли размером (размер) кв.м., находящиеся по адресу: (адрес). Для чего предоставляю право подавать от моего имени заявления, получать необходимые справки и документы, подписать договор купли-продажи, дарения, получить следуемые мне деньги, зарегистрировать договор в местных органах, расписываться за меня и совершать все действия, связанные с выполнением этого поручения. Доверенность выдана сроком на три года. (число.месяц.год.) г. настоящая Доверенность удостоверена мной, (Ф.И.О.),нотариусом (наименование нотариальной конторы, №, дата выдачи лицензии) Доверенность подписана гражданином(кой)(Ф.И.О.) в моем присутствии. Личность установлена, дееспособность проверена. Текст доверенности прочитан нотариусом вслух. Зарегистрировано в реестре за № (номер). Взыскано по тарифу: (сумма)тенге.
Нотариус:
Ү. Тақтамен жұмыс. Бір үлгі жазу.
ҮІ. Ой дамыту жұмысы.
1. Алмас пен Айгүлдің анасы қайтыс болды. Аналарынан 2 бөлмелі пәтер қалды. Айгүл анасынан қалған пәтерден мұрагерлікті рәсімдеу үшін, інісі Алмасқа сенімхат жазып берді. Осы жағдаятты сахналаңыз.
2. Мекеме басшысы өзінің есепшісіне мекмеге қажетті материалдар алу үшін сенімхат берді. Сенімхаттың берілген мерзімі 3 жыл. Осыған байланысты сенімхат жазыңыз.
3. Мараттың әжесі қартайды. Оның өзінің зейнетақысын алуға шамасы жоқ. Немересіне өз зейнетақысын алуды өтініп, сенімхат жазып берді. Осы жағдаят бойынша диалог құрып, сенімхат жазыңыз.
ҮІІ. Жаттығулармен жұмыс.
1-жаттығу. «Полиглот» ойыны.
Өтініш --------------заявление -----------statement Куәлік ------------удостоверение -----certificate Анықтама ------справка---------------- reference Түсініктеме -------объяснительное письмо ---------explanation letter Сенімхат ---------довереность --------------------power of attorney Мінездеме------ характеристика -------------сharacteristic Хаттама ----------протокол ----------------------protocol
2-жаттығу.«Сенім» сөзінің әрбір әрпіне, сол әріптен басталатын адамның жақсы қасиеттерін жазыңдар
С — сенімді, сыпайы,сүйкімді, сыйлы, сымбатты, сұлу
Е – ерен, ерекше,еркін, ержүрек, елпек
Н – намысшыл, нәзік, нағыз ер,
І — ілтипатты, ізетті, ізгілікті, іңкәр
М – мәдениетті, момын, мейірімді
3 жаттығу.Сенімхат» сөзіне фонетикалық талдау жасаңыз.
ҮІІІ. Қорытынды.
Сенімхат тақырыбына байланысты тест тапсырмалары
1. Сенімді тұлғаға сеніп тапсырушының (кәсіпорынның немесе азаматтың) атынан қандай да бір іс-әрекеттерді жасауға құқық беруі туралы құжат
А) Кепілхат
В) Сауалнама
С) Сенімхат
D) Өтініш хат
Е) Жауап хат
2. Мәмілелер жасауға, ақша, материалдық-тауар құндылықтарын алуға немесе басқа да іс-әрекеттерді жүргізуге кәсіпорын атынан сол кәсіпорынның өкіліне берілетін сенімхат түрі
А) жеке сенімхат
В) қалыпты сенімхат
С) ресми сенімхат
D) ұжымдық сенімхат
Е) толық сенімхат
3. Сеніп тапсырушының (азаматтың) атынан жалақы алуға немесе еңбек қатынастарына қатысты басқа да төлемдерді, зейнетақыларды, жәрдемақыларды, стипендияларды, банктегі салымдарды, хат-хабарларды, оның ішінде ақша аударымдары мен заттай сәлемдемелерді алуға берілетін сенімхат түрі
А) ресми сенімхат
В) жеке сенімхат
С) коммерциялық сенімхат
D) ұжымдық сенімхат
Е) ресми емес сенімхат
4. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз (Ответьте на вопросы).
Қандай құжат сенімхат деп аталады?
Сенімхат кімнен кімге беріледі?
Сенімхаттың қандай түрлері бар?
Ресми сенімхаткімнің атынан кімге беріледі?
Ресми сенімхаттың қандай деректемелері болады?
Сенімхаттың мәтінінде нелер көрсетіледі?
Жеке сенімхаттарқандай мақсаттарда беріледі?
Жеке сенімхаттар нотариаттың куәландыруын қажет ете ме?
ІХ. Үйге тапсырма: Сенімхат ережесін есте сақтап, 2 үлгі жазу.
Х. Бағалау.
Әдебиет\Литература\Literature:
Қазақстан Республикасында іс қағаздарын жүргізу (мемлекеттік және ресми тілдерде іс қағаздарын жүргізудің үлгілері). Құрастырушылар: В.И. Скала, т.б. Алматы, 2005.
Салагаев В., Шалабай Б. Іс қағаздарын жүргізу. Алматы, 2004.
Ресми іс қағаздары. Құрастырушылар: А. Алдашева, т.б. Алматы, 2001.
Мусинов А., т.б. Қазақ тілі. Алматы, 1995.
Құлмағамбетова Б., Елемесова Ж. Қазақ тілін үйренушілерге көмек. Алматы, 1990.
Түймебаев Ж. Қазақ тілі (Грамматикалық анықтағыш). Алматы, 2004.
Жахина Б., т.б. Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу курсы (оқу құралы). Көкшетау, 2003.
Алдашева А., т.б. Қазақ тілі (Ресми қарым-қатынас, іс қағаздары тілі). Алматы, 2000.
04.04.2017.
15:59
СЕНІМХАТ
Берілген күні_____________ 20_____ ж.
Осы сенімхат__________________________________________________________________
_________________________________________________________мекен-жайында тұратын азамат сеніп тапсырамын. Бұл үшін
_____________________________________________________________________________ менің атымнан барлық құжаттарға қол қою, өтініш жазу құқығын
беремін.
______________ ж. _______________________________
(аты-жөні, қолы)
Ой дамыту жұмысы.
1. Алмас пен Айгүлдің анасы қайтыс болды. Аналарынан 2 бөлмелі пәтер қалды. Айгүл анасынан қалған пәтерден мұрагерлікті рәсімдеу үшін, інісі Алмасқа сенімхат жазып берді. Осы жағдаятты сахналаңыз.
2. Мекеме басшысы өзінің есепшісіне мекмеге қажетті материалдар алу үшін сенімхат берді. Сенімхаттың берілген мерзімі 3 жыл. Осыған байланысты сенімхат жазыңыз.
3. Мараттың әжесі қартайды. Оның өзінің зейнетақысын алуға шамасы жоқ. Немересіне өз зейнетақысын алуды өтініп, сенімхат жазып берді. Осы жағдаят бойынша диалог құрып, сенімхат жазыңыз.