Сабақтың атауы | Әнші-сазгер ақындар шығармашылығына шолу |
Сілтеме | С.Қирабаев, Ұ.Асыл, Қ.Құрманбай, С.Дүйсебаев, Б.Әрінова. – Алматы: «Мектеп» баспасы, 2010. Хрестоматия. |
Жалпы мақсаты | ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі әнші-ақындар поэзиясына шолу жасау |
Міндеттері | әнші-ақындардың поэзия, музыка саласындағы мол мұрасымен таныстыру; өзіндік ізденіс жұмысына баулу. |
Оқу нәтижелері | -әдеби шығармаларды ұлттық құндылық ретінде ұғынады; -өзіндік ізденіс жұмыстарына ұсынылатын шығармаларды өздігінен оқып талдайды; қазақ әдебиетінен алған білімдері негізінде көркем ойлай алатын және өз ойларын бейнелі тілмен шешен жеткізуге дағдыланады; бірін-бірі бағалауды үйренеді. |
Негізгі идеялар | ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі әнші-ақындар поэзиясына шолу |
Қолданылатын әдіс-тәсілдері | Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдері, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. |
Ресурстар | Постер, түсті қағаз, маркерлер, стикерлер, қосымша дерек көздері. |
Сабақ жоспары | Ұйымдастыру кезеңі Топқа бөлу Үй тапсырмасын сұрау Жаңа тақырып: СТО стратегиясы бойынша Үйге тапсырма |
Тапсырмалар | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
Бастапқы рефлексия кезеңі | Сергіту сәті. Сыныпты 2 топқа бөлу. | Сынып қағаздағы смайликтер арқылы 2 топқа бөлінеді. Топ ережесін құрады. |
Білу | Миға шабуыл (2 топқа сұрақтар беріледі): - ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы қоғамдық-саяси жағдай қандай болды? - Осы кезеңдегі саяси ахуал әдебиетке қалай әсер етті? | Оқушылар сұрақтарды топта талқылап, пікірлерін ортаға салады. |
Түсіну | «Әнші-сазгер ақындар » презентация. | Оқушылар презентация бойынша ойларын ортаға салады. Сал-серілермен танысады. |
Қолдану | Оқулықпен жұмыс: 1-топ. Өнер тоғысын иеленген тұлғалар шығармашылығы – қазақ өнеріндегі гуманизмнің шыңы. 2-топ. Әнші-сазгер ақындар шығармашылығына шолу. | Топтар өздеріне берілген тақырыптары бойынша постер қорғайды. |
Талдау | Жұптық жұмыс: Жаяу Мұса. Мұхит Мералыұлы Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы Естай Беркімбайұлы Балуан шолақ Баймырзаұлы | Топтар жұптарға бөлінеді. Әр жұп өзіне берілген тақырыпты талқылайды. «Қарлы кесек» ойыны арқылы басқа жұптарға түсіндіреді. Оқушылар бір-бірін бағалайды. |
Жинақтау | Оқулықпен жұмыс. Әнші-сазгер ақындардың шығармаларын оқу. | Оқушылар хрестоматиядан ақындардың өлеңдерін мәнерлеп оқиды. Тақырыбын талдайды, «Венн диаграммасы» бойынша ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтайды. |
Бағалау | Мұғалім оқушылармен бағалау жүргізеді. | Өз жұмыстарына баға береді. Оқушылар бір- бірін бағалайды.Топтар өзара бағалау жүргізеді. |
Рефлексия | Екі жұлдыз, бір тілек (кері байланыс) |
Үйге тапсырма | «Даланың ән шашуы – әнші- ақындар» шығармашылығымен танысу. Ұнаған өлеңдерден үзінді жаттау. |