kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

О,туған ел! М.Мақатаев

Нажмите, чтобы узнать подробности

1.Қазақтың біртуар ақыны М. Мақатаев өмірі, отбасы туралы, оның шығармашылығы  жайлы түсінік беру. Туған елге деген сүйіспеншілік мақтаныш сезімдерін ояту.
 2.Сөйлеу мәдениетін, сөздік қорларын, өлеңді мәнерлеп оқу, есте сақтау қабілеттерін дамыту.                                                                                                     3. Адамгершілікке, адалдыққа, елін, жерін сүюге, табиғатты қастерлеуге тәрбиелеу.


Іздену, талдау, білім көкжиегін кеңейту.
 

А.Құдайбергенов Ақжайық

Қазақ тілі,дүниетану

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«О,туған ел! М.Мақатаев»



Пәннің аты: Әдебиеттік оқу

Уақыты: 26.01.2017 ж

Сыныбы:4 «Г»

Мұғалім:Оралова Б.С.

Сабақтың тақырыбы:

О,туған ел! М.Мақатаев

Мақсаты

1.Қазақтың біртуар ақыны М. Мақатаев өмірі, отбасы туралы, оның шығармашылығы жайлы түсінік беру. Туған елге деген сүйіспеншілік мақтаныш сезімдерін ояту.
2.Сөйлеу мәдениетін, сөздік қорларын, өлеңді мәнерлеп оқу, есте сақтау қабілеттерін дамыту . 3. Адамгершілікке, адалдыққа, елін, жерін сүюге, табиғатты қастерлеуге тәрбиелеу.

Ойлау дағдыларының деңгейі


Іздену, талдау, білім көкжиегін кеңейту.

Алдыңғы оқу

А.Құдайбергенов Ақжайық

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі,дүниетану


АҚТ қолдану тәсілдері


Слайд,бейнеролик

Ресурстар





Жоспар



Жоспарланған уақыт есебі


Жоспарланған жаттығулар түрлері




Басы




Психологиялық дайындық


2 мин





8 мин

А)Сәлемдесу

Ә)Кезекші мәліметі

Б)Назарларын сабаққа аудару


Ақ көңілді жүрекпен, Ақ көңілді ниетпен. Амандасып алайық Қонақтарға изетпен. Қазақстан біздің туған еліміз, Сабақтардан кілең 5 – тік аламыз. Үй тапсырмасын сұрау. А.Құдайбергенов Ақжайық Үй тапсырмасын 4-5 оқушы мазмұндау. Ой - қозғау: «Микрофон» әдісі (Журналист туралы қысқаша мәлімет)
1.Аңыз бойынша Жайық қалай пайда болған? 2.Жайық өзені туралы тағы не білесің? 3.Тағы қандай өзендерді білесіңдер? ІІІ. Өткен материалды қайталай отырып, жаңа материалға дайындық


"Кім көп біледі?" «Ойлан-жұптас» стратегиясы Өткен сабақты пысықтау




.

