Саба?ты? та?ырыбы: Орхон – Енисей к?не жазба ескерткіштері
Саба?ты? ма?саты:
а) білімділік: О?ушылар?а Орхон – Енисей жазба ескерткіштері ж?нінде жазба ескерткігтері ж?нінде, ?аза?станда ?мір с?рген т?ркі тайпалары жайында ма?л?мат беру.
?) дамытушылы?: Ш?кірттерді ?зіндік ізденіс ж?мыстарына баулу, ?аза?стан жерінде мекен еткен халы?ты? экономикалы?, ?леуметтік, м?дени ?мірі мен ?дебиеті, тарихы жайлы таныстыру.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Орхон – Енисей к?не жазба ескерткіштері»
Сабақтың тақырыбы: Орхон – Енисей көне жазба ескерткіштері
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Оқушыларға Орхон – Енисей жазба ескерткіштері жөнінде жазба ескерткігтері жөнінде, Қазақстанда өмір сүрген түркі тайпалары жайында мағлұмат беру.
ә) дамытушылық: Шәкірттерді өзіндік ізденіс жұмыстарына баулу, Қазақстан жерінде мекен еткен халықтың экономикалық, әлеуметтік, мәдени өмірі мен әдебиеті, тарихы жайлы таныстыру.
Сабақтың көрнекілігі: Кітаптар, карта, буклеттер, оқушылардың жазған рефераттары.
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгелдеу
Үйге берілген тапсырма бойынша, оқушыларға көне жазба ескерткіштер жай-лы қосымша мәлімет жинау, белгілі бір сұрақтар бойынша мәлімет жинау.
Ғылыми-конференция сабағына көне түркі жазба ескерткіштерін алғаш кездес-тірген кісілер мен тұңғыш оқылу кілтін тауып, оның сырын ашқан турколог ғалымдар мен зерттеушілер, әдебиеттанушылар келіп отыр. Конференцияға кел-ген оқушылар мен (9-сынып) таныстырады.
Жүргізуші Шеримова А
Дания елінің ғалымы В.Томсен (Есіркепов Н)
Турколог С.Е. Радлов (Ермахамбетов Н)
Турколог С.Е.Малов (Бегманов Б)
Швед офицері Иоганн (Бегманов С)
Орыс ғалымы Ядринцев (Әлімбаев Б)
Аудармашы ғалым М.Жолдасбеков (Әбішев А)
Жас әдебиеттанушы Өтемісова Ә
Тілшілер (оқушылар)
ә) Сабақтың өтілуі:
Алдын ала оқушыларға көне жазба ескерткіштері жайлы мәлімет жинау тап-сырылады.
Орхон – Енисей жазба ескерткіштерінің табылған жерлері.
Ежелгі дәуір әдебиетіне жататын ескерткіштер, шығармаларды ата.
Көне түркі әдебиеті неше әріптен тұрады?
Оларды ашқан тпақан кісілер кімдер?
Орхон жырларының негізгі ойы.
Құлыптастағы жазулар қалай аталады?
Күлтегін жырының батырлар жырына ұқсастығы.
Ескерткіштерде суреттелетін, баяндалатын оқиғалар не туралы?
Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Қазір күлтегін жазба ескерткіштерінің макеті Астанамыздағы Еуразия универ-ситетінде тұр. Елбасымыздың басшылығымен 2006-2007 жылдар «Мәдени мұра» жылы болып, оның бағдарламасы жасалады. Онда тарихи ескерткіштерді қорғау және т.б. қаралған. Күлтегін, Білге қаған және Тоңықұқ ескерткіштері – ежелгі түркі халықтарына ортақ көркем шығармалардың үлгісі болуумен бірге, ол қазақ әдебиетіміздің де асыл қазынасына енетін асыл мұра.
Алдымен үйге берілген сұрақтарға оқушылардың жауаптары тыңдалады.
а) Бұл ескерткіштер Орхон – Енисей өздерінің (қазіргі Моңғол жері) бойынан табылған. Қазақстан жерінен табылған ескерткіштердің ең көлемдісі – Талас ескерткіштері.
б) Оларды алғаш тапқандар: швед офицері Иоганн және орыс ғалымы Н.М.Ядрынцев. (XVIII-XIXғ.ғ.).
в) Ежелгі дәуір әдебиетіне жататын ескерткіштер, шығармалар аз емес. Олардың алғашқыларының негізгілері деп түркі ру-тайпаларына ортақ Орхон ескерткіштерін (VII ғ.), «Қорқыт ата кітабынан» (VIIІ ғ.) және Оғыз-наманы (ІХғ.) атаймыз.
г) Көне түркі әліпбиі 35 әріптен тұрады, ол оңнан солға қарай оқылады.
