?) Дамытушылы?: ?р о?ушыны? ?зіндік ой ?имылына ерік бере отырып, ?зінше ой т?юге баулу, ?з пікірін ?ор?ай білу ж?не с?йлеу м?нерін ?алыптастыру да?дыларын дамыту.
Просмотр содержимого документа
«?пке драмасыны? т?рбиелік м?ні»
Күні: 23.04.2015ж
Пәні: Қазақ әдебиеті
Сыныбы: 8 «ә» сынып
Сабақтың тақырыбы: Туындының тәрбиелік мәні
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға драманың тәрбиелік мәнін түсіндіру. Әңгіменің оқиғасына, жазушының айтар ойына, әңгімедегі іс- әрекеттерге екі түрлі көзқараста баға беру.
Сабақтың міндеттері:
а) Білімділік: Туындыдағы көтерілген әлеуметтік мәселені ұғындыру, драманың тәрбиелік мәнін түсіндіру.
ә) Дамытушылық: Әр оқушының өзіндік ой қимылына ерік бере отырып, өзінше ой түюге баулу, өз пікірін қорғай білу және сөйлеу мәнерін қалыптастыру дағдыларын дамыту.
б) Тәрбиелік: Жазушы қаламынан туған шығармалары арқылы оқушыларды үлгі- өнеге алуға, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: пікір - сайыс сабағы
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау, салыстыру, талдау
Пәнаралық байланыс: тіл білімі
Көрнекілігі: кітап, шығармашылық жұмыстар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) Оқушылардың сәлемдесуі, түгендеу.
ә) Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы сұрау.
1.«Әпке» драмасын толықтай оқып, мазмұнын айту. «Әпке- жанашыр адам» тақырыбы бойынша эссе жазу.
2. Үй тапсырмасын бекіту.
Д.Исабеков кім?
Оның қандай әңгімелері бар?
Қандай әңгімесімен таныстыңдар?
Қандай кейіпкерлер бар?
(«Топтастыру». Сызбамен жұмыс).
«Әпке» драмасы бойынша сұрақтар.
1.Жалпы пьесаның мазмұны не туралы?
2.Автордың айтпақ болған ойы не деп ойлайсыңдар?
3. Пьесаның тақырыбы неге «Әпке» деп аталған?
4. «Әпке» деген сөздің мағынасын ашу.
ІІІ. Жаңа сабақ
1.Дидактикалық кезең: Дебат, пікір- сайысы.
Мақсаты: 1.Әр топтың өз пікірін дәлелдемелер мен айғақтарға сүйене отырып қорғап шығуы.
2.Сөйлеу мәдениетіне үйрету, өзгенің пікірін тыңдай білу, оған қарсы оралымды пікір айту.
Тақырыбы: Д.Исабековтың «Әпке» пьесасы жастарға тәрбие бере ала ма?
«Тәрбиелік мәні зор». «Кішіге деген қамқорлыққа баулиды».
Дәлел: 1. Әпкесінің бауырларына деген қамқорлығы мынадай жайттардан көрінеді:
Қамажай: «Ойбай-ау... Сендердің қарындарың аш екенін білмей
қалдым ғой, тамақты мол жасайтын едім. Әлгі Темірбек бір жолдасымды ертіп келемін деп еді. Сол екеуінің ... жарайды, сол екеуінің сыбағасын салып берейін.
– Қамажай: «Ал, туған күнің құтты болсын, інішек, қуаныштымыз. Темірбекжанның досы болсаң, менің де туған інімсің. Ал, өздерің отыра тұрыңдар, мен барып котлет...імм... тамақ дайындап жіберейін».
- Інісі Омар келгенде денсаулығын бұзып алмауын өтініп, оған тамақ ұсынады.
- Тимурдың үйленетінін естігенде абыржып, бәйек болады.
2. «Тәрбие бере алмайды». «Қазіргі жастар еркін, өз билігі өзінде».
Дәлел: - Бұл пьесадағы жастар өзін еркін ұстайды. Үлкендермен ақылдасу жоқ. Шешімді өздері қабылдағысы келеді. Мысалы, Теміржанның ешкіммен ақылдаспай үйленуге шешім қабылдауы.
