Просмотр содержимого документа
«ойын арзан-к?лкі ?ымбат»
ТақырыбыОйын арзан- күлкі қымбат
«Көңілді тапқыр клубы » танымдық ойыны
Мақсаты: Оқушылардың ойлау, сөйлеу қабілетін арттыру, шешендік өнерге қызығушылығын дамыта отырып, ой - өрісінің артуына ықпал ету,сөздік теориялық білім негіздерін қалыптастыру. Көрнекілігі: Жазбаша конверттер, суреттер,ұлағатты сөздер гүлдер .шарлар
Барысы І. Ұйымдастыру Оқушыларды 2 топқа бөлу
Сайыстың кезеңдері: 1. «Таныстыруы» Топтың аты және өздерін таныстыру 2 Сұрақ -жауап . «Сөз тапқанға қолқа жоқ» деп аталады
3 Өнерлі өрге жүзер .көрініс
4 кезең «Ойлан тап»
5 кезең өнер «Өнерпаз болсаң» Шарты: Әр топқа әріп беріледі. Топ мүшелері сұрақтарға сол әріптен басталатын сөзбен жауап қайтарады. Әріптер: І топқа – А, Ш, Қ ІІ топқа – Е, С, Н Толық жауап – 10 ұпай Толық емес – 5 ұпай 1- кезең топ өздерін таныстырады 2 - кезең «Сөз тапқанға қолқа жоқ» Сұрақтар қойылады: І топ 1. Қар қашан жауды? 2. Қыстың соңғы айы? 3. Қар жана ма? 4. Қоян неліктен қыста ақ болады? 5. Ет жемесең, түсіңе кіре ме? 6. Тауық таң атпай неге айқайлайды? 7. Бүгін кімнің туған күні? 8. Сағызды мысық кімге берді? 9. Қағазға қарамай баяндауға бола ма? 10. Түркістан қай мемлекетте орналасқан? 11. Бәйтеректің басына қандай құс ұя салады? 12. Қазақ ертегілері қалай басталады? 13. Көп ойнаған жылайтыны несі? 14. Сөйлем мүшелерінің таласы неліктен? 15. Қарға неге жем жерде қаңқылдайды? 16. Туымыздың түсі неге көк? 17. Әнші болғың келе ме? 18. Иық селкілдесе не болғаны? 19. «Дарын» деген сөзде неше дыбыс бар? 20. «Шық бермес Шығайбайсың» ғой?
ІІ топ 1. Жаздың келетіні неден белгілі? 2. Алматыға дейін неше шақырымды жүріп өтесің? 3. «Қызыл кітапқа» дала тышқандарын жатқызу оңай ма? 4. Бүгінгі сайысқа дайындығың қандай? 5. Алдар Көсені үйге кіргізесің бе? 6. Әзілдесе несі бар? 7. «Шырағым, шығып кет» деген сөйлем жай сөйлем бе? 8. Барар жеріңе қалай жетесің? 9. Қоян қорқақ, кім батыр? 10. Атам мен әжем әңгімешіл ме, ертегішіл ме? 11. Нағыз қазақ қазақ емес,..... 12. Сот жүйесінде әділдік бар деп ойлайсың ба? 13. Қорадағы тауықты кім әкетті? 14. Түнгі 12 - де кім екен есік қаққан? 15. «Жарайсыңдар, азаматтар» деп кімге айтсам екен? 16. Тонды неге отқа тастайды? 17. Сыбырлағанды құдай ести ме? 18. Жарасымды жұп деп кімді айтамыз? 19. Көрмес кімді көрмейді? 20. Оқи берсең, кім боласың?
3 – кезең көрініс
4 - кезең: «Ойлан, тап!» Шарты: - Қағазға жазылған жасырын сөзді қимылмен көрсету. І топ: - Арыстан, шаң, пошта таратушы, мотоцикл ІІ топ: - Кенгуру, бу, диктор, поезд
5 - кезең «Өнерпаз болсаң...» Шарты: - Тірек сөз беріледі, сол сөзден басталатын не ішінде сол сөз бар ән айту. І топ: 1. Дариға.... 2. Қайда жүрсем...... 3. Құста болғым.... 4. Асау өмір...... ІІ топ: 1. Сонда сен мені...... 2. Сағындым...... 3. Жазира жасыл.... 4. Енді қару....
Сайысты қорытындылау. Әділқазыларға сөз беру Топтарды марапаттау.