д) Орхон жырларының негізгі ойы-елдің тәуелсіздігін, береке-бірлігін сақтау.
Дәл осы жерде
Тауғаш халқымен табыстым.
Алтынды, күмісті дақылды, жібекті
Соншама шексіз беріп жатқан –
Тауғаш халқының сөзі тәтті, бұйымы асыл еді.
Олар тәтті сөз, асыл қазынасын беріп,
Басқа халықты өзіне соншама жақындатар еді.
Бірақ ақылды кісілерді, батыл кісілерді тауғаштар қозғай алған жоқ. Егер олар алданса, онда руы, халқы тұқымына дейін қалмас еді.
Түркі халқы қырылдың,
Түркі халқы жойылдың!
Бұл үзіндіден жырдың түпкі мұраты, ел бірлігі мен оның бақытты өмірін аңсау екені аңғарылады.
е) Құлыптастағы жазулар руына жазулары деп аталады.
ж) Олардың тақырыптары да, көтеретін мәселелері де, кейіпкерлерді бейнелеу тәсілдері де көркем сөздерді қолдануы да бір-біріне жақын әрі ұқсас.
Мысалы «Күлтегіннің»
Бек ұлдары құл болды,
Пәк қыздары күң болды, - деген жолдарына ұқсас сөздер «Қобыланды батыр» жырында кездеседі.
«Айдарлысын құл қылды,
Тұлымдысын тұл қылды.
д) Құлыптастарда сол кездегі іргелі мемлекет – Түркі қағанатының түрлі ру-тайпаларға жасаған соғыс жорықтары, хандар, бектер, тектілер туралы баян-далады.
Оқушылардың жауаптары тыңдалып болған соң, конференцияға келген қонақ-тар дөңгелек үстелгежағалай отырады.қонақтардың алдына қай ғылым саласынан келгендігін көрсететін тақтайшалар қойылады.
Жүргізуші: Келген қонақтарды таныстырыпболған соң, Даняелінің ғалымы В.Томсенге сөз беріледі. Ол 1893 жылы 25 қарашада тұңғыш рет ескі түркі жазу-ларының оқылу кілтін тауы оның сырын ашуға мүмкіндік туғызғандығы жөнінде атап өтті.
Көне түркі әліпбиінің құрамында 35 әріп бар. Оныңбағыты оңнан солға қарай оқылады. Алғаш «Тәңір» және «Түркі» деген сөзді оқып, әлемге жариялады.
Одан кейінгі сөз турколог ғалымдары В.В.Радлов пен С.Е.Маловқа берілді.
Қытай деректерінде Түркі деген сөз Ту-кю дегеннен шыққан деген болжам бар. Ту-түркі, кю-тер (көптік жалғау).
Түркі – Моңғолсөзі, мықты, күшті деген мағынаны білдіреді.
Қағандық лауазымға ие болғандар. Моңғол тектес «Аишн» тайпасынан шыққан 500-ге жуық отбасы. «Шано» - Моңғол сөзі, қасқыр деген мағына береді. «А» - құрметтеу прификсі. 552-жылы түркі тайпаларының өкілі Бумын деген кісібытыраңқы, көшпелі түркі тайпаларының басын қосып, жу-жандарға қарсы шабуыл жасайды. Осыдан кейін түркі тайпаларыТүркі қағанаты атты жаңа мемлекеторнатады. Мемлекет басына Бумын қаған «ел қағаны) отырады. «Ел қағаны» деген сөз Бумын қағанының атағы (император) бірнеше елді басқарды.
Руна – немістің готт тайпасынан шыққан «құпия» деген сөз. Жас тілшілер көкейіндегі сұрақтарға ғалымдардан осындай қызықты жауаптар алды.
Ескерткіштегі мақал-мәтелдермен сөз тіркестері ата-бабалардан қалған. «Өлімнен ұят күшті», «Жұқаны таптау оңай, жіңішкені үзу оңай».
Сөз ғалым Б.Кенжебаевқа берілді. Ол қай халықтың болсын ерте замандағы әдебиеті, жазба әдебиеті нұсқалары, сол халықтың бүгінгітілінде болуы шарт емес.
Жырда, әдебиеттанушы негізінен Білгеқоған, Күлтегін батыр, Тоңықұқ ерліктері суреттелген жырдың басты кейіпкері – Күлтегін батыр.
Күлтегін – түркі халықтарының ерлік туралы ұғымының жиынтық бейнесі. Оның тұлғасында түркілерге тән ержүрек, өршіл, қайсар, қайтпасмінез бар. «Сондай батырым болса» деген ел арманы күлтегін ерліктерін сипаттау арқылы берілген қонақтарға алғыс айтылды.