- Бұл пьесада жастар тым еркінсіп кеткен. Кәмилә: «қазіргі заманда жұрттың бәріне бірдей ұнай беру шарт емес. XX ғасыр - ғылыми- техникалық прогрестің ғасыры ғана емес, субьективті пікірдің ғасыры.
Біреуге ұнау үшін әрекет жасау бекершілік (сигарет тұтатады). Яғни
жастар басқалардың пікір- көзқарастарын мүлде елемейді.
- Жастар ұрпақ жалғастыру, дүниеге сәби әкелу сияқты, мәселелерге мән бермейді. Мысалы, Тимурмен келісіп, Камиланың баласын алдырып тастауы.
«Жастар арасында сыйластық бар»
Дәлел:
- Ол Қабен мен Қамажай арасындағы әңгімеден көрінеді.
- Гауһар мен Омардың бірін-бірі іштей ұнатуы, тіл табысуы.
- Гауһар мен Нәзиләнәң достығы бір-бірінен сыр жасырмауы, бір-бірін сыйлауы.
- Тимурдың әпкесінің алдында Камиланың әдеп сақтамауы: -«Котенок мой, маленький», Тим с тобой так хорошо.
- Тимурдың Гауһарға тіл тигізуі:
-Ә-ә, сізге де тіл бітейін деген екен ғой. Менің әйелім сыйыспаған үйден жайлы орын тапқан екенсіз. Маған деген ашуыңыздың сырын түсінем. Менің кінәм сізге балмұздақ әпермегенім, кешкі баққа шақырмағаным ғой. Коментатор жігітіңе сәлем айт.
«Әпкесі отбасының бірлігін, бауырларының болашағын, бірінші орынға қояды»
Дәлел:
- Қамажай бауырларын татулыққа шақырады, олардың бір-бірімен ұрыспауын қалайды,... . «Теміржан, қарыңдасының балалығын кешір...»
Қамажай інісінің үйленуіне барлық жағдай жасайды. Інісі достарының
көңілін қалдырғысы келмейтінін түсініп, жастар мәселесіне көп көңіл бөледі.
- Қамажай: «Қабен... ол... ол қиын сияқты. Мен болмасам, кішкентайымыз (інісі Ермек) ұйықтамайды. 1 сағатқа қиып кете алмай тұрған інілерімді өмір бақи қалай қиямын.
Мен...мен олардың әпкесі емеспін, анам көзін жұмған сәттен бастап мен оларға ана болғанмын. Саған үйлену керек... . Ал маған інілерім мен сіңілімді тәрбиелеу керек.!» - Қамажайдың жасаған барлық игі істерінің дәлелі ретінде көрші әйелдің мына бір сөзін келтіруге болады. «Бақыт» деген осы-ау деймін, Қамажай. Аналарыңның тойы құтты болсын. Бәрін жеткіздің, бәрін өсірдің. Азамат деген сондай-ақ болсын.
«Әр адамның өзінің жеке өмірі болуы керек»
Дәлел:
- Әр адам өз тағдырына өзі ие. Әр адамның өз пікірі, өз көзқарасы бар.
Камиля: - Біздің әрбір құбылысқа деген өз пікіріміз болуы керек. Онсыз адам болудан қаламыз. Өз пікірі, өз ойы болмаған адам алдына ешқашан мақсат қоя алмайды. Демек, ол өз бақыты үшін қалай күресуді, өз ғұмырын қалай құруды да білмейді.
- Адамның жеке өмірінің болуына - өздері себепші. Інілері мен сіңлісі жайында болашағын ойлаған Қамажай өз тағдырын ойламайды. Бәлкім, Қабен оның шын бақыты шығар. Ал ол бақыт құсынан өзі бас тартып тұр.
- Інілері тойға келмейді. өйткені олардың тұрмыс-тіршілігі өзіне бөлек. Өмір бойы солар үшін өз тағдырын құрбандыққа шалған Қамажай жайына қала береді.
2. Дидактикалық кезең. Шығармашылық саты. Хат жанры.
Мақсаты: Оқушы өзіндік ой-қиялына ерік бере отырып, кейіпкерлерге өз ойын білдіру. Мұндай жағдайда былай істер едім деген пікірін білдіру.
IV. Сабақты бекіту.
Рефлексия
Не білдің? –
Сұрағың –
Пікірің –
V. Үйге тапсырма.
Эссе. «Бақыт» дегенді қалай түсінесің? (өз ойын жазу)