Просмотр содержимого документа
«Орта ?асырда?ы ?аза?стан ?алалары. С?з ??рамы. »
Қазақ тілі
8 «Б» сыныбы
Сабақтың тақырыбы: Орта ғасырдағы Қазақстан қалалары. Сөз құрамы.
Сабақтың мақсаты: Білімділік-оқушылардың сөз құрамы туралы түсініктерін кеңейту, түрлерімен таныстыру.
Дамытушылық: Оқушының жүйелі ойлауы мен ойын тиянақты, әсерлі жеткізу шеберлігін арттыру, шығармашылық ізденістерін қалыптастыруға ықпал жасау.
Тәрбиелік: Туған жерін, елін сүюге, Отанына деген патриоттық сезімін жандандыруға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: жеке-дара, топпен, ой шақыру, еркін жазу, мазмұндау.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан жері туралы бейне материалдар, сөз құрамына арналған сызба.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
• Сәлемдесу; түгендеу
• Сабаққа әзірліктерін тексеру.
ІІ. Қызығушылығын ояту.
Отан туралы мақал-мәтелдерді еске түсіріп, айту.
1.Отан (оттан) да ыстық.
2.Туған жерге (туың) тік.
3.Туған жердің (күні) де ыстық, (түні) де ыстық.
4. Өз елің алтын (бесік).
5. Отанның алғысы – (жүректің) қуанышы.
6. Отансыз адам – ормансыз (бұлбұл).
ІІІ. Жаңа сабақ.
Түсіну 4 ұпай
Сызба арқылы оқушыларға жаңа тақырыпты түсіндіру, орыс тіліндегі сәкестігі мен ерекшелігін байқату.
Сөздік жұмысы / Бұл жұмысты орындау барысында оқушыларға дұрыс жауабымен сәйкестендіруді ұсынамын. Одан кейін олардың дұрыс жауаптарымен таныстырамын. Бұдан олардың жаңа сөздердің ішіндегі қаншасы бұрыннан таныс екенін байқаймын/
Жалпы общая
Шың вершина
Сүтқоректі мелкопитающие
Ұсақ мелкий
Алуан түрлі разнообразный
Бұлақ родник
2)Қолдану 6 ұпай
Мәтінде кездесетін сандардың дұрыс жазылуын байқау мақсатында цифрлы диктант жазуды ұсынамын
Цифрлы диктант
17000, 2700, 90, 7,5, 40000, 158, 445, 150
3) Мәтінмен жұмыс
1. Мәтінді оқып аудару
2. Әр бөлімнің не туралы екенін әңгімелеу
4) Талдау 8 ұпай.
Талдау- табыс кілті. Интерактивті тақтамен жұмыс.
Грамматикалық талдау жұмыстарының бірнеше түрлерін ұсынамын, ол талдаулар көк тудың астында жасырын тұрады.Оқушы өз таңдауымен тақтаға шығып орындайды.
1.Бала деген сөзді сөз құрамына лексика- грамматикалық мағынасына қарай талдау
2. Сөйлем мүшесіне қарай талдау
1. Күзде құстар жылы жаққа қайтады.
2. Досыммен бірге кітапханаға бардым.
3. Қазақстанда емдік қасиеті анықталған үш жүз жиырма төрт өсімдік түрі бар екен.
3. Фонетикалық талдау
Ғасыр деген сан есімге фонетикалық талдау.
5) Жинақтау 10 ұпай.
1- тапсырма
Көп нүктенің орнына тиісті сан есімді қойып, мақалды толықтыру.
Мағынасын ашу.
Батыр ....... өледі, қорқақ ........ өледі.
....... саусақ бірдей емес.
2-тапсырма.
Берілген сөздерді сөз құрамына қарай топтастырып жаз.
Ата, тоқушы бала, БҰҰ, Қаз.ПИ, жаздыгүні, белбеу, Астана, Ақтөбек, қолма-қол, шыбын-шіркей, күле-күле, қызыл-ала, мектеп директоры.
6) Пайымдау 12 ұпай
- Балалар, 3 ,5, 7 деген қандай сандар?/ тақтадан 3.5.7 деген сандар көрінеді/
- Есептік сан есім.
- Жақсы,жалпы адамның өмірі санмен байланысты, сондықтан кейбір сандарды халық киелі сандар деп есептеген.Ал сендер осы сандарға байланысты кездесетін қандай ұғымдар мен түсініктерді білесіңдер, осыны жазып шығайық.
/оқушылар осы сандар бойынша білгендерін жазып шығады/. 3 саны – Үш жүз, Үш би . Үш арсыз Үш байтерек. т.б 7 саны- Жеті ата. Жетікүн . Жеті су . т.б 5 саны- Бес парыз. Бес дұшпан. Бес асыл. Бес арыс т.б.
Оқушылар жазған жұмыстарын оқиды.
ІҮ. Сабақты қорытындылау
- Балалар,бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар?
- Нені білдіңдер? Нені үйрендіңдер?
Ү. Үй тапсырмасы:
Орта ғасырдағы Қазақстан қалалары туралы реферат жазу.