Ортасы










10 мин
































15 мин


























2 мин











2 мин




ІІІ. Жаңа сабақ:  О,туған ел! М.Мақатаев 1 Оқушылар тақтадағы суретке назар аударайық. Көріп тұрғанымыздай ол біздің туған еліміздің ғажап табиғаты. Суретте не көріп тұрмыз. Мысалы: ашық аспан, мөлдір бұлақ, биік таулар, төрт түлік жануар, жасыл шөп, қалықтаған құстар, асыр салып ойнаған балалар. Өздеріңіз айтқандай осы ғажап табиғат біздің туған еліміз. Біз қарапайым сөздермен ғана табиғатымызды сипаттай білдік, ал осы ғажап табиғатты көркемдеп өлеңге сыйғыза білген ақын – жазушыларымыз өте көп. Солардың бірі «ғасыр ақыны» болған Мұқағали Мақатаев. Ендеше бүгін біз Мұқағали Мақатаевтың «О,туған ел » деген өлеңін оқып, танысамыз. М.Мақатаев туралы бейне сюжет,өз даусымен
• Автор туралы түсінік беру. М. Мақатаевтың өмірінен алынған суреттерге шолу.
Шынайы поэзия өкілі, ғажайып ақындардың бірі Мұқағали Мақатаев қазіргі Алматы облысы, Райымбек ауданындағы Қарасаз аулында 1931 жылы 9 ақпанда дүниеге келді. Балалық шағы соғыспен тұспа - тұс келген Мұқағали өлеңді он - он бір жасынан жаза бастайды. Алғашқы өлеңдері аудандық газетте жарық көрген Мұқағали шығармалары 1960 - 1970 жылдары үздіксіз басылады, бұл жылдарды ақынның қазақ поэзиясының биік шыңына көтерілген уақыты деп санауға болады. Ақиық ақынымыз Мұқағали Мақатаевтың 650 ден астам өлеңдері бар. Оның қалам тартпаған тақырыбы жоқ десек болады. М. Мақатаев – қазақ халқының сүйікті ақындарының бірі, күллі қазақ даласы М. Мақатаевтың өлеңдерімен сусындап жүр. «Өмір - дастан» т. б. жыр дастандары әдебиетіміздің асыл мұралары
М. Мақатаев қаламынан "Қарлығашым, келдің бе?", "Дариға жүрек", "Аққулар ұйықтағанда", "Шуағым менің", "Өмір - дастан" т. б. жыр жинақтары туған. Қырық бес жасында қайтыс болған соң, Мұқағалидың екінші өмірі - өлмес ғұмыры басталды. Ақынның артында қалған мол мұрасы: "Соғады жүрек", "Шолпан", "Жырлайды жүрек", "Өмір - өзен" т. б. жыр кітаптары, "Қош, махаббат!" атты прозалық кітабы оқырманның қолдан - қолға түспей, іздеп жүріп оқитын шығармаларына айналды
3. Оқушылар М. Мақатаевтың өздері сүйіп оқитын өлеңдерінен үзінділер оқылады.
Оқулықпен жұмыс. « О,туған ел» өлеңді оқып,мазмұнын ашу. Туған ел – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап - ақ адамда отанға деген махаббат сезімі оянады. әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған дала.
Оқудың түрлері: 1)дауыстап оқу 2)іштей оқу 3)теріп оқу 4) хормен оқу
Өлең мазмұныны не жайында ? Біздің туған еліміз несімен танымал? Біздің мемлекетіміз ше? Сөздіктерді түсіндіру Ғұмыр – бар өмірін еліне арнайды Табыну – бас ию – яғни туған елге бас ию Мұқағали атамыздың өлеңдерін көптеген композиторлар музыка жазып, қзіргі таңда еліміздің жұлдыздары орындап, ақынның бірнеше концерттерін өткізіп жүр. Сергіту сәті:Іс – қимылмен Дәптермен жұмыс І топ «Туған ел» тақырыбында эссе жазу ІІ топ Туған елге байланысты мақал – мәтелдер жазу ІІІ топ Бес жолды өлең жазу

Суреттер









Слайд№1











Ақынның кітаптарынан көрме





Слайд №2


Соңы




4 мин





















2 мин

Сабақты қорыту Кестемен жұмыс

Өлеңдегі ақынның сезімдері

Өлеңдегі негізгі ой



Ақынның туған еліне деген ыстық сезімі қандай сөздермен беріліп тұр?
Ақын туған елін қалай бағалайды?
Еліне, жеріне деген ыстық ықыласымен,елінің болашағына еңбек етіп, туған даласының амандығын тілеп, халқы үшін өмір сүретіндігін білдіреді . «Қазақстанның азаматы қандай болу керек деген сұраққа. «ҚАЗАҚСТАН» сөзінің әрбір әріпіне сөз ойлап жазу Қ – қайратты А- айбынды З- зерек А- арлы Қ – қуатты С- саналы Т – тәрбиелі А – арманшыл Н- намысты - Жарайсыңдар, балалар.Біздің бойымызды осындай қасиет болса, біздің Отанымыз гүлденіп, Мәңгілік ел болмақ


Үйге тапсырма: Мәтінді оқып,мазмұндау


Бағалау :Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау


Рефлекция: «Тілек ағашына» көңіл аударамыз. Алдарыңдағы стикерлерге туған елге тілектерінді жазып іліңдер.












































«Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің

10 орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі







Ашық сабақ

Тақырыбы:

«О,туған ел!» М.Мақатаев







Сынып:4 «Г»

Сынып жетекшісі: Оралова Б.С.





2017 ж








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
О,туған ел! М.Мақатаев

Автор: Оралова Бахыт Сагадинқызы

Дата: 13.02.2017

Номер свидетельства: 391153


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства