Сабақ : Қазіргі шешендіктің түрлері
Мектеп: №3 Хамза атындағы жалпы орта мектеп
Күні: 24.11.2016 ж
СЫНЫП: 11
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақ негізделген оқу мақсаты
Қазіргі шешендік сөздердің түрлерін біледі. Талдау жасайды.
Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар: тақырыпты түсінеді.
Оқушылардың басым бөлігі: түрлерін мысалдармен нақтылайды.
Кейбір оқушылар: таныстырылым жасайды.
Бағалау критерийлері:
Түрлерімен танысады;
Мысалдармен дәлелдейді;
Таныстырылым жасай алады.
Жоғары
Орта
Төмен.
Дескриптор:
Ойлау деңгейлері
Жоспарланған жаттығулар: таныстырылым, видеоролик,айналмалы бекеттер, рөлдік ойын т.б
Ресурстар
Жоспарланған уақыт
Басталуы
«БІЛУ»
Кім?
Не?
Қашан?
Қайда
«ТҮСІНУ»
Неге?
Неліктен?
Не үшін?
Жаурасам да, жансам да,
Осы тілде сайрар ем.
Мылқау болып қалсам да,
Осы тілде ойлар ем.
Оқушылармен амандасып, психологиялық ахуал тудыру.
Төле би тоқсан жасқа келгенде, Қазыбек сәлем бере барыпты. Екеуі әңгіме дүкен құрыпты. Сонда Төле би сендерге айтар он жұмбағым бар дейді. Қазыбек жұмбақты айтуын сұрапты. Төле би: бір, екі, үші, төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз, он депті. Бұл сұрақты түсінбеген көпшілік қауым Төле биге қарапты. Сонда Қазыбек би:
Бір дегенім бірлігі кеткен ел жаман.
Екі дегенім егесіп өткен ел жаман.
Үш дегенім үш бұтақты шідерден шошынған жаман.
Төрт дегенім төртеу түгел болмағаны жаман.
Бес дегенім белсеніп шапқан жау жаман.
Алты дегенім асқынып кеткен дерт жаман.
Жеті дегенім жастық шақты бекер өткізген жаман.
Сегіз дегенім серпілмеген қайғы жаман.
Тоғыз дегенім торқалы той, топырақты өлімге бас көрсетпесе сол жаман.
Он дегенім оңалмас кәрілікке дауа болмаса сол жаман депті.
Топқа болу. «Мазаика» әдісіімен.
Шешендік арнау
Шешендік толғау
Берілген өлеңді топ мүшелері мәнерлі, көркем оқу.
Үй тапсырмасын сұрау.
«Ыстық орындық» әдісімен. Сұрақтарды оқушылар ыстық орындыққа отырған оқушыға өздері қояды. Оқушылардың үйде жазып келген эсселерін тыңдау, сол эссенің дұрыс вариантын слайдтармен көрсету, бағалау.
Таныстырылым. «Бәйшешек»
Жаңа тақырып.
Бейнероликпен ашу. Оқушылар тамашалайды. Сурақтар тастау арқылы жаңа тақырып ашылады.
Оқушылар өздері жасап келген таныстрылымдарымен жалғастырады.
«Шешендік арнау» тобында отырған оқушылар шешендік арнаудың түрлеріне мысалдармен тоқталады. «Шешендік толғау» тобында отырған оқушылар тура сондай тапсырманы орындайды. Кейі мұғалім шешендік сөздің үшінші түрі шешендік дау туралы мағлұмат береді.
АКТ
парта,тақта суреттер
10 мин
Ортасы
«ҚОЛДАНУ»
Оқулықта берілген жаттығу жұмыстары
«ТАЛДАУ»
Салыстыр айырмашылығы неде?
«Рөлдік ойын» әдісі. Берілген шешендік сөзді рөлдерге бөліп беру.
өзге кешенді морфологиялық талдау жасайды.
«Айтқан», «Барған» деген сөздерге.
Екі жұлдыз бір тілек.
АКТ
Постер
Таратпа
қағаздар
25 мин
Аяқталуы
«ЖИНАҚТАУ»
Алынған ақпарат негізінде талдау, жинақтау
«Бағалау»
Сен қалай ойлайсың?
Не істер едің?
Өз ойыңыз?
Шешен кім?
Риторика дегені не?
Топтастыру
Бата
Аманат
Ізгілікті іздеші,
Үміттерді үзбеші,
Үлкендерді ардақтап,
Құрметтеші «сіз» деші,
Жаман сөзге ермеші,
Намысыңды бермеші,
Ел сенімін ақташы,
Абыройыңды сақташы,
Ата анаңды аяла,
Жақсыларды саяла,
Адалдықты сақтағын,
Достарыңды сатпағын,
Осы саған аманат,
Жоламасын жаман ат.
Аралдар тапсырмасымен кері байланыс жасау.
Үй тапсырмасы: Шешендік сөз жаттау.
Бір сөзге морфологиялық талдау жасау.
Кері байланыс жасау үшін аралдардың сүреттері.
Постер
10 мин
Рефлексия Сабақ оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған сралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?
Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1.Тірек сөздермен эссе жазып өздері бағалағаны. Тақырыпты өздері ашып, түсіндіріп, талқылағаны.
2. Төле бидің шешендік сөзін жалғастырғаны.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды? (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)
1.Өздеріне бағыт бере отырып білімді игерту;
2.Рөлдік тапсырма.
Сабақ барысында мына сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?